Спирт өндірісінің микробиологиялық негіздері

Рефераттар
886
Мазмұны
Кіріспе                        
1  Аналитикалық шолу
1.1 Спирт ашудың биохимиясы
1.2 Спирт өндірісінің микробиологиялық негіздері
1.3  Шикізатқа, негізгі және көмекші материалдарға сипаттама
1.4 Дайын  өнімге  сипаттама
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Спирт алу технологиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
 
Кіріспе
Өндіріс масштабы бойынша халық шаруашылығы үшін этил спиртінің мағынасы зор. Этил спирті түссіз, оңай қозғалатын, жанғыш, 0 0С температурада тығыздығы 806 кг/м3 сұйықтық. Этил спирті 78,3 0С температурада қайнайды. Сумен барлық қатынастарда араласады, үлкен мөлшерлерде улы болады. Спирт химиялық және тамақ өнеркәсіптерінің көптеген салалары үшін шикізат болып табылады. 
Спиртті пайдаланатын 150 шақты өндіріс түрлері белгілі. Этил спиртінің көп мөлшері синтетикалық каучук өндірісінде жұмсалады. Оны отын, еріткіш, сонымен қатар парфюмерияда және фармацевтика өндірісінде пайланады. Ол диэтил эфирі, жеміс-жидек эссенциясы, синтетикалық сірке қышқылы, бояғыштар, бусыз күкірт және басқа да өндірістерде шикізат ретінде пайдаланады. Ботаникалық және биологиялық препараттарда консервирлеу үшін де пайдаланады. Спирт өндірісі өсімдік шикізаттарын және ферментативті реакцияларды және биохимиялық пен физико-химиялық процестердің біраздарынан құралады. Дайын өнім болып әртүрлі сапалы ректификациялық этил спирті түрінде спирт зауыттарымен шығарылатын этил спирті саналады. 
Этил спиртін өсімдік шикізаттарының көміртектерінен (бидай, картоп, қантты қызылша) және мелассадан (қант өндірісінің қалдығы), сонымен қатар ағаштың өңделген қалдықтарынан алады. Бұған қоса этил спиртін синтетикалық жолмен де алуға болады.
Этил спирті тамақ және химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Арақ-шарап  өндірісінде, тамақты араматауда  қоспа  ретінде тамақ  өнеркәсібінде қолданылады.Этил  спирті өндірісі өнімнің өсуі химия өнеркәсібінде кеңінен  қолдануына баиланыты.Этил спирті  өте жақсы ерітінді, антифрц, экстракпен, этанол көптеген материал клеи, кір, жуатын материалдар, болулар дәрілік преперат еріткіштердің синтезі үшін этанол субстрат қызыметін атқарады, синтетикалық талшықтарды алуда шикізат болып картоп, бидаи, қызылша, қантқызылшасы, сульфатті сілтілер, яғни көміртекке бай, өсімдіктер жатады.Мұндай бағасына байланысты жанармайдың системасына және  шаруашылықта энергия қолдану сектор құрылысына  сай келу керек. 
Спирт өндірісі  халықшаруашылық салаларымен тығыз байланысты , мұнда спиртнегізгі шикізат ретінде қолданылады және ауылшаруашылығында көмекті материал болып саналады Спирт өндірісінде азықтық ақуыз витаминдерін алу үшін , ауылшаруашылығында өсімді шикізатын алып , одан яғни одан көміртектердің негізгі көзін пайдаланады Бұл өндірістерде бұзылмаған бидайдан  және картоптан сапасы жоғары өнім алудың негізгі саласы болып табылады. Этилш спирті әлемде кең таралған өнім  Тамақ өнеркәсібінде –оның негізгі тұтынушысы спирт арақ –шарап өнімдері ,сірке қышқыл өндірісінде вино ,тамақты ароматтауда және парфюмерия косметика өндірісінде кеңінен қолданылады. 
Жүктеп алу
617 рет жүктелген
316.00 кб файл салмағы