Рим құқығы бойынша отбасы және неке түсінігі

Рефераттар
197

Мазмұны

Кіріспе
1. Рим құқығы бойынша отбасы және неке түсінігі
1.1 Рим құқығы бойынша отбасы түсінігі
2 Некеге тұру шарты
2.1 Неке қию
2.2 Некені тоқтататын жағдайлар
3 Рим құқығы бойынша неке түрлері
4 Отбасылық құқықтық қатынастардың мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ежелгі Римде неке киелі қипяшылдық және мемлекет тірегі болып саналды. Ежелгі Римде ауқатты отбасыларында көпшілік неке есеп бойынша тұрғызылған: ұрпақ жалғастыру үшін (лат. matrimonium — неке, от лат. mater — ана), меншікті біріктіру үшін,саяси одақтарды  нығайту мақсатында, дегенмен махаббат негізінде тұрғызылған некелер де болды. Рим империясы уақытындағы авторлары күйеулері өз әйелдерінің моральін бақылағаны үшін республика уақытында рим некесінің гүлденуі деп санаған. Жұбайлар серіктестіктері қазіргі түсінікте керек емес, сонымен қатар мүмкін емес болған: Ежелгі Римде әйелі күйеуін қолдау және қамын ойлауда өз өмірін арнау керек деп санаған. 
Ежелгі Римде жанұя  патриахалдық түрде құралған. Онда жанұя мүшелері тек қана жанұя  басшысына бағынған. Үй қожайыны әйеліне, балаларына, құлдарына және мүлікке  билік еткен.        
Неке нысанының барлық түрінде күйеу балаларға билік  еткен.
Рим құқығындағы неке институтының құқықтық жағдайларын төмендегідей көрсетуге болады: 1) Неке өзара ерікті түрде жасалу керек; 2) Дене бітімінің  келуі; 3) екеуінің келісімі; 4) отбасын  құру мақсаты; 5) ерлі-зайыптылардың  өмір бойы бірге тұруы.
Рим неке құқығын және оның институттарын меңгеру қазіргі  күнде де өзектілік сақтап келеді. Еуропа елдерінде қазіргі неке құқығы алдымен заңдық туыстық түсінігіне жасалды.
Рим неке құқығы тіпті күрделі: кез келген отбасы, әйел мен еркектің туыстық сипаттағы қатынастары  Рим құқығында неке болып мойындалды.      
Осы жұмыстың мақсаты Рим  неке құқығының ерекшелктерін меңгеруден тұрады: 

Мақсаты: 

1) Рим отбасы құқығына түсінік беру; 

2) Некеге тұру шарттары және неке қию және тоқтату; 

3) Отбасылық құқықтық қатынастардың мазмұны.

1 Рим құқығы бойынша отбасы және неке түсінігі

1.1 Рим құқығы бойынша отбасы түсінігі

Отбасы неке арқылы қалыптасады. Классикалық заңгер Модестин неке анықтамасын берген:  «неке – әйел мен ер адамның арасындағы одақ, бүкіл өмір бойы бірге болуы, құдайшылдық пен адамгершілік құқықтың жалпылығы». Некенің бұл идеалистік түсіндірмесі нәрсенің шынайы жағдайына сай келмеді: тіпті классикалық кезеңде әйел адам күйеуінің тең құқылы жолдасы болмады. О. Омельченко пікірінше,бұл жалпы түсінікте құқықтық нормалардың екі жақты шеғу тегінің некелік-отбасылық байланыстар реттелуіне бағыну болды: адамгершілік құқық талаптарының көрінуі ретінде неке одағы азаматтық құқықтың анықтауына бағынады,құдайшылдық құқық талаптарының көрінуі ретінде неке одағы жоғары хаттаушы талаптардың моральді және діни сипатта адамгершілік құқығына жіберілгенге жауап беруі керек.
Туыстық – белгілі  бір құқықтық салдарларды байланыстыратын  адамдар арасындағы қандық байланыс.  Рим құқығы туыстықтың екі түрін  ажыратты – агнаттық және когнаттық. Басқа халықтардың отбасынан рим отбасының айырмашылығы агнаттық туыстықтың заңдық маңызды болуында. Агнаттық туыстық бір отбасына тиесілі барлық тұлғаларды қамтыды, яғни агнаттық туыстық билік пен бағыныштылыққа негізделген. Соған орай отбасы мүшелері отбасы басшысы және оған бағыныштылар деп бөлінді. Отбасы басшысы барлық отбасы мүшелеріне толық билігін жүргізіп отырды. Ол сонымен қатар отбасының мүлкіне ие болды және өз қалауынша билік етті. Отбасы басшысының билігі тек қайтыс болған жағдайда немесе өзінің еркі арқылы тоқтатылатын. Агнаттық туыстық ер адамнан тарады. Кейіннен отбасы басшысының билігі шексіз болған жоқ және отбасы мүшелерінің еркіндігіне алып келді. Осыған байланысты агнаттық туыстық уақыт өте келе когнаттық туыстықпен ығыстырылды. Когнаттық туыстық дегеніміз қандық туыстық. Когнаттық туыстықта дәреже мен туыстық тармақтары ажыратылды. Туыстық тармақтары ата-бабасынан тарайтын немесе ата-бабаға дейін тарайтын туыстық болуы мүмкін. Туыстықты сонымен қатар, бір атадан тарайтын болса қандас, аналары бір болса – жатырлас туыстар деп бөлетін. Жанама туыстық ортақ ата бабалардан тарайтын туыстарды біріктірді. Туыстық дәрежесі екі туыстың арасындағы туыстық санымен анықталды. Туыстықпен қатар жекжаттық та болды. Жекжаттық жұбайлар арасындағы және басқа жұбайдың арасындағы туыстар арасында пайда болатын.  

