Темекі уы қатерлі ісікке жол ашады

Рефераттар
338

ШЫЛЫМ ШЕГЕТІНДЕРДІ ЗЫНДАНҒА САЛҒАН. Темекінің ағзаға зиянды екенін адам баласы ерте біліп, түрлі елдерде алуан әдістермен күрес жүргізіле бастады. Француз королі 1680 жылы өзі арнайы бұйрык шығарып, темекіні ашық сатқызбай, тек дәріханаларда ұстаса, Англияда Елизавета біріншінің бұйрығы бойынша шылым шеккендердің мойнына қыл шылбыр салынып, оларды қанғабастар мен ұрылар ретінде халық алдында маскаралаған. XVI ғасырда осы елде өлім жазасын да колданған, ал Түркияда шылым шегушілерді зынданға салған.
 Дүниежүзілік денсаулық сакқтау ұйымының (ДДҰ) шешімі бойынша бүкіл әлемде 31 мамыр - темекі шегушілікке қарсы күн болып жарияланды. 2002 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Парламентінің арнайы жарлығымен мектептерде, жоғары оку орындарында, мекемелерде және көпшілік орындарда, сондай-ак, Парламенттің ішінде де шылым шегуге тиым салынды. Өйткені темекінің зияны адамға маскүнемдіктен де кауіпті. Оның түтінінде 4000-нан астам химиялық зат бар, олардың 43-і қатерлі ісік тудыратын улы заттар болып табылады. Аса қауіптісі - никотин, көмір және тотығы, цианид, метан және радиоизотоптар: полоний, свинец бар. Темекі түтініндегі негізгі белсенді зат - никотин табиғи улы, есірткі тәрізді болғандықтан ағзадағы зат алмасу процессіне қатысады да, өзіне тәуелділік туғызады. Никотин белсенді түрде витаминдердің кұрамын бұзатындығынан ағза дұрыс жұмыс атқара алмайды. Адам бір тал шылым шеккенде 25мг С витаминінің әсерін жояды, витаминнің мұндай мөлшері бір апельсинде болады екен. Темекі тутіні ағзаның корғаныс жүйесіне кері әсерін тигізіп, түрлі аурулардын дамуына әкеліп соғады.
БЕТКЕ ТЕЗ ӘЖІМ ТҮСІРЕДІ. Шылым шегетін жүкті әйелдердін тусік тастауы жиілеп, туғаннан кейін де балаларының өте әлсіз болып, баяу өсетіні анықталған. Олардың шеккен әр тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, бөбекке қажетті оттегінің мөлшерін керісінше 10 пайызға кемітеді. Темекі шегетін әйелдер сүтінің иісі мен дәмінің жағымсыз болуынан сәби кұмарлана ембейді, кейде тіптен ембей қояды. Ал кейбір аналарда сүт те шықпай қалады. Анасы темекі шегетін сәбилерде қаназдық ауруы жиі кездеседі. Жас, сұлу әйелдердің бетіне темекі тез әжім түсіріп, ішкі мүшелерінін, әсіресе, жыныс циклінің бұзылатынын естен шығармаған жөн. Шыльш шегуші емізуші әйелдердің 1л. сүтінде 0,5 мг никотин болатыны, ал баланың 1 киле салмағына никотиннің 1 мг мөлшері тура келсе, толық уланатыны анықталған. Шылым шегетін ерлерде белсіздік жиі дамиды. 
Темекі түтініндегі улы заттар, әсіресе, буыны қатпаған жасөспірімдердің өміріне қатер төндіреді. Себебі, адамның ақыл-ойы мен дене дамуы жасөспірімдік кезеңнің соңында аякталатындықтан денсаулықка кері әсер ететін зиянды заттар дамып келе жатқан организмнің өсіп-жетілуін тежейді. Зиянды заттар ересек адамға карағанда жас-өспірімнің ағзасына бірнеше есе жылдам және күшті әсер етеді. Шылым шегу кезіндегі бөлінетін көмір тотығы қанның кұрамындағы гемоглобинмен қосылып, адам ағзасы тіндерінің оттегімен толық қанығуына кедергі жасайды, қантамырлар тарылып, мидағы қан айналымы қиындап, орталық жүйке жүйесі - миға оттегі жетіспей "корексіз" қалады. Осылардың барлығы жайлап ойлау қабілетінің төмендеуіне, еске сақтау кабілетінің нашарлауына, ұмытшақтыққа әкеліп соқтырады, баланың оқу-үлгерімі нашарлап, тіптен ақыл-ойы кемиді, оқуға, енбекке деген құлшынысы төмендейді. Шылым шегушілік дене бітімінің өсуін баяулатып, ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, жасөспірімнің сыртқы келбетін бұзады, балалардың салмақ қосуы нашарланды.
АДАМДЫ 0,16 ГРАММ ҒАНА НИКОТИН ӨЛТІРЕДІ. Шылымқорлық студенттер арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыздар арасында көбеюі көңіл аландатарлық нәрсе. Жастайынан шылымға үйрену нәтижесінде шартты рефлекс қалыптасып, зиянды әдетке айналады.
Темекі түтіні тек шыльш шеккен адамдардың өздеріне ғана емес коршаған ортасына да зиянды. Никотиннің улы зат екенін мынандай нәтижелерден көруге болады: оның таза күйін-де бір тамшысын итке берсек, оны өлтіреді, ал адамды 0.16 грамм ғана никотин өлтіре ала-ды-. Ол темекі түтіні арқылы ауыз бен мұрын куыеына тола ды. Шылымды көп шегетін адамдар тамактьщ дэмін, хош иісті гүлдердін иісін, табиғаттың таза шстерін сезбейтін болып қалады. Оның зиянды әсері бұ-нымен де бітпейді...
Әлемде темекіден туындаған аурудың себебінен әр 8 секунд сайын 1 адам, ал күн сайын 13400 шылымқор өледі. Сағатына - 560, жылына - 4,9 млн. адамның өмірін табак жалмап жатыр. Бір өкініштісі бұл көрсеткіштер жыл сайын өсіп барады, табак эпидемиясын тоқтатпасақ, онда 2020-2030 жылдарға дейін табак жыл сайын 10 млн. адамның өміріне қиянат келтірмек. Бұл жан түршігерлік жағдайды түсінген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2003 жылдың мамыр айында темекіге және табак бұйымдарына  қарсы күрес жүргізу туралы Конвенция қабылдады. Табак өнімдерінің       адам денсаулығына тигізетін кері әсерін шектеуге бағытталған халықаралық құқықтық жүйені 192 мемлекет өкілдері төрт жыл бойы жетілдіріп, пысықтап, толықтырулар енгізеді.
2004 жылы 21 майсымда біздің еліміз де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күресте өзекті мәселелер шоғыры белгіленген Конвессиясына қол қойды. Сөйтіп, қазақ елі өз халқының таза ауамен тыныстауға кұқылы, өркениетті елі болуға ұмтылғандығын әлемдік қауымдастықтың алдында паш етті.
ШЕТЕЛДЕ ШЫЛЫМҚОРДЬІ ҚЫЗМЕТКЕ АЛМАЙДЫ. ҚазакстаннЫҢ 12-ден 69 жас аралығындағы халқының 1/3 темекі шегеді. Бұл қызығушылык күн сайын 70 отандасымыздың өмірін әкетеді, ал жылдық көрсеткіші 24-25 мын адамға жетіп отыр. Жыл өткен сайын темекіге әуестену жасарып келеді. Біздің елімізде жастар арасында темекі шегу сәнге айналып кеткен. Ал экономикасы дамыған елдерде ол сәннен кетіп барады. Қазір өркениетті қоғамдарда күнделікті дене шынықтырумен, спортпен жүйелі айналысып, салауатты өмір салтын ұстауға бет алып отыр. Кәсіпкерлер темекі шегетін азаматтарды қызметке алудан бас тартуда. Олар темекі шегу - қызметте өсуге кедергі келтіретінін біледі. Қазіргі кезде шылым шегуді тастағандардың саны көбейсе де, зиянды әдеттен арылуға ерік-жігері жетпей жүргендер аз емес.
Жалпы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын кұртып, оны темекшен улайтындарға төзіммен қарауы тиіс? Біздің орталық баршаңызды шылымқорлармен ымырасыз болуға шакырады. 

Жүктеп алу
201 рет жүктелген
282.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Мағжан Жұмабаев
Рефераттар
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Рефераттар
ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН
Рефераттар
ГӘККУ
Рефераттар
Өркениет басталуы