Салыстырмалы-тарихи тіл білімі

Рефераттар
155

XIX ҒАСЫР ЛИНГВИСТИКАСЫ
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет б9рыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Жана әдістің қалыптасуы — ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. XVIII ғасырлық соңғы жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында лингвистиканың даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.
1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, греман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімеи салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ол бұл тілдерден жинаған материалдарын, иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1883—1849 жылдар арасында «Үнді-европа тілдерінің салыстырма грамматикасын» жазды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыкқан «Исланд тілінің шығу тарихы жайлы» еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол— тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстастығының белгісі — олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуы, грамматикалық формалар бір тілден екінші тілге ауыспайды,— деп дұрыс қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі — дыбыстар алмасуындағы заңдылықтармен негізгі сөздік қордың ұқсастығы — дегенді Раск бірінші болып көрсетті. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген европалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттеді, бірақ Раск Бопп сияқты салыстырып отырған тілдердің түпкі төркінін, бастапқы күйін ашуды көздеген жоқ. Ол, негізінде, скандинавия халықтары тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын айқындауды мақсат етті. Скандинавия филологиясының негізін салды. Ф.Бопп еңбегінде жете ескерілмеген фонетика мәселелері, дыбыс құбылыстарының заңдылықтары Раск еңбегңнде едәуір кең көлемде қойылды. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнек-ті өкілі -неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Тіл тарихын зерттеуге талпыну XVII—XVIII ғасырларда да болған, бірақ ол кезде тіл фактілері хронологиялық жолмен салыстырылмай, бір-бірінен мейлінше алшақ жатқан дәуірлерге тән фактілер қалай болса солай салыстырылса, тілдік құбылыстарды түсіндіруде, көбінесе, ойдан шығарылған жорамалдарға сүйенсе, Гримм оның орнына тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп, қалыптастырды. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін — тіл тарихы ғылымының лингвистика құрамында болуы қажеттілігіне көз жеткізді. 
Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу әдісіне аиналдыруда славян тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар. Ол 1820 жылы жарияланған «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» дейтін кітабында славян тілі фактілерін, әсіресе олардың дыбыстық жақтарын бір-біріне салыстыра зерттеу арқылы олардың арасындағы үксастық, өзгешеліктерді көрсетти
Александр Христофорович Востоков (1781—1864) Петербург көркемөнер академиясын бітірген. Жас кезінен фольклорлық шығармалар жинап бастырумен шұғылданған. Лингвистикалық еңбектері ішіндегі ең көрнектілері: «Славян тілдері жөніндегі пікірлер» (1820 ж), «Орыс тілі грамматикасы» (1831 ж); «ІІІіркеулік славян тілі сөздігі» (1843 ж) дейтін еңбектері. Айтылғандардың біріншісінде Востоков славян тілдерінің өзара жақындық дәрежесін ашуға тырысады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-европа семьясына жататын тілдерді жекелеп, топтап зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерді, бір-біріне жақындық дәрежелерін айқындады. 1836—1845 жылдар ішінде Ф. Дицтың «Роман тілдері грамматикасы», 1852 жылы Ф. Миклошичаның «Славян тілдерінің салыстырма грамматикасы», 1853 жылы И. Цейстің «Қельт грамматикасы», 1858 жылы Ф. И. Буслаевтің «Литва тілін зерттеуге жетекші» атты еңбектері жарияланды. Бұл еңбектер салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өрісін кеңейте түсті. Осылардың нәтижесінде «Үнді-европалық тіл білімі» немесе «Үндіевропейстика» деп аталатын ғылым қалыптасты.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері марксизм классиктерінің назарына ілікті. Олар тілдің әлеуметтік, философиялық жақтарымен қатар, тіл зерттеу ғылымында салыстыру әдісінің өте тиімді екенін жақсы білді.
Тіл мәселелерімен, солардың ішінде салыстырмалы-тарихи әдіспен де Ф. Энгельс көбірек айналысқан. К.Маркс Энгельсті салыстырмалы тіл білімінің маманы деп санап, бұл салада одан консультация алып отырған Ф. Энгельс салыстырмалы-тарихи әдістің тіл туралы ғылымның күшті қарқынмен дамуына қолайлы болғандығын айта отырып, бұл саладағы Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц еңбектеріне жақсы баға берген. Ол Я. Гриммді герман тілдері салыстырма грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалайды.
