Қытайдағы әлеуметтік жағдай
Жоспар:
1. Қытайдағы әлеуметтік жағдай
2. Билік басындағылар
3. Сунь Ятсен бастамасы
4. СРО көмегі
5. Солтүстік жорық
6. Революция жетістіктері
7. Чан Кай-ши
8. Империалистік мемлекеттердің қатысуы
9. Қорытынды
Ресейдегі Ұлы Қазан төңкерісі жеңіске жеткен уақытта, Қытай қатардан қалған, әлі де жартылай феодалды, жартылай құлиеленушілік қалпында болған еді. Формальді түрде ол республика болып саналғанымен, мүлдем басқа түрде билік жүргізілді. Провинцияларда толық билік жүргізген милитаристер, әскери генерал-губернаторлар болды. Оның ішіндегілері У Пэй-фу, Чжан Цзо-линь, Сунь Чуан-фан, т/б.
Жарты миллиардтан асатын елде халықтың 90%-ы қарапайым шаруалардан құрылған болатын. Міне, осыларды билеп, жаншып қинап отырғандар – помещиктер еді. Шаруалардың көбісі помещиктерден жерді жалға алып отырды, кейбіреулері толықтай жалға беретін ақшаларын беруге мәжбүр болды. Осындай қиын жағдайдан шығатын жол таппаған шаруа балаларын құлдыққа сатты.
Тек помещиктер ғана емес, сонымен бірге шенеуніктер (салық жинаушылар, генерал-милитарист, пролетариаттар, т/б.) де өз қалағандарын істеді. Тура айтқанда, қытай жұмысшылары қайыршылар мен бірге тең еді, өйткені олардың алатын жалақылары италиан жұмысшыларынан 5 есе, американ жұмысшыларынан 25 есе аз болды.
Қытай әр кезеңде капиталистік мемлекеттермен өзара келісімдер жүргізіп,мәмілелерді қабылдаған болатын. Осындай бір мәміленің негізінде шетелдіктер бұл жерлерде өз кәсіпорындарын, банктерін, кедендерін ,темір жолдардын өз қолдарында ұстап, өздерінің концессиялары мен сеттльменттерін орнатқан болатын. Шет елдерінің өзіндік әскері және полициялары болды. Яғни, олар осы жердегі толық қожайындар болып есептелінді.
Осындай бір қанаушылық жағдай қытай халқының революцияны бастауына итермеледі. Қазан революциясы Қытайға әсерін тигізді. Ұлы қытай революцияшыл-демократ Сунь Ятсен мен оның төңірегіндегілер ( ұлттық және әлеуметтік бостандық үшін күресушілер ) сол орыс революциясын мұқият зерттеп талдады. Лениндік большевиктер партиясының помещиктер мен капиталисттерді жеңіп, шетел интервенттерін қуып салғандары қызықтырды.
Марксизм-ленинизм ағымдарының қалыптасуы себебтерінен Қытайда 1921 жылы Қытайдың Коммунистік партиясы құрылады. Мұнда үлкен көмек Коминтерн (Сол кездегі дүниежүзілік коммунистік қозғалыстың жоғарғы билеуші органы ) берді. Бұл коммунистік партия Сунь Ятсеннің буржуазияшыл-революциялық гоминьдан партиясымен ( 1912 ж. құрылған, ұлттық партия ) бірлесті.
Ал 1923 жылы бас қаланың провинциясы Гуандун – Гуанчжоуда ( Кантон ) Сунь Ятсен басқарған революцияшыл-демократиялық билік (правительство) орнады. Сунь Ятсен алдына мынандай мақсат қойды -- Гуандунды күшті революциялық базаға айландыру. Милитаристердің билігін жойып, Қытайды демократиялық негізде құру үмітінде, ол бұл жерден уақыт өте келе солтүстік жорығын бастаған дұрыс деп шешті. Бірақ ойлағанын шындыққа айландыру үшін, Сунь Ятсен Мәскеуге өтінішпен Гуанчжоуға саяси кеңесшілерді жіберуді сұрады. Саяси кеңесші ретінде М. М. Бородин ( КПСС-тің ақсақал мүшесі, бірнеше жыл революциялық қозғалысқа қатысқан адам ) жіберілді. Оның көмегі тиді.
1924 жылы 31 мамырда бірінші рет совет-қытай мәмілесі қабылданды. Осыдан екі мемлекеттің арасындағы халықаралық қатынастар орнай түсті. КСРО сонымен бірге әскери көмек те көрсетті. Негізгі әскери кеңесшілер: П. А. Павлов және В. К. Блюхер
келешектегі КСРО Маршалы, Қытайда оның тегін Галин деп қойған. 1925 жылы ұлттық –революциялық армия жергілікті милитарист Чэнь Цзюн-мин әскерін талқандап, Гуандунның бүкіл территориясын тұтқындықтан босатты.
1925 жылы қайтыс болған Сунь Ятсеннің қалағанын орындау мақсатында гуанчжоу билеушілері солтүстік жорыққа дайындалды. 1925 жылы 30 мамырда Шанхайда, сонан кейін басқа да қалаларда антиимпериалистік шерулер мен митингілер басталды. Осы шерулер 1925 – 1927 ж.ж. ұлттық антиимпериалистік революцияның бастамасы болған. Және бұл революцияның ең бір белсенді мезеті Солтүстік жорық еді.
Солтүстік жорықтың стратегиялық жоспарын Блюхердің бастамасымен орындалды. Жорық Хунань, Хубэй және шығыс Қытайдың жерлерін азат етумен болды. Солтүстік жорық әділеттілікті орнату мақсатында империалистік агенттерімен (қытай милитаристері) күрес жүргізген болатын. Ең сәтті кезеңі Чанша қаласын (провинцияның негізгі қаласы) алғанда болды.
Ухань қаласын азат еткеннен кейін, бұл жерге гуанчжоу үкіметі көшіп келді. Ухань жұмысшылары Ханькоудағы ағылшын концес сияларының территорясын алды. Бірнеше күннен соң тура осындай жағдай Цзюцзян қаласында болды.
Енді шаруалар мен жұмысшылар бірігіп, шаруалар одағын және шаруалар комитетін құрды. Шаруалар жалға берілетін ақша сомасын төмендетуге , жұмысшылар жұмыс күнін азайтуға және жалақыны көбейтуге помещиктерді мәжбүрледі. Қытай әйелдері революцияға қатыса бастады, көптеген бойжеткендер саясаткер, үгіттеушілер және агитатор ретінде болды.
Елде демократиялық көріністер пайда бола бастады, сөз еркіндігі, баспасөз, т/б. КСРО мен Қытай арасында жақсы қарым – қатынастар орнай басталды. Ағарту үрдісінде де орыстардың кірісуінсіз болмады. Қытай тіліне көп мөлшерде кеңес қоғам қайраткерлерінің ( Ленин, Горький, Гладков, Маяковский, Серафимович, Фурманов, т/б ) еңбектері аударылды.
1926 жылдың аяғы мен 1927 жылдың басында сәті түскен Ұлттық революциялық армия тура Шығыс Қытайға қарай жол алып, Суань Чуань-фанның күшті тойтарыс берген әскерімен соғысты. Ал 1926 жылы қарашада бұл провинцияның басты қаласын Наньчаньді ұлтттық революционерлер азат етті.
Солтүстік жорықта КСРО азаматтары, ұшқыштар, артеллиристер, жаяу әскер мен байланыстырушылар ерекше көзге түсті. Әскери кеңесші Блюхер аңызға айналды. Оны қытайлар да, орыстар да құрметтеді.
1927 жылы ақпан айында ұлттық революциялық армия Қытайдың ірі қаласына өз жорықтарын бастады – Шанхайға. 21 наурызда революционерлер армиясы мен коммунистер бастаған 800 мың жұмысшылар шерулерін бастап, 22 наурызда Шанхайды азат етті. Революция Қытайдың жартысын қамтыды. Бұл жеңіс бүкіл дүниежүзіне мәлім болды.
Кезінде өзін Сунь Ятсеннің сенімді адамы және шәкірті ретінде танымал болған, сол үшін жоғарғы шенділерге көтерілген Чан Кай-ши еді. Гоминьданьның бір қанатын басқарған Чан-Кай-ши ұлттық революциялық армиясының генералы бұл революцияның жетістіктеріне жай қарай алмады. Өйткені ол өз ішінде помещиктердің қалағанына құлақ салып, оларды қолдайтын болған. Революция нәтижесінде жоғарғы таптардың күйзеліске түскен уақытында Чан Кай-ши өзінің шын бетін көрсетті.
Жоғарғы таптағы адамдар Қытайдағы биліктерінің соңы келді деп есептеді. Сондықтан енді революцияға империалистік мемлекеттер өз қарсылығын көрсете бастады. 1927 жылы 24 наурызда бұл державалар Нанкин қаласын бомбалап, жергілікті тұрғындарын өлімге ұшыратты. Митингіге шыққан халық мынандай бір лозунгтарымен шықты: « Жыртқыштар мен баскесерлерге жол жоқ! », « Шетел әскерлері жоғалсын! », т/б.
Сұраған көмекке келген кеңес адамдары, жұмысшылары ағылшын-американдардың қанды әрекеттеріне қарсылықтарын білдіріп, шерулерді жалғастыра берді.
Бірақ Шанхайдың ірі банкирлерінің қаржылық көмегі Чан Кай-шиді сатқындыққа итермеледі. Гоминьдань билеушілері қаруды беру туралы жарлық шығарды, митингілерге қатаң тыйым салынды. Контрреволюциялық төңкеріс болды. Революция жетекшілеріне ату жазасын қолданып, түрмелерге қамады. Шаруалар комитеттері мен коммунистік партиялар жойылды. Сонымен, 1925 – 1927 жылғы Қытайдағы бұл революция жеңіліспен аяқталғанымен, Солтүстік жорықтың маңызы зор болды. Тарихта терең із қалдырды. Ондаған миллион қытай жұмысшылары ның сана сезімдерін оятты. Империалистерге қарсы тұра алатындарына қол жеткізді.
Кеңес халқы толығымен бостандық үшін күрескен қытай халқының жағында болды. Моральдық , саяси және материалдық көмек көрсетті. Солтүстік жорық тарихта жарқын түспен кеңес пен қытай халықтарының арасындағы достастық ретінде қалды.