Қойдың хламидиоз ауруының диагностикасы мен алдын алу шаралары
889
МАЗМҰНЫ
1 КІРІСПЕ
2 Әдебиетке шолу
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизоотологиясы, диагнозы және алдын алу
2.2 Хламидилердің сипаттамасы
3 Өзіндік зерттеулер
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі
3.2 “Алматы” ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің сипаттамасы
3.3 Өзіндік зерттеулердің талдауы мен нәтижелері
3.4. Хламидоиозға қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
4 Еңбекті қорғау
5 Қорытынды
6 Практикалық ұсыныс
7 Қолдалынылған әдебиеттер тізімі
1 КІРІСПЕ
2 Әдебиетке шолу
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизоотологиясы, диагнозы және алдын алу
2.2 Хламидилердің сипаттамасы
3 Өзіндік зерттеулер
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі
3.2 “Алматы” ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің сипаттамасы
3.3 Өзіндік зерттеулердің талдауы мен нәтижелері
3.4. Хламидоиозға қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
4 Еңбекті қорғау
5 Қорытынды
6 Практикалық ұсыныс
7 Қолдалынылған әдебиеттер тізімі
1. КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді.
Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр.
Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды.
Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде.
Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .
Қазақстанда қойдың хламидиозды іш тастауын алғаш рет 1966жылы О.Ш. Байтурина және Б.А.Матвиенко (1969) ашты. Республиканың оңтүстік аймағында бұл ауруға диагноз қоюға атсалысқан Ш.Б. Абишева (1970).
Қазіргі уақытта қой хламидиозы республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. Сол себепті қойдың хламидиоз ауруына диагноз қою мен алдын алу өзекті мәселе болып саналады.
2.1 Қойдың хламидиоз ауруының эпизооитологиясы, диагнозы және алдын-алуы.
Қойдың хламидиозды іш тастауын алғаш рет Шотландия ғалымы И. Стемп 1950 жылы ашқан Ол ауру қоздырушысын қойдың қынабынан аққан сұйықтан бөліп алған. Қоздырушыны тауық эмбрионына пассаж жасау арқылы және буаз қойларға енгізу арқылы осы ауруды дәлелдеген .
Бұрынғы кеңес мемлекетінде қойлардың хламидиозды іш тастауы жөнінде И.И.Носов (1965) , Н.Ф. Шербань және басқалар (1967) , А.А.Волкова мен А.Ф.Тимофеев (1967), О.Ш.Байтурина (1969) хабарламалар жасады. Олар кейбір шаруашылықтарда күйлі қойлардың жаппай іш тастауын байқаған.
Х.З. Гафаров (1984) шаруашылықтағы 560 буаз қойдың 62-сінің іш тастағанын хабарлайды .Іш тастау буаздықтың 5 айында жас және кәрі қойларда кездескен. Іш тастаған қойлардың жатырынан Cl.psittaci қоздырушысын бөліп алған.
Н.З. Хапизов және басқалар микроорганизмдерге қарағанда хламидилердің өсу , даму циклі тек торша ішінде болатындықтан , олар жануарларды жіті және созылмалы аурулар шақыратындығын , ал қойларда жаппай іш тастайтындығын айтады .
Болгариялық ғалымдар П.Нейков, Г.Гейчев, Д.Арнаудов (1988) 656 қойдың қан сарысуын серологиялық әдіспен тексергенде 20,2 % хламидиозға оң нәтиже бергенін хабарлайды.
Ағылшын ғалымы M.Prettejohn (1988) қойлардың хламидиозды іш тастауының қоздырушысы Cl. рsittaci екендігін дәлелдеп, бұл қоздырушыға қой , ешкі және адамдарда сезімтал екенін хабарлайды .
И.И. Носовтың (1965) айтуы бойынша қойлар хламидиоз қоздырушысымен алиментарлық жолмен және күйек кезінде қошқарлар арқылы зақымданады.
Ағылшын ғалымдары I.P.Aitken және басқалар (1990) қойдың хламидиозды іш тастауының қоздырушысы Cl. рsittaci екенін айтып, Ұлыбританияда осы аурудан жылына 10-20 миллион фунт-стерлинг зиян шегетіндігін хабарлайды.
Азербайжан ветеринариялық ғылыми зерттеу институтының ғалымдары Г.А.Сариев және басқалар (1984) қойдың хламидиоз ауруының қоздырушысын жабайы құстар тасымалдайтынын айтады.
Біздің университеттің ғалымдары Ш.Б.Абишева (1972), О.Ш.Байтурина, Б.А. Матвиенко , Д.Е. Арзымбетов (1985, 1987), А.Ж. Макбузов (1993); Қ.А.Түлкібаев (2002); Қазақстанның шаруашылықтарындағы қойлардың хламидиозды іш тастауын зерттей отырып, аурудың 70 % іш тастағаннан кейін анықтауға болатындығын, содан кейін ауруды анықтау төмендейтінін, 3 ай өткеннен кейін 18 % , ал 12 айдан кейін тек 3,4 % диагностикалық титрмен анықталатынын, сонымен қатар ұрықтандыру алдында хламидиоз 9 % анықталса, буаздық кезінде 20 % , ары қарай жартысы зақымдалып іш тастайтынын хабарлайды.
Жасырын түрде ауырған, тексерген кезде оң нәтиже берген қойлар инфекцияның көзі болып табылады .
Тексерілген 2861 қошқарлар мен 896 жас қошқарлардың 9 % -ті хламидиозға оң нәтиже берген. Бұл хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарағандығын көрсетеді .
Сонымен қатар қойдың хламидиоз ауруы шаруашылықтарда басқа инфекциялық аурулармен бірге кездеседі.
К.Водас , С. Мартинов (1987) , Н.Worbes , J.Streu (1988) қойлардың іш тастауы кезінде бір мезгілде риккетсий , хламидий , сальмонелла , кампилобактериялар бөліп алған, яғни аралас инфекция болғанын хабарлайды.
О.Ш.Байтурина және басқалар (1985) ; А.Ж.Макбузов( 1993) ; Түлкібаев Қ.А. (2002); шаруашылықтарда қойлардың хламидиоз ауруы сальмонеллезбен бірге кездесетінін анықтаған.
Отандық және шет ел ғалымдарының зерттеулері бойынша қой шаруашылығында хламидиоз аурулары жиі кездесетіні және олардың моно- немесе аралас түрде өтетіні анықталды. Сол себептен хламидиоз ауруының алдын алудың маңызы зор. Осы салада бірнеше талпыныстар болды.
Хламидиоз ауруы кезінде иммунитет және оның пайда болу механизмі әлі толық зерттелмеген .
И.З. Хапизов және басқалар (1984) зерттеулері егілген қойлардан төлдеріне антидене туғаннан кейін 5-6 күнге дейін берілетінін көрсетеді.
Қой хламидиозының арнаулы алдын алу үшін дүние жүзінде әртүрлі тәжірибелік тірі және әлсіретілген вакциналар алынған.
Шет елдерде инактивтендірілген және гидроокись алюминий қосылған тауық эмбрионының тұқым қабықшасы мен сары уызының суспензиясынан жасалған вакцина қолданылады .
Германияда ағылшын фирмасы жасаған «Вэллком» майлы адъюванты инактивтендірілген вакцина сыналған. Осы кезде Венгрияның «Филаксия» фирмасы жасаған инактивтендірілген эмульгирленген вакцинасы кең қолданыс табуда. Сонымен қатар Бүкіл Ресейлік ветеринариялық тәжірибе институтында Ю.Д.Караваевтың басшылығымен жасалған эмульгирленген вакцина қой хламидиозының алдын алуда жақсы нәтиже көрсетті. Егілген малдарды 90 % -ға дейін хламидиоздан сақтаған. (И.З.Хапизов және басқалар (1984) бойынша жазылған) .
Р.Х.Хамадеев және басқалар (1983) қой хламидиозына қарсы тірі және инактивтендірілген вакциналардың шаруашылыққа енуі жөнінде вакцинаның тиімділігі эпизоотологиялық жағдайға, еккен жеріне, буаздықтың кезеңдеріне және басқа жағдайға байланысты екенін хабарлаған .
О.Ш.Байтурина және басқалар (1985, 1987) , А.Ж. Макбузов (1993) К.С.Шманов және басқалар (1998) , Ұ.М.Нарымбетова және басқалар (1998) , Түлкібаев Қ.А. (2002) қойлардың хламидиоз ауруларының арнаулы алдын алуда Венгрияның «Филаксия» фирмасының вакцинасын моно- және кешенді қолданғанда тиімді екенін көрсетеді.
Қорыта келгенде қойдың хламидиоз ауруының арнаулы алдын алу үшін Венгрияның «Филаксия» вакцинасын және тәжірибеде жүрген Караваевтың вакцинасы қолданылуда .