Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
1228
М а з м ұ н ы
І. Кіріспе
Сөз таптарына жалпы шолу
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
2.2 Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
2.3 Сан есімнің жеке топтары
2.4 М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Сан есімнің жасалуы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебибеттер
К і р і с п е
Тіліміздегі барлық сөз өзіне тән грамматикалық белгілеріне қарай топтарға бөлінеді. Ол топтар сөз таптары деп аталады. Сөз таптарына тіліміздегі сөздер категориялық мағыналарына, морфологиялық белгілеріне синтаксистік қызметіне қарай бөлінеді.
Категориялық мағына деп әр сөз табына қатысты сөздердің жалпы ортақ мағынасын айтады. Мысалы: зат есімнің категориялық мағынасы зат; сын есімдікі - сын, сапа, белгі; етістіктің мағынасы қим ыл – қозғалыс мағыналары.
Категориялық мағыналар дың жалпы ортақ болып келетіні лексикалық мағынамен салыбстырғанда анық байқалады. Мыс алы: жақсы, жаман, үлкен, ұзын, қысқа сөздері лексикалық мағыналарына қарағанда 5 түрлі сөз болып келеді. Ал осы сөздердің жылпы мағынасы – белгіні білдіру. Сондықтан бұл сөздер категориялық мағынамен с ын есімге жатады. Морфологиялық белгіге қаратй сөз таптарына бөлгенде түрлену не түрленбеуіне және грамматик алық категорияларына қарайды.
Түрленетін сөздерге зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістіктер жатады.
Түренбебйтін сөздерге шылау, еліктеуіш, үстеу, одағайлар жатады.
Түрленетін сөздер өздеріне тән жүйелермен ерекшеленеді. Мысалы: зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Ал сын есім, сан есім де сырттай қарағанда көптелетін, септелетін, тәуелденетін сияқты көрінгеннен, олар субстантивтеніп кетеді.
Әр сөз табының өзіне тән грамматикалық категориясы болады. Мысалы: зат е сімге көптік, септік категориясы етістікке жақ, шақ, рай категориялары тән.
2.1 Сан есімнің лексика – семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, негізінде, белгілі ұғымдар мен құбылыстардың санын, ретін, мөлшер-шамасын білдіру үшін, соларды айқындау үшін қолданылады. Осы себептен олар мағына жағынан сын есімдерге біршама ұқсас та болып келеді, бірақ сын есімдер заттың сын сипаты мен сапасын айқындайтын болса, сан есімдер заттың сандық белгісі мен мөлшерін анықтайды.
Сан есімдер, жалпы алғанда, сандық ұғымды білдіретін сөздер болғанмен, олар іштей бір жағынан белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдірсе, екінші жағынан санның абстракты атауы болып қызмет етеді. Сан есімдердің мағыналың жағынан бұлайша жіктелуі олардың тілімізде белгілі бір сөздердің сандық мөлшерді, шаманы білдіру үшін қолданылу қажеттігінен туса, екіншіден, тек сандардың өз атаулары ретінде қолданылуынан пайда болған. Сол себептен белгілі бір сан есім бірде заттың сандық мөлшері түрінде айтылса, бірде санның абстракты атауы ретінде жұмсала береді. Мысалы: Домбырамды қағайын, Он бір перне, екі шек Әшекейлеп тағайын (Әзірбаев) дегендегі ок бір сөзі перненің санын анықтап тұрса, екі созі шектің қанша екенін (санын) білдіру үшін айтылып тұр. Демек, мұндағы он бір, екі сан есімдері заттардың белгілі бір сандық мөлшерін, санын білдіру үшін қолданылып тұр. Ал, егер он бірге екіні қосса, — он ү ш болады десек, алдағыдай емес, мұндағы он бір мен екі сөздері тек сандардың өз атауы ретінде ғана, де-мек, абстракты сан атаулары ретінде қолданылып тұр.
Қазіргі қазақ тілінде наңыз сандық ұғымды білдірмесе де, кейбір сандармен мағыналас болып келетін біраз сөздер бар. Мысалы, ширек сөзі төрттен бір; жарты, жарым сөздері екіден бір сияқты бөлшектік сандардың; жеке, дара, жалғыз сөздері бір деген есептік санның; қос, пар, егіз сияқты сөздердің екі деген есептік сан есімнің мағынасын бере алатыны күмәнсіз. Бірақ мұндай оөздер, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарасақ, сан есімдер емес, басқа грамматикалық сөз топтарына жататын сөздер. Қадақ, килограмм, центнер, тонна және қарыс, кез, метр, шақырым, адым т. б. сияқты сөздер де солай.
Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркестірілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен (зат есімдермен) қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Мысалы: Төрт аяғым тең жорғамын (Қазақ эпосы); Өтегелді сегіз қанат үйдің кермесінің тұсында тұр екен (М. Әуезов); Екі айдың алпыс күнде жүзі болар (Айман-Шолпан) деген сөйлемдерден төрт, сегіз, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, қанат, ай, күн сияқты зат есімдермен қарым-қатынаста түсіп, соларды сап жағынан анықтау үшін қолданылған. Осындағы сан есімдердің нақтылы мағыналары да белгілі-белгілі ұғымдарға тіркесу арқасында ғана айқындалып, соның арқасында ғана аяқтың төртеу екендігі, қанаттың сегіз екендігі, күннің алпыс екендігі нақтыланын тұр. Ал егер осы төрт,сегіз, екі, алпыс сөздерін өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсірмей контеькстпен тыс, жеке-дара айтатын болсақ олар ондай нақтылықтан айрылып, тек жалпылама түрде ғана берілстіп абстракт мағына ауысып кетер еді де, төрт дегенге әйтеуір бір төрт жайындағы ұғым, ғана аңғарылады.
Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз тіркестері түрінде де бола береді. Мысалы: жирым, жарты сөздері бөлшектік ұғымдардың жалқы, жалғыз, сыңар, Олар сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, бқадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдерінің, гектар, километр сөздері көлемдік өлшемдердің, адын, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш (жер) сөздері аралық өлшемдерінің және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында әу дегенше сияқты уақыт мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мұндай сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер қатарына жатпайды.
2.2 САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы алғанда сан есімдердің қызметтері заттың ұзын-ұрға сан мөлшерін немесе аботракты сандық ұғымды білдіру болғанымен, құрамындағы сөздердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай кейде заттың орын тәртібін я ретін білдірсе, кейде олардың не теңбе-теңдік мөлшерін, не бөлшектік үлесін, не сан мөлшерін тұспалдап я шамалап көрсететін ерекшеліктері бар. Осымен байланысты сан есімдердің морфологиялық жағынан түрлену жүйесі де біркелкі емес, әркелкі болып келеді. Мысалы, сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдау жүйесі жөнінен есептік, жинақтық сан есімдер абстракты сан атаулары дәрежесінде қолданатын сөздер болғандықтан септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алса, өзге сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана өзгеріске түседі.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдердің өзіне тән, өзге сөз тапарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданыла береді.
Сан есімдердің тек өздеріне ғана тән кейбір формалары да бар. Мысалы, ондай формаға -ыншы (-інші), -ау (-еу) және -ер аффикстері жатады. Бұл аффикстер өзге сөз таптарынап жаца, туынды сан есімдер жасай алмайды, тек негізгі сан есімдерге жалғанып, олардан туынды формалар ғана жасай алады. Бірақ сан есімдердің басқа да сөз таптарына ауысып отыру қабілеті күшті.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер катарына тек қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір - бірінші, он-оныншы; екі-ексу, алты-алтау; бір-бірер, қырық-қырықтай, елу-елудей т.б
Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді. Дара сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, слу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі сан есімдер осы аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрделі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі сан атауларының (он сегіз, мық тоғыз, жүз алпыс үш т. б.), екіншідегі, сан атауларының қосарланып айтылуы арқылы жасалғап күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.
Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тіркесулері арқылы жасалатын жүйесінде негізгі тәсіл ретінде қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар:
Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі бір қажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен, жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша құрастырылған жай (дара) қосылғыш сандардың қосындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тақсан тоғыз (999) деген күрделі сан есімдердің құрамындағы жеке сан есімдер белгілі бір санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сандарды — бір, сегіз, тоқсан тоғыз сандарын — қосып (үстемелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолып қосылмалы жол деп атауға болады.
Екіншіден, дара сандардап жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды (көбейгішті) басқа бір санға (көбейткініне) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды (көбейткішті) келесі бір қажетті санға (көбейткішке) көбейту, еселсу жолымен жасалады. Ондай күрделі сандар белгілі бір көбейгіш сан мен көбейткіш сандардың көбейтіндісі есебінде қабылданады және солай танылуға да тиіс. Мысалы: екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл күрделі сан есімдердің құрамындағы жеке сандар біріне-бірін қосу емес, көбейту жолымен, яғии жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолымен жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екі жуз (200), тоғыз мың (9000) деген ұғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолын көбейтілмелі' жол деп атауға болады.
Бірақ қосылмалы және көбейтілмелі күрделі сан есімдердіц жасалу амалдарының да өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, күрделі қосылмалы сандар тек он бірден басталады да, тоқсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталады да, тоғыз жүз тоқсан тоғызға дейін қамтып, одан мың санын атап өтеді де, ары қарай созыла береді, екіншіден, күрделі қосылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардап басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: он бір, отыз алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш деген күрделі сан есімдердің құрамындағы жеке сандар ең соңында бірлік сандар (бір, алты, тоғыз, бес, үш), одан бұрын ондық сандар (он, отыз, елу, қырық, жиырма), одан бұрын жүздік сандар (жүз, тоғыз, жүз), одан бұрын мыңдық сандар (мың) болып, үнемі жоғары дәрежелі сандардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырған.
Күрделі көбейтілмелі сан есімдер, керісінше, үнемі төмен дәрежелі сандармен басталып, жоғары дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: алты жүз, сегіз жүз, үш мың, төрт мың деген күрделі сан есімдердің құрамындағы сандар ылғи төмен дәрежелі сандардан (алты, сегіз, үиі, төрт) басталып, жоғары дәрежелі сандармен (жүз, мың) аяқталып отырған.
Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып, екі мыңнан қайта басталып тоғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейіңгі бірлік сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған сәйкес, кебейтілмелі күрделі сан есімдерді іштсй жүздік көбейтілмелілер (200—900) және мыңдық көбейтілмелілер (2000—9000) деп екіге бөліп қарауға болады.
Бұлардың да тіркесінде әуелі көбейтілмелілік ұғымы болған. Ол ұғым бұл сандардың қазіргі кірісіп қалыптасқан формаларында да өз бойында сақталып қалғаны байқалады. Былайша айтқанда, бұл күрделі формалар ондық көбейтілмелі сандар ретінде қабылданады.
Күрделі сан есімдердің құрамында көбейтілмелі сандар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кездері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915) деген күрделі санның құрамындағы үш мың (3X1000) — мыңдық көбейтілмелі сан да, тоғыз жүз (9X100)—жүздік көбейтілмелі сан, ал он бес (10 + 5)— қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің құрамында әрі көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қолданыла береді. Күрделі санның мұндай түрі, әрине, бірыңғай көбейтілмелі не косылмалы күрделі сандардан өзгеше. Ал, ол ерекшелік құрамдарынын аралас болуымен байланысты. Күрделі сан есімдердің мұндай түрін аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп атайды. Сонымен, жаратылысы мен жасалу жүйесі жағынан сан есімдер дара және күрделі болып бөлінеді: дара сан есімдер қатарына бір, екі, үш, он, жүз, мың сияқты сан есімнің бастапқы шыға бастаған кезінен, жаратылысынан табиғи сан атаулары мен кейінгі замандарда кірігіп қалыптасқан алпыс, жетпіс, сексен сияқты сан есімдер (бұлар, бір жағынан, ондық көбейтілмелі сандар) жатады: күрделі сан есімдер тобына төрт-бес, он-он бес сияқты қосарлы сандар, әр алуан қосылмалы сандар, жүздік, мыңдық көбейтілмелі сандар және көбейтілмелі — қосылмалы аралас сандар жатады.)
2.3 САН ЕСІМНІҢ ЖЕКЕ ТОПТАРЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, жалпы алғанда, әйтеуір бір сандық ұғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе, біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөл-шерін, ал, тағы бір топтары заттың жинаңтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т. б. білдіру үшін қолданылады. Осыған орай ондай сөздердің жасалу амалдары мен түрлену жүйелері де бірден емес. Сол себепті сан есімдер іштей мағыналың және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес: есептік, реттік, жинақтық, топтың, болжалдық, бөлшектік сан есімдер болып алты топқа бөлінеді.
Есептік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі есептік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандың мөлшерін немесе абстракты сандық ұғымды білдіру үшін қолданылады. Сол себепті еселтік сан есімдер тілімізде бірде заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін білдіру үшін жұмсалса, бірде санның өзінің ғана абстракты атауы есебінде ңолданылады. Мысалы:
Бұл кезде ұлы аңын жиырм а тоғыз жаста еді. (Қаратаев) Кеше мен жалғыз өзім елу жеті машина астық түсірдім. (Нұржанов) Үш айдың ішінде б і р мал шығын болған жоц (Майлин) дегендегі жиырлып тоғыз, елу жеті, үш сөздері адаының жасы, машина және айдың сан есімдерін білдіріп тұрра, Тілмаш 6ір, екі, бес, тоғыз деп барды да, құдай ұрғандай тоқтапқцалды (Әуезов); екіні үшке қосса — бес болады дегендегі сан есімдер ешқандай сөздің сандық мөлшерін көрсетіп тұрған жоң, санның өзіндік абстракт ұғымының атаулары ретінде айтылып тұр.
Ееептік сан есімдер құрылысы жағынан дара және күрделі сандар болып екі жікке бөлінеді.
Дара есептік сандар қатарына сандардың ішінде бірлік, ондық сан атаулары мен жүз, мың сөздері жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алп.ыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі есептік сан есімдер қатарына осы дара есептік сандардың өз ара алуан түрлі комбинацияланып тіркесе қолданылуы негізінде жасалған шексіз сандар ұғымы жатады. Ондай сандар он бірден бастап дара есептік сандардан басңа барлык есептік сан ұғымдарын түгел қамтиды.
Есептік сан есімдер дербес абстракт сан мағынасында қолданыл-ғанда, септік жалғауларын қабылдай алғанымен, заттардың сандық мөлшерін білдіргенде ешбір өзгеріске енбейді. Ондай есептік сандар әр түрлі грамматикалық сөз түрлендіруші тұлғаларды тек субстантивті түрде қолданылу кезінде ғана қабылдайды. Демек, субстантивтенген есептік сандар көптік те, сентік те, тәуелдік, жіктік те жалғауларын қабылдай береді. Мыс.:
Тоқтар доллар айғайы, өшер залым, Орнар өмір тербеткен мыңдар жанын. (Саин) Жасы сол кездің озінде қырықтан асқан болар. (Майлин) В естің басы болғанша, алтыныц аяғы бол. (Мақал) Жол жүріп таңғы алтыдан, Арқаның тұрмыз жолында. (Сәрсенбаев) Ол жыл бұрын дейтұғын ол бестемін. (Кргалиев) Тоңсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз. (Мақал)
Есептік сан есімдер езге сөз таптарынан жасалмайды. Бірақ оның есесіне есептік сандардан лексика-семантикалық және морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптеген жаңа сөздер жасалған.
Лексика -семантикалың тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер қатарына тілдің даму, жетілу процесінде әуелгі сандық мағынасынан алшақтай келе басқа бір сөз таптарына тан мағыналарға ие болу, сөйтіп өзалды жеке бір дербес лексикалық тұлға (единица) түрінде танылу дәрежесіне жеткен сөздер жатады. Айталық, жеті ~ деген сандық ұғым өмірде қажеттілігіне қарай өзінің сандың мағынасынан ауып, Қаракөздің ауырып жатқанына екі жетіг е тақап қалды. (Қаратаев) Оқу жылы басталғалы бір жетідей уақыт өтті. (Сайрақбаев) дегендегі сияқты жеті күннен тұратын «апта» сөзімен мағыналас, сол ұғымда қолданылу дағдысына ауысқан. Сол сияқты, Мына баланың жетісін беріп, алғашқы бата оқушыларды атқарып алсын (Әуезов) дегендегідей өлген адамға жеті күннен соң (бір жетіден кейін) берілетін ас мағынасына да ауысып кеткен. Бұл сөз алғашқы апта мағынасындағы жетідей емес, әрқашан тәуелдік жалғаулы формада қолданылады.
Міне, осы сияқты жеке есептік сандардың марыналық толқу, сөйтіп басқа сөз топтарына тән мағыналар қатарына ауытқуы негізінде тоқсан, қырқы торізді жаңа сөздер жасалған. Мыс.:
Марфологиялық тәсіл арқылы есептік сандардан жасалған жаңа сөздердің саны мол. Ондай сөздер қатарына, негізінде, сан есімдердің есептік саннан басқа топтарына тән әр түрлі формадағы туынды сөздер жатады. Бұлардан езге есептік сан есімдерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған тағы да көптеген сөздер бар.
1) Есептік сандарға -дық,-дік, -тық-тік, -лық-лік қосымшасын қосу арқылы заттық және сындық ұғымдар пайда болған. Мыс.: Төрттік пен бестік жай ғана сан емес. (Сейітов) Алдында алтылық пен тұз жатыр. (Мұстафин) Екілікпен үйге келсең жүгіріп, Еркелігің жүрмейді енді шеіиеңе. (Мәуленов)
2) Бес сөзіне -ті қосымшасын, төрт сөзіне -пақ қосымшасын үстеу арқылы бесті, төртпақ сын есім сөздері жасалған. Мыс:
Қаңтарулы ақ бест і ат үй артында белдеуде, (Сейфуллин) Қарт төртпақ денелі, молқара бурыл сақалды еді. (Иманбаев)
3) Үш, төрт есептік сандарга -кіл қосымшасын қосу арқылы үшкіл, төрткіл сын есім сөздер жасалған. Мыс.:
Дәптер бетіндегі үшкіл, төрт кі л белгілер ирек-ирек сызықтармен жалғаныпты. (Сланов) Ең үлкен болмесі т ө рт к і л болса, түкпір үй кең, ұзын. (Әуезов).
4) -лап\\-леп, -дап\\-деп қосымшасы арқылы көптеген үстеулер жасалған. Мыс.:
Мыңдап кітап шығарады Жыл ішінде қалың журнал. (Жамбыл) Құлақтанған төңіректегі ел адамдары екілеп, үштеп жасаққа қосыла бастады. (Тайшықов)
Синтаксистік тәсіл арқылы есептік сан есімдерден жаңа сөздер негізінде есептік сандар мен кейбір жеке сөздердің өз ара бірігіп қолданылуы арқылы пайда болған. Мыс.:
Есептік сандардан синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер ішінде тіркестегі сөздердің лексикализациялануы нәтижесінде белгілі бір атаулық ұғымдарға ауысып кеткен түрлері де кездеседі.
Жинақтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жинақтық абстракты сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Мыс.: Борлық Совет халқының барар жолы, кояр мақсаты біреу. (Саин) дегенде алғашқы біреу сөзі совет халқының барар жолы мен мақсатық түрде көрсетіп тұрса, соңғы сөйлемдегі біреу, екеу, үшеу, іөртеу, бесеу сөздері абстракты сан ұғымдарын жинақты түрде көрсетіп тұр.
Жинақтық сан есімдер, негізінде, жаңа сөз тудырушы бір ғана -ау\\-еу қоымшасы арқылы бірден жетіге дейінгі есептік сан есім түбірлерден жасалады. Мыс:
Алысыға алтау аз, Бересіге бесеу көп. (Мақал) Жинакгық сан есімдер мағына жағынан субстантивтік қасиетті болып келетін сөздер болғандықтан сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың, яғни септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін де қабылдап береді. Мыс.:
Екеуінің үйі қалаға көшкен, Үшеуінікі далаға көшкен, Екеуінің жасы жетпеген, Біреуінің жасы өтіп кеткен, Үш қыз жұмысқа шыққан, Енді біреуін қайттім. (Смаханов) Колхозшылар жиналып, бүл екеуін қоршап алған. (Майлин) Жинактық сан есімдерден лексика-семантикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдер аркылы біраз жаңа сөздер жасалған. Ол сөздер лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай ар түрлі сөз таптарына тән болып келе береді.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудыру негізінде біреу сөзімен байланысты. Біреу жинақтық саны контексте қолданылу, қарым-қатыстың қажетте көбіне кісі, адам сияқты маңыздарды өзіне тәндеу бағытында жинақтық сан ұғымынан алшақтай сарып белгісіз бір субъектіні білдіру дәрежесіне, яғни белгісіз есімдіктер қатарына ауысқан. Сөздің бұлайша есімдіктер қатарына ауысу процесі сөздердің есімдіктенуі не прономияализациялануы деп те аталады. Мыс.:
Әкелген біреу бидай, біреу малын, Біреу ішек, қарын, қаймақ. біреу балын. Біреулер аңын, терісін біреу әкеп, Күзеген байталының біреу жалын. (Сейфуллин) Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, мал сүрап біреуді алдап, біреуді арбап. (Абай)
Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімдер негізінде, -ла \-ле қосымшасы арқылы етістік сөздер жасалады. Ондай сөздердің, көбіне, -п көсемше формалы (~лап, -леп) болып келетін дағдысы бар. Мыс.:
Ініңіз бен екеуіңіз екеулеңіз («Қозы-Көрпеш») Екеулеп жүріп тауықтарды қорасына әрең қамады. (Иманжанов) Біз үшеулеп жазғанбыз. (Шаймерденов)
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалатын жаңа сөздердің екі түрлі жолы бар, яғни ондай сөздер жинақтық сан есімдердін өз ара қосарланып немесе ара сөзімен бірігіп айтылуы арқылы жасалады да, негізінде, үстеу сөздер болып келеді. Мыс.:
Екеу-екеу әне кетіп барады. (Саин) Екеуден-екеу түнгі пароходтың тұмсығында ішіндегі сирларын ақтарысты. (Жансүгіров)
Реттік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі реттілк с ан есі мдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі ретттін, жүйес ін белгілеу үшін қолданылады: Реттік сан есьімдер есептік сандарғьа - ыншы (-інші) аффисті к қосу арқылы жасалады да белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мы с алы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұханов) Екінші, үшінші этаждарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған тесіктер бар (М. Әуезов)
Реттік сан е с імдер де морфологиялық құрама жағынан дара және күрделі болып келеді де, күр делі сан есімдерге - ыншы
(-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: бірінші декабрь күні шыққан мың тоғыз жүзінші жыл деп белгі қойған (М.Әуезов)
Мағынасында қолданылғанда ешқандай өзгеріске кенбейді, субстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылады. Мысалы: Біреулері қара қоңыр бешпенттерін екіншілері жамаулы сұр шекпендерін киген (С Сейфулин)
Реттік сан есіңмдер негізін де , заттар мен құбылыстардың орын тәртібін анықтау үшін қолданылатын сөздер болғанымен сөйлемде қолдану реттеріне қарай субстантивтік мәнге ие болуына байланысты әр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайтын яғни көптік, септік, тәуелдік, жіюктіьк жалғауларын да қабылдайтын реттірі бар . Мысалы: Бір оқу мазмұны біткен соң екіншісіне көшу қолайлы (С. Мұқанов) екінші бәйге оп - оңай онан соң үшіншісі – күш сынау. Сол сияқты М. Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясындағы кездеседі. Мысалы: Төртінші күн осы көп өлкеден жиылған барлық бай бағланның арасында Оразбай найзабасы болып көрінді.
Топтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі топтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың өз ара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қол-данылады.
Ноғай байлары бестен, оннан солдат жатқызамыз деп жазылыпты. (Тайшықов) Курортшылар екі-екіден, үш-үштен қолтықтасып, өзен жағалап серуендейді («Соц. Қаз.») дегендегі бестен, оннан байлар үйіне жатқызылатын солдаттардың сандарын өз ара теңбе-тең түрде топтап көрсетіп тұрса, екі-екіден, үш-үштен сөздері қолтықтасқан курортшылардың ез ара тең сан мөлшерімен екеу, үшеуден топталып жүргенін көрсетіп тұр.
Топтық сан есімдер дара не күрделі есептік сан есімдер мен болжалдың сандарға -дан\\-ден, -тан\\-тен, -нан-нен қосымшасын қосып айту арқылы жасалады. Бұл қосымша грамматикалық сөз түрлендіруші форма ретінде шығыс септігінің жалғауы болып танылғанымен, қазіргі қазақ тілінің нормасында ондай негізгі септік жалғау мағынасынан алшақтап, топтық мәнді сан есімдер қатарына, яғни морфология-синтаксистік тәсіл арқылы сез жасаушы қосымшалар қатарына ауысқан.
Топтық сан есімдердің -дан\\-ден қосымшасы арқылы жасалуының екі түрлі жолы бар.
1) -дан, -ден қосымшасы дара және күрделі есептік сан есімдерге жалғанады. Мыс.:
0ннан, жүзден қосақтап, Аямай-ақ қырады. (Байғанин) Елдің бәрі бестен, оннан тастап жатқанда сен бірден артыққа жарамай жаудырап отырсың. (Әбішев)
2) -дан\\-ден қосымшасы қосарлана қолданылған сан есім сөздердің соңғы компоненттеріне жалғанады. Ондай қосарлы сөздер қайталама не қосарлама түрінде де кездесе береді. Мыс.:
Күміс жапқан екі адалбацан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын орнапты. (Мүсірепов) Сүйісіп орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр, Топтанып екі-үшеуден, төрт-бесеуден. («Қаз.әдеб.») Оқ-дәрі болса, жоқтың қасы. Әр партизанда жиырма-отыздан оқ қалыпты. (Шәріпов) Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қырықц-қырықтан үшке бөлдім. (Момышұлы)
Кейде -дан\\-ден қосымшасы топтық сан есімдердің анықтайтын сөздеріне қосылып айтылатын реттері де кездеседі. Ондайда топтық сандар ешбір қосымшасыз жалаң түрде қолданылады. Мыс.:
Астына бір-бір бедеуден таңдап мінді. (Ізтілеуов) Екі-екі әйелден, екі-екі еркектен қосылып өлең айтыса бастайды. (Ерубаев) Роталар төрт-төрт қатардан сап түзеп, бірінің соңынан бірі тізіліп қатарларын бұзбапты. (Момышұлы)
Болжалдық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі болжалды сан есімдер заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл, нақтылы түрде білдірмей, тұспалдап шамамен ғана көрсетеді. Мыс.:
Бұлттың бірер күннен бері аспанда торлай бастауына қарағанда, бүгін-ертең қар жауып кетуі мүмкін. (Мұқанов) Біз алты жүздей адамбыз. (Момышұлы) Сайдың әр жырасында он ағаш жер үй бар. (Әбішев) Бір-екі жігіт барып шалды ұстап алды (Бегалин) десек, осындағы бірер, алты жүздей, ондаган, бір-екі сөздерінен ешбір тұрақты сандың ұғым сезілмейді. Олар өздері көрсетіп тұрған сан мөлшерлерін тек шамалап, тұспалдап қана айтып тұр.
Болжалдық сан есімдер, негізінде, есептік және қос сөзді болжалдық сан есімдерден сөз жасаудың морфологиялық және синтаксистік жолдары арқылы жасалады.
Морфологиялың тәсіл арқылы жасалған бөлшектік сан есімдердің негізгі үш грамматикалың көрсеткіші бар.
1) -е р жұрнағы арқылы болжалдың сандар тек бір есептік сан есімінен ғана жасалады. Мыс.:
Жаңбыр толастай ма деп бірер күн жолға шыцпай аялдап қарады. (Шашкин) Таяу оныншы Октябръ, Қалды оған бірер күн, Ал сіз болсаңыз ұстапсыз бұрымынан біреудің. (Әлімбаев)
2) -д а й\\-д е й, -т а й\\-т е й жұрнағы, негізінде, сын есімнің -д а й, -д е й қосымшасымен тектес. Бірақ соған қарамай сан есім сөлдерге қосылып айту дағдысында оның негізгі лексика-грамматикалық мағынасынан алшақтап, тұспалдың мәндерге ие болып, оандық ұғымдарды болжалды түрде көрсету дәрежесіне ауысқаны байқалады. -д а й, -д е й қосымшасы аркылы пайда болган болжалды сан есімдер, негізінде, дара және күрделі есеггтік сан есімдер мен қосарлы болжалдық сандардан жасалады.
-даи\\ -дей қосымшасы кейде сан есімдерге тікелей жалғанбай Е кі-үш күндей күткізіп, Бір күні соқты іңірде (Мұқанов) деген сияңты тіркесе қолданылатын сөздерге де жалғануы мүмкін. Мұндай жағдайда да -д а й\\-д е й қосымшасы боллсалдық мән тудырады.
3) -даған\\-деген, - таған\\-теген жұрнағы, негізінде -да және -ған сияқты етістіктің бұйрық рай, есімше түрлеріне тән қосымшалардан тұрады. Біраң қазіргі ңазақ тіліндегі сан есімдерге қосылып қолданылуы оның ежелгі функцияларынан мүлде алшақтап кеткен, яғни қазір олар туынды етістіктер мен есімше сөздер жасаушы қосымшалар емес, сан есімдерге болжалдың ыән беретін үстеу дәрежесіне көшкен. -д а ғ а н\\-деген қосымшасы арқылы жасалған болжалдық сандар негізінде есептік сан есім түбірлі сөздер болып келеді. Оның өзінде ондай сандар көбіне ондың, жүздіқ, мыңдың сандар болып келеді. Мыс.:
Он мыңдаған жапонның Қолдарын қойдай қуғанды. (Жамбыл) Тас көмір — бұдан екі жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің денелері. («Соц. Қаз».)
Күрделі сандарда -даған, -деген қосымшасы ондаған мың қазақтар ата-мекендерін тастауға мәжбүр болды деген сияқты алғы компоненттеріне де қосылып айтыла береді.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер, негізінде, есептік сандардың өз ара қосарланып қолданылуы жолымен пайда болган. Есептік сандардың бұлайша қосарлана қолданылуында көңіл аударарлық бір заңдылың байқалады. Мысалы, бір сөзі тек екі сөзімен гана қосарланып қолданылады да, өзге сандармен олай айтуға келмейді. Сол сияқты екі сөзі тек үш санымен ғана, төрт сөзі беспен, бес сөзі алты және он сездерімен ғана қосарланып қолданыла алады. Өзге сандар да солай. Мыс.:
Оқудың біткеніне екі-үш күн болған еді. (Хангельдин) Екі-үш келіншек қыр басына өрмелеп келеді. (Сланов) Ауылдан он-он бес шақырым шықтың. (Майлин) Аурухана бүл арадан қырын елу километр. (Мұқанов)
Болжалдық сан есімдердің бұл түрінің бір тобы топтық сандардың өз ара не есептік сандармен қосарланып айтылуы арңылы жасалған. Мыс.: Басқа кісі кіргізбей, үшеу-төртеуін барып келе ғой. {Торайғыров) Есектен түскен алтын шашылмасын деп, бір-екеуі қап төсеп жатыр. (Ертегілер) Тіпті екі-үшеуі орнынан да тұра алмай, өлім халіне жеткен. (Әбішев)
Болжалдық мағына тілімізде сан есім сөздер мен астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты сөздерінің тіркесе қолданылуы арқылы да беріледі, Ондай тіркестегі сан есімдер соңғы сөздердің мағыналық сипаттарына қарай әр түрлі септік жалғау формаларын да қабылдайды. Мыс.:
Сол кезде оның үйінде жүз елудей қой, жиырмадан астам жылқы бар. (Мұқанов) Ол жиырмаға жуық жаңа әндер, отызға жық жаңа өлеңдер шығарып, оның көпшілігін газеттерде жариялап та үлгірді. (Әзірбаев) Батырдың қырықа таяу келген жасы, Денесі биік жота, таудай басы. (Сейфуллин)
Болжалдың сан есімдер таза сандың мөлшер мағынасында қолданылғанда ешбір грамматикалық сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдамайды. Субстантивтенген жағдайдың өзінде тек қосарлы түрлері ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдай алады.
Болжалдың сан есімдердің қосарлы түріне -лы\\-лі, -ды\\-ді, -ты\\-ті қосымшаларын қосып айту арқылы бірді-екілі, бесті-онды сияқты мөлшер үстеулері жасалған.
Бөлшектік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі бөлшектік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіреді. Мыс.:
Қарынға Балуан-ІПолақтың сыбағасынан басқа байтал етінің үштен бірі сиып кетті. (Мұқанов) Шекарадан тек төрттің бірі ғана өтті (Шашкин) дегенде үштен бірі сөзі байтал етін үш бөлгендегі бір бөлігін көрсетіл тұрса, төрттің бірі сөзімең адамдарды төрт бөлгендегі бір бөлігі ұғынылады. Бұл аурудан халықты ң үштер бірі аман қалып жатқан кезі (М. Әуезов)
Бөлшектік сан есімдер, негізінде, таза математикалың ұғымдарға байланысты пайда болған да, тіркестегі сан есімдердің алғы компоненттеріне шығыс септік жалғаулары мен ілік септік жалғауларының үстемеленуі және соңғы компоненттеріне үшінші жақ тәуелдік жалғауларының қосылып айтылуы арқылы жасалған. Мыс.:
Мәліметке қарағанда барлық шиқанның үштен бірі асқынатын көрінеді. (Оразақов) Еділ өзенініц бойында Совет Одағы халықтарының төрттен бірі тұрады. (Кәкімжанов)
Бөлшектік сандардың пайда болу жүйесінде мынадай бір заңды-лыңтың ізі аңғарылады, ягни бөлшектік сандар алғашқы кезде таза сандық мағынада қолданылатын сөздердің субстантивтік ұғымға ие болу жолымен пайда болған, сол себептен де шығыс, ілік септік жалғаулары мен тәуелдік жалғауын қабылдайды. Мыс.:
Тұрқы кейде бес, кейде алты мың километр саналатын ұлы қамалдың төрттен үші осындай тастан қаланған. (Мұқанов) Атанып үштің бірі шұнақ тоқал (Омаров) дегендегі— төрттен үші тіркесі басында төрттен үш бөлігі сияқты үш сөзінің таза сандық ұғымға айтылуы дабғдас ының қолданылып, кейіннен бөлік сөзінің функциясы мен заттық мәнінің бір сөзіне тәуелдік жалғауының қабылдау жүйесінен жасалған.
Бөлшектік сан есімдерден төрттен біріндей, үшті ң екісіндей сияқты болжамдық сандар болмаса, өзге жаңа сөздер жасалмайды және бөлшектік сандар қатарына өзге сөз тарапынан тән сөздердің да ауысу дағдысы жоқ.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, сан есімдер тобына жататын сөз табының бірі. Сан есім сын есімдерге біршама жақын. Сын есім -заттың түрін, түсін, сипатын білдірсе, сан есім заттардың реттін, мөлшерін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Мысалы: екі студент мың теңге т.б. осы мысалдарды сан жағынан қанша екенін анықтайды. Сан атаулары өте ертеден бері қолданылады. Олар сонау көне жазба ескерткіштердің бәрінде к ездеседі. Оның себебі дүниеде заттар пайда болғаннан бастап оның саны мен мөлшері туралы ұғымдар да қалыптасқан. Түрлі тілдердегі негізгі сан атаулары бар болғаны жиырма сөз. Бұл түркі тілдерінің тыныстығын айқын танытады. Бұл түркі тілдерінің көне жазба ескерткеіштерінде қолданылған. Сандық ұғымдардың атауы ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынас күйінде айқындалатын сан есімдердің сөйлем ішінде негізгі қызметінің бірі. Сан есімдердің негізгі қызметі анықтауыш болу. Өйткені, сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанды үнемі анықтауыш болады. Сан есімдер тек зат есімдерді ғана анықтайтын не заттық қана сан мөлшерін білідіретін сөздер есебінде қаралады.
Шынында да, сан есімдер тек зат есімді емес сонымен қатар, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де, етістік сөздердің де сан мөлшерін білдіре алады. Сан есімдердің осылайша зат есімдерден, өзге сөз таптарынан, демек туынды сын есімнен, еістіктен бұрын тұрып олар арқылы аталатын ұғымдардың сан мөлшерін білдіре қолданылуы, олардың пысықтау функциясында да жұмсала алатывндығын аңғартады. Сан есімдер туынды сын есімдердің сан мөлшерін білдіре қолданылғанда сөйлемдегі белгілі бір анықтайтын атрибутитік сөздің аықтаушысы яғни аықтауышының анықтаушысы ретінде қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақ тілінің грамматикасы» Алматы, 1967 ж.
2. С.М. Исаев «Қазақ тілі» Алматы, 1993 ж.
3. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 ж.
4. Ш.Бектуров, М.Серғалиев «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.
5. К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» Алматы, 1972 ж.
6. М.Серғалиев, А. Айғабылов, О.Күлкенова «Қазіргі қазақ әдебиеті» Алматы, 1991 ж.
7. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А.Әбілқаев «Қазақ тілі»
Алматы, 1993 ж.
8. Ш. К. Бектуров «Қазақ тілі лексика – фонетика, морфология-синтаксис» Алматы, 2006 ж.
9. М. Әуезовтың «Абай жолы» романы эпопеясы.