ҚҰЙЫМ БАТЫР

Рефераттар
205

ҚҰЙЫМ БАТЫР

Баяғы өткен заманда Мысыр шаһарында Алған деген бай болыпты. Ол байдың Берген, Мерген, Құйым деген үш баласы болыпты. Ол бай төрт түлік малда есеп болмайтын бай екен. Балаларының алды 18 жаста, ортаншысы 16 да, ал кіші баласы 8 жаста екен. Балалары ержеткен соң бір күні балаларын шақырып алып, балаларым, сендердің екеуің ержеттің. Ал, Құйым болса әлі жас, сендер мына малдарыңды алып, өздерің бағыңдар, мен кәртейдім дейді. Оған балалары «Жоқ, әке. Бізге малыңның керегі жоқ. Әке малы шатақ мал, бізге шатақ малдың керегі жоқ. Мал керек болса, өзіміз де тауып аламыз депті. Әрі айтады, бері айтады. Оған  балалары көнбейді. Көнбеген соң күнде өрісте мал бағып жүріп; «Ә, құдай осы малды өзің беріп едің, енді өзің ал», – деп әкесі зарлайды да жүреді екен.

Сол итің сені көріп, жүгіріп алдыңнан шығады екен. Соны аямай басына теуіп жібер. Тағы шақырып, аямай теп. Сонымен малыңды қораланғаннан кейін жылқыда боз айғырың бар екен. Соны жүгенімен басына үш рет ұр. Сонансоң түйеде қара бураң бар екен. Соны бұйдасымен аямай басына үш рет соқ. Сонан кейін сиырда көк бұқаң бар екен. Соны да бидасымен басқа үш ұр. Қойда көк қошқарың бар. Соны буршақпен үш рет басына аямай соқта үйіңе бар. Үйіңе кіре беріп, оң босағаңды үш сол босағаңды екі теп. 

Оятады

Құйым тұрып ендеше сен өміріңше өстіп жүреді екесің деп түсін жорыпты.

Ұйықтап жатады. Шаңырақ ашық қалған екен. Шаңырақтан үркер жұлдызы көрініп тұр екен. Көкірегі ашық қалған екен. Сол көкірегіне жаңбыр жауып қалыпты. Ояна келсе, түсі екен. Әлі таң атпапты. Құйым ойлайды. Егер мен осы түсімді айтсам мына жамандар жаманға жорыр, одан да түс көргем жоқ дейін», – деп ойлайды. 

Сен сатқақ, түсіңді айтқың келмей тұр деп сабап-сабап қуып жібереді екен. Ол сол қалпында беті ауған жаққа қарай кете береді. Әлгі үйіндегі қара ит сонымен бірге қайда барса сонда ілесіп кетеді. Сонымен Құйым ай жүреді, апта жүріп, бір дәу суға кез болады. Судың арғы жағында бір кісі 40 өгіз бағып жүр екен. Соны көріп, айғай салады:


Балам, сен рас маған бала  боласың ба? Егер сен рас бала болсаң менің бағып жүрген өгізім Шығай ханның өгізі, мен осыны бір жыл бағып, ақыма бір дөнен өгіз аламын. Егер келсім берсең биылғы алатын өгізді сұрап алып, ел шақырып ортан жілік ұстатып, сені балағып алайын етемін дейді.

Бір күні «Әке сіз мені неге бала ғып  асырап алдыңыз» дейді. Е, қарағым артымда қалып түтінімді түтетіп, атыма ат қалдырайын деп асырадым дейді. Құйым тағы басқа неге асырадың дейді. «Сол, қарағым» дейді шал. Жоқ әке. 

Қолымдағы бейнетімді алсын деп асырадыңыз ғой, сіз енді кәртейдіңіз. Өгізді мен бағайын. Сіз үйде болыңыз дейді.

Жоқ. Ой, ата, енді не білесіз? Осы төбелерде жайылып жатыр. Ертең екі жақтап айдап келеміз дейді. Ертеңгісін шал баланы оятады. Бала «ата кішкене тұра тұр. Кеше өгіздерді қуам деп әбден шаршаппын. Кішкене дем алайын» дейді. Шал «мен жүре берейін» деп еді, Құйым «ата таба алмайсың, бірге барайық» деп екеуі тауға шығады. Тауға келсе, бас төбе деп 40 өгіздің басын бір жерге кесіп-кесіп  үйіп қойыпты. Қызыл төбе дегені қып-қызыл ғып 40 өгіздің етін бір жерге үйіп қойыпты. Бөқ төбе дегені 40 өгіздің боғын бір жерге үйіп қойыпты. Көк төбе дегені 40 өгіздің терісін бір жерге үйіпті де көк өгіздің терісін үстіне жауып қойыпты. Шалға «Міні осы төбеде жатыр» дейді. Шал сойылған өгіздерді көріп есінен танады.

Бала ақырға түскенде көзі ештеңе көрмей қалады. Бұл қалай деп отырғанда біреу келіп, ей, келдің бе дейді.

Ойбай көзім көрмей қалды дейді. Е, әкем көзіңді дұғалап қойған екен ғой. Мен кәзір дәрі әкелейін дейді. Әлгі адам алып келіп бір дәрі береді. Мә мынаны көзіңе сүйкесең көзің көреді дейді. Құйым алып сүйкеп еді, көзі бұрынғыдай көретін болды. 
Екі ер тоқыммен екеуін ертеп болған кезде, жаңағы тағы келіп, мына қоржынды астыңа сал, ал енді тез кетейік дейді. 

Екеуі екі тұлпарға мініп, шу деп шаһардан шығып тартып отырады. Құйым байқап қараса, қыз сияқты. Сонымен түнімен шайқалып кете береді. Таң ата қыз алдына қараса қаршадай жас бала кетіп барады. Ей, сұмдық, мынау не? Мен жынды болдым ба, мен кіммен бірге «Ей, сұмдық, мынау не? Мен жынды болдым ба? Кіммен бірге кетіп барам деп, қыз қойнында балгер кішкене кітабы бар екен, соны ашып қарап еді кітапта: «Бұл Құйым деген батыр, әуел баста құдай сені осыған бұйыртқан екен», – дейді. Қыз атының басын тартып, «Әй, Құйым, тоқта! Мына өзен бойына тамақтанып алайық, – дейді. Құйым оған тоқтамайды. Қыз атынан түсіп, атын байлап, астындағы қоржынын түсіріп алып ішінен бір ақ нәрсені жайып еді шатыр болды. Оны тігіп, ішінен әр нәрсені алып жағса, шелек, қазан, ожау, кесе, не керек, жәңәй қорғасыннан бір үйге ұқандай жабдық керек, бәрін алып, үйдің ішін жайнатып жібереді. Ол уақта Құйым қайта айналып келіп, атын қыздың атының қасына байлайды да өзі анандай жерге барып отырады. Қыз шақырса келмей ұялады. Құйымның басы таз, балтыры қотыр кедейдің баласы. Қыз сондай сұлу. Адам баласында ондйа сұлу болып көрген емес. Қыз қанша шақырсада келмейді. Қыз отын, бір деңелер берген болып жүріп, Құйымды ұстап алып, бас салып шашын ұстарамен қанатын алады да суға құммен ысып-ысып жуып, дәрі жағып, төсекке жатқызып қояды. Құйым сол жатқаннан ұйықтап, түс ауа тұрады. Тұрса жақсылап киім тігіп қойыпты. Оны кигізеді және қыздың өзіне деп ала шыққан садағы бар екен, соны мойнына асып береді. 
Ал енді, біз, бұл қыз Құйыммен қалай қашқанына келейік. Бұл қыз аулында бір қара дәу бар екен, сонымен қашпақ болып келіседі. Дәл Құйым барған түні қашпақ екен. Құйым шығып ханға айғайлағанда, батыр аңғал деген деп қыз шығып Құйымға ілесуі сол себепті екен.
Құйым мен әйелі екеуі сол жерде 3 күн отырады. 4 күні көшуге дайындалайық деп отырғанда үлкен құла тұлпар пысқырып, жер тарпып, тұрмай қояды. Сонда әйелі айтады. Жау келе жатса бұл сүйтеді дейтін дейді. Құйым құла тұлпарға мініп қараса өздері келген жақтан шаң көрінеді. Бұл не екен деп тұрса, қыз алам деп жүрген қара дәу қыздың қашқанын естіп арттарынан қуып келеді екен. Құйым алдынан қарсы шығып, «әйелін алған кекті деген, сенің менде кегің бар, саған кезек бердім» дейді.  Қара дәу кезегін алып, көкіректен атып қалады. Садақтың оғы келіп көкірегіне тырс етіп тиіп, жерге түседі. Құйымның үстінде сауыты жоқ еді. Екінші, үшінші рет атады. Бірақ, оқты дарыта алмайды. Сонан кейін кезекті Құйым алады. Артына қараса, әйелі сауыт алып келіп тұр екен. Әйеліне «Мына дәудің өзін атайын ба, болмаса атын атайын ба?» дейді. Әйелі «өзіңіз біліңіз, ерік сізде» дейді. Дәудің өлер жері осы деп, жүректен тартып қалғанда қара дәуден өтіп аржағындағы бір дәу ағаштың түбіне тиеді. Ағаш түбімен бірақ құлайды. Ағаш құлағанда дәу бірге құлап жерге түседі. Құйым барып дәудің басын кесіп, «қатын, мә, байыңның басы» деп алдына лақтырып тастайды. Сонымен бұлар енді үйлерін жинап бастағанда құла тұлпар тағы пысқырады. Бұған не болды дей қараса қаптаған қалың қол көрінеді. Құйым айтады, қатын, әні әкең сені көп әскермен қуып келеді. Үйге жақындатпай соғысайық деп атқа міне сала ұмтылады. Келіп, қалың қолға араласып, соғыс салады. Бір сутке соғыс салып, тең жартысын қырады. Жартысы соғысуға шыдамай быж-тыж болып, бас сауғалап, бет-бетімен қашып кетеді. Бір уақытта қараса бір жерде Шығай хан қашып барады екен. Көре сала Шығай ханға ұмтылып, қуып жетеді, Шығай ханды аттан жұлып алып, алдына өңгеріп алып, қызына қарай алып жүреді. Арада өзен су бар еді. Содан өтіп келе жатқанда, аты бір сүрінгенде екі үш сүрініп Шығай хан қолынан түсіп кетіп, суға  тұншығып өледі. Әйеліне келіп, әкеңді алып келе жатыр едім, мына ат бір сүрінгенде үш сүрініп суға кетіп өлді дейді. Қызы жылап, әкесіне бата оқып, ол жерден көшіп кетеді. Құйымның артынан ілескен қара төбет, Құйым қайда жүрсе ол да сонда жүреді. Артынан ешбір көз жазып қалмайды. Бұлар осы кеткеннен кете береді. Жолда келе жатса бір тастың түбінде бір ақ тазы ұлып отыр екен. Соны тауып алады. Тастың  басына қараса бір бүркіт аяқ бауы менен отыр екен. Оны да алады. Сонан 2-3 күн жүріп, бір көлдің жанында сондай әдемі қорық бар екен, соған келіп, үйін тігіп отырады. 

Қара қасқа тұлпарды сұрағанда хан: «О, мынаған оңай ажал табылды» деп ойлады. Ол қара қасқа тұлпар сол ауылдағы елді өлтіріп болмаған соң  төрт аяғына төрт қазық қағып, шынжырмен байлап тастайды. 

Жарайды мені сол жерге жеткізсең болғаны, аржағын өзім көріп аламын деді Құйым. Олай болатын болса, сен осы жерде екі жеті тос. Мен балаларыма тамақ жиып беріп кетейін. Және өзімізге тамақ дайындайын. Және 40 мес су керек. Арада от тауы бар, содан өткенде керек болады деді.

Құйымды аты мен екеуін қанатының үстіне таңып алып ұшады. Бір ай тік ұшты да, сонда Құйымға жерге қара деді. Құйым жерге қарап, «жер тоқымның үлкендігіндей-ақ екен» дейді. Сонда құс: «Әлі төмен екенбіз» дейді. Тағы біраз күн тік ұшады. Ал енді қара дейді. Жер жуан иненің көзіндей болды дейді. Ал енді төбесіне шықтық. Енді тура ұшамыз. Сен көзіңді жұм дейді. Бірнеше күн ұшқан соң бір мезгілде ұшуын тоқтатты. Құйым көзін ашса, бір жерге келіп қонйыпты. Ал енді келдік деді. Қараса 40 мес судан түкте жоқ. Су қайда деп сұрап еді жаңа от тауына келгенде өзімізге ыстық келтірмес үшін тесіп, барлығын құрттым деді.

деп, Айбөкен малын қайырып жүр екен. Қараса Айбөкенге келіп қалыпты. Төртінші күні Айбөкеннің аулына келген соң сол жерге түнеп, ертеңгісін


Кемпір ойланып, енді бір амал бар. Ол былай. Сіз дәу бір маздай сексеуілді маймен майлатып жинатыңыз. Ортасына қойған бір шынжыр үстіне шығып тұрсын. 

Сонан соң бір күні сол сексеуілдің қасына елді жинатып: «мына сексеуілдің ортасында шынжыр бао соған біреу байланып отырады. Сонан соң жан жағынан от қоямыз. Түтін аспанға көтерілгенде, менің әкеме берген қонақ асы, берген киімім, істеген ісімді, әкемнің  қазір қандай күйде жүргенін көреді. Соған кім байланады де. Сонда елге айтып қой, Құйым байланады десін. Сонан соң оны байладағы отты түгел қойып жібер. Сонан соң мың жаны болса да күйіп кетеді дейді. Айтқанын, істеп, елді жиып, кемпірдің айтқанын айтты. Артынан түтін көкке шыққан соң түсіріп аламыз. Осыған кім байланады және әкемді кім көреді деді хан. Ел Құйым батыр көреді деді. Ал Құйым, бүгін жұма күні, қарағым соны көріп кел деді хан. Құйым мен үйге барып келейін деп үйіне келейін деп үйіне келді. Әйелдеріне айтып еді Қызыл дәудің қызы біз періміз, сен барып байлан, сонан соң біз көк кептер болып барып сені түтіннің арасынан алып келеміз, одан қорықпа деді. Құйым батып, ал мені байлаңдар деді. Құйымды байлап, ел болып, жан жағынан отты қойып жіберді. Түтін аспанға шыққанда кептер болып әйелдері келіп, шешіп алып кетті. Оны ел білген жоқ. Жан жағы жанып, ортасы  ойылып кеткенде хан атына мініп, «Мен Құйымның өз әйелін алам» деп, уәзірлері: «Мен қызыл дәудің, мен қара дәудің, мен ақ дәудің қызын аламын» деп тура Құйымның үйіне шабады. Сонда әйелдері: «ал енді қыр» дейді. Құйым атына мініп қарсы шапқанда: Ойбай, біз әншейін шауып едік деп, быт-шыт болып қашады. Бірақ Құйым оған көнбей хан мен бектерін қырып тастап, мал мүлкін елге сыйға таратып беріп, өзі сол елдің сұрауы бойынша патша болады. 

Арпалыс 8 айға толғанда Құйым шалқасынан жатып, көкірегіне мінгізіп, отырса баласы сиіп жібереді.
Сонда Құйым күліп жібереді. Әйелдері неге күлдің дейді. Жәй, өзім ғой дейді. Бірақ әйелдері сұрап болмайды. Күлгенді сұра сыры бар, жылағанды сұрама мұңы бар деген айт дейді. Құйым: Жарайды, айтайын дейді. Мен жас күнімде түс көріп едім, сонда түсімде түңлік ашық қалыпты, одан үркер жұлдызы көрініп тұр екен. Кеудем ашық қалыпты. Кеудеме жаңбыр жауып қалыпты. Қазір мына арпалыс көкірегіме сигенде сол түсім ойыма түсті. Соған күлдім деді. Сонда қара, дәудің қызы: Мына арпалыс мен менен туған бала сенің әке-шешеңді табады екен, ал мына ақ дәу мен қызыл дәудің қызынан туған бала өгей әкең мен шешеңді және екі ағаңды табады екен, барлығы жиналып үркердей болып бірге жерге бас қосады екесіңдер дейді. Келесі жылы үш әйелінен үш ер бала туады. Той жасап бір неше күн сауық сайран құрады.

Үшеуі көріп амандасып болып, ендеше осы жерге қонайық, ертең сол жермен жүрелік дейді. Ойбай, қарағым, онда бармаңдар, барсаңдар малдарыңнан түк қоймайды және түгел тонап алады дейді. Сіз одан қорықпаңыз деп Қасым оны басады, ертеңіне таң атады. Жылқыны соған қарай айда дейді. Қарағым, сауыт сайманың жоқ, олардың бәрі қарулы, жуыма дейді. Сіз қорықпаңыз, солай айдай беріңіз деп үшеуі жылқыны солай айдайды. Бір жерге келгенде бір боз атты шауып шыға келеді. Әні келе жатыр деп Құйым ағасы зарқақты. Мен оларды тосамын, сендер айдай тұрыңдар деп атын көлденең тартып Қасым тұрып қалады. Бірінің артынан бірі шығып 40 боз атты шауып келеді. 
Шетінен келгенін қамшымен бір ұрып, аттан ұшырып түсірді. Соны мен қырық ұрып, бәрін жерге түсіріп, қырқының да қолдарын байлап, өздері шауып шыққан жерге келсе ар жағы қаптаған мал, тігілген үй екен. Жылқыны айдай сонда келеді. 

Жүктеп алу
130 рет жүктелген
50.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы