Талдықорған мен Жаркент орналақан орны мен табиғаты
Жоспар:
Кіріспе: Талдықорған мен Жаркент орналақан орны мен табығаты
Негізгі бөлім: Бұл жердер туризмнің дамытуына қолайлы
Қорытынды: Туризмнің даму мүмкіншілігі
Кіріспе:
Талдықорған мен Жаркент, жер жанаты—Жетісу аумағында жатқан соң табиғаты сұлу, көрікті болып келеді. Бұл аумақ таулы-жоталы, өзенді-көлді, далалы болып келеді. Мысала келетін болсақ, Текелі жерінің табиғатын тамсанып айтуға болады. Сонымен қатар жануарлар мен құстар, өсімдіктер дүниесіне бай болып келеді. Ал «Жаркент-Арасан» санаторийінде адамдардың емделуіне өте қолайлы. Бұл жерде қан айналу, жүрек жүйкесі, аяқ-қол, буын, тері және гигеколдық ауруларды емдейді. Монымен бірге Алтынемел асуында өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен танысуға болады.
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное
3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт
өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527га, жайылымы 65429га, шабындығы 873га.Қаланың әлеуметтік инфроқұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы өлкетану музейі, І.Жансүгіровтың әдеби музейі, І.Жансүгіров атындағы мәдени сарай, 7 халықтың көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, медициналық колледж, К.Байсейітов атындағы музыкалық колледж, экономика-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді.
Қала аумағындағы республика және облыс деңгейінде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектуралық ескерткіштер санатында «Даңқ» ескерткіші(1950ж), Пионерлер үйі(көркем сурет галереясы, 1957ж3 кәсіптік-техникалық мектеп ғимараты (1959), қалалық әкімшіліктің ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындығы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындығы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Қалада М.Римова атындағы облыстық драма театры, «Алтын дән», «Туған ел», «Ачимноуль», «Контраст», Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, «Улыпка», «Солнышко», атты көркем өнерпаздар тобы жұмыс істейді.
Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96км тас жол.Талдықорған арқылыАлматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді.Қалада темір жол станциясы 1949 жылы салынған. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жол стансаларына жүк поездары қатынайды.Емдеу-сауықтыру орындары: қалалық емхана, жүрек ауруларын емдейтін орталықтар, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станса, облыстық онкологиялық диспансері, әйелдерге дәрілік көмек беретін орталық, перинатальдық орталығы, облыстық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, туберкулез диспансері, облыстық наркологиялық диспансері, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы, қалалық қан орталығы, қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді. Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейінгі қашықтық 758км, Алматы қаласына дейін 279км.
«Талдықорған»--қалалық газет. Алғашқы нөмірі 1992 ж. 2 наурызда халық депутаттары қалалық кеңесінің органы ретінде жарық көрді. Қазіргі құрылтайшысы—қала әкімдігі. Газет экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінен тұрады. 1995 жылы қаңтар айына дейін қазақ және орыс тілдерінде аптасына екі рет шығып тұрды, кейіннен екі тілдегі мақалалар бір газетке топтастырылды, апталық газетке айналды. Таралымы 600 дана.
Талдықорған ақпараттық коммерциялық-техникалық лицейі, бұрын компьютерлік орталық негізінде 1991 жылы құрылды. 2002-2003 оқу жылында лицейдің 14 сыныбында 412 оқушы оқиды. Қазір ол --- 2 мекткп-лицей деп аталады. Мұнда 37 тәжірибелі педагог мамандар дәріс береді. Сабақ екі тілде жүргізіледі. Лицейдің мақсаты—қабілетті балаларды іріктеп алып, облысқа қажетті іскерлік әрі білімді мамандарды даярлау ісіне көмектесу.
Талдықорған балалар көркемсурет мектебі, 1979 жылы құрылған. 300-ден аса оқушы сурет, майлы бояу, мүсін, өнер тарихы, дизаин пәндері бойынша аптасына үш рет дәріс алады.Оқу мерзімі—4 жыл. Мектеп бітіргендерге арнайы куәлік тапсырылады.Талдықорған балалар көркемсурет мектебінің түлектері халықаралық , республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге қатысып,жүлделі орындарға ие болды. 1 гран-при, 4 медаль, көптеген мақтау грамоталарымен марапатталған.
