ТАСЫМАЛДАУ. КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

Рефераттар
1062

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Тасымалдаудың шарттық міндеттемелері және оларды құқықтық реттеу. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер
1.2. Тасымалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері. 
1.3. Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері
1.4. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық міндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің шарттық құқығының жеке бір саласын құрайды.
Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бірі. Сол себепті тасымалдау қатынастары дәстүрлі түрде көлік құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптігімен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептік несиелік қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлік қызметінің, міндеттемелік (тауарлы-ақша) қасиеті бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екі жақты қасиетке яғни, азаматтық-құқықтықпен қатар, қазіргі терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенін мойындалғанын атап өту қажет.
Олар әкімшілік актіден (яғни тасымалдауды жоспарлау актілері) және шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлік міндеттемелері туралы сөз болатын. Қазіргі таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі, шаруашылық қызметі үшін ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға қатысты шарттар - тасымалдау шарттары туралы өрбіткен дұрыс болар.
Бұл айтылған сөз көліктің экономиканың ерекше саласы ретінде, жоғары қауіп ретінде, техникалық жағынан күрделі және тәртіпке салынған жүйе ретінде қызмет етуіне қатысты ерекшеліктерін ескермеуге болады дегенді білдірмейді. Сол себепті тасымалдаудың шарттық міндеттемелері көлік түсінігінің өзін анықтайтын оның қызметінің стандарттары мен ұйымдастырушылық алғы шарттарын (мысалы, көлікті мемлекеттік реттеуге қатысты) белгілейтін нормалар арқылы қарастырылады.

1.1.Тасымалдаудың шарттық міндеттемелері және оларды құқықтық реттеу. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер

Қазіргі уақытта көлікті мемлекеттік басқару төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:
-    көлік аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға;
-    көлік аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
-    меншік нысанына қарамастан көліктің барлық түрлерінің құкықтық және нормативті мәртебесін анықтайтын заңдық және өзге де актілердің, стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
-    көліктің барлық түрлерін дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттік (ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізуге, сондай-ақ кадрларды оқыту мен дайындауға;
-    көлік қызметтерін тұтынушылардын құқықтарының сақталуын бақылауға;
-    болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен тұрғындардың мемлекеттік мұқтаждарының қажеттіліктерін уақытысында сапалы түрде қамтамасыз етуге;
-    Қазақстан Республикасы көлік кешені қызметінің жұмысын үйлестіру мен мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге асыруға. Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекіту үшін ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлік инфрақұрылымын құратын болады және басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көліктік қызмет көрсету бойынша вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүріс көпірлері мен тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектілер құрылысын жүргізу оны жеке кәсіпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет тасымалдауды жүзеге асыру үшін айтарлықтай қосымша маңызға ие болады. Мемлекеттің әртүрлі аймақтарына, елді-мекендердің ішінде, мемлекет аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын көліктің қызмет етуінің тікелей мақсаттарына тасымалдау шартының көмегімен жетуге болады, оның өз кезегінде тасымалдау процесін қамтамасыз ететін өзімен тығыз байланысты бірқатар түрлері бар. Осыған байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын, олардын қатысушыларының тиісті тәртібін және т.б. қамтамасыз ететін құқықтық құралдардың бірі болып табылады.
Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: 
а) жүкті тасымалдау шарты; 
б) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; 
в) кеме жалдау (чартер) шарты; 
г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; 
д) көлік ұйымдары арасындағы шарттар; 
е) жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шарты; 
ж) көлік экспедициясы шарты. 
Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетінін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрінеді.
Жүктерді, жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңлеме жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеуіе міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып табылады. Оның мазмұның сондай-ақ басқа да негізгі көлік шарттарының мазмұнын кейінірек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл міндеттемелердің ерекшеліктері өздері туындайтын салалармен байланысты. Сол себепті заңнамада көлік түсінігі арнайы бөліп қарастырылады, және кайсыбір көлік соларға сай болуға тиіс көптеген арнайы талаптар бар,
Көлік түрлері. Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен қолданылу аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсы бірімен тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының көлігі - бұл оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлік көліктер. Оның бір түріне магистральды құбыр көлігі де жатқызылады. Көліктің аталған түрлері Қазақстан Республикасының көлік жүйесін құрайды.
Құқықтық реттеудің кайнар көздері. Тасымалдау мен өзге де көлік шарттарының жалпы ережелері тікелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар Құбырларды пайдаланып кейіндегі міндеттемелердің өзгешелігі мұнда жеткізу (жерге қамтамасыз ету) және тасымалдау міндеттемелері бір-бірімен тығыз ажырағысыз байланысты сол себепті, бұл жерде таза күйіндегі көлік міндеттемелері туралы айтуға болмайды. (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтік актілердің маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесінде көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын қауіпсіздік бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегі арнайы талаптардың сақталуға тиістігімен байланысты. Бірақ, қазіргі таңда көлік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне, яғни олардың шарттық тәжірибесіне де, мемлекеттің араласпау торабы нақты бекітілген. Көлік қызметін мемлекеттік реттеудің шектері арнайы көлік заңнамасында көрсетілген.
Тасымалдаушылар қызметтерін тұтынатындар үшін тасымалдаудың бірыңғай параметрлерін қамтамасыз ету де (негізінен) аса зор маңызға ие. Осы саладағы құқықтық реттеуді бір ізге келтіру үшін 21 қыркүйек 1994 жылы "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заң қабылданды. Онда Қазақстан Республикасындағы көлік қызметімен байланысты жария сипаттағы қатынастарды реттейтін нормалармен қатар тікелей азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды орналастыру - басқа да көлік-құқықтық актілердің ерекшелік белгісі. Бірақ, бұл мұндай жағдайда қандай да бір әкімшілік-құқықтық "дақтары" бар шарт туралы айту қажет екенін білдірмейді, алайда  оларды мүлдем ескермеуге де болмайды.
Көліктің кейбір түрлерінің қызмет ету аясы табиғи монополияларға жатқызылған, сондықтан олардың қызметіне 9 шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңы да қолданылады.
Қазіргі таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерін реттейтін заңдар қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 
1) 8 желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңы; 
2) желтоқсан 2001 жылғы Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңы; 
3)17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы'" Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардын тұрғындар үшін жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметіне Қазақстан Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 20 қыркүйек 1996 жылғы № 9/7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелері қолданылады. Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесімен бекітілген КСРО-ның ішкі су көлігінің жарғысы (ІСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы Қаз ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бекітілген Қаз ССР-дің автомобиль көлігінің жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екі актісі Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстің 3-бабының 2-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, әрекет етеді. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы теміржол, әуе, автомобиль, теңіз және ішкі су көліктерімен мемлекетаралық байланыстар үшін ашық жолдар, трассалар мен су жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттік тасымалы жүзеге асырылуы мүмкін. Олар Республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалдау шартының сипаттамасы. Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер жүктерді тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрінеді. Өзінің құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді. Осылайша, тасымалдау шартын бекіту тараптардан, тасымалдау шартының алғы шарттары ретінде бағалауға болатын, белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді. Кейбір жағдайларда тасымалдауға мүдделі жүк жөнелтуші мәлімдеме (тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар көлік құралдарын (яғни олар дұрыс болуға тиіс беруге міндетті. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға беруге тиіс. Темір жолдар мен жүк жөнелтушілер (жүк алушылар) жүктерді тасымалдауға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шарттар (келісім-шарттар) бекіте алады. Ұзақ мерзімді тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып табылады Сөз, ҚР Азаматтық кодексі 692-бабымен және ҚР “Темір жол көлігі туралы” Заңының 38-бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзімді жүйелі тасымалдаулар орын алғанда қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткені тасымалдаушы белгіленген мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк жөнелтуші жүкті келісілген көлемде тасымалдауға беруге міндеттенеді. Біздің ойымызша сөз алдын-ала шарттың ерекше бір түрі жайлы болып отыр. Заң шығарушы екі мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзімді шарт мәнісі жағынан алдын-ала шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негізгі шарттарын (болашақта) бекіту туралы келісім болып табылады (ҚР АК 390-6.). Оның алдын-ала шарт екеніне қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілер мүдделерінің маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшін оның міндеттемелік дәрежесі жоғары болуға тиіс.
Осы айтылғанмен байланысты барлық өзекті мәселелерді оқу құралы аясында қамту әрине, мүмкін емес, тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазіргі жағдайларда жоспарлаудың әкімшілік актісіне балама болып табылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар ол тасы-малдау шартында тікелей бекітілетін тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін аса зор маңызға ие. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемі, мерзімдері, сапасы және тасымалдау үшін көлік құралдары мен жүктерді берудің басқа да жағдайлары анықталады.
Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары ның элементтерін, соның ішінде ерекше тұргьш жүктерді тасымалдау шартының мазмұның, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді) тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын, коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды актілермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен рәсімделеді. Тауарлы-көлік накладнойында (накладной мен коносаментте) шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың кұжаттарының) нысаны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы жазбаша нысанда бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі – оның  қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа ие. Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңының 11-бабына сәйкес тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстерімен (жарқыларымен) көзделген жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
Тасымалдау шартының тараптары. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы - заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы - заңды тұлға ретінде негізінен (мамандандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшін қызметтің аталған түрлерінің барлығы да маңызды болып табылады. Тасымалдаушы меншік құқығы немесе басқа да заңдық негіздер бойынша көлік құралын иеленетін ақы үшін немесе жалдау бойынша жолаушыларды, көтерме жүкті, жүктерді және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін және оған белгіленген тәртіпте берілген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға ретінде анықталады. 17 сәуір 1995 жылғы Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" Заңының 9-бабына сәйкес жолаушылар мен жүктерді темір жол теңіз, өзен, әуе және автомобиль көлігімен тасымалдау лицензиялауға жатады.
Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы) яғни көлік қызметтерін тұтынушы - бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктің иесі және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тұлға да болуы мумкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретінде, әр уақытта көліктің қайсыбір түріне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.
Тасымалдау шартының пәні. Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзі мәнісі жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі бір шамада өтелмелі қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлікте көрсетілетін қызмет (қызметтер) қандай да бір заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік кызметі - бұл жүктерді (жолаушыларды) кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы міндеттеменің жеке пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негізі де бар.
Тасымалдау ақысы. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүкті тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе. с\ көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыққа алады.
Орталықтандырыла белгіленген тарифтер жүктерді, жолаушылар мен қол жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау кезінде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгіленген бағалар темір жол тасымалдаулары үшін де көзделген болатын. Енді Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 12-бабына сәйкес тасымалдаушының қызметіне бағалар, соның ішінде тариф (тасымалдау ақысы) тасымалдаушымен белгіленеді. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар реттелініп тұрады.
Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" Заңы тасымалдаушы мен клиенттің өзара қарым-қатынасының жалпы негіздерін анықтайды. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүгін тасымалдау кезінде және көлік-экспедициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы сертификаты бар көлік құралдарын ғана қолдануға міндетті. Мұндай талап тасымалдау шарты бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындаудың маңызды алғы шарттарының бірі болып табылатыны сөзсіз клиент пен үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды, соның ішінде ақшалай эквиваленттегі уақыт шығының өтеу көзделеді. Жолаушының өліміне немесе оның денсаулығын жарақаттауға алып келген зиянды өтеу ерекше орында тұрады. Жолаушы тасымалдауын жүзеге асыру кезінде жолаушының кауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған қызмет көрсетудің қажетті ыңғайлылығы мен жағдайларды қалыптастыру, ал жолаушы көтерме жүкті тапсырған жағдайда - оны уақытында тасымалдау мен сақтау талап етіледі.
Тасымалдау процесі барысында қозғалыс қауіпсіздігі камтамасыз етілуге тиіс. Клиенттің көлік кызметі нарығында көлік таңдау еркіндігі шектелмеуге тиіс. Тасымалдаушы жөнелтілетін жүктің өз сертификатына сәйкестігін куәландыратын құжаттарды алуға әлеуметтік маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға міндетті. (Егер осындай тасымалдаудың бағалары көлік шығындарын өтемесе, онда тиісті компенсациялық дотация жүзеге асырылуға тиіс). Реттелетін тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркін белгілеуге құқылы.
Тасымалдаудың барлық түрлері бойынша клиенттің құқықтық жағдайы оған оның жне тасымалдаушының арасында бекітілген шартты орындауды талап ету, тасымалдау сапасы денгейінің сертификатына сәйкестігін даулау, келтірілген зиянды, соның ішінде ақша эквивалентіндегі уақыт шығынын өтеуді талап ету мүмкіндіктерін (құқықтарын) берумен сипатталады. Клиенттің өзі де тасымалдаушымен бекіткен шарт жағдайларын сақтауға міндетті. Ол сондай-ақ жүктін өз сертификатына сәйкестігін куэландыратын құжатты тасымалдаушыға беруге, тасымалдау ережелерін орындауға, жүктер мен көтерме жүкті тасымалдауға дайын күйінде беруге тиіс.     

1.2.Тасымалдау шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жүктерді тасымалдау шартын мысалға келтіре отырып) қарастырайық. Жүктерді тасымалдау шартын орындау кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік құралын беруге міндетті. Яғни, тасымалдаушы қандай да бір жағдайда, қажетті көлік құралының түрін өзі анықтайды. Ол жүк пен қылқыбырдың қалдықтарынан таза, реквизиттері алынған күйінде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйінде бермейді. Жүк жөнелтуші жүкті жөнелтпеуге (тасымалдауға) бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі жалны сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буын түюін анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка мен бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен немесе қайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты. Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар, олардың қауіпсіз тасымалданатына кепіл болуға, бұл жүктерді тасымалдау кезінде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.
Қазақстанда темір жолмен тасымалдау кеңінен қолданылатындықтан оларға қатысты жүктерді тасымалдауға беру мен қабылдау кезінде туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарастырып өтейік.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушіні көлік құралының дайын екендігі туралы алдын-ала ескертеді. Мысалы, жүк жөнелтушінің құралдарымен тиеу үшін вагондар мен контейнерлердің берілу уақыты туралы станция жұмысшысы жүк жөнелтушіні вагондар берілгенге дейін екі сағаттан кем емес мерзімде хабарландыруға тиіс. Мұнай жүктерін құятын мұнай битумы үшін цистерналар мен бункерлік жартылай вагондарды дайындау жол есебінен шарт бойынша темір жолмен немесе жүк жөнелтушімен жүзеге асырылады, ал мамандандырылған (жалпы тармақтағы парк цистерналарынан басқа) жалға алынған, өз цистерналарын - жүк жөнелтушінің өзі дайындайды.
Жылжымалы составтың жарамдылығын анықтау және коммерциялық мағынада тиісті жүкті тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру:
-    вагондар -жүк жөнелтушімен, егер тиеу оның немесе темір жолдың құралдарымен жүзеге асырылса, егер тиеу темір жолдың құралдарымен жүзеге асырылса;
-    контейнерлер, цистерналар мен бункерлік жартылай вагондар жүк жөнелтушімен. Темір жол кіріс жолға тиелген вагондарды өткізу кезінде жүктердің белгілі бір түрін тиеуге олардың техникалық жарамдылығын қосарланған операциялар тәртібімен анықтайды.
Жүктерді вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан түсіру мыналармен жүзеге асырылады: 
а) жалпы пайдаланыс орындарында темір жолмен, жүктерді тиегені мен түсіргені үшін темір жол жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан еркін тарифтер бойынша алым алады; 
б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтуші мен жүк алушымен сондай-ақ жалпы пайдаланыстан, орындарда қауіпті және тез бұзылатын заттарды, ішкі жануар өнімдерін, ауыр (бір орында 0,5 тоннадан артық) және габаритті емес жүктерді. Қүю үйінді және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктерді және жүк жөнелтуші мен жүк алушылардың жолсеріктерінен жөнелтілетін жүктерді де. Осылайша, аталған жүктердің түрлерін дұрыс тиеумен байланысты тәуекел қауіптері тікелей жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға жүктеледі.
Жүктерді тиеу, бекіту мен тасымалдау үшін қажет құрылғылар мен материалдарды жүк жөнелтуші беруге тиіс. Жекелеген тасымалдау құрылғылар (нан және көкөніс калқандары) және буып-түю құралдары тұғырықтар, арқандар, қысқыштар) шарттық жағдайларда, тиісті алымдарды ала отырып, темір жолмен де берілуі мүмкін. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу кезінде орнату мен түсіру кезінде алу, тиеу мен түсіру кімнің құралдарымен жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен немесе темір жолмен жүзеге асырылады. Орнатылған қондырғылар туралы жүк жөнелтуші накладнойда көрсетеді, бұл кейін (дау туындаған жағдайларда) жүк жөнелтуші тараптың тиеу бойынша өз міндеттемелерінің тиісті түрде орындау дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Қондырғылардың техникалық жай күйі үшін жауапкершілік (темір жолмен берілгендерінен басқа) жүк жөнелтушілерге жүктеледі.
Механизацияланған және механизацияланбаған әдістермен жүзеге асатын тиеу белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс. Бұл мерзімдерден асып кеткен жағдайда тиеу міндеті жүктелген тарап мерзімді өткізіп алғаны үшін жауапты болады.
Жоғарыда айтылғандай, жүтерді тасымалдау контейнерлермен де жүзеге асырылады. Жүктерді тасымалдау үшін стандарттар талаптарына сай келетін және темір жолдарға, соның ішінде шетелдік кәсіпорындарға, ұйымдарға, теңіз және өзен кеме шаруашылықтарына, порттарға тиесілі контейнерлер қолданылады. Контейнерлерде тасымалдауға тиым салынатын жүктердің тізімі жүктерді тасымалдау ережелерімен белгіленеді.
Контейнерлер әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап контейнерлерде әртүрлі жүктерді тасымалдауға болады. Бірақ, оларда сасық иісті жүктерді және контейнердің қабырғалары мен еденің сондай-ақ қара және түсті металдардың жаңқасы мен сынықтарын қатты ластайтын жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Тасымалдауға берілетін жеке жүк орындарының салмағы 120 кг-нан аспауға тиіс. Бұл шектеу үй заттарына таралмайды. Арнайы контейнерлер тасымал кезінде ерекше жағдайларды талап ететін өнеркәсіптік және азық-түліктік жүктердің белгілі бір түрлерін (мысалы, черепица, әйнек, қауіпті жүктер және т.б.) тасымалдауға арналады. Жүктерді тасымалдау шартының тараптары (ең алдымен, жүк жөнелтуші, өйткені контейнерлерге тиеу соның күшіменжүзеге асырылады) контейнерлердің неге арналғандығын ескеруге тиіс.
Жүктерді тасымалдауға беру кезінде темір жол құжатының қосымшасында транспорт, стандарт немесе өлшеу жолы бойынша олардың салмағы анықталуға тиіс. Салмақты есептеу жолымен, шартты түрде және жылжымалы составтың толық сыюына дейін тиеу оның жол берілетін жүк көтерімділігінен асып кетуіне алып келмейтін жүктерді өлшеу бойынша анықтауға жол береді. Тиеу жалпы пайдаланыс орындарында жүзеге асырылған кезде темір жол жүктің салмағын анықтайды. Тиеу жүк жөнелтушімен жүзеге асырылатын барлық жағдайларда жүктің салмағын сол анықтайды. Тиеуді кім жузеге асырғанына қарамастан жүктің салмағын трафарет, стандарт бойынша, есептеу жолымен, өлшеу бойынша немесе шартты түрде анықтау жүк жөнелтушімен жүзеге асырылады.
Тиеу аяқталғаннан кейін вагондар мен контейнерлерге темір жолдың пломбаларымен, егер жүк темір жолмен тиелген болса, мөр басылуға тиіс. Егер жүк жүк жөнелтушімен, портпен, кеме жаймен тиелген болса, онда вагонға (контейнерге) жүк жөнелтушінің, порттың немесе кеме жайдың пломбасымен мөр қойылады. Кейбір жүктерді пломбасы, соның ішінде ақтара тиеу, үйінді түрінде тасымалданатындарын, тасымалдауға жол беріледі.
Пломбылау жүк жөнелтушімен жүзеге асырылатынына қарамастан, жүк жөнелтушілерді (жүк алушыларды) пломбылармен пломбылау қысқыштарымен бекіту құрылғыларымен, оларды шешу құрылғыларымен, плашкалармен, вагондар мен контейнерлерді пломбылау үшін сым темірлермен жабдықтауды ақы үшін темір жол жүзеге асырады.
Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға жүктердің әр жөнелтілуіне темір жол накладнойын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қажет жағдайларда өзге де кұжаттарды (сертификат, лицензия, мал дәрігерлік куәлік, кеден декларациясы) беруге тиіс.
Накладноймен қатар жол ведомосі толтырылады, ол накладноймен 50 га жүкті тағайындалған станцияға дейін жеткізгенше бірге ере жүреді. Жол ведомостінің бланкісі үш парақтан тұрады, олардың барлығында накладнойдың нөміріне сәйкес бірдей нөмір болады. Бірінші парақ жол ведомостінен тұрады. Екінші парақ жол накладнойының түбіршігінен тұрады, үшіншісі жүкті тасымалдауға қабылдаудың квитанциясы болып табылады. Жүкті тасымалдауға қабылдағанын растау үшін темір жол накладнойға күнтізбелік мөр басуға және квитанцияны жүк жөнелтушіге беруге міндетті.
Жүк жөнелтуші немесе оның атынан әрекет ететін тұлға накладнойға енгізілген мәліметтердің дұрыстығы үшін, сонымен қатар, өздері накладнойда көрсеткен мәліметтердің қателігі, нақты болмауы немесе толық болмауының барлық салдары үшін жауапты болады. Темір жол бұл мәліметтердің дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жүк жөнелтуші көрсеткен жүктің салмағын таңдамалы өлшеу жолымен тексеруге құқылы.
Заңнамамен тасымалдаушы, жүкке қойылатын барлық талаптар сақталған кезде, жүктерді тасымалдауға қабылдаудан бас тартуға құқылы болатын негіздердің түпкілікті тізімі белгіленген. Тасымалдау бұл кезде шарт тараптары үшін объективті себептер бойынша мүмкін болмай қалады. Белгілі бір бағыттар бойынша жөнелту үшін жүктерді тиеуге ерекше жағдайларда темір жол бағытының ұсынысы негізінде Көлік және коммуникация министрінің нұсқауы бойынша тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарланады. Стихиялық сипаттағы құбылыстар, апаттар, авариялар, көлік коммуникацияларын қасақана қоршап тастау орын алғанда, сондай-ақ, карантин жарияланғанда жүктерді тиеу темір жол бастығының ұйғарымымен уақытша шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі хабарландырылады, ол тиеу және темір жолдардың белгілі бір учаскелерінде поездардың қозғалысы шектелетін немесе тоқтатылатын мерзімді белгілейді. Аталған мерзім темір жолдардың барлық бастықтарына хабарлаңдырылады. Мұндай жағдайлардың орын алуы тасымалдаушыны тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындалмағаны немесе міндетті түрде орындалғаны үшін жауапкершіліктен босатуға негіз болып табылады. Тиеуге тиым салумен немесе оны шектеумен байланысты аяқталмай қалған тиеу келесі кезеңдерде жүзеге асырылады
Жүктерді тасымалдағаны үшін есе айырысу тәртібі.  Шартқа сәйкес жүк жөнелтуші немесе жүк алушы тасымалдаушы қызметіне ақы төлеуге міндетті. Тиісті төлемдерді төлеушілер колма-қол ақшамен, чектер негізінде қолма-қол ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылар үшін есеп айырысудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Бұл кезде есеп айырысу тәртібін Көлік және коммуникация министрлігі бекітуі мүмкін, ол өз кезегінде несиелік және есеп айырысу қатынастарын реттейтін заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте, төлеушілер тасымалдау төлемдерін жүк станциядан жөнелтілгенге дейін енгізеді. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемінің жеткіліксіз бөлігін төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық төленген сомалар да қайтарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін бөтеннің ақшаларын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем жүзеге асырылғанға дейін жүкті жөнелтуді кідірту жолымен шұғыл санкциялар қолдану құқығы беріледі.
Жүкті жөнелткенге дейін есеп айырысу кезінде төлемдерді енгізу мерзімі тасымалдауға қабылдау күнімен анықталады, ал жүк баратын жерге есеп айырысу кезінде, тасымалдау құжатында көрсетілген жүкті жүк қабылдаушыға беру күнімен анықталады. Тасымалдау төлемдерін кем төлеу және артық төлеу бойынша есеп айырысу мерзімдері қайсыбір тарап есепті көрсеткен сәттен бастап анықталады.
Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушінің (басқа тұлғаның) жүкке билік ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтуші немесе жүкке билік ету құжатының иесі тасымалдаушыға тасымалдауды тоқтатуды немесе жүкті қайтаруды талап ете алады не басқа да өкім бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеуді, сондай-ақ жасалған өкімге байланысты келтірген шығындарды өтеуін талап етуге құқылы. Жүк баратын жеріне жеткеннен кейін жүк алушыға жүкті берген кезде жүк жөнелтуші аталған құқықтардан айырылады. Темір жол тасымалдаулары кезінде жүктерді жаңа адреске жолдау мүмкіндігі көзделеді. Жаңа адреске жолдау дегеніміз жүк алушыны немесе тасымалдауға қабылданған жүктің баратын станциясын өзгерту. Темір жол жаңа адреске жолдауды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының мәлімдемесі бойынша жүзеге асырады, мәлімдемесі бойынша өзгеріс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат алдында сол өзгерістің салдары үшін жауапты болады және ол жүк жөнеліуші, бастапқы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге міндетті.
Теңіз тасымалдау шарты бойынша, егер тиелген жүктің басқа да шығындарын өтемесе, ал жүк жөнелтуші немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейін тасымал төлемін толық енгізбесе не қосымша қамтамасыз етуді жүзеге асырмаса, тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтуші тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемінің) екіден бірін ал, бос тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшін ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиіс. Бұл жағдайда жүкті қайта түсіру де жүк жөнелтушінің немесе кеме жалдаушының есебінен жүзеге асырылады. (Теңіз саудасы туралы заңның 90-бабы). Аталған заңның 89-бабында екі тараптың жүкті теңізде тасымалдау шартын орындаудан бас тарту негіздері көзделген 91-бапта жүкті теңізде тасымалдау шартынан жүк жөнелтушінің бастарту негіздері мен жағдайлары көзделген.
Тасымалдаушының келісіміндегі - өзіне тапсырылған жүкті белгіленген мерзімде жеткізіп беру. Жүктерді темір жолмен тасымалдау шарты бойынша жүкті жеткізіп беру мерзімдегі басқа шарттардағыдай ерікті түрде белгіленбейді, ол орталықтан анықталады, өйткені тасымалдаушының жүкті жеткізіп беру бойынша өз міндетін орындауы тек тараптардың еркіне ғана емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдайларғада байланысты (жолдың өткізу қабілеттілігіне, поездар қозғалысының белгіленген жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер жеткізу мерзімі өткенге дейін жүк темір жолдың құралдарымен  баратын станцияда түсіріліп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілсе жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі. Жүктерді тасымалдаудың басқа түрлері бойынша мерзім заңнамамен белгіленбеуі де мүмкін, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы. Егер жүкті жеткізу мерзімі заңнамада және шартта анықталмаса жеткізу қисынды. Егер жүкті жеткізу мерзімі заңнамада және шартта анықталмаса, жеткізу қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс (ҚР АК 698-бап).
Егер вагондарды, контейнерлерді түсіруге беру түсірушілердің бос болмауы салдарынан немесе жүк алушыға немесе оның атынан әрекет етіп жатқан көлік-экспедициялық кәсіпорынға тәуелді басқа да себептер бойынша кідіртіліп жатса және бұған қатысты жалпы нысандағы акт рәсімделіп қойса, жүк мерзімінде жеткізілді деп есептеледі егер ол баратын станцияға жеткізудің белгіленген мерзімі өткенге дейін келсе. Жүктің келгендігі туралы темір жол жүк алушыны жүк келген күннен кейінгі 12 сағаттан кем емес мерзім ішінде хабарландыруға міндетті. Сондай-ақ, жүк алушы вагондарды, контейнерлерді жүк алушының құралдарымен түсіруге беру уақыты туралы оларды бергенге дейін екі сағаттан кем емес уақыт ішінде хабарландырылады. Кейбір жағдайларда темір жол жүк алушының хабарландыруды шарт бойынша жүргізеді. Темір жол жүк алушыны жүктің келгендігі туралы хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердің тұрып қалғандығы үшін жауапкершілік жүктелмейді және ол жүктің келгендігі туралы хабарландыру жіберілгенге дейін жүктерді сақтау үшін алынатын алымды төлеуден босатылады.
Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетілген жүк алушыға жүкті беруге міндетті ал соңғысы өз кезегінде тиісті тасымал бойынша тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті. Жүк алушы оны алу барысында бұл туралы жол ведомостіне қол қояды. Жүкті жүк алушының өкілетті тұлғасына да беруге болады. Егер алушының атына жеткізуі шартпен, келісім-шартпен көзделмеген, сондай-ақ атауы темір жол накладнойына сәйкес келмейтін жүк келсе, жүк алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға міндетті.
Жүк ортақ пайдалану орындарында алынған кезде жүк алушы өз атына келген жүкті қабылдауға және станциядан алып кетуге міндетті. Жүктің сапасы бүліну немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкіндігі толығымен немесе ішінара жоғалтылатындай өзгеріске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүкті қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға келген жүктер 24 сағат ішінде тегін сақталады. Бұл мерзімнің ерекшелігі оның басталуы жүк немесе контейнер темір жолдың құралдарымен түсірілген күннің немесе жүк жүк алушының құралдарымен түсірілуге берілген күннің 24 сағатына тураланатындығында. Егер жүк аталған мерзімнен артық сақталатын болса онда темір жол еркін тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын күш жағдайларының орын алды нәтижесінде жүкті жеткізуге немесе жүкті сақтаудың шекті мерзімдері ішінде оны құжатта көрсетілген жүк алушыға беруге мүмкіндігі болмаған кезде темір жол жүкке қатысты жүк жөнелтушінің нұсқауы бойынша шара қолданады. Жүк жөнелтуші мұндай нұсқауды өзіне хабарландыру келген күннен бастап бір тәулік ішінде беруге міндетті.
Әдетте жүк темір жолмен оның жай-күйін тексерусіз беріледі. Жеткізілетін станцияда жүктің жай-күйін, салмағы мен санын тексеруге заңнамада көзделген негіздер болған кезде ғана жол беріледі. Яғни бұл жерде болжамды түрде жүктің жеткіліксіз болу, бүліну, жойылу жағдайлары туралы сөз болып отыр. Мысалы, жүк бұзылған вагонда, контейнерде немесе пломбасы зақымданған вагонмен, контейнермен не жол бойындағы станциялардың пломбаларымен келсе, жүк ашық жылжымалы составта немесе пломбасыз жабық вагондарда жетіспеушілік, бүліну немесе зақымдану белгілерімен келсе. Егер тез бүлінетін жүк жеткізу мерзімін немесе тоңазытқыш вагондардың температура режимін сақтамаумен келсе онда жүкті бүлінді деп болжауға негіз пайда болады. Темір жол жүкті ортақ пайдалану орындарында түсірген кезде, жүк алушының тарапынан болашақта болуы мүмкін талаптардың алдын-алудың белгілі бір шарасы ретінде жүктің санын тексеру қолданылады. Бұл жағдайда тексеру жүкті қабылдау мен беруді еске түсіреді. Өйткені сол сәттен бастап жүк алушы тасымалдаушыға тәуелді емес негіздер бойынша жүктің түсірілу жерінде жойылу немесе бүліну қаупімен, жүкті шығару үшін өзіне тәуелді барлық шараларды қолдануға тиіс. Жүктің салмағы өлшеу кезінде кеміген, бірақ айырмашылық қалыпты азаю нормасынан және таза салмағын анықтауда шекті (жол берілетін) айырмашылықтан аспайтын кезде жүктің салмағы тасымалдау құжаттарында көрсетілген салмаққа сәйкес деп есептеледі. Артық салмақ анықталған кезде, таза салмақты анықтауда жол берілетін айырмашылық проценті есепке алынады.
Жүктің салмағын оны беру кезінде тексеру әдісі осы жүкті тиеу кезінде қолданылған әдіспен жүзеге асырылады. Яғни, салмағын шартты түрде анықтау мүмкін болады. Алайда, егер жүк баратын станцияда темір жол мен жүк алушыда таразы болмаса, онда бос тиеу немесе үйінді түрінде тасымалданатын жүктер салмағын тексерместен беріледі.
Жүкті тексеру темір жолдың міндеті болып табылмайтын жағдайларда ол жүктің салмағын, орындардың санын, оның жай-күйін анықтауға шарттық негізде қатыса алады. Онда еркін тарифтер бойынша алым алынады.
Жүкті беру сәтінде немесе оның жол жүруінде кемістікті, бүліну немесе зақымдануын анықтаудан келесі қадамы болып (коммерциялық актімен белгіленген) жүктің іс жүзіндегі кемістігі, бүліну немесе зақымдануының мөлшерін анықтау табылады. Егер сараптама жүргізу қажеттілігі туындаса темір жол өз бастамасы бойынша немесе жүк алушының талап етуі бойынша сарапшыны немесе тиісті маманды шақырады. Жүк алушы жүкті дер кезінде түсірмеген немесе алып кетпеген жағдайда тасымалдаушы (темір жол) белгілі бір шараларды қолдануға құқылы. Темір жол бөлімі бастығының шешімі бойынша түсірілген жүктерді сақтау үшін алынатын ақы ұлғаюы мүмкін. Баламалы түрде жүк алушыға жүк жөнелтушіге байланысты себептер бойынша вагондарды кіріс жолына өткізуге күтуде темір жолдың кіріс жолдарында немесе станция жолдарында белгіленген мерзімдерден асыра 24 сағаттан артық кідіртілген вагондардың, контейнерлердің тұрып қалуы үшін айыппұл төленуі немесе вагондарды пайдаланғаны үшін ақы екі есе мөлшеріне дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлерді) темір жолға тапсыруға міндетті. Тараптар арасында вагондарды қабылдау тапсырумен байланысты міндеттер бөлінеді. Вагондардың ішкі және сыртқы беттері тазартылуға тиіс, жылжымайтын инвентарлық бекіту құралдары (соның ішінде турникет) дұрыс техникалық жағдайға келтірілуге тиіс. Бұл жүкті түсіруді жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі. Вагондарды тазалау мен реквизиттерді алып тастау жүк алушының міндеті болып табылатын жағдайларда темір жол тиісті түрде тазартылмаған вагондарды қабылдамауға құқылы.

1.3.Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері

Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де апаратын мекенге жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқық берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді. Жолаушы тасымалдау шарты - екі жақты, ақылы және жүктерді тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиісінше жол жүру билеті мен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Аталған құжаттарда шарттар негізінен біржолғы болып табылады, яғни белгілі бір көлікпен бір рет жол жүру мақсатында бекітіледі. Жолаушыларды қалалық және қала маңы көлігімен тасымалдау туралы сөз болғанда белгілі бір (әдетте бір айлық) мерзімге бекітілетін тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл мерзім ішінде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға міндеттенеді. Мұндай шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкін, мысалы, тасымалдаушы жеңілдік жағдайларымен тұлғалардың белгілі бір категориясын тасымалдауды жүзеге асырғанда. Біржолғы жолаушылар билеті жеке адамға да, сондай-ақ адамдар тобын тасымалдауға берілуі мүмкін, осындай жолмен бекітілген тасымалдау шарты жеке сипатқа ие емес, бірақ тасымалдау басталғаннан кейін ол тек билет бойынша жол жүруді бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерін басқаға беруге, қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезінде шарт жеке сипатқа ие, билетті басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату немесе беру фактісі анықталған жағдайда билеттің күші жойылады және оның бағасы қайтарылмайды. Шарт бекіту (билет беру) жолаушының жеке басын куәландыратын құжат негізінде жүзеге асады.
Әрбір жолаушы жол жүру билетін иеленуге міндетті, тасымалдаушы оның сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейін қамтамасыз етуге міндетті (егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдірсе, онда олар қайта қалпына келтірілмейді, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.
Жолаушыларды темір жолмен тасымалдау үшін пайдаланылатын поезд түрі маңызды болып табылады. Мәселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел және жолаушы поездары (тиісінше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергілікті және қала маңына қатынайтын болып бөлінеді. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетін поездар фирмалық болып бөлінеді. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрі де маңызға ие. Су көлігімен тасымалдау кезінде берілетін каютаның класы (не палуба орындарында тасымалдау көзделуі мүмкін) маңыздылыққа ие. Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде жолаушы орналасатын салонның класына (қызмет көрсету деңгейіне) қарай градация көзделуі мүмкін.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері жалпы түрде Азаматтық кодексте анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ің "Көлік туралы" Заңында көрсетілген, көліктің жекелеген түрлерімен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар жолаушыларды тасымалдаудың сол немесе өзге бір түрін реттейтін нормативтік актілерде нақтыланады, бірақ негізгі тұстары бойынша олардың нормалары аталған заңның нормаларымен сәйкес келеді.
Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшін айрықша нақтыланады. Оған кез-келген көлік түріне және жолаушылар тасымалы үшін ашық болатын кез-келген бағыт бойынша билет алу құқығы беріледі. Бекітілген шарт бойынша жолаушы көлік құралында билікке сәйкес орынды иеленуге құқылы. Бұл көлік құралындағы орын категориясына да, нақты орынға да қатысты.
Жолаушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тасымалдаудың тікелей жағдайларының өзі ғана емес, сонымен қатар қажетті инфрақұрылымның, тиісті қосымша сервистік болуы маңызды болып табылады.
Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдаумен байланысты операцияларды орындау үшін ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін талаптарға сай болуға тиіс. Тасымалдаудың мөлшеріне қарай вокзалдарда теңдеме жүкті қабылдау мен беру бөлмелері, қол жүгін сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттік жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелері; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы гигиеналық қызмет көрсететін үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелілер, шаштараздар, дәрігерлік көмек пунктері және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін және олардың жол жүру, түсу және өту қауіпсіздігін арттыру үшін станцияларда төбесі жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдері немесе көпірлер салынады. Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға және жаяу жүретіндер мен қала көлігінің ыңғайлы және қауіпсіз қозғалысының талаптарына сай болуға тиіс.
Жолаушы билетті өзінің жол жүруі үшін, сондай-ақ өзімен бірге 7 жасқа дейінгі, ал халықаралық тасымал кезінде 5 жасқа дейінгі, бір баланы (жеке орын берілмейтін) тегін алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекіту талап етілмейді. Мұндай мүмкіндік жолаушыға көліктің таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа барлық түрімен тасымалдау кезінде беріледі.
Жолаушыға ішкі тасымалдар кезінде 7-ден 15 жасқа дейінгі және халықаралық тасымалдар кезінде 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерінде төлеумен жеңілдік жағдайларында бекітуге кұқық беріледі. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бірге немесе бөлек жол жүретіндігі маңызды болып табылмайды.
Тасымалдау әртүрлі мемлекеттердің бірнеше тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын және оған солармен бірге Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңілдік (құқық) тек Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлігінде ғана берілетін болады.
Жолаушы көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде жүріс барысындағы аялдамада билет күшін 10 тәуліктен аспайтын мерзімге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көліктін барлық түрлерінде ұзартуға құқылы. Жүріс барысындағы аялдама кезінде билеттің әрекет ету күші тасымалдаушымен ұзартылуы мүмкін. Мәселен, темір жолмен тасымалдау шарты бойынша жолаушы ауруына байланысты жол жүру барысында аялдаған кезде емдеу мекемесінің анықтама қағазын көрсеткенде билет күшін ауыру уақытына ұзартуға құқылы. Жолаушыға поезда орын берілмеген жағдайда билет күші жолаушыға орын берілетін келесі поезд жөнелтілгенге дейін ұзартылады.
Тасымалдаудың барлық түрлері бойынша жолаушы көлік қызметтерін көрсететін тасымалдаушының кез-келген мекемесіне тасымал басталғанға дейін билетті тапсыруға және тасымал үшін төленген соманы қайта алуға құқылы. Тасымалдаушымен қайтарылмайтын соманың мөлшерлері және оларды қайтару тәртібі көлік жарғыларымен (тасымалдау ережелерімен) анықталатын болады. Темір жол тасымалдары бойынша қайтарылатын сомалардың мөлшері ТЖУЖ-дің 105-бабының "и" тармағында көрсетілген. Егер пайдаланылмаған темір жол билеттері темір жол станциясының кассасына поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкін, ал поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан кем, бірақ  6    сағатқа дейінгі уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуіне 6 сағаттан кем уақыт ішінде қайтарылса тек билет құны қайтарылады, бұл кезде плацкарт құны қайтарылуға жатпайды. 
Егер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың тапсырыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнелтілгенге дейінгі 7 тәуліктен кем, бірақ 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтілгенге дейінгі үш тәуліктен кешіктіріліп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.
Ұжымдық жол жүру билеттерін қайтару кезінде өзгеше мерзімдер мен ұстап қалуды белгілеу, ең алдымен, тасымалдаушының бұл жағдайларда ұжымдық тапсырыстан бас тарту салдарынан анагұрлым көп шыгынға ұшырауымен байланысты, өйткені дәл сол орындарға билеттерді қайта өткізуге мүмкіндік болмай қалуы мүмкін. Дегенмен, жол жүруден бас тарту барлық жағдайларда билет алған тұлғаның құқығы ретінде қарастырылады, және қандай да бір жауапкершілік санкциясын қолдану туралы сөз болмауға тиіс.
Жол жүру билеті алынған поезға (қала маңына қатынайтыннан басқа) үш сағатқа, ал ауруына немесе оқыс жағдай салдарынан - поезд жөнелтілген сәттен бастап үш тәулікке кешіккен кезде жолаушы сол жол жүру кұжатының күшін плацкарт құнын қайта төлеу арқылы басқа поезға қайта жаңартуға құқылы. Сонымен қатар жолаушы плацкарт құнын шегеріп тастап, жол жүру құнын қайта алуға құқылы.
Жол жүру бойында (темір жол тасымалы кезінде) жүрісін тоқтатқан кезде жолаушы жүрмеген қашықтығының жол құнын плацкарт құнын шегеріп тастап қайта алуға құқылы.
Жол жүру барысындағы уақытта жолаушыға бос орындар болған кезде жоғары категориялы вагоннан орын алуға құқық беріледі.
Жолаушы өзімен бірге қол жүгін (теңдеме жүкті) алып жүруге құқылы. Әуе көлігінде, қалалық және кала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүрісті тегін алып жүру белгіленеді. Темір жол, теңіз, ішкі су көлігінде, сондай-ақ халықаралық автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгін және теңдеме жүкті тегін алып жүру белгіленеді. Тасымалдаушылар өз шешімі бойынша көліктің барлық түрлерінде тегін тасымалданатын теңдеме жүктің салмағын ұлғайтуға құқылы. Темір жол тасымалы кезінде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттарды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүкті тегін алып жүру үшін тапсыруға құқылы, белгіленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүкті алып жүре алады.
Тасымалдауды жалғастырудан тасымалдаушы бас тартқанда ол жолаушыны баратын жеріне өз есебінен жеткізуге немесе шартты бұзу салдарынан жолаушыға келтірген барлық шығындарды өтеуте міндетті.
Егер темір жол тасымалы кезінде жолаушыға сатып алынған билетке сәйкес орын берілмесе, онда темір жол жолаушыға оның келісімімен басқа вагоннан орын тауып беруге міндетті, ал вагонның категориясы жоғарырақ болса, ол үшін қосымша ақы алынбайды. Жолаушыға өзі сатып алған жол жүру құжатының құнынан төмен тұратын орын берілгенде, оған жол жүру құнының айырмашылығы да қайтарылуға тиіс.
Теңдеме жүкті тасымалдау жөніндегі міндеттеме - тасымалдаушының жолаушы көрсеткен бағытта теңдеме жүкті алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге дейін оның сақталуын қамтамасыз ету міндеттемесі болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлімшесінде орналастыру үшін қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлігімен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүкті әртүрлі көлікпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темір жол тасымалдауы кезінде теңдеме жүкті тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиісті бағыттағы келесі поезбен жіберуге міндетті. Егер жолаушының мәлімдеуі болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетілмеген басқа бағыт бойынша жөнелтілуі мүмкін. Көліктің барлық түрлерінде теңдеме жүкті тасымалдауға алуды куэландыратын теңдеме жүк түбіртегі берілетін болады. Жолаушы теңдеме жүкті тапсыру кезінде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады.

1.4.Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершілік

Жүктерді тасымалдау бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері тасымалдаудың басқа да шарттары сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 701-бабының әрекетіне негізделеді. Тасымалдау бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде басқа да шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптар Азаматтық кодекспен, көлік туралы заңды актілермен, өзге де заңды актілермен, сондай-ақ тікелей жүктерді тасымалдау шартымен тікелей көзделетін жауапкершілікке тартылады.
Тасымалдау шарттары жөніндегі жалпы ереже бойынша заңды актілермен белгіленген жауапкершілікті шектеу немесе жоюға бағытталған келісімдер де жарамсыз деп танылады.
Тасымалдау шартын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасының "Темір жол көлігі туралы" Заңында қалыптастырылған. Аталған заңның 73-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, міндеттемені бұзған тарапты жауапқа тарту тек қана құқық бұзылған тараптың талабы бойынша жүзеге асырылады. Осы норманы енгізу арнайы көлік заңнамасы мен Азаматтық кодекстің тағы да бір тығыз нығая түскендігін куәландырады. Тасымалдау шарты бойынша тараптар өзара келісім бойынша жауапкершілік мөлшерін ұлғайта алады, сондай-ақ қосымша жауапкершілік көздеуі мүмкін (яғни сол немесе өзге бір жағдайларда тасымалдау шарты бойынша жауапкершіліктің жекелеген негіздерін және жауапкершілік мөлшерін анықтау).
Тасымалдауды бірнеше тасымалдаушылар жүзеге асырған жағдайда олар жүкті, теңдеме жүкті жоғалтқаны, олардың жеткіліксіздігі, бүлінуі (зақымдануы), сондай-ақ жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жөнелтуші (жүк жөнелтуші), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершілікте болады. Егер тасымалдаушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иесінің, экспедитордың кінәсі бойынша туындаған жауапкершілікке тартылса, онда ол кінәлілерге регресстік (кері) талап қоюға құқылы.
74-бапта жауапкершілік шарасы ретінде айып төлеу қолданудың белгілері анықталған. Темір жол көлігімен тасымалдау шартымен айып төлеу жиі-жиі айыппұл сипатына ие екенін атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшері Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тікелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесілі төлемдерді төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленгендей, бөтеннің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік мөлшерінде айып төлейді. Егер тасымалдау шарттарының тараптарында өзге келісім болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сомасынан ең алдымен айып төленеді, ал қалған бөлігімен қарыздың негізгі сомасы өтеледі.
Тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін де жауапкершілік туындауы мүмкін (мұнда, тасымалды ұйымдастыру туралы шартқа негізделген жоспар ойға алынып отыр). Мұндай жауапкершілік тек темір жол тасымалдары үшін ғана көзделеді. Тасымалдауды реттейтін баска нормативтік актілер бойынша жауапкершілік тасымалдау шарттарының немесе тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттардың өзінде көзделуі мүмкін. 
Қорытынды

Бірқатар басқа азаматтық-құқықтық шарттардағы несие берушілер сияқты экспедиторлар да ұстап қалу құқығын пайдаланады ол көлік экспедициясы шарты бойынша шартпен және заңмен қамтамасыз етілетін экспедитордың жүкті тек оның экспедициялық қызмет керсетулері үшін алуы тиіс сыйақьшьщ төленбеуіне байланысты ғана ұстап қалу құқығымен шектеледі (ҚР АК 712-6.). Осы айтылған сөз - экспедитор клиентті өзінің алдында міндеттемені орындауға мәжбүрлеу үшін мүлікті ұстап қалуға тиісті (құқылы) емес дегенді білдіреді. Ұстап қалуды борышқор мүлкіне өндіріп алумен шатастырмаған жөн.
Көлік экспедициясы шартының эрбір тарабы бұл туралы басқа тара-пқа қисынды мерзімде ескерте отырып, шарттан (оны орындаудан) бас тартуга құқылы. Шартты орындаудан біржақты бас тартқан тарап осы кезде екіюпі тарапқа шарттық бұзылуынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Жауапкершіл ік. Көлік экспедициясы шаргы бойынша жауапкершілік міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ҚР АК-ң 20-тарауымен көзделген жалпы ереже-лерге негізделеді.
Азаматтық кодекстің 713-бабында тасымалдау жэне экспедиция қаты-настарының өзара тығыз байланысы ескерілген.
Экспедитор кэсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылғандықтан тиісінше ол клиент алдында, бой алдьфмайтын күш немесе форсмажор-лық жағдайлар салдарынан өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатыла отырып, кінәсіз жауапкершілікте болады. Эскпедицияньщ тасымалдау қатынастарымен аталған өзара байланысты-лығын жауапкершілікке қатысты ескерудің көрінісі, кейбір жағдайларды экспедиция міндеттемелерін бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы эрекеттерінің салдарынан болу мүмкін екендігі де есепке алынатынымен сипатгалады.
Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершілігінің мөлшері мұндай жағдайларда клиентке келтірілген шынайы залал мөлшерінен, яғни, та-сымалдаушы жауапкершілігінің мөлшерінен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиіс, бірақ клиент алдында тікелей жауапты болып бэрібір экспедитор қалады! Тасымалдаушының кінәлі әрекеттерінің салдарынан жауапқатартылған экспедитор оған кері талап қою құқығын иеленетін болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    И. П. Плеханов. «Автокөлік». Мәскеу «ПРОСВЕЩЕНИЕ» 1987 ж.
2.    Г. В. Крамаренко. «Автокөліктердің техникалық пайдалану». Жоғары оқу орындарға арналған Мәскеу «ТРАНСПОРТ» 
3.    Бекжанов З.С., Омарова Г.А., Асанова Ф.Д., Бердімбет А.М. “Көліктану негіздері”, Алматы, 2003-182 бет.
4.    Бабаджанян М.Г., Славина С.Э. Улучшение условий труда –важная задача НОТ. М., «Экономика»
5.    Бугров А. П., Чубаров Г.С. Отраслевые нормы труда. М., «Экономика» 

Жүктеп алу
660 рет жүктелген
173.50 кб файл салмағы