Шаруашылық құқықты ұйымдастырып жүргізудің тәртібі
241
1. Заңды тұлғаның жалпы түсінігі
2. Заңды тұлғаның жауапкершілігі.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
4. Акционерлік қоғам.
5. Шаруашылық серіктестің жалпы түсінігі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Өз қызметін негізінде табыс келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (комерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қажет. Заңды тұлғалар 2-ге бөлінеді: 1) комерциялық ұйым 2) коммерциялық емес ұйым. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және зор құжаттарындакөзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мекеме міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшылары жауапты болады. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеме ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде туындайды. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз белгілерінде ақшамен жауап береді. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңдарға сәйкес мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерде белгіленген тәртіппен туындайды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметтерді біріңғай Мемлекеттік тіркелімге еңгізуді қамтиды. Филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып есептік тіркеу туралы куәлік берілуін, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді филиалдар мен өкілдіктер тізіміне енгізуді қамтидыы. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді әділет органдары (тіркеуші органдар), заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілеттік мемлекеттік орган жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгіленген нысан бойынша арыз беріледі және оған осы Заңның 7-бабында яғни, (Кәсіпкерлік туралы» Заңында көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылып, үш дана етіп берілетін құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциалар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап береді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамының акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасы заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Қоғам облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық қоғам заңда көзделген тәртіппен баспасөз басылымында кірістер мен шығындар туралы жылдық және тоқсандық баланстар мен есептерді жариялауға міндетті. Акцяларды оның құрылтайшылары және алдын ала белгіленген адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғам өздеріне шығарған акцияларды тек жабық әдіспен орналастыруға құқылы.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі ақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық серіктестігі болып танылады. Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын натариат куәләндіруға тиіс. Шаруашылық серіктестік, заң құжаттарында көзделген реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығаруға құқығы жоқ. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады. Шаруашылық серіктестігінің мүлкін негізгі қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серіктестіктің дербес балансында құны көрсетілген басқа да мүлік құрайды. Серіктестік мүлкін құрайтын көздер.
1) Қатысушылардың жарлық капиталға салымдары
2) Оның қызметінен алынған табыс.
3) Заң актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.
ІІ тақырып.
Кәсіпкерлік құқықтағы кәсіпоырндар мен бірлестіктердің
құқықтық жағдайы.
1. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің түсінігі және олардың кәсіпкерлік қызметтері.
2. Шаруа қожалығының құқықтық жағдайы.
3. Қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайы.
Кәсіпкерлік қызметті оның субъектілерінің шеңбері бойынша 2 топқа бөлуге болады:
1) Азаматтардың жеке және ұжымдық кәсіпкерлік.
2) Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
Жеке кәсіпкерлік дегеніміз – азаматтың тәуекеліне және мүліктік жауапкершілігіне атқарылатын азаматтың атынан оның меншігіне негізделе отырып табыс табуға бағытталған азаматтық ниетті қызметі. Жеке кәсіпкерліктің түрлері.
1) Жеке өзіндік кәсіпкерлік – азаматтың меншігіндегі мүлікке негізделген жеке өзі іске асыратын қызметі.
2) Бірлескен кәсіпкерлік – бірнеше азаматтардың өздеріне тиесілі ортақ меншігіндегі мүлікке негізделген кәсіпкерлік қызмет.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
а) Жұбайылардың артық бірлескен меншігіне негізделген жұбайлардың кәсіпкерлігі.
б) Жекешелендірілген тұрғын жайға ортақ бірлескен меншігі негізінде іске асырылатын жанұялық кәсіпкерлік.
в) Ортақ үлестік меншік негізінде іске асырылатын кәсіпкерлік қызмет жай серіктестік.
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіне немесе пайдаланудағы мүлкіне негізделген азаматтың немесе заңды тұлғаның атына олардың тәуекелдігіне, және мүліктік жауапкершілігіне қарай іске асырылатын, тауар сатуды, қызмет көрсетуді, жұмыс орындауды атқару арқылы табыс табуға бағытталған ниеттік қызмет.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызмет көбіне шаруа қожалықтарымен іске асырылады. Заңмен жеке кәсіпкерлік түрінде кәсіпкерлік жүзеге асыруда көзделген. Ауыл шаруашылығында қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілер қатарына жеке кәсіпкерліктен басқа, әртүрлі шаруашылық серіктестіктері және өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар нысандағы шаруашылық жүргізілетін субъектілер кең таралған. Шаруа қожалығы заңды тұлғалардың құқықтарын иеленетін ерікті түрде шаруашылықжүргізілетін субъкт. Шаруа қожалығы бір азамат немесе бір отбасы немесе бір азаматтар ұйымдастыра алады. Шаруа қожалығы пайдалануға жалға алған немесе меншігіндегі және учаскелерін және мүліктерін пайдалануға негізінде ауыл шыраушылық өнімдерін өндіруді, өңдеуді, өткізуді іске асыратын шаруашылық серіктестік.
