САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Рефераттар
825

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 
1 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы
1.2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі салық комитетінің қызметі
1.3 Жергілікті салық органдарының қызметі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында экономикалық реформалаудың негізгі міндеттерінің бірі тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Салық механизмі әр деңгейдегі бюджеттің кірісін толтыру мәселелерін шешіп қана қоймай, сонымен бірге әрбір шаруашылық субъектілерінің не болмаса барлық экономиканың бүтіндей дамуына ықпал етеді.
Салық органдарының қызметінің маңызды элементі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің ел қазынасына уақтылы және толық түсуіне бақылау жасау. Сондықтан да салық органдарының бақылау қызметін жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып табылады.
Бюджет толықтырудың басты көзі салықтан түсетін түсім екені белгілі. Сол себептен республикалық салық қызметінің мемлекет бюджетін толықтыру бағытындағы жүмыстарының тимділігін арттыру қажет.
Қазіргі уақытта елімізде салықтық реформа жүргізілуде. Ал салық реформасын табысты түрде жүзеге асыру барысында, салық органдарының бақылау - экономикалық қызметінің мәнісі күшеюде.
Салықтық бақылауды тек қана салықтардың толық және уақытылы түсуіне бақылауға әкеліп тіреуге болмайды. Өзінің кең мағыналығында салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуына бақылау болып табылады. Салықтың уақытылы жиналып, салық заңдарының орындалуы, салықтық бақылауды өз деңгейінде болу үшін салық төлеушілер мен салық жинаушылар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру керек.
Егемен Қазақстанның даму жағдайында жаңа принциптерді қүру және енгізу кезінде, оның ішінде салық салуды қоса алғанда, үкімет алдында шешілетін сүрақтар түрды. Соның ішінде экономикалық, әлеуметтік және басқа да мөселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келеді. Бүгінгі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салықтық бақылау жүргізу ісін жетілдіру арқылы шешуге болады. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискалдық органдар бірлесіп қызмет етпей, мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.

Жүктеп алу
619 рет жүктелген
158.50 кб файл салмағы