Салық міндеттемесін орындау және тоқтату әдістері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
II Салық міндеттемесін орындау және тоқтату әдістері
1.1 Салық мiндеттемесiн орындау тәртібі
1.2 Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi
1.3 Таратылған заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
1.4 Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық мiндеттемесiн орындау
1.5 Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi
1.6 Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн қолданылуын тоқтату
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Салық міндеттемесін орындау және тоқтату әдістері
1.1 Салық мiндеттемесiн орындау тәртібі
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;
2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базалары мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;
4) салық есептiлiгiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;
5) салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi.
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн Кодексте белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде орындауы тиiс. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептiн алған күннен бастап немесе салық төлеушi төлемдi банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол ақша нысанында - салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.Салықтар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi осы Кодекстiң 39 және 252-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.
Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу ерекшелiктерi:
1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуi мүмкiн.
Салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн орындау қажеттiгi туралы салық қызметi органының салық төлеушiге қағазға түсiрiлген немесе оның жазбаша келiсiмiмен электрондық тәсiлмен жiберген хабары хабарлама деп танылады.
Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:
1) салық органы осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актiсiн табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
3) мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстiң 45-бабының 1) тармақшасында белгiленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстiң 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғаннан кейiн;
4) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
5) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы - өндiрiп алуға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
6) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептiлiгiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
7) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
8) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрілмей;
9) қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жерi өзгерген күннен бастап мұндай өзгерiстер туралы жиырма жұмыс күнi iшiнде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiберiледi.
Хабарламада салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; сәйкестендiру нөмiрi; хабардар етiлген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау туралы талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi.
Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Хабарламаны жiберу фактiсi сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама салық төлеушiнің (өкiлiнің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
Хабарламаны салық төлеушi өзiне (өзi) хабарлама тапсырылған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде орындауға тиiс.
1.2 Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi
Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi Кодекспен белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм Кодексте белгiленген кезең аяқталған күнiнiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.
Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған (салық төлеушi хабарлама алған) күннен кейiнгi отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға тиiс.
Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер өсiмпұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердің және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi алпыс жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезеңнiң әрбiр он бес жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткiзу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;
2) бересi сомасы;
3) айыппұлдар сомасы.
1.3 Таратылған заңды тұлғаның салық міндеттемесін оындау ерекшеліктері
Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы
Таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу осындай салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Салық есептiлiгiнде (тарату есептiлiгiн қоспағанда) көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның iшiнде оның мүлкiн сатудан алынған ақша есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегі де өтеледі.
Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық сөйлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады.
Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.
1.4 Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық мiндеттемесiн орындау
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғанға дейiн артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебiне есептеуге жатқызады. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.
Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгі ондағы үлесiне барабар өтейдi. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.
Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау: жеке тұлғаны сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi.
Егер белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктің жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
Сот адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнің күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.
1.5 Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi
Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немеce олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады. Салық төлеушi белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.
Белгiленген талап қою мерзiмi корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлiгiнде жеке тұлғаның мiндеттемелердi орындауы бойынша осы Кодекстiң 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгiленген мерзiмнен бес жылға дейiн ұзартылады.
Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Өткен салық кезеңдерiндегi салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың осы түрi бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, салықтың, төлемақының, өсiмпұлдың салық кезеңiнде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы болып танылады.
Салық төлеушiге қайтарылуға тиiс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.
Тараудың мақсаттары үшiн жер учаскелерiн пайдаланғаны, жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергенi үшiн төлемақылар төлемақы деп танылады.
Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
салықтың басқа да түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
Бюджетке артық төленген өсiмпұл сомасы:
1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың және төлемақының осы түрi бойынша бересi мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
салықтың және (немесе) төлемақының басқа түрлерi бойынша бересiнi, өсiмпұл мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылуға тиiс.
Артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасын есепке жатқызуды бюджетке салық, төлемақы, өсiмпұл төлейтiн жердегi салық органы осы бапта белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, есепке жатқызу мерзiмi бұзылған әр күн үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Бюджетке артық төленген салық, төлемақы, өсiмпұл сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызылмауға тиiс.
Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдың артық төленген сомаларын қайтару көзделген есепке жатқызуларды жүргiзгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банк шотына аударылуға тиiс.
Салықтың төлемақының, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық төлейтiн жер бойынша қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткiзген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдың артық төленген сомасының бар екендiгi туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төленген жерi бойынша жүргiзiледi.
Белгiленген мерзiм бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде, қайтару мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн өсiмпұл есептеледi.
Салықтарды (төлем көзiнен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негiзiнде, неғұрлым кеш мерзiмге, бiрақ күнтiзбелiк жылдың он айынан асырмай ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге тиiс емес. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнi салықтар сомаларын дер кезiнде төлемегенi үшiн өсiмпұл төлеуден босатпайды.
Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің мүлкiн кепiлге алу немесе банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
Салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлге алу және банк кепiлдiгi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қабылдайды.
Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы жергiлiктi атқарушы органмен келiсе отырып қабылдайды.
Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн қолданылуын тоқтату
Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы онда белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн тоқтатылады. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданылуы салық төлеушi салықтардың бүкiл сомасын шешiмде белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн төлеген жағдайда немесе салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау шарттарын бұзған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Кепiлмен (банк кепiлдiгiмен) қамтамасыз етiлген салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертудiң шарттары орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, салық қызметi органдары салық төлеушiнің кепiлге салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдiгiнiң орындалуын талап етуге құқылы.
Cалық төлеушiнiң кепiлге салған мүлкiн өткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау:
1) төленбеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына өсiмпұл есептеу;
2) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу тәсiлдерiмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты почта немесе өзге де байланыс ұйымы жiберiлген хабарламаны қайтарған жағдайда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң көрсетiлген тәсiлi салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы салық қызметi органдары жасаған актiнiң және салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн еместiгi туралы тиiстi құқық қорғау органдары жауабының негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде қолданылады.
Салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауы туралы акт почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушiнiң нақты мекенжайы (тұрғылықты жерi) бойынша болмауына байланысты жiберiлген хабарламаны қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалады.
Өсiмпұл салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгi күннен бастап, өткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күндi қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебiнен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң банк шоттары есебiнен шығарылған және банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды (есептеудi) кешiктiргенi үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өсiмпұл есептеледi.
Салық төлеушiнi банкрот деп таныған сот шешiмi қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданғанда, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап, жиналған бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
Бересiнің жиналып қалуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.
Бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
Жеке тұлға хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
Белгiленген есепке алуды жүргiзу мерзiмi бұзылған ретте салық төлеушiнiң артық төленген салық сомасын есепке алуды жүргiзуге берген өтiнiшiнде көрсетiлген артық төленген салық сомасына барабар бересi сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
Заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен:
1) салық төлеушi салық есептiлiгiн тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде оны табыс етпеген;
2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн салық берешегiн өтемеген;
3) салық қызметi органының лауазымды адамдарының, белгiленген салық тексеруiн жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салық тексеруiне, қарауына жол бермеген;
4) Құжаттармен расталған салық төлеушiнiң орналасқан (тұрғылықты) жерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық берешегiн өтеу жөнiндегi операциялардан басқа, салық төлеушiнiң барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Салық төлеушiнің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.
Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмiн банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сөзсiз орындауға тиiс.
Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
Салық төлеушiнiң банк шоты жабылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк тиiстi салық органына салық төлеушiнiң банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бiрге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкiмдi қайтарады.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың салық тексеруi нәтижесi бойынша есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргiзiлмейдi.
Салық төлеушiнiң салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етуiн шектеу туралы шешiм шығару
Салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген жағдайда, салық берешегi есебiне мүлiкке билiк етудi шектеу жүргiзiледi.
Мүлiкке иелiктi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың ауыртпалығын тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етуiн шектеу туралы шешiм меншiк құқығындағы немесе шаруашылық жүргiзу құқығындағы (мүлiктi шаруашылық жүргiзуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салу көзделген жағдайлардан басқа реттерде) мүлiкке қатысты шығарылады.
Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi салық органы салық төлеушiнiң жеке шотында бар салық берешегi сомасы туралы деректердiң негiзiнде қабылдайды.
Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету шарттарын бұзғаны үшiн жауаптылық туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiк тiзiмдемесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi.
Билiк ету шектелген мүлiк тiзiмдемесi салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебi деректерiнiң негiзiнде айқындалатын оның бағасы көрсетiле отырып немесе Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiлетiн тәуелсiз бағалау негізiнде жүргiзiледi және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда және тәртiппен екi дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi.
Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және мүлiк тiзiмдемесi актiсiнiң бiр данасын тапсыруға мiндеттi.
Салық төлеушi салық берешегi сомаларын өтегеннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешімнің күшін жояды.
Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге Кодекске сәйкес хабарлама жiберiледi. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
1) банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
2) қолма-қол ақшасының есебінен;
3) дебиторларының шоттарынан;
4) билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;
5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.
Салық төлеушi декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексерулерi нәтижелерi бойынша есептеген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің және (немесе) дербес салық төлеушi болып табылмайтын оның құрылымдық бөлiмшелерінің банк шоттарынан олардың келiсiмiнсiз мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банк шоттарына қолданылмайды.
Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi сомасын қоспағанда, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
Салық төлеушiнiң теңгемен жүргiзiлетiн банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.
Клиентке қойылған талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банктегi ақшасы жеткiлiктi болған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алуға инкассалық өкiмдi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым бiрiншi кезекте және аталған өкiмдi алған күннен кейiнгi бiр операциялық күннен кешiктiрмей, банк шотында бар сомалар шегiнде орындайды.
Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiкпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.
Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шоты болмаған немесе банк шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке алу құжаттарында көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады. Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi. Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс.
Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқылы. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi. Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi. Дебитор хабарлама алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етуге мiндеттi. Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.
Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендiру нөмiрлерi;
2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;
5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Ережелерге сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.
Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алу:
1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы.
2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салық төлеушінің-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші-жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.
Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) қайтыс болғанда;
2) қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.
Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) толық таратылғаннан кейiн;
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу және бөлiну жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.