Шаруа қожалығы дегеніміз - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, сондай-ақ сол өнімді жеке өткізу үшін ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланумен байланысты жеке кәсіпкерліктің іске асырылатын отбасылық – еңбек бірлестігі. Шаруа қожалығына шаруашылықты бірлесіп жүргізілетін ерлі – зайыптылары, балалары, ата-аналары, туысқандары мүше бола алады.
Жедел басқару құқығымен мемлекет ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп танылады. Қазыналық кәсіпорын Қазақстан республикасы немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Құрылтайшы бекіткен қазыналық кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады. Жедел басқару құқығына негіздеген кәсіпоырнның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуге тиіс. Қазыналық кәсіпоырнның шаруашылық қызметі жарғыда көрсетілген оның мақмскаттарымен және міндеттермен белгіленеді. Қазақсатн Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шаруашылық міндеттемелер, бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды.
Азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтар айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты бар. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылар берген мүлік қордың меншігі болып табылады. Қор өз мүлкінің пайдалануы туралы есептерін ресми баспасөз басылымдарын жыл сайын жариялап отыруға міндетті.
ІІІ тақырып.
Шаруашылық шарттар және оның түрлері.
1. Тауарларды шарт бойынша өткізу.
2. Сатып алу-сату шарты.
3. Жолдау шарты
4. Тауар жеткізілімі шарты
5. Айырбас шарты.
Екі немес одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім шарт деп танылады. Шарттардан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасауға ерікті. Заң құжаттарында немесе еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жауас міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасауға мәжбүр етуге жол берілмейді. Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар өздері жасасқан шарттық ережелері олардың шарты жасауға дейін пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгілеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартта шарттық қолданылу мерзімі көзделсе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады. Қолдану мерзімі көрсетілген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады деп танылады. Шарттық қолданылу мерзімінің аяқталуы тараптарыды осы мерзім біткенге дейін орын алып келген шартты бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Сатып алу – сату шарты бойынша бір тарап сатушы мүлікті, тауарды екінші тараптың меншігінде шаруашылық жүргізу құқығына немесе жедел басқаруына беруіне міндеттенеді, ал салып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша соммасын бағасын төлеуге міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының пәні болып сатушының меншік құқығындағы кез-келген азаматтық айналымнан алынбаған мүліктер болады немесе енді жасалайын деп жатқан заттар (тауарлар( болуы мүмкін. Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға егерде өзгеше көзделмесе сатып алу-сату туралы жалпы ереже қолданылады. Сатып алу-сату шарты конценсуалды, екі жоқты, ақылы шарт бола алады. Сонымен қатар сатып алу сату шартында азаматтық ерекше бөлімінің ережелерімен қатар тұтынушылардың қорғау туралы 1991 ж маусымда шыққан заң және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, қаулылар, іскерлік әдет және Қазақстан Республикасының азаматтық кодекстің жалпы бөлімінің ережелері қолданылады. Шарттың мәнді талаптары: 1) тауардың мөлшері. 2) тауардың бағасы. 3) тауардың сапасы. 4) ассортимент.
Тауардың мөлшерін – тараптар нақты анықтайды. Оған атап айтқанда: мерт, дана, тонна басқа өлшем бірліктері арқылы анықталуы болмаса ақшалай көрініс табуы мүмкін.
Тауардың сапасы – шарт арқылы анықталады кейбір тауарларға байланысты мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптар орындалады.
Ассортимент – сатушы алушыға тауарды түр-түріне сәйкес беруге міндетті. Тауардың асортименті деп түрлеріне, мөлшеріне, үлгілеріне, түстеріне немесе өзгеде белгілеріне қарай бөлінген тауарлар.
Сатып алушыға берілген тиісті саны тиісті өлшем бірліктерге сәйкес немесе ақшалай түрде көзделуі тиіс.
Тауардың бағасы – сатып алушы тауарға шартта көзделген баға бойынша не шартта көзделмесе және оның шарт талаптарын негізге ала отырып белгілеу мүмкін болмаса шартқа немесе әдетке қойылатын төлемді жүзеге асыру үшін қажетті іс құрылымдар жасауға міндетті.
Мүлікті жалдау шарты бойынша мүлікті жалға берілу жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді – Шарт консенсуалды, ақылы, екі жақты шарт болып табылады. Тараптарын жалға алушы және жалға беруші. Жалға беруші ол меншік иесі немесе заң бойынша өкілетті тұлға. Шарт жазбаша нысанда жасалады, жылжымайтын мүліктерге байланысты шарт мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мерзімі шартпен анықталады, егер шартта көзделмеген болса анықталған мерзімде жасалған деп есептеледі, егер анықталмаған мерзімде жасалған шарт бойынша тараптар бас тартатын болса бір-бірін 1ай бұрын ескертуге тиіс, жылжымайтын мүлікті 3ай бұрын ескертілуі тиіс. Объектілеріне: кәсіпорындар, мүліктік кешендер, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және пайдалану кезінде өздерінің табиғ қасиеттерін жоймайтын басқада заттар.
Кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе статып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. Тауар жеткізілімі шарты бір жылға, бір жылдан астам уақытқа немесе тараптардың келісімде көзделген өзге де мерзімге жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнімен туындалмаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Тауар беруші сатып алушыға немесе шарта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту жолымен тауарлар жеткізілімін жүзеге асырылады. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушіге жіберу мерзімі шартта белгіленеді. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жіберу терзімі көзделмесе, ол жеткізілім кезеңі басталғанға дейін 30 күннен кешіктірілмей тауар берушіге жіберуге тиіс.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді. Айырбас шартына тиесінше сатып алу сату шартының ережелері қолданылады, өйткені бұл осы тауардың ережелеріне және айырбас мәніне қайшы келмейді. Егер шартта өзгеше туындамаса, айырбастауға жататын тауарлар бір-біріне теу деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдау жөніндегі шығындарды әрбір жағдайда тиісті міндет жүктелетін тарап жүзеге асырылады. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарларды беру мерзімдері тұспа-тұс келмейтін жағдайларда тауар беруге тиісті тараптың тауарды беру міндеттемелерін басқа тарап тауар бергенсоң
орындауына өзара міндеттемелерді орындау туралы ережелер қоладанылады.
ІҮ тақырып
Меншік құқығы қорғау.
1) Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны.
2) Меншік иесі емес адамның заттық құқытарын қорғау.
3) Меншікті иелену мен меншік құқығын қорғау.
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады. Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағжайдағы меншік құқығы деп бөлінеді. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғлаатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленеді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамсыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік теу жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүлкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті. Меншік құқығының мерзімі шекіз. Мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа адамдардың шектеулі түрде пайдалануына жол беруге міндетті.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне, заң құжаттарына сәйкес тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік меншікте болуы мүмкін. Меншік иесі болып табылатын адамдардың заттық құқықтарына:
1) Жерді пайдалану құқығы.
2) Шаруашылық жүргізу құқығы.
3) Оралымды басқару құқығы.
4) Қазақстан Республиксының Азаматтық кодексінде немесе өзге заң актілерінде көзделген басқа да заттық құқықтар.
Жеке меншікте қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғатаумақтарының, орман және су қорларының жер учаскелері, елді мекендер жеріндегі жалпы пайдаланудағы, сондай-ақ заңда көрсетілген жағдайлардан басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікте бола алмайды. «Жер туралы» Заңның 33 бабына сәйкес мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй – жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады. Шаруашылық серіктестіктері негізгі мақсаты пайда түсіріп, оны қатысушалары арасында бөлуді алдына негізгі міндет етіп қойған коммерциялық ұйым болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер жекелеген қызмет түрлерімен тек арнайы рұқсат лицензия арқылы айналыса алады. Қатысушыларға шаруашылық серіктестіктерінің мүлкі емес, құқытарын жүзеге асру арқылы мүлкінің бір бөлігі ғана тиесілі. Шаруашылық серіктестігінің мүлкіндегі қатысушылардың үлесі пайыздық шамамен есептеледі. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүлікті мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайладану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады. Субъектісі –қазыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік түріндегі мекеме болып табылады. Объектісі қазыналық кәсіпорынның мүлкімен мекеменің мүлкі саналады.
Заттық құқыққа талдау жасағанда өз ерекшелігімен және сипатымен оқшауланатын иеленуді қорғау жөніндегі талап қою екендігі көрсетеді. Бұған теориялық дәлелдеме ретінде Римнің жеке құқығында: «... затқа меншік нақты иеленуден шыққан», - деген ұғым бар. Иелену мен иеленуді қорғау меншіктің заттық құқық қасиетін тудыруда айтарлықтай рөл атқарады. Меншік иесі болып табылатын иеленушінің құқығын қорғау иеленушінің мүддесі үшін ғана емес, ең алдымен меншік иесінің өзінің мүддесіне керек. Басқа біреуге өз затын сеніп тапсырған меншік иесі ондағы заттың заңмен берік қорғалатынына сенімді болатынына, сондай-ақ өзінің дербес иелігіндегі заттың да қорғалатынына күмән келтірмейді. Меншік иесімен жасалған шарт бойынша немесе заңмен алынған иеленуге иеленушінің титулдық құқығы меншік құқығынан туындайды. Бұл жағдай меншік құқығын қорғау үшін тағайындалған азаматтық құқықтың әдістерімен заң шығарушыға титулды иеленуші құқығын қорғау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы.
Ү тақырып.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен
несиелендіруді құқытық реттеу.
1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың түсінігі.
2. Мемлекеттік қаржыландырудың құқықтық негіздері.
3. Қаржыландыру көздері.
Кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету жағдайы одан да қатаң келеді. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінен түскен қаржыға алынған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетті органмен келісе отырып, бөтенге беруге немесе басқалай билік етуіне құқығы бар. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын өзінің жеке қызметінен түскен табыстар есебінен күн көреді, бұл орайда меншік иесіне пайдасының бір бөлігін аударады, ал орамды басқару құқығында кәсіпорын уәкілетті органы бекіткен смета бойынша өзінің жеке табысы есебінен қаржылан дырылады. Қазыналық кәсіпорындар шығынды жабуға өзінің меншікті қаржысы жетпеген жағдайда оған тиісті бюджеттен жетпеген қаржысы бөлінеді. Қоғамының қаржылық есептілігі қоғамның бухгалтерлік балансын, кірістер мен шығыстар туралы есебінен, ақша қозғалысы туралы есепті және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдарына сәйкес өзге де есептілік қамтиды. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдармен және бухгалтерлік есептің стандартымен белгіленеді. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысына талқылау және бекіту үшін аудиті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөніндегі өаңдармен сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді. Атқарушы орган қаржылық есептілікпен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті табыс етеді. Жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңдарына сәйкес жасалыд. Жылдық есептілік туралы заңдарына сәйкес жасалады. Жылдық қаржылық есептілік директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетін күнге дейін 30 күн кешіктірмей алдын ала бекітуге тиіс.
Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін түркілікті бекіту акционердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі. Қоғам жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгіленген мерзімде бухгалтерлік балансты, капиталдағы барлық өзгерістерді көрсететін есептік, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті және кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялап отыруға міндетті. Қоғам өзге қаржылық есептілік қосымша жариялауға құқылы. Қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті. Қоғамның аудитті дикторлар кеңесінің, атқарушы органның бастамасы бойынша қоғам есебінен не ірі акционердің талап етуі бойынша оның есебінен жүргізіледі, бұл ретте ірі акционер аудиторлық ұйымды дербес анықтауға құқылы. Ірі акционердің талап етуі бойынша аудит жүргізілген жағдайда, қоғам аудитторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті. Егер қоғамның атқарушы орган қоғам аудитін жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін.
Қазақстан Республиксында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жетілдірілген шаралар бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету көрсетілген мақсаттарға көзделіп жыл сайын бекітілетін республикалық бюджет қаражаты шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын көздер есебінен жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мөлшері белгіленген тәртіппен тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру және нақтылау кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.
ҮІІ тақырып
Кәсіпорынның жауапкершілігі
1. Кәсіпорынды құру барысында өз міндеттері. Бойынша жауапкершіліктері.
2. Кәсіпорынның несие берушілер алдындағы жауапкершілік
3. Мемлекеттік тіркеу және қайта (тіркеу) құру кезіндегі құқытық салдары.
Құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден мелекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпоырндардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мекеме міндеттемелер бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеме ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның мндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиесілі жергілікті атқарушы орган жауапты болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға арналып бекітілген сметаның шегінде туындайды. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік мемлекеттік кәсіпорын туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен туындайды. Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде қазыналық кәсіпоырндармен және мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық – құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикссының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге тиіс.
Кәсіпорынның мүлкін меншіктенуші немесе кәсіпорынды қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бөлінген немесе бөліп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлға лар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға, қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады. Несие берушілер талаптарын қоюға арналған мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы арқылы тарату балансын жасайды, онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, несие берушілер қойған талаптар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер болады. Несие берушілермен есеп айырысу біткеннен кейін тарату комиссиясы тарату балансы жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бекітеді. Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады. Несие берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие беруші заңды тұлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясында талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.
Барлық заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атаулы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқананы, сондай-ақ мұндай тіркеуден жалтарғаны үшін сотқа шағым берілуі мүмкін. Мынадай жағдайларда:
1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгерген
Осы негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістермен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды 1айлық мерзімде хабардар етеді. Қызметінің бірден-бір түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін әділет үшін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша талап етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін – қаржы рыногы мен қарыжылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі. Басқа құжаттармен бірге заңды тұлғада салық берушілерінің жоқ екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі. Шығын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғаларды филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
ІХ тақырып
Шаруашылық дауаларды шешу тәртібі.
1. Арбитраж сотымен кәсіпорынды тарату.
2. Жеке кәсіпкерлікке кедергі келтірілгені үшін жауаптылық.
3. Дауларды шешудің тәртібі.
Кәсіпорынды таратудың жеке жағдайы оны банкрот деп жариялау болып табылады. Банкрот ұғымы Азаматтық кодекстің 52-бабында келтірілген. Оған сәйкесбанкноттық – барышқордың соттық шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі Кәсіпоырнның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Кәсіпорынның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатын борышқордың мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатын борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді. Банкроттық жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады, ал қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге банкроттық 1997ж 21 қаңтар да қабылдаған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 2бабына сәйкес жүрмейді. Банкроттық ерікті және мәжбүр ету тәртібімен жүзеге асыруы мүмкін. Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз берілуі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауынша негізделген өтінішпен сотсыз-ақ жүзеге асырылады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзгеде адамдардың сотқа өтініш беруі немесе «Банкроттық туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады. Борышқор Азаматтық кодекске сүене отырып оның дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор өзін тарату жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабына қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс. Егер борышқор 3 ай ішінде өз міндеттемелерінің орындауын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды.
Несие берушілердің банкроттық деп тану кезінде мынандай құжаттарды көрсетуі тиіс.
1) Несие берушінің банкроттық деп тану туралы арызы.
2) Борышқорға жіберілген құжаттардың копиясы.
Борышқордың банкроттық деп тану кезіндегі көрсететін құжаттары.
1) Борышқордың банкроттық деп тану туралы арызы
2) Несие берушінің тізімі.
3) Дебитордың тізімі.
4) Бухгалтерлік баланс.
«Банкроттық туралы» заңының 35 бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады;
1) Борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім.
2) Борышқордың банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім.
3) Өтініш жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым.
4) Іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.
Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төмен қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Борышқорға төмен қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолдануы мүмкін. Оңалту рәсімі деп – дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатында борышқордың төмен қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез-келген қайта құрушылық ұйымдастыру – шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шаруаларды айтады. Оқыту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және 2 жылдан аспауы керек. Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге асырылады. Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол 6 айдан аспауы керек.
Меншіктік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс әрекеті (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Қызметті мәжбүрлеп тоқтата тұруды несие тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметін сот шешімінсіз 3 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетілген мерзімде талап – арызда сотқа табыс етуді міндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол беруледі. Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы актісі соттың шешімі шыққанға дейін қолданыста болады. Кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі келтіру салдарынан жеке кәсіпкерлік субъектісі көтерген барлық шығындар мен жеке кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген өзге де зиян өтелуге жатады.
Істі мәні бойынша шешетін бірінші сотындағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады. Сот шешімі заңды және негізді бағалау тиіс. Сот шешімді сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негіздейді. Сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу, (банкрот) нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік тараптарына сай келетін бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.