Сөйлеу семантикасы: атау, сөз, айтылу

Рефераттар
174

Психологияда сөйлеудің мағыналылығымен байланысты сәйкес келетін құбылыстар, әдетте сөйлеу семантикасы деп аталатын салаға байланысты.Бұл терминологияда қарастырылып отырған салада, жалпы ұғымда мағына өрісінен алынған синоним терминдері ретінде қалыптасқан сөздер кездесетіндіктен, түсініспеушіліктер ұшырасады:мағына, мән, ұғыну, сана, сөйлеудің психологиялық құрылымы.Алайда мысал келтірілген терминдердің ортақ салаға жататындығын интуитивті түрде сеземіз.Сонымен қатар, бұл терминдердің қолданысында әлі де толық анықтылық байқалмайды.Қосымша қиындық тудыратыны, ұғымдар қосымша  мән-мағынасымен бірігіп, тек психологияда ғана емес, басқа да ғылымдарда қолданылатындығы.Семантика, сана, мән, мағына терминдері философияда, әсіресе тіл философиясында, логикада кеңінен қолданылады. Сөйлеу мазмұны философия, тіл білімі сонымен қатар басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады.Сөйлеу мазмұны, соңғы термині – арнайы түсіндірмені қажет етеді.Негізінен, адам өмірінде осы ұғыммен байланысты, кез-келген шынайы құбылыс:тарихи оқиға, әдеби шығармашылық, экономика, физикалық және химиялық үрдістер, техникалық және тағы басқалар көрініс беруі мүмкін.Айналымдағы шындыққа қатысты сөйлеу мәтіні құбылысы ретінде сипатталып отырғандар, түрлі ғылымдар мен мәтіндердің нысанын құра отырып, мүлде психологияға қатысы болмауы мүмкін.
Сөйлеудің психологиялық мазмұны мен мағыналылығымен айналысқанда, сөйлеу құрылымының негізінде жатқан және сонымен байланысты сөйлеушінің психикасында көрініс беретін, үрдістер мен іс-әрекеттерді өзіміздің нысанымыз ретінде анықтауымыз керек. Сонда құбылыс айналымында, сөйлеудің психикалық мазмұнына қатысты сұрақтар енеді: адам психикасында қалайша атау, сөз мағынасы пайда болды; сөйлеушінің ойына сәйкес сөз өзінің қолданылуына байланысты қандай тәсілмен таңдалынады; сәби қалай мағыналы сөйлеуге үйренеді және оның мағыналылығы тағы басқа қандай жолмен дамиды.
Қарастырылып отырған тақырыбымыздың психологиялық (психолингвистикалық) жағына негіздемек, оның атауы үшін толығымен психологиялық терминге жатпайтын, психологияда ең алғаш жалпы ұғымда құрылымды-психологиялық құбылыстарды атауда және психосемантика тақырыбын зерттеуде психологтар қабылдаған сөйлеу сематикасы терминін қолданған ыңғайлы (Е.Ю.Артемьева,В.Ф.Гитренко және т.б.)
Енді семантика термині психологияда және тіл философиясында, логикада да бір мағынада қолданыла береді ме деген сұрақ туындайды.Ю.С.Степанов бойынша тіл философиясында семантика термині атау және оның әлемге қатынасы мәселесіне жақын мазмұнды қолданылады. (Степанов,1985-1998)
Атаудың ең дұрыс, минималды схематизациясы болып Готтлоб Фриге ұсынған семантикалық үшбұрыш табылады. (Степанов кітабы бойынша мысал келтірілген, 1998, 94 бет)
Келтіріліп отырған атаудың негізгі элементтері мен олардың арақатынасы психологияда маңызды болып табылады.Себебі сөздің кез-келген жағында болатын қатынастарын сипаттайды.Сонымен қатар, психологиялық жағынан  алып қарағанда жүйе көп сұрақтар тудыра отырып, атаудың психологиялық табиғатын түсінуге толығымен мүмкіндік бермейтіндігін де мойындау керек. Белгінің келтірілген жақтары адам психикасында қандай қалыпта өмір сүретіндігін, олардың арақантынасы неге негізделгендігі, ол қандай қалыпта жүзеге асатындығы белгісіз болып қала береді.
Қарастырылып отырған тақырыптағы психологтар мен басқа мамандар орындайтын міндеттері әрдайым жақын бола бермейтіндігі анықталады.Демек, психологқа кезіккен мәселені берілген психологиялық материал тұрғысынан қарастырған жөн. Алғашқы қадамда ерте сөйлеу онтогенезін зерттеуде алынған семантика аумағындағы үрдістер өзіндік қарапайым, әрі анық көрінісін табатын анықтамалар бар өнімді болуы мүмкін.

Семантикалық үрдістердің бастауы.
Жауап қайтаруды ұғынудың белгілері балада өте ерте жастан бастап байқалады.Үлкендер сәбилерінің оның қоршаған шынайы әлемге деген және адамдармен қарым-қатынастағы пайда болатын субьективті «өзіндік» саналылықты байқайды. Сәбилік жауап қайтарудың ерте саналылық формасы, тым ерте жастан (тіпті туғаннан бастап) байқалатындығы, қазіргі обьективті ұйымдастырылған және толығымен сенімді экспериментальді зерттеулер арқылы дәлелденген.
Кішкентай балалардағы ерте семантикалық іс-әрекеттерді түсіндіруде теоретикалық зерттеулер де бар.Пиаже балада сөздің пайда болуы негізінде жатқан бейнелеме, семиотикалық қызметті көрсетті. Ж.Пиаженің айтуы бойынша бейнелеме қызмет мәні мынада:бала өзіндік амал-тәсілмен қайталау арқылы қабылданып отырған обьектіге ерекше көңіл бөліп, іштей еліктейді.Еліктеудің бұл түрі автордың түсінігі бойынша дауыстық, қимыл-қозғалыстық, заттық болып бөлінетін бейнелік белгі арқылы түсіндіріледі. 
Ж.Пиаженің пікірін қазіргі заманғы зерттеуші Э.Бейте нақтылай түседі. Э.Бейтенің қарастыруы бойынша белгі нышан мен оның көмекшісінің байланысынан тұрады, мұнда нышан өзінің көмекшісіне қатысты және сонымен қатар кейбір жағдайларда одан бөлініп тұрады(Бейте,1984).Зерттеуші мұнда «репрезентация» және «таңбалылық» ұғымдары арасындағы ерекшелікті бөліп көрсетеді:репрезентация өзіндік біртұтастықты білдірсе, таңбалылық үшін бүтінді құрайтын бөлек элементтер қажет.
Біздің пікірімізше, семантикалық іс-әрекеттіліктерді сипаттағанда бейнеліліктің репрезентациясының алғашқы қызметтерін ғана емес, балалардың ішкі жан-дүниесін дауыс немесе нышан арқылы білдіруіндегі негізгі қызметті де назардан көрініс табатынын түсіндіріп – жеткізудің қызметінде есепке алуымыз керек.Түсіндіріп-жеткізу қызметін тек балалардың сөйлеу жүйесінің дамуындағы ғана емес, сонымен қатар ересек адамның сөйлеу қызметінің қарқынды бастауы ретінде қарастыруға болады. Субьективті жағынан алып қарағанда, санадағы психологиялық құрылымды жеткізуге негізделген белсенділік, сәбилерде байқалатын айтылуға бағытталған сөйлеу интенциясына байланысты(Ушаков, 2004).Енді қарастырып отырған, репрезентация, таңбалау, жеткізудің қызметі баланың формальді ақыл-ой іс-әрекетіне тән болып, семантикалық белсенділіктің жалпылама сипаттамасы болатындығына назар аудару керек.Бұл ұғымдар сәби психикасында қандай нақты психикалық құрылым кездесетіндігін, оның ерекшеліктері мен ересек адамдардың психологиялық құбылыстарынан қалай ерекшеленетіндігін әлі де толығымен айтып жеткізбейді.
Бұдан басқа сәбиде туғаннан бастап кездесетін құрылымды-психологиялық «семантика-алды» жағынан бөліп көрсетсе де болады.Сәбидің алғаш дыбыс шығаруы негізінде субьективті мазасыздану болатын – жылау, айқайлау арқылы жүзеге асырылады.Дәл осылар сәбилік ерте «сематика-алды» түр құрылымын құрайды.Сәбидің ерте дыбыстауының негізінен, қалыптасқан сөйлеуге ұқсастығының дәлелі ішкі психологиялық жағдайдың дауыс арқылы берілетіндігінде.
Жылау мен айқайдың субьективті құрылымы – негізінен қолайлы жағдайлардың бұзылуымен байланысты болып келетін жағымсыз мазасыздану.Бұларды сәбилік алғашқы дыбыстаудың семантемалары деп бөліп қарастыруға болады.Кейінірек пайда болатын гуілдеп, гукілдеп, былдырлау сәбидің қалыпты қанағаттанған күйінде іске асырылады.Бұлардың семантикалық құрылымы – жағымды субьективті мазасызданумен байланысты бірқалыпты интенсивтілік.Аталмыш субьективті көрініс берулер эндогенді немесе экзогенді қоздырғыштармен байланысты.Бұлардың дамуы – асқан қиыншылықпен дифференциалдықтың артуына негізделген, айналадағы шынайылыққа қарым-қатынасы.Сәбиде бұлар әлі де белгілі бір жағдайда қарапайым, алайда дәл осы белгілер арқылы ересектер сәбидің «саналы» мазасыздануын байқайды.
Сәбидің психикалық әлемі, оның сенсомоторлы интеллектісі өмірге келген алғашқы күннен бастап қарқынды дамиды.Бір-екі апталық сәбилер дүниенің физикалық заңдылықтарын тани бастайды (Байаржон,2000; Смит, 2000 және т.б.).Дүниеге келген күннен бастап, сәби айналадағы адамдардың байланысын, әсірісе анасын сезе бастайды.(Лисина,1975; Локсо, 1993).Жақындарымен қарым-қатынасы, оларды тану және жағымды әсер алғашқы күннен-ақ орныға бастайды.Мұның барлығы осы шақта жүретін баланың ақыл-ойының интенсивтілігі мен жеткілікті  жоғарғы дәрежедегі дамуымен түсіндіріледі.
Э.Бейте сәбиде 9-13 айлық жасында қарым-қатынас интенцияларын, конвенционалды белгілер мен нышандардың пайда болуын көрсетеді (Бейте,1984). 9 айлық баланың  қарапайым конвенционалды мінез-құлқын автор мынандай экспериментальді жағдай тудыра отырып зерттеді:сәбилер жете алмайтын затты алғысы келіп, үлкендердің көмегін сұрады.Баланың іс-әрекетін қорытындылау, оның мінез-құлқы қалыптасатын семантикалық бірліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.Олар: 
•    Ахуалға және көзделген нысанға байланысты жалпы бағдарлылық (қажетті затқа қол жеткізу)
•    Затқа қол жеткізудегі ынталылық (интенция)
•    Мүмкін емес нәрселерге өзі қол жеткізу
•    Үлкендердің мүмкіндіктерін түсіну
•    Қажетті іс-әрекетті жүзеге асыруда үлкендердің ынтасын ояту.
Э.Бейтенің ойынша бұл семантемалар, өзіндік жеңілдетілген қалыптарына қарамастан сөйлеу әрекетінің бастамасы болып табылатын семантикалық қарапайымдылық пен сәбидің мінез-құлқындағы сөйлеу дағдыларының үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
В.Д.Соловьев зерттеулерінде 7-16 айлық, енді сөйлей бастаған сәбидің семантикасы қарастырылады(Соловьев, 1988).Сәби ұғынатын семантикалық жағынан байланысты етістіктер зерттелінді:көрсет, ал, бер.Бұл сөздер олардың басқа сөздермен байланысты қолданылуын көрсетеді:нені көрсет? Нені бер? Кімге? т.б. онда сәби көрсет етістігі бір валентті екендігін көрсетеді (нені көрсет?), ал бер – екі валентті (нені бер? Кімге?).Автор  9 айлық сәбидің сөздік қорында тек жеке дара қолданылатын( болмайды, тұр) сөздер ғана болады, бұл жаста зат пен оның атқаратын қызметі немесе іс-әрекеті жайлы түсінік әлі қалыптаспаған.Сәбидің 9-12 айлық жас шамасында бейімділігі қарқынды 9 айлық жасында одан бір нәрсе бер деп сұрасаң, ол дәл сұраған затты емес, қолындағы ұстап тұрған затты береді.Бірте-бірте ол көз алдында тұрған, ал одан да кейінірек қажет затты да тауып, әкеліп бере алатын болады.Ересеке адамдардың сұраған затын дәл тауып әкеліп беру семантемасы тек 12 айлық жас шамасында жүзеге асады.
Осыған ұқсас 12 айдан бастап не, кімге, кімдікі; кейінірек кім, қайда, қайдан ұғымдарының байланысын түсіне бастайды.

Жүктеп алу
82 рет жүктелген
20.01 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті