ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИСЫ
Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім.
1.1. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері және құралдары туралы түсінік
1.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі
1.3. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптасқан. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдіістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.
А.С. Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А. Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.
Т.А.Ильинаның»Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында әлеуметтік көзқарасты және мінез-құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал, Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылайды. Тәрбие әдістеріне берілген жоғарыдағы әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда:
- жеке басқа ықпал ету құралы;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
- тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы; тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз .
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат-міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік-күшіне ықпал ету, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал-тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Тәрбие тәсілі тәрбие әдістеріне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты. Тәрбие әдістерінің құралдарына көрнекі және техникалық құралдары, бейне суреттер, таспа табақтары, сызба жұмыстары, әдебиеттерді жатқызуға болады.
1.1. Тәрбиенің әдіс-тәсілдері және құралдары туралы түсінік
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зертттелмеген мәселердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады.
Тәрбие әдісі ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда, шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек бұл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен әртүрлі авторлардың анықтамалрына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмыстарының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б.
Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуымен қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен. Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.
1.2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданыоып жүрген тәрбие әдістерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістердің алуан түрлілігі, оларды тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшелікетері, белгілері міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізіенен 3 топқа жіктейміз.
Г.И. Щукинаның «Педагогика » оқулығындағы тәрбие әдістерін:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру;
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымаша:
4. Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзін-өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев, Н.Г.Гончарев, Ф.Ф.Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсы бірін алсақ та, оның мәні мен іс-әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат пен міндеттері және мазмұнына байланысты анықталады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі
Тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойы санасына ықпал ете отыра, оның өмірлік ұстанымын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру. Ол үшін жасөспірімдерге жағымды мінез-құлық нормалары мен ережелерін түсіндіріп, адам, қоғам өмірінен тәжірибе, үлгі келтіре отыра, олардың жан-жақты әрекеттерін ұйымдастыру қажет. Себебі тұлғаны қалыптастыруда ең алдыменоның ішкі жан дүниесінің, санасының дамуы ерекше орын алады. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас, өнеге жатады. Олар мазмұны жағынан танымдық, саяси, этикалық, эстетикалық тақырыптардықамтиды. Солардың ішінде ең көп қолданылатыны – этикалық әңгімелер. Бұның негізі – қоғамдық мораль мәселелері бойынша жүргізіледі. Этикалық әңгіменің мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, түрлі іс-әрекеттерге, жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін арттыру.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапйым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет. Әдістің бұл түрі көбінесе бастауыш сынып оқушылары және жеткіншек жастағы балалармен жүргізіледі.
Әңгімелесу сынып ұжымынның өмірі меноқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын, қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасау қажеттігінен туындайды. Сондықтан да бұл әдіс жалпы орта білім беру жүйесінің негізгі сатысында, яғни 5-9 сынып оқушыларымен жүргізіледі.
Әңгімелесуді қолдану барысында тәрбиешілер тарапынан көңіл бөлетін жағдай мыналар:
- әңгіме тақырыбы қызықты, әрі проблемалық сипатта болуы;
- оқушылардың қойылған мәселені талқылауға белсене араласуы;
- оған сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасауы;
- оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу;
- өзара түсінушіліктің болуы;
- олардың ойлары мен жауаптарына зейін қойып, дұрыс баға беру;
- белсенді оқушыларды және олардың дұрыс жауаптарын көтермелеп, қолдап отыру;
- кемшіліктері болса әдеппен түзету. т.б.
Тәрбие әдістерінің бұл түрлерін қолдануға тәрбиешілерге аса мұқияттылықпен, зор жауапкершілікпен дайындалуын қажет етеді.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады. Бұны ұйымдастыру негізінен мұғалімдер мен ата-аналарға, «Білім қоғамы» лекторларына , кейбір жағдайда оқушылардың өздеріне де жүктеледі. Сол себептен, бұл әдіс жоғары сынып оқушыларымен жүргізіледі. Лекция тақырыбы өмірдің, қоғамның , тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты көлемі кең тіпті мектеп немесе оқушылар өміріне қатысты кең өзекті мәселелерді талқылауға арналады. Тақырыптың мазмұны оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы қажет. Тәрбие әдістерінің келесі бір түріне пікірталас тәсілін жатқызамыз. Пікірталасты ұйымдастыру әрі құрылымы жағынан өте күрделі болып келеді. Тәрбиенің басқа әдістерінен мұның ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес, керісінше қаралып отырғанмәселег олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы, дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді. Соның негізінде оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, жолдастарының пікіріне сын көзбне қарай білуге үйретеді. Пікірталасты ұйымдастырудың барысында оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, сенімдері артады, өмірлік көзқарастары шыңдалады.
«Ереже ұсынғанша өнеге ұсын» - демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнегенің жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы зор. Бұлар өзін қоршаған ортадағы үлкендерге, жолдастарына, ұлы адамдарға, батырларға, өнер-мәдениет адамдарына ұқсауға еліктейді.
Сендірру тәсілі ретінде үлгінің тәрбиелік мәні балалардың мінез-құлқындағы жақсылыққа еліктеушілік, бейімділік қасиеттерін дұрыс баулу, үлгі бола алатын адамдармен олардың қарым-қатынасын көбірек орнату.
Тәрбие әдістерінің бұл түрлері кейбір жағдайда тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары ретінде де қарастырылады. Біз бұдан олардың арасындағы кейбір алшақтықтар туралы пікірдің жоқтығын байқаймыз. Әдістер – белгілі бір тәрбие міндеттерін әдістемелік тұрғыдан шешуші көздесе, тәрбие формаларын қолдану – оқушылардың ұжымдық немесе жеке – дара әрекеттерін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Мысалы, сынып сағаты, сынып жиналысы, саяхат, оқырмандар конференциясы, саяси хабарлама, дөңгелек стол, көңілділер мен тапқырлар клубының отырысы, кештер т.б.
Қорыта айтқанда, тәрбиенің сендіру әдістері тәрбиеленушілердің санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруда, өзара байланыста тәрбие процесініңаса маңызды міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісінің маңызы, тұлғаның тек жеке басының жан-жақты қалыптасып және дамитындығында.
Іс-әрекет адамдардың өзін қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі формасы. Олай болса, сананың қалыптасып дамуы тек әрекетке байланысты болмақ. Әрекет негізінде сананың қалыптасу дәрежесін және тұлғаның мінез-құлық қасиеттерінің сапасын байқаймыз, соған орай әдістер таңдалып, ықпал жасалынады.
Баланың оқу, еңбек, ойын т.б. әрекеттерін ата-аналар мен ұстаздар тарапынан педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастырудың маңызы ерекше.
Бұл топтағы әдістерге талап қою, жаттықтыру, тәрбиелік жағдай туғыз, тапсырма беруді жатқызуға болады.
Жас ұрпақтың сенімін қалыптастыруда талап қоюдың қызметі ерекше. Талап қою негізінен қоғамдық мінез-құлық ережелерін, жеке дара және ұжымдық міндеттерін, сонымен бірге мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие ісіне қатысты әрекеттерін нәтижелі ұйымдастыруға байланысты әртүрлі шараларды өз деңгейіде орындауда тәрбиешілер тарапынан жасалынатын ықпалды айтамыз.
Талап қою сипаты баланың жеке басының ерекшелігі мен әрекетінің мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар талап қойғанда баланың және соған қатысты нақтылы жағдайды ескере отыра, оны жүзеге асыру қажет.
Талап қою: бұйыру, нұсқау, ақыл-кеңес беру, қадағалау амалдары арқылы тура немесе жанама түрінде атқарылады.
Қоғамдық пікір бұл ұжымды қалыптастыруда оның жоғары сатысына тән қасиет. Бұл әдістің маңызы айналадағы, өмірдегі болып жатқан оқиғаларға дұрыс көзқарасты қалыптастыру, балалрдың іс-әрекеттерін бағалау, жаман қылықтардан сақтандыруды мақсат етеді. Баланың мінезін шыңдайды, ерік-жігерін тәрбиелейді. Соған орай осы әдістің қолданылуы, көптеген жағдайда ұжымда сын және өзара қолданылуы, көптеген жағдайда ұжымда сын және өзара сынның қаншалықты қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді.
Қоғамдық пікірді ұйымдастыру оқушылардың жалпы жиналыстарында, жиындарда, баспасөз беттерінде, дөңгелек столдарда, қабырға газеттерінде, ауызша журналдарда жүзеге асырылады. Бұл әдістің ерекшелігі, талқыланып отырған мәселеге сай міндетті түрде шешім қабылданылуда. Ол үшін талқыланып отырған мәселеге қатысты ашық әңгіме, батыл сын болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Бізге мәлім болғандай, тәрбие процесі баланы пайдалы іс-әрекетті орындауға, жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру тәсілдерін меңгеруге үйретулен басталады. Үйрету – тапсырма беру, оны орындауға жаттықтырудың негізінде атқарылады. Үйрету – қоғам нормалары мен ережелерін орындауға баулу. Бұл мақсатты процесс.
Жаттығу – үйретудің алдына қойылған мақсатты жоспарлы түрде, әртүрлі әрекет барсыныда жүзеге асыру. Жаттығу барысындадағды қалыптасады. Үйрету мен дағды қалыптастыруда тәрбиешілердің мақсатты көздеген ықпалы жүзеге асады, бірақта оның нәтижесі әркезде ойдағыдай бола бермейді.
Үйрету – нақтылы өмір құбылыстарын ескере отыра, тәрбиешілік жағдайлар туғызып, оқушыларды соған арнайы жаттықтыру. Мұны педагогикалық тұрғыдан баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың практикалық әдісі ретінде қарастырған жөн. Оның құралы – тәрбиелушілік ретінде қарастырған жөн. Оның құралы – тәрбиелеушілік жағдайларға бағытталған әртүрлі мазмұндағы ойындар. Ойын арқылы жүргізілетін тәрбиелеушілік жағдайлар оқушыларда педагогикалық тұрғыдан қажетті іскерлік пен дағды қалыптастырып, жағымды мінез-құлық ережелерін бойларына сіңіруіне көмектеседі.
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы тәрбиелеу шараларының сапасы мен тиімділігін арттырады, оларға баға беруде, бала мінезіндегі жақсы қылықты көтермелеп, теріс қылықтарын тежеуді көздейді. Тәрбие әдістерінің ішінде бұл әдістің түрі ықпалды әрі нәтижелі болып келеді. Мысалы, мадақтау баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесін дұрыс бағалау және көтермелеуді, яғни ынталандыруды мақсат етсе, жазалау оған жағымсыз қылықтары мен іс-әрекетіндегі келеңсіз жағдайларын түсіндіру, айыбын ұғындыру, оны шынайы сезінуі және өзін-өзі бақылау жасауына көмектесуді көздейді.
Мадақтау әдісінің амал-тәсілдері алуан түрлі болып келеді. Оларға алғыс айту, мадақтау қағазымен марапаттау, бағалай сыйлық беру, қоғамдық мәні бар тапсырма беру, лидер етіп сайлау, қабырға газетіне мадақтап шығару т.б. жатады.
Мадақтаудың ерекшелігі, бала өз мінез-құлқына баға беріп,оны түсініп әрі дамытып, дұрыстығынасенімділігі артқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Керісінше болған жағдайда, онда оның жауапкершілігі төмендеп, менмендігі күшейіп, жағымды істерін жалғастыруға теріс ықпал етеді. Сондықтан тәрбиешілерден бұл әдісті қолдану барысында әрбір баланың өзіне тән жеке қасиеттерін терең анықтауды қажет етеді.
Жазалау – балаға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен оқушыларға арналған ережелерді мүлтіксіз орындауға сай талап қою, ескертпе жасау, сөгіс беру, оқушы тәртібін бағалауда төмен баға қою, ұжым алдына шығару, «Кірпі», «Найза» секілді қабырға гаеттеріне шығару тәсілдерінің жиынтығын құрайды.
Бұл әдістің ерекшелігі – жазаны қолдануда әділетсіздікке жол бермеу, кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қаиетін болдырмау қажет. Керісінше, тәрбиешілер тарапынан оның жақсы қасиеттеріне сүйеніп, әдептілік сақталса, тәрбиелік ықпалдың нәтижесі табысты болмақ.
Ынталандыру әдістерінің ішінде маңызды орын алатын әдіске - жарыс жатады. Жарыстың тәрбиешілерге әрбір баланың мүмкіндігін дұрыс байқауға және бағалауға көмектеседі; болашақты дұрыс болжауға, соған сай жоспар құруға кепілдік береді; баланың мінез-құлқы мен күш жігерін нәтиелі тәрбиелеуге ықпал етеді. Жарыс мектеп жағдайында оқушылар әрекеттерінің барлық түріне (оқу, еңбек, дене шынықтыру-спорт ойындары, олимпиада т.б. ) қолданылады. Сондықтан да жарыс – балалар ұжымында олардың іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі.
1.3.Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепке, отбасында әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Демек, тәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай онда балалардың дербес ерекшеліктерін де еске алу керек. Мсыалы, сангвинк бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни тұрақты әрекет жасауға тапсырманы орындауға үйрету қажет.
Ұжым толық қалыптаспаған, сүйеніші өмір тәжірибесі жоқ. Бұл жағдайда тәрбиеші баларға талап қою әдісін қолданады. Оның мақсаты – балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Ұжым қалыптасқаннна кейін оқушылар белсенді тобы құрылады. Осыған сәйкес тәрбие әдісі өзгертеді. Оқушылардың әдет-ғұрып, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру үшін үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер оларды орындағыштыққа, кішіпейілдікке, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Ұжымның 2-3 даму сатысында қоғамдық пікір, тапсырма, пікрталас, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға беру т.б. қолданылады.
Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда этикалық тақырыптарға әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байиды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсалды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелесу, пікір-талас, лекция) пайдалану керек. Бұл ситуация пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн. Осы әдістер бойынша адамгершілікнормасы туралы сөз ету, оқушыларға өз бетімен қорытынды шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс көзқарасты сынай білуге көмектескен жөн.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдасын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады: жалпы мәдениетін, ой - өрісін кеңейтеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмыстарының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттеріндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан басталады. Бесік тәрбиесі, жсөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктері мен іске асырылады.
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады.
Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуымен қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен. Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. С.Әбенбаев Тәрбие теолриясы мен әдістемесі. Алматы, 2004
2. Абай атын. ҰПУ Педагогика . Алматы,2003
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998.
4. Педагогика және психологиядан терминологиялық сөздік. Алматы, 2002.
5. К.Д. Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. Алматы, 1991.
6. Р.М.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. Алматы,м 1991.
7. Я.А. Коменский. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.
8. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1992.
9. А.Ж.Асанов. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі. Қызылорда, 1993
10. А.В.Петроыский. Педагогикалық және жас ерекшелік Алматы, 1987. психологиясы.