Талдықорған балалар өнермектебі, Н.Тілендиев атындағы, жалпы білім беретін арнаулы оқу орны. 1956 жылы құрылған. Бұрын «Талдықорған балалар музыка мектебі» деп аталатын. Оның фортепьяно , орыс халық аспаптары, шекті аспаптары (1963ж), қазақ ұлттық аспапатары (1967ж), хор (1987ж) бөлімдері бар. Мектепте қазір 600-ден аса бала оқиды. Мектептің филиалы мен дайындық бөлімі жұмыс істейді.
Талдықорған балалар хирургиялық орталығы, Талдықорған қаласында 1992 жылы ұйымдастырылған. Орталық ауруханасы 40 орындық. Ауруханада операция блогы, реанимация бөлімі, рентген, физиология және УЗИ кабинеттері, емдеу лабораториясы бар; жыл бойы тұрақты түрде 2 мыңға жуық бала емделеді, 1,5 мыңға жуық балаларға кеңес беріледі. Жеке меншік кәсіпорын ретінде қайта құрылған орталықта қазір 30 адам жұмыс істейді.
Талдықорған заң колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1995 жылдан бастап Талдықорған заң колледжі деп атала бастады. Колледжде оқушылар көп сатылы даярлықтан өтеді. Оқушыларда шағын баспахана-да өздерінің оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін бастырып шығаруға мүмкіндік беретін құқықтық және әдістемелік ақпараттар орталығы құрылды. Сондай-ақ мұнда кітапхана медициналық кабинет жұмыс істейді. Колледжде кәсіби біліктігі жоғары мамандар дәріс береді. Мұнда «Жастардың заң орталығы» атты қоғамдық бірлестілік ұйымдастырылған. Бірлестік жанында пікірталас клубы, мәдиниет және көркемөнер орталықтары, «Заңгер» баспасөз орталығы, «Фемида» клубы, т.б. жұмыс істейді.
Талдықорған қалалық архиві—құжаттар сақтайтын мекеме. 1944 жылы наурызда құрылды. 1959 жылы Талдықорған облысының таралуына байланысты ол Алматы облысының мемлекеттік архивінің бөлімшесіне айналды. 1967 жылы желтоқсанда Талдықорған облысының құрылуына байланысты қайта ұйымдастырылды.Онда облыстың барлық мекемелері мен ұйымдарының, кәсіпорындарының 1917 жылдан бергі архивтік құжаттары сақталады. Сонымен бірге архивте революциялық күресі мен Азамат соғысының, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғыс ардагерлері, Кеңес одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері жөнінде құнды деректер бар.Архив қоры бұқаралық-саяси, ғылым-зерттеу, мәдени-ағарту жұмыстарына кеңінен пайдалынады. 1997 жылы 12 қарашасында Алматы облысының мемлекеттік архивінің бөлімшесі әрі қалалық архив болып өзгерді.
Талдықорған қалалық ауруқанасы, 1976 жылы ұйымдастырылған. Жатып емделетін бөлімі—120орындық. Аурухананың хирургия, терапия, кардиологиялық, невролтология және реанимация бөлімдері бар. Сондай-ақ оның емдеу-диагностикалық бөлімінде клиникалық лабораториялық, рентгенология, бактериология, физиотерапия және реабилитация бөлімдері ашылған.Ауруханада 32 дәрігер, 67 орта білімі бар мамандар жұмыс істейді. 2002 жылы ауруханада жаңа диагностикалық орталық ашылды.
Талдықорған қалалық біріккен балалар ауруханасы, балаларға арналған емдеу мекемесі. 1980 жылы ұйымдастырылды. Сырқаттанған балаларды қабылдайтын 2 емханасы бар. Ауруханадағы 5 бөлімде 320 медициналық қызметкер еңбек етеді. Физиокабинет, диагностикалық лабораториялық, рентген кабинеті, дәріхана, орталық тазарту лабораториясы, т.б. бөлімдер жұмыс істейді.
Талдықорған қалалық емханасы, 1977 жылы орталық қалалық аурухана құрамындағы бөлімше ретінде ұйымдастырылған. 1987 жыл оның ғимараты іске қосылды. Мұнда науқастарға әртүрлі амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілді. Емханада 264 медициналық қызметкер жұмыс істейді.Шөппен емдеу, манальды терапия, биоэнергетика, сауна-бассейн, су-джок және инемен емдеу кеңінен қолданылады.
Талдықорған қалалық қуыршақ театры, 1959жылы І.Жансүгіров атындағы қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылды. 1960 жылы оған «халық театры» атағы берілді. Көркемдік жетекшілері К С Кошелев, Н М Романова болды.Оның репертуарынан балаларға арналған шығармалар тұрақты орын алды. Республикалықхалық театрлары байқауынан лауриатты.
Талдықорған қалалық мәдени және демалыс паркі, іргесі 1948 жылы қаланған. Бастапқы кезде «БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы парк» деп аталды. 1974 жылы парктің аумағы кеңейтіліп, жаңа ғимараттар салынды. Парктің аумағы 10га, оның 7га жеріне әр түрлі ағаш отырғызылған. Паркте жастар үйі, автоматты ойындар павильоны, көркемсурет шеберханасы, мылтық ату тирі, «Достық » мейрамханасы, «Сказка», «Азя» кафелері және бірнеше киоск жұмыс істейді. Парктің кіре берісіне «Солдат даңқы» монументі және мәңгілік алау орнатылған, сондай-ақ Азамат соғысында қаза тапқандарға арналып ескерткіш қойылған. Жаз маусымында паркте балалар мен үлкендер үшін 10 арнаулы аттракцион жұмыс істейді. 1998 жылдан паркте демалушыларға «Демеу» ЖШС ұжымы қызмет көрсетеді.
Талдықорған қорғасынды аккумулятор зауыты—аккумулятор, орталық қақпақты моноблоктар, мотоцикл батареяларын өндіретін кәсіпорын. Құрылысы 1970 жылы басталып, 1973 жылы қосымша корпусы қатарға қосылды. 1975 жылы іске қосылып, алғашқы аккумулятор шығарылды. 1977 жылы миллионыншы аккумулятор өндірілді. 1975-1983 жылдары пласмассалық моноблоктар өндірілетін корпус, аспаптық учаске салынып іске қосылды. «КамАЗ» автомобиліне арналған 6СТ-190А батареясын құрастыратын жартылай автоматты құрастыру желісі жұмыс істеді. Зауыт өнімі кезінде Кеңес Одағының барлық түпкірлеріне жөнелтілді, сондай-ақ шетелге экспортқа шығарылды. Зауыт жанында асхана, балабақша және 100 орындық емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді.
Талдықорған құрылыс колледжі, 1995 жылы 2 жоғары кәсіптік училещенің негізінде құрылған. Осыған дейін мұнда сылақшы-сырлаушы, сылақшы-әрлеуші, электр мен газбен дәнекерлеуші, тас қалаушы-құрастырушы, слесарь-сантехник, автокран жүргізушісі, ағаш шебері мамандары даярланған. Қазір колледжде кең ауқымды құрылыс шебері, үйді әрлеуші-өндеуші, ағаш шебері, электр-газбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім береді. 1999 жылы оқу орны Талдықорған политехникалық колледжінің құрамына енгізілді.
Талдықорған жедел жәрдем мекемесі, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы. 1948 жылы аудан емхананың бөлімшесі ретінде ашылды. Бастапқы кезде бөлім меңгерушісі, фельшер, бейірбике,тазалық сақтаушы қызметкерлер болды. Ауруларға өгізбен, кейде жаяу барып қызмет көрсетті, кейінірек екі ат бөлінді. 1953 жылы жедел жәрдем бөлімшесіне бірінші «ПАЗ» маркалы жедел жәрдем машынасы берілді. 1955 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен өз алдына жеке жедел жәрдем мекемесі ретінде құрылды. Қазіргі кезде жедел жәрдем стансасында 8 бригада күндіз-түні жұмыс істейді, олар қажетті құралдармен, дәрәлермен толық қамтылған. 3-5 жыл сайын дәрігерлер арнаулы курстан өтіп, мамандықтарын жетілдіріп отырады.
Талдықор,ан медициналық колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1935 жылы құрылған. Алғашқы ұйымдастырушы—дәрігер-хирург М И Жевлаков. 1935-1940 жылдары балабақшалар үшін медбикелер әзірлеу курсы ретінде жұмыс істеді. 1940 жылы облыстық медбикелер мектебі ретінде қайта құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары Харьков және ленинград медициналық интернаттарынан көшіп келген мамандар—профессор Автономов, Богоявлен, Каварин, ғылым кондидаттары—ерлі-зайыпты Язвинскийлер осында қызмет істеді. 1950 жылы 28 маусымда әр салада даярланатын мамандар медициналық училище ретінде ұйымдастырылды. 1972 жылы Текелі, Үштөбе, Панфилов қалаларында училищенің филиалдары ашылды. 1993 жылы ол медициналық колледж болып қайта құрылды.
Талдықорған музыка колледжі, 1979 жылы Талдықорған қаласында музыка училищесі ретінде құрылды. Алғаш 61 оқушы қабылданды. 1980 жылы туғанына 75жыл толуына бойланысты училищеге Қ Байсейітовтың есімі берілді.
1991 жылы училищенің аспаптар оркестрі мен жор 13-республикалық жас орындаушылар бауқауының лауреаты атанды.
Мұнда домбырамен ән салу, ән-күй теориясы бөлімдері бар. 1993 жылы Талдықорған музыка колледжі болып өзгерді. Қазір оқу орнында 70-тен аса оқушы білім алуда. Оларға тәжірибелі педагог мамандар сабақ береді.
Талдықорған политехникалық колледжі, 1962 жылы құрылған. Талықорған индрустриялық-педагогикалық техникум негізінде 1993 жылы ұйымдастырылды. Осы жылы Талдықорған политехника құрамына қаладағы құрылыс колледжі қосылды. Колледжге қазіргі кезде ауыл шаруашылығын механикаландыру, ауыл шаруашылығын автоматтандыру және электендіру, ауылдық мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелерінде еңбек және сызу сабақтарын жүргізу, электронды есептеу техникасын жөндеу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету салалары бойынша мамандар даярланады. Колледждің оқу кешені 8га жерді алып жатыр, онда; типтік оқу-лаборатория ғимараты, оқу-өндірістік кешен, қоғамдық-тұрмыстық блок және 2 жатахана, денсаулық пункті, музей т.б. жұмыс істейді.
Талдықорған экономика-технологиялық колледжі—орта кәсіптік білім беретін оқу орны. 1955 жылы Алиаты облысы еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылындағы 1 жылдық ауыл шаруашылық мектебі негізінде құрылған.1997 жылы 8 мамырда Қазақстан Республика Үкіметінің 814-қаулысына сәйкес Талдықорған экономика-технологиялық болып өзгертілді. Малдәрігерлік, экономика, бухгалтерлік есеп, аудит, тері өндіру, сүт және ет өнімдер технологиясы, зоотехнология тб салалар бойынша мамандар даярланады. Колледжде 2оқу ғимараты, 17 кабинет, 26 лаборатория, малдәгерлік клиника, анатомиалық және өлкетану музейлері, 75 орындық емдеу-сауықтыру орталығы, телестудия, мың кітап қоры бар кітапханабар. Қазір колледжде 600-ден аса оқушы дәріс алады, 10 оқытушы «Білім беру ісіні ңүздігі» белгісімен марапатталған.
Жаркент қаласы
Жаркент—Панфилов ауданындағы ауыл, Үлкен Шыған ауылдық әкімшілік округінің құрамында.Аудан орталығы—Жаркент қаласынан шығысқа қарай 10км жерде, ши, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен шалғынды қоңыр топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны1,6 мың адам. Ауылда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, тб мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Жаркент—қала 1891 жылы құрылған. Панфилов аударының орталығы 1928 жылдан бері. Облыс орталығы—Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331км жерде, Жетісу Алатауынан бастау алатын Өсек өзенінің сол жағаблауындағы бұта, шілік, тал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, тб әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны 33,4 мың адам. Ш Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбңгінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келеді: «Өсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады.Шынында да айналасында құм мен тас, тым болса бір шөп болмашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық» деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған. 1891 жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ өнершілермен сауда-саттық мекені болған. 1928 жылдан аудан орталығы. Осы кезде жаңа кәсіпорындар ашылып, құрылыстар құрыла бастады. Қала 1942-1992 жыл аралығында Кеңес Одағының Батыры ИВ Панфиловтың есімімен аталды. Жаркентте негізінен қазақтар, одан басқа ұйғыр, орыс, тб ұлт өкілдері тұрады. Жаркентте құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін фабрикасы, тб кәсіпорындар жұмыс істейді.Жалпы, бұрынғы ұйымдар мен кәсіпорындар негізінде Жаркентте жаңа талапқа сай 10 өнеркәсіп, 4 көлік, 2 байланыс, 3 туристтік ұйым, 3 үлкен базар, 3 кішкене базар, 10 жеке пәтер кооперативтер ұйымы, шағын және орта бизнес нысандарында 250-дей заңды тұлға бар. Қалада орта мектеп, 1 жекеменші лицей, педагогикалық колледж, Талғар медицина колледжінің филиалы, мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдени үйі, 3клуб, аурухана, емхана, стадион, автостанса, ірі сауда орталығы, тб мекемелер бар. 1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. Жаркент арқылы Алматы-Қорғас-Үрімші автомагистралі өтеді.
«Жаркент-Арасан»--бальнеологиялық санаторий. Панфилов ауданында Жетісу Алатауының табиғаты әсем шатқалында, теңіз деңгейінен 1100м биіктікте, Борохудзир өзенінің аңғарында орналасқан. 1967 жылы ашылған, 150 орны бар. Жыл бойы жұмыс істейді.Климаты: қысы жұмсақ, жазы қоңыржай, таулы жерге тән ауаның орташа температурасы қаңтар айында -5 С, шілдеде +26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700мм. Санаторийдің негізгі емі—құрамында радионы бар хлорсульфат натрийлі мениралды суы. Қан айналу, жүйке жүйесі, аяқ-қол, буын, тері және гинеколдық ауруларды емдейді. Климаттық факторлар кеңінен пайдалынылады, физиотерапия, инемен емдеу, емдік денешықтыру қолданылады.
«Жаркент әуендері»--ән-би ансамблі. 1977 жылы Жаркент аудандық мәдениет үйі жанынан ұйымдастырылған. 1979 жылы оған «халық ансамблі» атағы берілген.
Жаркент мешіті—архивтік ескеткіш. 1892-1895 жылдары Жаткент қаласында салынған. Сәулетшісі—Хон-Пик. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы 28 54м, биіктігі 14,5м, мұнарасының биіктігі 19м. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нашықталған. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруда әсемдік көрік беруге мәні зор. Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәгіз өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылдырмен жабылған. Жаткент мешітінің пештағы ерекше көз тартады. Мұндағы ғанышқа түсірілген нақышты араб жазуының өзі әсем өрнек міндетін атқарады. Мешіт ауласының солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстігінде қапталынды медресе орналасқан. Кешен биіктігі 2,3м тас қоршаумен қоршалған. Оңтүстік және солтүстік қапталында үлкен қақпасы бар.
Жаркент уезі—Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі патша үкіметінің «Уақытша ережесі» бойынша Жетісу облыстарында 1891 құрылған әкімшілік бөлім. Уезде алғашқы кезде 11 облыс, ал 1910 жылы 17 облыс болды. Жер аумағы 332 832 десятина. Халқы 157210 адам, оның 25231 қалада, 131979 адамы ауылдық жерлерде тұрады. Уезд бойынша орыстар 8,5%, қазақтар 57,3%, ұйғырлар%, басқа ұлттар7,9% болған. 1918 жылы Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағанан кейін, Жаркент уезі таралып, Жетісу облысына қосылды.
Текелі—облыстық бағыныстағы қала.Талдықорған қаласынан оңтүстіак-шығысқа қарай 40км қашықтықта орналасқан. Аумаы0,1 мың км . Тұрғыны 24,3 мың адам. Оған Рудничный кені қарайды. Қала Текелі өзенінің сол жағалауында, Жетісу Алатауының батыс сілемдері шатқалыеың бірінде, теңіз деңгейінен 950-1600м биіктікте орналған. 1911 жылы іргесі қаланып, 1927 жылы кент статусын иеленді. 1933 жылы инженер-геологтар М Юдичев пен М Қабілбековтің зертеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзенінің оң жағалауынан қорғасын, мырыш, күміс, кадмий, германий кендері табылған. 1937жылы Текелі қорғасын-мырыш басқармасычның құрылысы қаланып, 1942 жылы қорғасын-мырыш комбинаты құрылды. 1939 жылы емхана салынды, 1941 жылы бірінші орта мектеп салынды.
Екелінің климаты континеттік. Қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айының орташа температурасы -11-13 С, шілденікі—20+22 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 6501900мм. Қаланың маңында, Қора өзенінің шатқалында Бурханбұлақ атты сарқырама бар. Қалаға әсем тау шатқалында Жетісу бақатісі, марал, таутаке, елік, қоңыр аю, ьорсық, күзен, суыр, түлкі, қасқыр, тиін, сілеусін, қоян, жабай шошқа, тб аңдар кездеседі. Сондай-ақ, мұнда шырша,қайың, терек, тал, көктерек, қарағай, алма ағаш тб жалпақ жапырақты орман қалыяптасқан. Қала тұрғындарының 22,1%-і қазақтар, сондай-ақ орыстар, немістер, тб ұлт өкілдері тұрады. Текелі өнеркәсібі дамыған қала. 1997 жылға дейін жұмыс істеген «Текелі қорғасын-мырыш комбинаты» ,тб кәсіпорындар мен мекемелер жекешелінділді.Оның негізінде «Қазмырыш» АҚ, «Қазмырыш энергия кешені» АҚ, «Қаратал» ЖШС, тб өнеркәсіп ошақтары құрылған. Сонымен қатар мұнда 27 өнеркәсіптік, 4 құрылыс, 4 көлік қатынасы, 15 сауда кәсіпорындары, 60-тан аса әр түрлі мекемелер жұмыс істейді. Қалада 4 кітапхана, 1 мәдениет сарайы, 1 спорт сарайы, 1 ашық бассейні, «Мир» жас демалыс орны, 1 кәсіптік-техникалық, 7 орта,1 орталау мектептер, емдеу-мауықтыру мекемелерінен: Текелі қалалық аурухана, медициналық жедел-жәрдем, клиникалық емханалар, 1 фельдшерлік-ақушерлік пункт, 2 отбасылық амбуларория бар. Қала3 ансамбль, 7 көркемөнерпаздар ұжымы, «Эдельвейс» жасөспірімдер мен балалар қуыршақ театрі жұмыс істейді.
Қаладағы автокөлік жолының ұзындығы 141,1км, темір жолдың ұзындығы 33,6км. Текелі облыс орталығы—Талдықорған 40км қашықтықта. Аптасына 1 рет «Текелинский рабочий» газеті шығып тұрады.
Текелі—Көксу-Текелі учаскесіндегі 5 класты темір жол стансасы. 1943 жылы қосылды. Жетісу Алатауындағы Текелі темір бөліктерінде Талдықорған қаласынан 32км қашықтықта, теңіз деңгейінен 950м биіктікте орналасқан. Әкімшілік жағынан Текелі қалалық әкімдігіне, шаруашылық жағынан Алматы темір жол бөліміне қарайды. Стансаның бір қалыпты ырғақты жұмыс істеуіне 8 тарту бөлімі, 12 жол бөлімі қамтамассыз етеді.
Текелі балалар аурухана, 1969 қалалық балалар ауруханасы ретінде ашылды. Мұнда қызылша, полиомелит, туберкулез, менингит ауруларын емдейтін 22 дәріген, 86 мейірбике, 30 кіші қызметкер жұмыс ісиейді.Бұл аурухана алғы шептегі тәжірибе мектебіне айналды. Ауруханада 100 төсек орын, 3 филиал емханасы, сүт асхана бар.
Текелі қорғасын-мырыш комбинаты—Қазақстандағы ірі түсті металлургия кәсіпорындарының бірі. Жетісу Алатауының бойында орналасқан. Кен қойнауын 1911 жылы барлаушы П.А.Казанцев ашты. Комбинат құрылысы 1937 жылы, жоспарлы кен алу мен өңдеу жұмысы 1944 жылдан басталды. Қазіргі кезде комбинат Текелі, Көксу, Тұйық рудниктерімен, екі байыту фабрикасымен, сондай-ақ бірнеше қосымша цехтармен кеңейтілген. Комбинаттың негізгі бөлімі—қорғасын, мырыш және марит концентраттары еліміздің түсті металургия зауыттары мен химия және мұнай өндіру кәсіпорындарында қайта өңделіп, пайдалынады. Сонымен бірге комбинат Қазақстан түсті металургия кәсіпорындарының негізі технологиялық жабдықтарына арнап қосалқы бөлшектер де шығарады. 1971 жылы комбинат кен алудағы жоғары өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылық көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған. Комбинатта «Текелинский рабочий» атты шағын тиражды газет шығарады.
Текелі полиметалл кені—қорғасын, мырыш кен орны. Текелі өзенінің жоғарғы оң жағалауынан инженер-геолог МЮдичев бастаған геология отряды ашқан. Кен орны туралы алғашқы ғылым деректор А И Шренктің, П П Семенов Тиян-Шаньскийдің, И В Мушкетовтың, А В Обручевтің еңбектерінде кездеседі. 1937 жылы кен қойнауы өңдірістік маңызы зор объекті ретінде жарияланды. Ұлы Отан соғысы жылдарында кен өндіру және өңдеу жоспарларына өзгерістер енгізіліп, Текелі қорғасын-мырыш комбинаты салынды. Оңтүстік Жоңғар антиклинорийінің солтүстік қанатындағы Текелі свитасында орналасқан. Свита бір-бірімен қабаттасқан көмірлі-сазды, көмірлі-әк тасты, кремнийлі тақта тастардан, әктерден түзілген. Қалыңдығы кейде ондаған метрге жететін руда иірімдері ендік бағытта созылып, солтүстікке қарай 60-85 бұрышпен еңістелген. Басты руда минералдары: пирит, сфалерит, галенит. Негізгі металдары: мыс,мырыш. Мырыш мөлшері қорғасыннан екі есе жоғаты. Біраз қосалқы элементтер бар. Кен шахта арқылы өңдіріледі. Кеннің гидротермальдық және метасоматикалық жолмен жаралғандығы жөніндегі пікірлері бар. Қоры жөнінен ірі кендерге жатады.
Көктал—Балқаш ауданындағы ауыл, аудандық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы—Бақанас ауылынан батысқа қарай 119км жерде, Көктал мен Топар өзен аралығында, қамыс, құрақ аралас жусан, баялыш, күйреуік өскен шалғынды-құмдақты, сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,1 мың адам. Іргесі 1961 жылы «Көктал» қаракөл қой кеңшары орталығы ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылы Көкталда шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш-акушерлік пункт, тб мекемелер бар.
Көктал—Панфилов аудандық ауыл, Аудандық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы –Жаркент қаласынан батысқа қарай 16км жерде, Борохудзир өзен жағалауында астық тұқымдас щөптес өскентаудың сұр қоңыр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Тұрғыны10,8 мың адам. Іргесі 1957жылы «Көктал» қой кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Ауылда 2 орта мектеп, мәдениет үйі, 2 кітапхана, тб әлеуметтік инфрақұрылымдар бар. Көктал арқылы халықаралық маңызы бар Алматы-Жаркент, Талдықорған-Жаркент автомобиль жолдары өтеді.
Көктал-арасан минералды қайнары--бұлақтар. Көктал ауылынан солтүстіукке қарай 23км қашықтықта, Жоңғар жоталарының оңтүстік баурайындағы Дувантау тауында, Борохудзир өзенінің аңғарында, 1280м биіктікте орналасқан. Бұл бұлақтарды «Қу-Арасан» немесе «Жаркент-Арасан минералды сулар кені» деп атайды. Қайнар сулары корбон кезеніңде қалыптасқан фальзит-профирлерді тілгілеп өтетін технологиялық белдемге шоғырланған. Қайнар суларының дебиті 1,7-104м /тәуліктей, температурасы 30,4-35,2 С, мениралдылығы1,1-1г/л. Бұлар сульфатты-хлоридті натрийлі суға жатады, құрамында 80-96 мг/л кремний қышқылы, 7-8мг/л флор, аз бодон бар. Осы мениралды қайнарлар негізінде Жаркент-Арасан емдеу орталығы жұмыс істейді, олар полимиелитке, қозғалу органдарының, жүйке жүйесінің және гинекологиялық ауруларға шипалы.
Басши—Кербұлақ ауданыдағы ауыл, аудандық әкімшілік округінің орталығы. Аудан—орталығы—Сарыөзек кентінің шығысында 85км жерде, Түлкілі өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғыны 1,7мың адам. Ауыл Жетісу Алатауының батыс сілемдерініңбірі—Алтынемел жотасының оңтүстігінде, боз және қызылқоңыр топырақты қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Басшы өңірінде бұта аралас селеу, бөде, жусан, боз шөптесін өсімдіктер өседі. Бұрынғы «Басшы» кеңшары негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауыл маңынан Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы бар.
Алтынемел, Көкшентоған—Кербұлақ ауданындағы тарихи мекен. Жетісу Алатауының оңтүстік сілемінде, Алтынемел және Матай тауынан басталатын Беғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан. Оңтүстік батысында—Жүзасу(1474м), оңтүстік шығысында Алтынемел асуымен шектеседі. Алтынемел мекені Ш.Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты, қараңыз Уәлихановтың мемориалдық кешені.
Алтынемел—Жетісу Алатауының оңтүстік батыс сілемдерінің бірі, Іле және Қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота. Ол шығыстағы Қояндытау жотасын бөліп тұратын Үйгентас асуының Іле аңғарындағы Шолақ тауына дейін доғаша иіліп жатыр. Ұзындығы 65км, ені6-15км, ең биік жері 2931м. Жота палеозойдың қатпарлары шөгінділерінен түзілген. Жотаның солтүстік беткейі тік, оңтүстігі көлбеу келген. Топықар пен өсімдік жамылғысы биіктік келбеу бойына орналасқан. Етегінде әр түрлі бидайық тұқымдас шөп, одан жоғары шырша, арша, тау шалғыны өседі. Алтынемел жотасының батысында, Шанханай ауылының тұсында Ш. Уәлихановтың бейіті мен ескерткіші бар.
Алтынемел—Жетісу Алатауының оңтүстік батыс сілемдері—Алтынемел жотасы(2928м) мен Матай тауының (2880м) арасында, теңіз деңгейінен 1711м биіктікте орналасқан асу. Алтынемел ауыл өтетін орталық қырқа палеозой және пелмь дәуірінің гранитті, эффузивті, базальтті, андезитті, туфты шөгінді жыныстарынан түзілген. Асу қызғылт қоңыр және қара топырақты бұталар араласқан бозды, бетегелі, шалғынды болып келеді. Асу үсті жылына 4-5 ай салқын болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Ш.Уәлиханов 1858 жылы Қашқариаға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген таы бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батысындағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай Алматы-Сарыөзек-Жаркент автомобиль жолы өтеді.
«Алтынемел» Ұлттық табиғи паркі—Кербұлақ ауданының аумағында 1996 жылы ұйымдастырылған ұлттық парк. Іле өзеінің солтүстік бөлгінде орналасқан. Аудан 460 мың га. Оның құрамына Жетісу Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулары, Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі—«Әнші құм» енеді. 3 ландшафты—таулы-далалық, құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Парк археологиялық ескерткіштерге, ежелгі таңбалар мен суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «бесшатыр» обаларының маңызы үлкен. Паркте өзімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі. Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден—құлан, қарақұрық, арқар, түлкі, тау сусары, қоян т.б. мекндейді; құстардан:бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, т.б. мекндейді; балықтардан: сазан, көксерке, ақмарқа, табан, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар толық зерттелмеген. Саябақта қазіргі кезде жан-жақты жабдықталған 17 қорықша бекеті және 3 туристтік маршрут жұмыс істейді.
Қорытынды:
Біздің ойымызша Талдықорған мен Жаркент климаты континенталдық, табиғатының көрікті, сұлу болып келгенінен соң, туризмнің әр түрін дамытуға болады деп есептейміз. Мысалы, танымдық туризмге Текелі қаласындағы полиметалл кенін, Алтынемелдегі Шоқан Уәлихановтың бейіті мен ескерткішіне барып оның 1858 жылы Қашқарияға аттану сапарын таныстырып айтуға болады. Сонымен қатар Талдықорғанда Ақын Сарының кесенесі мен Үштөбеде Ескелді бидің кесенесіне барып олар туралы бінеше мағлұмат беруге болады. Демалыс орындарына «Жаркент-Арасан» айтуға болады. Сонымен қатар қазіргі кезде Текеліде бірнеше лагерлер орналасқан. Міне, бұл жерлерде келешекте туризмді дамытуғаи болады және дамыдуымыз керек деп есептейміз!