1.2 Некеге тұру  шарты

Неке – әйел мен ер адамның арасындағы одақ. Бұл одақ өмірінің ортақтығы, адамдық құқықтар мен діни құқықтардың бірігуі. Неке: ынтымақтастық, физикалық жетілу, келісім, некелесушілердің неке одағын құруға талпынуымен сипатталады. Некеге тұрудың құқықтық алғышарты некеге тұрушыларда jus conibii-дің болуы болып табылады. Бұл термин рим некесіне тұру құқығы дегенді білдірді.
Рим құқығы некеге тұрудың  мынадай талаптарын бекітті: 
Некеге тұрушылардың келісімі;
Әйел мен ер адам еркін  болуы тиіс, олар және ата-аналары некеге келісімін беруі керек. Егер патерфамилиас маңызды негіздер болмағанда бағыныштыға некеге тұруға келісімін бермейді, онда ол магистратқа жүктеледі. 
Құлдар отбасын құру құқығы болмады, римдықтар құқықтың дамуы  барысында құлдарға бірге тұруға – контурберниум (contubernium) құқығы болды. 
Неке жасына жету, ерлер  үшін – 14 жас, әйелдер үшін – 12 жас.
Некеге тұрушылар басқа  тоқтатылмаған некеде тұрмаулары керек; 
Некеге тұрушылардың арасында туыстық қатынас болмауы керек. 
 Егер де туыстар некеге тұратын болса, ол қылмыс деп саналды. Аға мен қарындас арасындағы некеге тұруға тыйым салынатын, егер тіпті ата-аналарының біреуі ғана ортақ болғанның өзінде.  
XII  кесте бойынша заңдар плебея мен патрицияларға үйленуге тыйым салынған. Бірақ бұл тыйым ежелден-ақ жойылған. 
Император Август сенаторларды азат етушілерге немесе жезөкшеге үйленуге тыйым салған. (осы сословиелердегі әйел күйеу жігітің жоғары лауазымына сәйкесемес деп саналды, әскери адамдарға үйлену тыйым салынған. Бірақ әскери адамдарға үйленуге қарамастан, іс жүзінде сарбаздар жиі жергілікті билік мойындаған түрде неке құрған, рим құқығы бойынша неке болып саналмаған. 
Қамқоршыға қамқорлықұқа алған адамына үйленуге, христианға – басқа дін өкіліне үйленуге рұқсат етілмейтін. Рим азаматтары актрисаларға, неке бұзуға айыпталған әйелдерге үйленуге тыйым салынған. Агнаттар, тума туысқандар, төртінші деңгейге дейінгі туысқандар үйленуге болмайтын.    
 Неке сүйегі жақын  адамдар (қайын ата мен келін  арасында)  арасында тыйым салынды. 
Некеге физикалық жағынан  сау адамдар тұруға болды.Кастраттар үйлене алмайтын, есі жоқ адамдарға үйлену тыйым салынды. Некеде жыныстық байланыстың болуы міндетті болды, егер онда қатынас болмаса, неке жарамсыз деп танылды. 
Жаңа некеге тұру тек басқа  некенің болмауы кезінде ғана рұқсат етілді. Күйеуі қайтыс болған соң  жесір әйел 9 айдың ішінде жаңа некеге тұруға болмайтын. Қаралы киімді киіп жүруі керек, императорлар азалы  күндерді (luctus) 1 жылға созған. Қазаны бүзған жағдайда абыройы төгілген болып саналды. Бұл күйеуі қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген баланың әкелігін анықтау үшін жасалды (егер әйелі күйеуі қайтыс болғаннан кейін 2 айдан соң нәрестені дүниеге әкелсе, онда қаралы жыл тоқтатылған,туылған нәресте толық құқылы мұрагер болды. Мұндай тыйымды бұзу жесір әйелге белгіленген мерзімнен ерте тұрмысқа шығуға кедергі тудырмады, алайда абыройы төгілген болып саналды. 
Аттастыру. Некеге тұрудан бұрын аттастыру керек болды, күйеу жігіт осыдан кейін қалыңдыққа өзінің құқығын заңдастырған. 
Аттастыру некеге тұру серті ретінде өткізілген. Аттастырғаннан кейін куәгерлер қатысуымен сөз байласу немесе жазбаша құжаттарды құрусыз жасалды ма маңызы болған жоқ. 
Некеге тұру кезінде балалардың келісімі қажет болған (жеті жастан бастап).Егер әкесі қызына өзіне  ұнамайтын лайықсыз немесе қарабет  күйеу жігітті таңдаса, қызы әкесінің қалауына қарсы шығуға құқығы болды.
Аттастыру, сүйісумен бекітілсе және күйеу жігіттің өліміне байланысты айырылса, күйеу жігіт сыйлаған сыйлықтардың жартысы қалыңдықтың отбасында қалған. 
Аттастырудың нақты себептерге байланысты кейінге шегеру мүмкін болған: жақтардың біреуі болмаса, күйеу жігіт пен қалыңдықтың денсаулық жағдайы салдарынан, ата-аналарының қайтыс болуы,ауыр қылмыстарды істеуі. 
Аттастыруды бұзу жағдайлары құғыншы көмегімен болған. Қуғыншы болып бала да саналған, оның өтініші хатты тапсырумен тең болған. 
Империялық кезеңде аттастыру кепілдеме берумен алып жүрген. Егер күйеу жігіт үйлену тойынан бас тартса, онда сыйлықтар қалыңдық үйінде қалған, 
Б.э. 472 ж. император Лев кепілдеменің екі мәрте өлшемін орнатқан. Екі аттастыруды жүргізу бір уақытта жіберілмеген. Аттастыруды жүргізгеннен кейін, күйеу жігіт қалыңдықты өлтірген жағдайда, қылмыс туысқаны ретінде қарастырылған. Аттастыру 7 жастан бастап орындалу қарастырылған.

2 Неке қию

Құқықтық мағынада некеге тұру екі уақиғаларға бөлінеді: неке қию және үйлену тойы салтанаты. Бұл уақиғалар уақыт бойынша бірінен кейін бірі өтуі тиіс. Кейде бірнеше жылдар арасында бірінен-бірі алшақ болуы мүмкін.  
Неке қию неке бастамасын білдіреді: бір уақытта өтуі толық некені құртады. Неке қию кезінде болашақ неке әріптестері некеге тұру ылтипатын білдіреді; өз ниетінің шындығын куәсі ретінде некелестірушілердің әлеуметтік жағдайына қарай сыйлықтармен алмасады;  неке қию – олардың ата-аналарының, қамқоршыларының және т.б. қатысуымен өтуі мүмкін. Сыйлықтармен алмасу неке қиюға жеке құқықтық мәміле түрінде болды. Неке қию факті, некелік ниет пен сыйлықтармен алмасу фактілері арнайы жазбаша құжаттармен (бұрынғы уақытта — куәгер-қонақтардың қатысуымен) бекітілген. Неке қию неке одағын құрудың соңғы рәсімі болған жоқ: неке қиюды өзара келісім бойынша, міндеттен бас тарту ретінде сот процедурасы жағдайында  бұзуға болады.Мұндай бұзу ажырасу болып саналмаған және болашақта басқа некеге тұруға кедергі бола алған жоқ. Бірақ материалды шығын (қонақтар шақыру, сыйлықтар және т.б. шығыны), неке қию бола алмаған жағдайда өтелуі тиіс болған. Неке бола алмаған жағдайда моральдық нұқсан бойынша наразылық қабылданбаған.
 Некеге тұрудың негізгі моменті жеке және мүліктік сипатта қарастырылған, әйелін күйеуінің үйіне алып келу; басқа барлық салт рәсімдері некеге тұруды ғана білдірді, бірақ неке одағына кірудің формальді шарттары болып саналмады. Әйелін үйге алып келу келесі мүмкін болатын мүліктік талаптанулар негізі болды.
 Рим дұрыс неке (классикалық кезеңде) екі ерекше формада жүргізілді: неке қию (cum manu mariti) және формальді емес (sine manu mariti). Некеге тұрудың бірінші формасы неке одағын оны келесі дәріптеу мақсатында символикалық жариялаудағы діни рәсім болды, не болмаса теңқұқықты оның бұрынңы алдиярларынан әйелін символикалық сатып алу; осы барлық түрлері таризи болды және сословиелік-патрицианды некемен тығыз байланысты. Некеге тұрудың екінші формасы арнайы неке келісімінің болуы және күйеуі әйелін үйіне алып келу  ұйғарды Осы екі неке формасының айырмашылығы отбасында мүліктік қатынас үшін және некені тоқтату кезінде әйел тағдыры үшін болды. Христиан кезеңінде некелесудің шіркеулік рәсім бойынша жүргізілді, бірақ басқа да неке одағын құру талаптары сақталды.

2.1  Некені тоқтатын жағдайлар

Құқықтық негізде некеге тұрғандар, заңда қарастырылған жағдайларда ғана тоқтатылуға болатын. Рим құқығында некені тоқтатудың тәсілдері:
жұбайлардың біреуі қайтыс болған жағдайда;
жұбайлардың біреуі еркіндік дәрежесінен айырылса;
жұбайлардың біреуі рим азаматтығынан айырылса;
отбасылық мәртебесінен айырылса;
ажырасу
      Неке одағын тоқтату үшін өлім жеткілікті негіз болған. Жұбайлардың біреуі хабарсыз жоқ болып кетсе өлімге теңесті.
Жұбайлардың біреуі еркіндік дәрежесінен немесе азаматтығынан  айырылса заңды некеге тұру құқығы болмаған себебі бойынша некені тоқтату  негізі болып табылды, ал отбасылық  жағдайының өзгерісі неке қатынасының  айырылысуын білдірді. 
Римдік отбасы құқында  араларында неке қиылуына жол берілмейтін  адамдарда белгіленген. Некеге тұруға:

1) кәмелетке толмағандарға;

2) ақыл есі кемдерге;

3) құлдарға жол берілмеген.

Көрсетілген негіздерден  басқа, жұбайлардың шешімі бойынша  тоқтатылды – ажырасу. I-II ғғ. аралығында ажырасу еркін болған және жұбайлардың өзара келісімі бойынша іске асырылған, не болмаса жұбайлардың біреуі неке өмірінен бас тарту өтінішін білдірсе. 
Ажырасу рәсімі  тек заңды  некеге тұрған қатынастар арасында жүргізілді. Құқықтық емес немесе керекті жағдайда рәсімделмеген некеде ажырасу тыйым  салынды. 
Ажырасу жүзеге асырылуы қандай жағдайда неке тұрғызылғанына байланысты болды - діни үйлену ырымы жолымен, әйелін сатып алу немесе формальді емес неке жолымен. Кез келген жағдайда ажырасу  жұбайлардың біреуі неке қатынасын  жалғастыруға бас тартуын көрсетті. 
Некені тоқтату кезінде  ажырасу себебі анықталды. Кінәлі жаққа  нақты мүліктік айыппүл түрінде  санкция немесе некеге дейінгі мүлкін айырылу міндеттелді. 
Жұбайлық адалдығы бұзылған  жағдайда, қастандық немесе басқа кінәлі жағдайлар жасалған кезде жұбайлардың біреуінің ажырасу туралы өтініші қабылданған. Ажырасу уақытында жұбайлардың біреуінің әрекеті бойынша себепті жағдайы болуы керек. Себепті жағдайы болмаған кезде ажырасу білдірген тұлғаға мүліктік санкциялар жүктелді. Егер ажырасу қозғаушысы әйел болса, онда оның жасауы күйеуінде қалған, ал егер кінәлі күйеуі болса, некеге дейінгі сыйлық әйелінде қалған. 
Б.э.д. XVIII ғ. неке тоқтату хабарлау кезінде жеті куәгерлер қатысуы туралы заң қабылданған. 
Діни үйлену рәсімі тұрғызылған  неке  Юпитерге садақаны беру және абыздар  қатысуымен нақты сөздер айтылған жағдайда ғана неке толтатылған. 
Әйелін сатып алу жағдайында тұрғызылған неке әйелін құлдыққа жалған сату  жағдайында тоқтатылған
Неке тоқтату азаматтық  және діни өкіметтердің араласпауынсыз жүргізілген. 
Күйеуі әйелінің опасыздық  жасағанын біліп қойса, ажырасуға  міндет болды. Кері жағдайда күйеуін  кінәлап және жеңгетайлық үшін жазаға тартқан. 
Әйелінің опасыздығы үшін тек әкесі өлтіру құқығы болған, күйеуі емес. Әкесі, өгей және туған  әкесі  туған қызын өз қолымен  өлтіруге өз үйінде немесе күйеу баласының  үйінде құқығы болды. 
Capitis deminutio maxima жұбайлардың  бiрлерi, өйткенi құлдарда ius conubii болмады,  яғни оның құлына үндеумен. Сонымен  бiрге, егер алған жұбай құлға  содан соң Римға қайтарылуға  бағытталған тұтқын болса, онда manusты ешқашан тоқтамайтынын (108-шi  тарау) postliminiumдерге байланысты болып  есептелдi. Кейбiр тек қана нақты  sine manu брак, өйткенi postliminium res iurisке қолданылды, бiрақ заң емес байланысы, болып  есептелдi тоқтатылған егер екi жұбай  тұзақталуларға болса брагi дегенмен  ұласқан әрдайым болып есептелдi.
Sine manu неке түрі неке орнату талабы үшін келісімі болатын тұлғаларының бiрi ерiк бiлдiрумен тоқтата алды. 
Бірінші неке тоқтағаннан  кейінгі екінші некеге тұру республика кезеңінде, еш шектеусіз принципат кезеңінде де кездеспеген. 
Классикалық заманда ажырасу  еркін түрде болды және жұбайлардың  (divortium) бірлескен келісімі бойынша жүргізілді, және де бір жақты неке өмірінен (repudium) бас тартатын өтініш бойынша да ажырасу болды. Ажырасу еркіндігі рим неке құқығының ең алғашқы бастау болды. Республика кезеңі соңы мен империя кезеңінде көптеген ажырасуға қарамастан және неке туралы христиан шіркеуі  оқуларына қайшы келуіне қарамастан, ажырасу еркіндігі ешқашан алынбаған,тіпті  шектеу қойылмаған, егер жұбайы үшін мүліктік салдар қатарын  есептемегенде, әрекет немесе кінә бойынша неке ажырасумен тоқтатылса. 

3 Рим құқығы бойынша неке түрлері
        
Жұбайлардың құқықтық сапасына қарай некелері:
1) Дұрыс неке;
2) дұрыс емес неке;
3) азаматтық неке болып  бөлінген. Біріншісі бойынша арнайы  заң нысанында танылған, екеуінің  бір құқықтық сапасына жатқан, жеке және мүліктік құқықты  туғызатын одақ танылған. Екіншісінде  тараптардың бірі басқа азаматтықта  болуы (мысалы перегриндермен  жасасқан неке т.с.с.). Үшіншісі  неке рәсімін жасамай бірге  өмір сүруі танылған.
брак римский  право развод
«Cum manu» некесі 
Некенің алғашқы түрі – cum manu. Рим некенің көне нысандарының бірі - cum manu әйеліне күйеуінің билігін  бекітті. Некеге тұрғаннан бастап әйел persona aliena juris – бөтен құқықтың иесі деп саналды. Cum manu некесінде әйелдің  мүлікке қатысты ешқандай құқықтары  болған жоқ. Некенің бірден-бір белгісі  жұбайлық ортақтастықтың үздіксіз ұзақ мерзімге жалғасуы болды. Бұл мерзім үзілуі мүмкін, егер әйелі үш түн  өз үйінде түнемеген жағдайда. Сондықтан  ерінің еркі тек жұбайылық билікке  емес некеге бағытталды.
«Cum manu» – күйеуі үстемдік ететін қатал неке түрі, әйелі әкесінің үстемдігінен шығып, күйеуіне немесе патерфамилиасқа бағынышты болған. Алғашында күйеуінің әйеліне үстемдігі шектеусіз болған, бірте-бірте билік ету өкілеттіктері шектелген (әйелін сатуға және өлтіруге тыйым салынды). 
Қатал некенің пайда болуы  нақты ырымдар рәсімінен кейін  мүмкін болды. Ежелде қалыңдықты алып қашу жолымен іске асырылған. 
Басқа ырым тандыр нанды  жеу немесе нанмен жиілеу деп аталған. Рәсімдеу басты понтифик және 10 куәгерлердің қатысуымен жүргізілген және Юпитер құдайына арналған. Қалыңдықты өз үйіне  әкелген соң, күйеу жігіт оған от, су және нанды берген. Қалыңдық сыйлықты алып, «Гай, сен қайда болсаң, мен  Гайя сонда боламын» деп айту керек болған. Осы рәсімдеу көмегімен некені патрициялар және абыздар өкілдері жүргізген. Осы некеде туылған бала ең бір жоғары абыздар қызметін атқаруға болатын. Б.э. I ғ. осы ырым қолданылмаған. 
Осы қатал некеге түру манципация (қалыңдықты сатып алу) көмегімен де жүргізілген. Әйелінің үздіксіз күйеуінің үйінде бір жылдан артық тұрса, неке қатаң болып саналған. 

Күйеу әйелін сатып алады, заң бойынша әйелі құлы болып  саналады. Әйелін өз әкесі немесе магистр  және 5 рим азаматарынан тұратын  куәгер  қатысуымен қамқоршысы сатады. 
«Sine manu» некесі
 Некенің екінші түрі  – sine mnu. Бұл некеде ерінің әйеліне  билігі туындамады және бастапқы  кезде әйел мен ер адам арасында  юридикалық байланыс болған жоқ.  Әйелі некеге тұрғанға дейін  отбасылық жағдайын сақтап қалды. Sine manu некесі жай келісім негізінде  жасалды – қалыңдықты күйеудің  үйіне әкелу юридикалық қорытынды  акті ретінде болды.  Sine manu некесі  ері зайыптылардың біреуінің  бір жақты өтініші бойынша  бұзылды және некені бұзудың  негізін көрсету қажет те емес  еді. Бірақ некені бұзу еркіндігінің  жағымсыз салдарлары болды. Бұл  көбінесе мұрагерлікке қатысты  болды. Август некені бұзудың  еріктілік жағдайының некенің  тұрақсыздығына әкеліп соғуына  байланысты отбасы құқығына маңызды  өзгерістер енгізді. Заң жұбайлық  адалдық болмауына байланысты  қылмыстық жауапкершілікті бекітті.  
 Sine manu некесінен, римде орын алған конкубинатты да ажырата білуіміз қажет.
Sine manu (аудармасы - неке қолсыз) – қатал емес неке, күйеу жігіттің үйіне қалыңдықты алып келетін. Бұл некені тоқтату еш себепті көрсетпей бір жақтың өтініш бойынша айырылыстырған. Бұл некеде күйеуі әйеліне үстемдік етпеген. Ол яғни күйеуі алдында жеке және экономикалық  тәуелсіздігін сақтай тұра, туған әкесіне бағынышты болған. 
Жұбайлар мүліктері жеке болған. Отбасы иесі бұл неке түрінде  де күйеуі болған, әйелі күйеуінің  тегін және сословие жағдайын алған. Әйелі жыл сайын өз күйеуін  үш тәулік қатарынан қалдырып кету құқығы болған, осылай өзімен иелуінен ажыратқан. Егер бұл шартты орындамаса, неке қатал емес түріне қаталға өтіп отырған. 
Қатал емес некеде дүниеге  келген балалар, заңды болып саналған және әкесінің құқықытық жағдайына  еріп отырған. Әйелі күйеуінен шығындарды өтеуіне  талап еткен, ал әйелі  үйде шаруашлықты жүргізіп отырған. Жұбайлар бір-біріне көмектесіп және бір-бірімен  соттасуға, біріне қарсы куәгер болуға болмайтын. Бірте-бірте формальді  емес неке кум ману некесін шеттетіп, классикалық кезеңде некенің жалғыз түріне айналды. 
Конкубинат
Конкубинат (шынайы неке, жабайы неке, жыныстық қатынас) некесіз одақ болған. Конкубинат – заңмен рұқсат етілген ер адам мен әйел адамның тұрақты бірге тұруы, яғни заңсыз неке. Егерде қандай да бір себеппен (мысалы, сенатор мен еркін адамдар арасында) некеге тұруға болмаса, онда конкубинат қолданылды. 
Конкубинат – отбасын құруға мақсат етпеген, жыныстық әуестілігін қанағаттандыру мақсатында бірге тұру. 
Конкубинатта тұруға еркін  туылған және азат етілгендер ғана болған (ең бастысы, әйел, туылған жері белгісіз немесе өз тәнін сатқан) 
Әйгілі рим заңгері  Юлий Павел өз сентенцияларында конкубинатқа келесі анықтама берген: «егер кімде-кім  әйелі болса, ол конкубин алуға болмайды. Конкубин әйелінен тек махаббаттан ғана ерекшеленеді».
Христиан кезеңінде конкубинат болуы үшін туыстық қатынастың болмауы, басқа некеде немесе конкубинатта тұрмауы, ұзақ бірге тұру міндет болды.  Конкубинатта туылған балалар, табиғи болып саналды, заңдастырған жағдайда заңды болып  есептелді. Византия мен Батыс Еуропада конкубинат тек XII ғ. алып тасталды. 

4 Отбасылық құқықтық қатынас мазмұны

Неке одағы жұбайлардың  жеке және түліктік сипатта тең құқықты  және міндеттерді ұйғарды. Рим құқығы ішінде теңсіздік, әйеліне міндетті сипатта талаптар артықшылығы бойынша болды, ал күйеуіне әйелге қатысты мәнді құқықтар міндеттелді. 
Жұбайлар арасындағы жеке және мүліктік қатынастар cum manu және sine manu некелерінде әртүрлі болды. 
Сum manu некесінде әйелі, ескі отбасына заңды түрде бөгде болып, күйеуіне тәуелді болды. Әйелінің мүліктік қатынастар бойынша құқықтық қабілеті болмады. Әйелінің барлық мүлкі, шартты түрде күйеуіне өтіп отырған, некеге тұрудан бастап күйеуінің қарамағына өткен. Некеде болу уақытында, күйеуіне тиесілі. Отбасылық қатынастарға байланысты рим дәстүрлер мен әдеттерде құқығы жоқ жағдайлар жеңілдетілді. Мысалы, дәстүр күйеуі туыстарының осы сұрақ бойынша кеңесін естімей әйелін жазалауға болмайды. 
Sine manu некесі әйелінің заңдық жағдайын өзгерткен жоқ. Егер әйелдің некеге дейінгі мүліктері болса, некеге тұрғаннан кейін де өз мүлкі болып саналды.  Ал неке уақытында да алынған мүлік, өзіне болып есептелді. Яғни sine manu некесінде мүліктердің бөлектілік принципі болды. Бірге тұрғандағы шығындар, күйеуіне жүктелді, бірақ ол әйелі тапқан мүлікті иелік ету құқығы болды. Бірақ күйеуі бұл мүлікті әйелінен арнайы рұқсатсыз шеттетуге құқығы болмады. Әйелінің туысқандары мүлікті қайтару талабын қоюға және оны асыра пайдаланғаны үшін айып төлетуге құқығы болды. Әйелі кез-келген мүліктік мәмілеге тұру құқығы болды. 
Неке формасынан тәуелсіз ерекше құқықтық жағдайда некелік мүліктердің 2 категориясы болды: жасау  (dos) және неке сыйлықтары (dos propter nuptias). 
Жасау термині ол әйелінің күйеуіне отбасылық өмірде материалды қиыншылықтарды жеңілдету үшін зат  немесе басқа мүлікті беру. Ежелгі республикалық кезеңде, некелер cum manu болғанда, құқықтық жағдайда жасау болмаған. Егерде ерекше келісімі болмаса, онда әйелі берген жасау күйеуі меншігіне өтіп отырған. Sine manu некесінде мүлік түрінде берілген жасау ерекше құқықтық режим ұсталды. Б.э.д. II ғасырда ауызша келісім жасау ережесіне айналды, мұнда күйеуі неке тоқтатылған жағдайда жасауды қайтару міндетін берген.
Классикалық кезеңде жасауды  арнайы  реттемелеу алған. О. Омельченко айтуы бойынша, жасауды беретін арнайы құжат болған, яғни шарты және неке тоқтату кезінде жасау жағдайы көрсетілетін. Неке тоқтату кезінде жасауды қайтаруға болады. Егер некеге тұру уақытында осы бойынша келісім жүргізілсе, соның негізінде жасауды қайтару туралы талап берілген. Бұл қатаң талап  болды, күйеуі сөзсіз толық көлемде жасауды қайтарған. Егер арнайы келісім жүргізілмесе, претор әйеліне талап қойған. Бұл bonae fidei талабы; ол әйеліне берілген, бірақ оның мұрагеріне емес, және күйеуі қалған балалаларын асырау мен керекті нәрселер үшін өзіне тиесілі бөлікті ұстап қалуға құқығы болды. 
Юстиниан кезіндегі ереже, осы аталған талаптар бойынша  жасауды қайтару оңайлатылды. Енді сәйкес келісім жүргізілуіне қарамастан, әйелі мен оның мұрагерлері жасауды қайтару талабы құқығы болды, яғни мүлік толық көлемде қайтарылды. 
Неке сыйлықтары ол күйеуінің  әйеліне берген сыйлықтары. Неке сыйлықтарын  жасау қоғамдық сыпайылық негізінде  болды, бір жақ оның болмауына  еш наразылығын білдіру құқығы болмады. Юстиниан бұл сыйлықтарды неке уақытында беруге рұқсат еткен, donatio propter nuptias деп аталды. Бұл мүлік көлемі бойынша жасаумен бірдей болған. Неке уақытында ол өз иелігінде және күйеуінің басқаруымен болған. Бұл мүлікті күйеуі қайтыс болған жағдайда қайтарып алуға құқығы болды. 

 
Қорытынды

Қорытындыласақ, рим құқығында  неке – әйел мен ер адамның арасындағы одақ, бүкіл өмір бойы бірге болуы, құдайшылдық пен адамгершілік құқықтың жалпылығы. Дұрыс рим некесі (классикалық кезеңде) 2 ерекше формада жүргізілді: обрядовой (cum manu mariti - немесе, «қолмен бірге некесі») және формальді емес (sine manu mariti - «қолсыз неке»).

Осы екі неке формасының айырмашылығы отбасында мүліктік қатынас  үшін және некені тоқтату кезінде  әйел тағдыры үшін болды.

Христиан кезеңінде некеге тұру шіркеулік рәсім бойынша  жүргізілді, бірақ басқа да неке одағын құру талаптары сақталды.

 Барлық құқық талаптары жүргізілген, және тек құқықтық негіз бойынша неке тоқтатылған. Жұбайы қайтыс болса, неке одағынан бас тарту өтініші – ажырасу, жұбайының азаматтық құқықтық жағдайларынан айырылу немесе азаматтығын ауыстырса неке тоқтатылған. Рим некесі жұбайлар ажырасуы жіберген.

Қатал некеде әйелі сословиелік және азаматтық жағдай бойынша күйеуі қарамағында болды. Оның ішкі отбасылық деңгейі бағынышты болды: ол қызы ретінде теңестірілді, ал күйеуі оған үстемдік етті. 

Осыдан, ғасырлар бойы, әйел мен ер адамның арасындағы қатынасты реттейтін некелік-отбасылық қатынасқа көп көңіл бөлінеді. Отбасылық құқық мемлекет негізі болып табылады және оның қызығушылығын сақтауға шақырады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. XII таблиц // Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М., 1996. С. 261 - 272.

2. Институции Гая // Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М., 1996. С. 273 - 281.

3. Хвостов В.М. Система  римского права. Учебник- М.: Издательство «Спарк», 1996г. 522с. 

4. Омельченко О.А. Римское  право: Учебник. Издание второе, исправленное и дополненное - М.: ТОН - Остожье, 2000г.- 208с.

5. Римское частное право / Под ред. И.Б. Новицкого и И.С. Перетерского. М., 1996.

Жүктеп алу
103 рет жүктелген
91.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті