Қоғамдағы мұғалімнің алатын әлеуметтік орны

Рефераттар
837

ЖОСПАР
1. Қоғамдағы мұғалімнің алатын әлеуметтік орны
2. Сауатсыз мұғалім не істейді?
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қоғамдағы мұғалімнің алатын әлеуметтік орны

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Әр сынып жетекшісі – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік- шығармашылық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдеп-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеру тиіс.Мұғалім кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып,ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады.Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға- мұғалім.Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал,, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді,кешірімді болуы шарт.Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді,өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт.Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым- қатынаста болғаны жөн.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі- кәсіпкер, педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
1.    жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы.
2.    Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс- шаралары барысында олардын өзара ынтымақтастық қарым- қатынасының қалыптасуын ұжымдастыру.
3.    Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы.
4.    Оқушының күнделікті өмірі менәрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік- экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсүнуде көмекші, кеңесші.
5.    Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы.
6.    Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп,отбасы,қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Мұғалім мен оқушының сезімдік қарым- қатынасының да ерекше мәні бар.Өйткені көңіл-күйдің үйлесімділігі тәрбиенің нәтижелі болуының себепшісі.Көп жағдайда мұғалім оқушының көңіл-күін ескермей, өз көңіл-күйінің жетегінде кетіп, тәрбие жұмысының мақсатына жеткендей болады. Шын мәнінде оқушы мұғалімнен сезімдік жағынан үйлеспесе ол бетіне қарсы қарап отырып-ақ ойы басқа жақта болады.Осы жағдайды ескеріп тәрбиеші оқушының сезімдік үйлесімділігін оларға білдірпей байқайды.Мысалы, оқушының бет әлпеті, қимыл- қозғалысы, төтенше берілген сұраққа іле жауап беруі арқылы оның көңіл- күйіндегі үйлесімділікті анықтайты.Егер бұл жағдайды мұғалім ескермесе, оқушы біртіндеп өзін «далада отырғандай» сезінеді.Соңында оқушы мұғалімді тыңдамайтын, сыйламайтын болып шығады.Мұны болдырмас үшін мұғалім өз ісінің мазмұнына мән береді және оған оқушыны үнемі қызықтырып отырады.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым- қатынасында жетекші орын алады.Әдептілік- мұғалімінң жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық, көрсетуі, өзін- өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен өзге адамдармен, қарым- қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.Әдепті мұғалім- әр уақытта оқушылардың құрметті адамы.Олардың айтқанын шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.
Елімізде орта білім беретін мектептердің жақсы жағы  мақталып, газет-журналдарға жазылып, теледидардан көрсетіліп жатады. Соған қарап республикадағы білім беру төрт аяғымен тік тұрып кетті деп ойлауға әлі ерте. Өз басым көп жыл орта мектепте сабақ берген ұстаз ретінде мектептің көлеңкелі жағына, кемшіліктеріне тоқталуды жөн көріп отырмын. Өйткені, мұғалім түзелмей, оқушы түзелмейді. Оқушы түзелмей, қоғам түзелмейді.

2.Сауатсыз мұғалім не істейді?

- оқушының әке-шешесіне қарап білімін бағалайды, нанынан айырылып қалмау үшін жалғандыққа барады,  дарындылар мен дарынсыздарды бірдей  етіп тұқыртып ұстайды;
- балалардың болашағын қаперіне де алмайды, оған тіпті өресі де жетпейді;
-ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бала тәрбиесі мен білімі жөнінде кеңеспейді;
- 45 минуттық сабағын өткізіп, қағазбастылықпен  «қатырып»  қояды;
- мемлекеттік заңдардан хабарсыз және оқушыға қандай тәрбие беру керек екенін де білмейді. «Білім туралы» заңның бар екенін білмейді.
Сөзімізді қортындылап айтсақ: 
Балаға білім нұрын құю, рухани азық нәрін ішкізу – көп ізденісті қажет ететін еңбек. Кез келген баланың жүрегіне жол табу жүздің бірінің қолынан ғана келеді. Кез-келген  мұғалім оқушыға білім бере алмайды.  Диплом алғанның бәрі білімді ұстаз емес.  Білгенін оқушыға сіңіре білу нағыз талантты талап етеді.     
Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.
Ұстаздарға арналған мынадай жиырма тоқтамға тоқталғым келіп тұр.
1.    Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.
2.    Баға құнды емес, бала құнды.
3.    Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: Ол- адамды жасаушы адам.
4.    Сабақ- ұстаз бен шәкірттің адами қарым- қатынасы.
5.    Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
6.    Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.
7.    Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін.
8.    Әр баланың өмір тіршілігі- өзінше бір тағдыр.Баланың тағдырына ойланып қара:сабаққа келмесе, себебіне үңіл.Тентек болса, себебіне үңіл.Себебін алдымен өзіңнен ізде.
9.    Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.
10.    Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.
11.    Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.
12.    Баланы таңқалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таңқалудан басталды»
13.    Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.Жеңісін ізде.
14.    Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.
15.    Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа.Сеніп айтқан сырын шашпа.
16.    Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.
17.    Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.
18.    Импровизация- сабақтың жаны.
19.    Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.
20.    Әр бала- табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр- бала Ханзада және Ханша!

Пайдаланған әдебиеттер:
1)    Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем». 2003 ж.
2)    Педагогика Ж.Б: Қоянбаев. Алматы 2000ж.
3)    Педагогика. Алматы 2003 ж.

Жүктеп алу
622 рет жүктелген
23.36 кб файл салмағы