Сонымен, айтылғандарды жинақтай, нақтылай, толықтыра түссек салыстырмалы-тарихи әдіс бойынша туыстас тілдер фактілері бір-біріне салыстырыла зерттеледі. Мұндай салыстыруда екі түрлі мақсат көзделеді. Олар: салыстырылып отырған тілдер фактілері дамуының жалпы заңдылығын, олардың арасындағы туыстастықты ашу, тіл я тілдер тарихын айқындауға қажетті мәліметтер табу. Зерттеу тәсілі — фактілерді салыстыру, көздейтін мақсаты — олардың тарихын ашу болғандықтан әдіс — «Салыстырмалы-тарихи тіл білімі» немесе латын тілінен алынған термин бойынша кампаративистика (салыстыру) делінеді.
Дыбыс тілі жалпы адамдық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктерімен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз— осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне де орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар — қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған, тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының төркіндестігінің негізгі кепілі — сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын айқындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқсастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ, туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда, олардың бір-бірімен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшыраған, дифференциацияланған болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің ойрот тілінде: таш, тұс, баа, болот, малта, мұұс, таман, дъат болып айтылуын, немесе қазақ тілінде қосымша д, т. дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде: бізлер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады.
Натуралистік немесе биологиялық көзқарас.  Натурализм латынның натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде,  ғылымда XIX ғасырдың екінші жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар — қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.
Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы, Россия Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Август Шлейхер (1821—1869) есімімен байланысты. А. Шлейхер - Салыстырмалы тіл білімінде тіл философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің, үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы мен генологиялық ұқсастықтарын жан-жақты талдаушылардың көрнектілерінің бірі. Оның славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын жазу жолындағы зерттеулері тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре, оның объектісін айқындай түсумен бірге А. Шлейхер XIX ғасырда туған тіл философиясының да көрнекті өкілі болды. Қөптеген пайдалы істерімен қатар ол тіл біліміне бірсыпыра қате концепциялар да енгізді. Оның сондай теріс көзқарастарының бірі - тіл біліміне натуралистік көзқарас.
Оның натуралистік көзқарасы «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі», «Дарвин теориясы және тіл білімі» дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Бұл еңбектерінде А. Шлейхер тілді табиғи организм, тіл де табиғи организмдер сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір сүреді, туады, өседі, қартаяды, жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тілді зерттегенде, жа-ратылыс заңдарын басшылыққа алу керек, тіл білімі жаратылыс тану ғылымдары тобына жатады, соның бір саласы,— дейді. Тіл табиғаты жөніндегі бұл тұжырым - әрине, қате. Өйткені тіл қоғамдық құбылыстар қатарына жатады да, оны зерттейтін тіл білімі қоғамдық ғылымдар тобына қосылады.
Философиялық екінші тұжырымы — тілдің мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі функциясы — ойды қалыптастырып, жарыққа шығару. Тіл дегеніміз — дыбысты ойлау дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол тілдің негізгі және бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі — коммуникативтік функция. Бұл жөнінде ол ештеме айтпайды.
А. Шлейхер көтерген тағы бір мәселе — тілдегі бо-латын өзгеріс-құбылыстарға, тіл тарихына байланысты. Тілдің сипаты, оның өзгеріс-құбылыстары сол тілде сөйлеушілердің еркіне тәуелсіз болады дейді. Бірақ осы біршама дұрыс тұжырымнан теріс қорытынды жасайды: тілдегі өзгеріс адам еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша болатындықтан, ол биологиялық организмдер тобына жатуы керек, өйткені биологиялық организмдер де басқаларға тәуелсіз өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп екеуі де өзгерудің бір ғана заңына бағынғандықтан, екеуіндегі өзгерістің сипаты да бірдей, яғни тілдегі өзгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқты, тілдің дамуын, тарихын көрсетпейді, биологиялық организмдегі сияқты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Сонымен А. Шлейхер салыстырмалы-тарихи тіл білімінің көрнекті бір өкілі бола тұра, өз теорияларын соның принциптеріне негіздей тұра тіл тарихы дегенді жоққа шығарып, тілдік өзгерістерді теріс түсіндіреді. Тілдік өзгерістерді А. Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі. Тілдің тарихқа дейінгі өзгеріс оның дамуы, тарихы болады да, тарих басталғаннан кейінгі өзгеріс оның дамуы емес, тек өсуі ғана дейді.
А. Шлейхер тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысады. Ол тілдерде сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы, синтаксистік қатынасы қалай жүзеге асуына қарай дүние жүзіндегі тілдерді түбір тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл деп үш түрге бөледі де, тілдерді мұндай типтерін зерттейтін ілімді морфология деп атайды. Ол бұл  терминді жаратылыстану ғылымынан алған.   Онда   морфология өсімдіктердің құрылысын, өзгерісін тексеретін ілім деген мәнде қолданылады. Ал Шлейхер оны тілдердің морфологиялық типін, олардың шығу төркінін, бір-бірімен қарымқатынастарын зерттейтін ілім мәнінде қолданады. Сөйтіп, жіктеудің    бұл түрі тілдердің    морфологиялық белгілеріне негізделетін болғандықтан оны морфологиялық жіктеу деп атайды. Шлейхердің   пікірінше,   тілдер типінің бұл үш түрі дамудың үш түрлі басқышы: ең жоғары сатыда қопармалы тіл, ең төменгі сатыда түбір тіл тұр, бұл үш түрлі сатының үшеуі де тіл дамуының тарихқа дейінгі дәуірінің жемісі дейді. Бұл пікірлер, әрине, қате.
А. Шлейхер үнді-европа тілдері тараған ата тілді мүсіндеу мәселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық тұжырымы ғылым тарихында «Тілдің тегі» (родословное древо) деп аталады. Бұл теория бойынша баста бір тіл болған да содан келе-келе әр түрлі тілдер бөлінген. Лингвистер арасында бұл теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.
А. Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым-қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, лингвистика жаратылыстану ғылымдары құрамына енетіндіктен, ол тарихи ғылым емес, ал филология тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз — тарих, онда халықтың рухани өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес, халықтың рухани өмірінің тарихын зерттейді. Ал лингвистика тек тілді ғана зерттейді және зерттегенде оны халықтың рухани өміріне байланыстыра қарамайды, тар шеңберде, тек тілдің өз мүддесі, өз қамы шеңберінде ғана қарайды дейді.
А. Шлейхердің тіл табиғатына, мәніне, тарихына байланысты айтқан пікірлерінің қате, біраз мәселеде идеалистік бағытта болғанына қарамастан, оның концепцияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті көпшілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да тапты. Шлейхердің талантты жазылған фонетикалық, грамматикалық еңбектері де мол.
Тіл біліміндегі натуралистік бағыттың тағы бір көрнекті өкілі — ағылшын тілінің маманы (ұлты неміс), профессор Макс Мюллер (1823—1900). Бұл да тіл білімін жаратылыстану ғылымының бір саласы, тілде болатын өзгеріс-құбылыстар тілдің дамуы, тарихы емес, табиғаттағы организмдер сияқты өсуі ғана деп қарайды. Бірақ Мюллер А. Шлейхердің тілді биологиялық организм дегеніне қосылмайды. Ол — тіл биологиялық организм емес, ойлау құралы. Тіл адам баласы тарихының жанды, дыбыстық куәсы, адамды хайуанаттар дүниесінен бөлетін негізгі белгілердің бірі. Тілдің биологиялық организм болмайтын себебі — онда табиғи организмде бо-латындай өзгеге тәуелсіз, өзіндік өмір болмайды. Оның өмірі адамда. Адам оны күнделікті тұрмыста қолданса, - өмір сүргені, ал адам оны қолданудан қалдырса, өлгені. Сондықтан тілді биологиялық организм деу қате,— дейді. Бірақ Мюллер тілді биологиялық организм емес деп дұрыс айта тұра, сол тілді зерттейтін ғылым — лингвистиканы жаратылыс тану ғылымдары тобына қосады. Өйткені Мюллер тілдегі болатын әр түрлі  құбылыстарды тілдің даму тарихы деп санамайды, биологиялық организмдердегі сияқты жай өсу ғана дейді. Сөйтіп лингвистиканы биологиялық ғылымдар тобына қосады. Шлейхер сияқты Мюллер де «тарих», «өсу» дегендер арасына шек қояды. Бірақ осы дұрыс тұжырымнан теріс қорытынды жасайды. Мұндағы айырмашылық объектідегі езгеріске рух әсерінің болуы я болмауынан деп есептейді. Егер онда рух әсері болса, ол даму болады да, ол болмаса, даму емес, тілдің , бүлінуі, кері кетуі дейді. Бұл — идеалистік, теріс тұжырым.

Жүктеп алу
60 рет жүктелген
65.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті