Тәжікстан

Рефераттар
120

Тәжікстан-экватрдың солтүстігінде 670 батыс бойлықтан 760 шығыс бойлыққа дейін, 380 және 410 оңтүстік ендік аралығында, субтропиктік белдеуде созылып жатыр.
Республика Орта Азияның оңтүстігінде орналасқан, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Ауғанстанмен шектеседі. Жер көлемі- 143,1 мың км2. Астанасы – Душанбе. 
Т а б и ғ а т ы: Тәжікстан таулы ел, территориясының 93%-і Тянь-Шань, Гиссар-Алай, Памир тау жүйелеріне жатады. Жерінің жартысына жуығы 3000 метр биіктікте орналасқан. Ең биік жерлері Коммунизм шыңы-7495 м, Ленин шыңы – 7134 м.
Тәжікстан жерінде Ортаңғы және Төменгі Тянь- Шань және Памир қатпарлы құрамы, сонымен қатар екі тауаралық ойыс Тәжік және Ферғана аңғарлары   орналасқан. Альпілік қозғалыс нәтижесінде Гиссар Алайдың қазіргі рельеф формасы қалыптасты.
Тәжікстан территориясы тұтасымен сейсмикалық жоғары ауданда орналасқан. Пайдалы қазбалардан Памир және Гиссар Алайда сурьма, сынап, мышьяк, боксит, тау хрусталі, оптикалық флюорит, исландия шпаты, лазурит, алтын, вольфрам рудалары: құрама зонасында полиметалл, сирек металдар, оптикалық шикізат, таскөмір; Тәжік және Ферғана аңғарларында мұнай, газ, жанғыш тақтатас, тастұз, құрылыс материалдары өндіріледі. Жарылыс зоналары минералдық бұлақтарға (ыстық, радиоактивті сулар) бай.
Тәжікстанның климаты континенттік, қаңтардың орташа температурасы батыстағы таулы аудандарда 2; -20С, солтүстігнде 200С – қа дейін, температураның абсолюттік минимумы 400. Республика жеріне ылғалды солтүстік-батыс, батыс және оңтүстк – батыс ауа массалары алып келеді.Тау аңғарлары мен қазаншұңқырларда жылына 100-150 мм жауын-шашын түседі, Шығыс Памирде 72 мм түседі. Республика территориясының барлық аудандарында жазда тау аңғарлары желдері үстемдік етеді.Ферғана аңғарында жаз бен күзде құрғақ және ыстық гарсмел желі, республиканың оңтүстік  бөлігіне ауған желі соғады. Қар жиегі Гиссар Алайда 3800-4400 м, Памирде 3600-5400 м биіктіктен өтед.
Ө з е н д е р і: Тәжікстан өзендері Амудария, Сырдария, Зеравшан алаптарына(Памирдегі қара жылға, Ақ жылға, Мұзкөл өзендері, Қаракөл алабына Марқанау өзені, Тарим алабына құяды)  жатады. Амудария алабы (Пндж, Гунт, Бартанг, Язгулем, Ванч, Қызылсу, Вах) республика жерінің төрттен үшін қамтиды. Сырдария алабына Түркістан жотасының солтүстік беткейімен ағатын өзендер (Исфара, Қожабақырған, Қарасу, Ақсу) кіреді. Өзендердің көпшілігі мұз, қар суымен қоректенеді. Тәжікстан гидроресурстық абсолюттік қоры жөнінен ТМД бойынша Ресейден кейінгі орынды алады.  Көлдері негізінен Памир және Гиссар Алай тауларында орналасқан. Ірілері: Қаракөл, Сарез, Жасыл көл, Ескендір көлі. Өзендерінде Нүрек бөгені, Фархад бөлігі салынған.
Жазық пен аласа таулы өңірлерде сұр топырақ, таулы бөліктерде қою сұр топырақ, таудың орта бөліктерінде (1600-2800 мм) таудың қоңыр топырағы, оңтүстік және солтүстіктің ылғлды өңрде қоңыр топырақ жоғары белдеулерде (2800м) биік таудың шалғын дала, дала, шөл дала топырақтары, Шығыс Памирде биік таулы шөл қалыптасқан. 
Тәжікстанда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5000 түрі кездеседі, сүректі бұталы өсімдіктер территорияның 4%-ін қамтиды. Өзен жайылымдарында тораңғы қамыс тоғайлары, таулы аудандардың екіден бірн арша орманы, ылғалды аудандарда грек жаңғағы, түркістан үйеңкісі, шығыстың шынары, Сиверс алмасы, бұхара бадамы, биік таулы белдеулерде шалғын дала өсімдіктері өседі.
Тәжікстанның фаунасында сүтқоректілердің 81, құстың 365, бауырмен жорғалаушылардың 49, насекомдардың 7-8 түрі кездеседі. Жазық және тау бөліктерде жайра, қабылан бұқара бұғысы, қамыс мысығы, шибөрі, барыс, борсық, жабайы шошқа, таулы ормандарда аю, ақкіс, қасқыр, таутеке, арқар, т.б. мекендейді. Су айдындарында балықтың 40 мың түрі бар. 
Ш а р у а ш ы л ы ғ ы мен ө н е р к ә с і б і: Тәжікстанда негізінен түсті металлупгия, химия өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсб, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған. Тәжікстан гидроресурсқа бай ел болғандықтан түсті металлургия және алюминий өндірісі жақсы дамыған. 1976 ж Тұрсынзада қаласында алюминий зауыты салынды.  Өнеркәсіптің бұл саласы электр энегиясын кп қажет ететін белгілі. Сонымен қатар, Таулы Бадахшан автономиялы облысында химия өнеркәсібі дамыған, бірақ, соңғы жылдары бұл өнеркәсіп саласы тоқырау шегінде. Таулы Бадахшанда тау-кен өндірісі де жақсы дамыған. Мұнда негізінен асыл тастар, гауһар, жақұт, т.б. өндіреді.
Тәжікстанда тамақ және жеңіл өнеркәсіп те дамыған, бірақ соңғы жылдардағы елдегі тұрақсыздық, азамат соғысы өнеркәсіптің бұл саласын тоқырауға ұшыратты. Өндіріс орындары соғыс кесрінен қирап, жұмысын тоқтатты. Экономикалық негізгі саласының бұлайша тоқырауы елдің әлеуметтік жағдайына соққы болып тиді: жұмыссыздық етек алып, Тәжікстан әлеуметтік жағынан ТМД-дағы ең арттағы елдердің бірі болды. Тек соңғы 2-3 жылда ғана елде тұрақтылық байқалып, батыс елдер республика өнеркәсібіне көңіл аударып, инвестиция сала бастады. Мұнда инвесторларға қолайлы жағдай жасалмағандықтан, инвесторлар бұл елге келуге онша мүдделі емес.
А у ы л шаруашылығы: Тәжікстан негізінен аграрлы ел, республикада 14,3 млн га жер болса, оның ауыл шаруашылығына жарамдысы 1,2 млн га. Жерінің 93%-і таулы аймақ, тек тауаралық жазықтар ғана шаруашылыққа жарамды. Тәжікстанда негізнен бидай, арпа, ячмень, жүгері, т.б. техникалық дақылдар өсіріледі. Сонымен қатар жеміс-жидек, жүзім өсіру жолға қойылған. Халықтың біраз бөлігі мал өсірумен де айналысады: негізінен ірі қара, қой, ешкі өсіреді.Шаруашылықтың бұл саласы таулы аудандарда, атап айтқанда Таулы Бадахшан автономиялы облысы, Зеравшан аудандарының биік таулы аудандарында жақсы дамыған.
Соңғы жылдардағы елдегі тұрақсыздықтың кесірінен егіс жерлерді құнарландыру мүлдем жүргізілмейтін болды. Нәтижесінде жер құнарсызданып, пайдасыз болуда. Көп жерлерде халық наша өсрумен айналысады. Бұл келеңсіз жағдай Ауғанстанмен шекаралас Қаратегін ауданында орын алуда. Республика наркотрафиктің негізгі жолына айналып отыр, Ауғанстаннан әкелінетін нашаның неше түрі Тәжікстан-Өзбекстан-Қазақстан-Ресей арқылы Еуропаға шығарылады. Осы және елдегі саяси тұрақсыздық халықтың жағдайын ауырлатты. Халықтың төменгі бөлгі киерге киім, ішерге ас таппауда, мұндағы қазіргі орташа айлық 8-9, ал ең төменгі жалақы 1 АҚШ долларын құрайды. Аймақтағы тұрақсыздық пен Ауғанстандағы соғыс шекаралас аудандарда босқындардың жиналуына себеп болып отыр. Олар негізінен этникалық тәжіктер. Үйсз-күйсіз босқындардың бір жерге жиналуы небір эпидемиялық аурулартың тууына себепші болып отыр. Бұл аймақта “Халықаралық қызыл крест пен жарты ай” ұйымы жұмыс істейді, олар халыққа қажетті дәрі-дәрмекті жеткізуде, алайда ол жеткіліксіз.
Осындай жағдайлар республика ауыл шаруашылығын 50 жылға артқа тартты. Шаруашылық қазір ХХғ 60-жылдарындағы деңгейінде қалып отыр. Қазір елде орнаған тұрақтылық ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасап отыр. Артқа кеткен ауыл шаруашылығы енді дамиды деген үміт мол.
А у д а н д а с т ы р у: Тәжікстан географиялық және экономикалық жағдайына байланысты 5 ауданға бөлнеді:
1.    Солтүстік Тәжікстан. Мұнда негізінен ауыл шаруашылығы, көкөніс пен жүзім өсіру басым. Сонымен қатар мал шаруашылығы да жақсы дамыған. 
2.    Зеравшан. Бұл негізінен таулы аудан болғандықтан қой-ешкі өсіру, яғни мал шаруашылығы дамыған. Тәжік экспортының негізі жүн, тері осы ауданда өндірілед. 
3.    Батыс Тәжікстан. Бұл өнеркәсіпті аудан. Мұнда түсті металлургия (алюминий), химия және жеңіл өнеркәсіп дамыған.
4.    Қаратегін. Бұл Сурхоб өзені аңғарында орналасқандықтан егіншілік пен бау-бақша, жүзм өсіру дамыған. Сонымен қатар мал шаруашылығы да дамыған. 
5.    Таулы Бадахшан. Мұнда тау-кен өнеркәсбі жақсы дамыған, сонымен қатар көкөніс пен жүзім өсіру және мал шаруашылығымен айналысады.                                                                     
Т р а н с п о р т және сауда: Тәжікстан сыртқы саудасының 80%-ін ТМД елдеріне, қалғаны алыс-жақын шет елдерге бағытталған. Батыс елдеріне негізінен жүн, теріні Швецияға, алюминийді Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, т.б. елдерге экспорттайды. Импорттың негізін ТМД елдерінен әкелінетін мұнай-газ өнімдері, химия өнеркәсібі, киім-кешек, тамақ және т.б. құрайды. Тәжікстанның негізгі сауда серіктестері: Ресей, АҚШ, Қазақстан, Латвия, Швеция, Италия, т.б. 
Тәжікстан негізінен таулы ел болғанына қарамастан, мұнда автомобиль жолдары да дамыған. Тас жолдардың жалпы ұзындығы 14600 км, негізгі автомобиль жолдары: Душанбе-Ош, Душанбе-Куляб-Қазғантөбе, Хорог-Душанбе-Куляб-Термез және т.б.
Сонымен қатар мұнда темір жол да дамыған. Темір жол ТМД елдерімен байланыстырады, сыртқы саудада негізгі жүк тасымалы осы темір жол арқылы тасымалданады. Автомобиль мен темір жолдар бара алмайтын таулы аудандарға әуе қатынасы пайдаланылады. 
Сурхоб пен Вахш, Пяндж өзендерінде жүк пороходпен де тасымалданады. 
Ә к і м ш і л і к бөлінісі және әлеуметтік-экономикалық жағдайына қысқаша шолу:
Тәжікстан-президент басқаратын унитарлы республика. Елді 1991 ж бері Эмомаи Рахмонов басқарады. Ол 1999ж 10-қарашада 7 жылға қайта сайланды. Жоғарғы заң шығарушы органы – Оли Мәжілісі деп аталды. Ол екі палатадан тұрады: төменгісі өкілдер палатасы (төрағасы-А.Хойдуллаев), мұнда депутаттар 5 жылға сайланды. Жоғарғысы Милли мәжілісі (халық жиналысы) деп аталады. Республика Ленинабад, Куляб, Қорғантөбе облыстарына, Таулы Бадахшан автономиялы облысына және республикаға бағынышты 7 ауданнан тұрады. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін мұнда діни қақтығыс болып, арты азамат соғысына ұласты. Біріккен тәжік оппозициясы басшысы А. Нури мен президент И. Рохмонов 1997 ж 27-маусымда Мәскеуде келісімге келіп, елде тыныштық орнаған болатын. Бұл соғыс шаруашылықтың тоқыруына себепші болған еді. Республика әлі де болса дамуы жағынан артта қалып отыр. Сыртқы жағдайда Өзбекстанмен келіспеушілік бар. Ауғанстандағы жағдай да ел қауіпсідігіне нұқсан келтіріп отыр. Республика Ауғанстаннан келетін нашаның жолында болғандықтан нашақорлық етек жайып, елдегі жағдайды ушықтыруда. Республика территориясының шекарасын түгелімен Ресей әскерлері қорғайды. Сондықтан Тәжікстан Ресей ықпалында қалып отыр, барлық әскери техника мен базалар Ресейдің қолында. 
Х а л қ ы: Тәжікстанның халқы 2000ж. Қаңтардағы санақ бойынша 6,1 млн адам, оның 62,3%-і тәжіктер, 23,5-і өзбектер, 2-і орыстар, 1,4%-і татарлар. Жалпы 80-ге жуық ұлт өкілдері тұрады. Мемлекеттік тілі- тәжік тілі, ұлтаралық қатынас тілі- орыс тілі. Астанасы Душанбеде 536 мың адам тұрады. Ірі қаллары- Ходжент, Қазғантөбе, Куляб, Хорог; ақша бірлігі- тәжік сомы (1$-1620 сом).
А д м и н и страциялық қатынаста Ленинабад Хатлан облысына, Таулы Бадахшан автономиялы облысы және республикаға бағынтын аудандар, астана және оған кіретін8 аудан жеке администрациялық бірлікті құрайды. Діні сунниттік ислам, халықтың біразы шейіт жолын ұстанады. Православиелік шіркеулер де бар. Мұндағы орыс тілді халықтың саны 60 мыңнан аспайды. Мемлекеттік мейрамы – 9-қыркүйек, тәуелсіздік күні. 
Мемлекет басшысы және билікті орындаушы президент, үкімет басшысы – премьер-министр (А.Т. Акилов), жоғарғы заң шығарушы органы-оли мәжілісі- екі палатадан тұрады. Оның депутаттары 5 жылға сайланады. Конституцияға түзетулер енгізу есебінде бір палаталы парламент екі палаталы болып қайта құрылды. Төменгі палата 63 депутаттан тұрса, оның 41-і бір мандатты округ бойынша жасырын дауыс беру арқылы, 22-сі саяси партиялар мен қозғалыстар арқылы сайланады. Депутаттыққа 25 жастан асқандар сайлануға құқылы. 
Жоғарғы палата жергілікті басшылық ұйымдардың территориялық қызығушылық өкілдері негізінде құрылды. Сонымен қатар 8 депутатты президент тағайындайды. Олардың таңдауы бойынша палата мүшелері мемлекеттің бұрынғы басшылары болуы мүмкін. 
Төменгі палатаның қызметі ұлтаралық келісм ратификациясы және денонсациясы референдумдарды тағайындау, заңдарды қабылдау, өзгерту, оларды түсіндіру, сот құру, әлеуметтік-экономикалық заңдарды бекіту және т.б. Палатаны құру депутаттардың дауыс беруі арқылы іске асады.
Конституциялық заңдар төменгі палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен және палата мүшелерінің үштен екі бөлігнен кемемес даусы арқылы жүзеге асады. 
Президенттің ант беруі, оның қызметтен кетуі, президент жолдауы, елбасының әскери және төтенше жағдайлар туралы үкімі, сондай-ақ премьер-министрді және үкімет мүшелерін тағайындау, қызметінен босату палаталардың біріккен отырысында жүзеге асады. Екі палатаның да жұмысы сессиялы түрде жүзеге асады. Яғни, жоғарғы палата 1-қазаннан 30-маусымға дейін тұрақты жұмыс істейді. Ал милли мәжілістің жұмысы жүйелі түрде жүреді. 
І ш к і жағдайы: соңғы бірнеше жылда Тәжікстанда жағдайдың дамуы 1997ж 27-маусымда Мәскеуде қол қойылған бейбітшілік және ұлттық келісім туралы жалпы келісім іске асу арқылы анықталады. 
Ұлттық татуластық туралы комиссия құрылды, басшысы болып БТО лидері С.А. Нури тағайындалды. Конституцияға згертулер мен толықтырулар енгізген референдум болып өтті. Кейбір саяси оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың әрекеттері ресмилендірілд. 1991 жылы елде болған аймақтық бөліну келіспеушілігіне байланысты саяси шиеленіс азаматтық соғыстың болуына әкеп соқты. БҰҰ тәжік аралық ұзақ келісім шарт нәтижесінде 1997 ж 27-маусымда Мәскеуде келісім жасалды. 
С ы р т қ ы саясаты: 2001жылы 3 негізгі бағыт бойыша дамыды. Ол- шет ел инвестицияларын қатыстыру, елдің ОАР – дағы орнын нығайту, Ресей және басқа да ТМД мемлекеттерімен өзара стратегиялық серіктестікті нығайту.
Ел президенті Э. Рохмонов халықаралық қаржы ұйымдары мен қорларымен терең байланыс орнатуды көздеуде. Оның осы бағыттағы белсенді жұмыстары Тәжікстанға келетін халықаралық ұйымдар мен жекелеген елдердің өндіріс ұйымдарымен кездесулер белгілі бір пайда беруде. 2001 ж Тәжікстан сыртқы саясатта 600 млн доллар несиеге қол жеткізді. 
Э к о н о м и к а с ы:2000ж барлық кезең бойынша экономикалық өсудің біршма нақты жылы болды. Ол екі факторға негізделеді. өндірістің өсуі және негізгі экспорттың тауарлардың әлемдік бағаларының өсуі. 2000ж өнімнің негізгі түрлерін өндіру біршама өсті. 17% қоңыр көмір, 7%тас көмір өндіру артты. Көмір өндірудің артуы мұнайға деген бағаның артуымен байланысты. Электр энергиясын өндіру 2000 жылы 14,3 млрд кВт-қа артты. Электр энергиясын өндірудің төмендеуі су қоймаларындағы суды азайту есебінен туды. 2000 жылы өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарлардың тұрақты өсімі байқалады. Оның ішінде шұжық өнімі-28%, сүт өнімі 1,9 есе, консерві 1,6 есе, кондитер өнімі 2,3 есеге артты. 
Республикадағы 119 кәсборын жұмыс істемейді, ол жалпы санның 26% құрайды, 142-сі 2000жылы өз өнімдерін азайтты. Өндіру өсімі бәсеңдеуінің негізгі себебі шикізат пен материалдарды сатып алудағы айналым қаржысының жетіспеушілігі. 
Жалақыға қарыз арта бстады. 2000 ж 60%-ке өсіп, 14,2 млн долларды құрады. 2000 жылы ауыл шаруашылығын дамытуда бршама жетістіктерге қол жеткізілді. Осы жылғы мал басы көрсеткіші 16,8 мыңды құрайды. 2000 жылы қаржылық сферада жағдай жақсарды- айлық инфляция орташа 4,1% құрады, ол 1999 жылы 2,4% болған еді.

Жүктеп алу
59 рет жүктелген
62.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті