Хз. Омар

Рефераттар
847

Мазмұны  

І Кіріспе
ІІ Негізгі  бөлім. 

2.1. Хз. Омардың    тұсындағы    шайқастар 
2.2. Хз. Османның   халифтік    кезеңі
2.3. Хз. Алидің    тұсындағы   
2.4. Омейядтар  кезеңі

ІІІ  Қорытынды 
V  Пайдаланылған   әдебиеттер 

Кіріспе

Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама -  қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды. Сонымен қатар халыкаралық жағдайда араб шапқыншылығына жақсы әсер етті. 602-628 жылдары бір мезгілде Иран мен Византиямен соғысты. 640 жылы Палестинаны, Сирияны, 640-642 жылдары Египетті, 649 жылы Карфагенді басып алды. 634-651 жылдары ИКанды бағындырып, Сасанид мемлекетін жойып жіберді. VII ғасырдың ортасында араб өскері Хазар жеріне дейін жетті. VIII ғасырдың басына дейін арабтар басып алған жерлерде жергілікті тәртіптің сақталуына мүдделі болды. Себебі күшті қарсылыққа тап болар еді.
Шапқыншылық барысында араб халқының көпшілігі жаңа жерлерге қоныс аударып, ол жердің халқын арабтандырды. Мысалы, Ирак, Сирия, Египет және Солтүстік Африкада осылай болды. Ал Закавказье, Иран және Орта керісінше арабтар жергілікті халыққа сінісіп, тілін, мәдениетін қабылдады.    
Үлкен территорияны басып алу, одан түске байлық мүлік теңіздігінің  тереңдеуіне және араб қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтың өсуіне жағдай жасады.Ол әсіресе, үшінші халифа -Османның кезінде қатты байқалды. Осман меюселік Омейял руынан болатын. Оның билігі кезінде жерді басып алу қолдау тауып, бар байлық ақсүйектердің қолына көшті. Оған халық қарсы болды. Оппозицияның Мұхаммедтің немере інісі әрі күйеу баласы Әли басқарды. Олардың шиттер (шиа — араб тілінде топ, партия) деп аталады. Олардың басты талабы халиф атағы пайғамбардың күйеу баласы Әлиге өту керек, содан кейін оны Әли ұрпағы мұралануы тиіс. 656 жылы шииттер   Османды  өлтіріп,   Әлиді  халиф  етіп  сайлайды.   Омайядтарға  қарсы болып, елде азамат соғысы (656-661) басталды. Әлиді араб халқының төменгі бөлігі қолдады. 

2.1. Хз. Омардың  тұсындағы   шайқастар.
Хз. Омардың халифтік кезеңі (13-23/634-644) Хз. Омар Хз. Абу Бакирдің өсиеті (халифтікке ұсынуы) бойынша мұсылмандардың ант берулерінің (халифтігін қолдауының) арқасында халиф болып сайланды. Ауыруы асқына түскен Хз. Абу Баккрге орнына кімді халиф ретінде ұсынатындығы туралы сұрақ қойылғанда, ол орнына Хз. Омарды ұсынатындығын айтқан болатын. Сахабалардың да көз-қарасы бір жерден шыққан еді.
Хз.  Омардың халифтік кезеңінің маңызды ерекшелігі  "әскери ерекеттер" еді. Сасанидтер мен Византия империясына қарсы соғыс жүргізіп, әскери және саяси жетістіктерге қол жеткізу дегеніміз  Сирия, Ирак және Иранның Ислам әлеміне толығымен қосылуы (деген сөз алестина, Алжир мен Египет сиякды мемлекеттерді  жаулап алу барысында екі үлкен империяның Сасанидтер мен  Византияның болмысын жою Хз. Омардың тұсында жүзеге асты. Алайда, Хз. Омар халиф бола салысымен Халид ибн Велидті өскер басшысы қызметінен алып тастап, орнына Абу Убейдені " тағайындады.   Хз.   Абу   Бакирдің   бастатқызған   Ирак  пен   Ираяды жаулап алу саясатын жылдамдата түсіп, халықгы Ирак шайқасына қатысуға шақырды. 
әа. Хз. Омардың тұсындағы әскери әрекеттер
а)   Ирак  пен  Иранның жаулануы:   Хз.  Абу  Бакирдің тұсында Иракқа   қарсы   бағытталған   әскери   әрекеттері   толығымен   өзінің салғасын   тауып   отырды.   Ирак   пен   Иран   шайқастарын   әуеліде Мүсенна   ибн   Харисе   басқарған   еді.   Мүсеннаның   әскері   Хирада әскери        орталықтарын        бекіткеннен        кейін        Шахриярдың  басшылығындағы   Иран   әскерімен   Вавилон   қаласының   маңында кездесті.         Қиян-кескі        шайқастың        нәтижесінде        Бехмен басшылығындағы сасанидтердің  әскері жеңіліске  ұшырады.  Ислам әскері Медайн маңына дейін барды. Мүсенна кейін Хираға қайтып оралды.    Бұл    жерде    сасанидтердің    жаңа    бір    әскер    жарақтап жатқандықтары туралы  хабар - алғаннан  кейін бұл  мәселе жөнінде науқастанып жатқан халиф Хз. Абу Бакирмен сөздесу мақсатымен Мәдинаға аттанды. Осы аралықга Хз. Абу Бакирдің қайтыс болып, орнына Хз.  Омардың халиф жарияланғандығынан хабардар болған Мүсенна өз ойындағы мәселелерді жаңа халифке жеткізді. Хз. Омар болса    Абу    Убейденің    басшылығымен    Иракқа    әскер    жіберді.
Сасанидтер тағына отырған хатун Азер Мидхат мұсылмандарға қарсы дайындаған     әскердің     басына     Рүстемді    тағайындады.     Болған шайқастарды  Абу  Убейде  жеңіп   шықты.   Ал   Рүстемнің  әскерлері жеңіліске ұшырады. Алайда, Рүстем жеңілуіне қарамастан Бехмен Джазуяның басшылығындағы жаңа әскери бірліктерді өзі орналаскдн жерге келуін қамтамасыз етті. Абу Убейде бүл әскерлерге де шабуыл жасады.   Сасанидтер   әскерін   алдына   салып   куаласа   да,   дұшпан әскерінің құрамындағы пілдер Ислам әскерінің жеңіліске ұшырауын негізгі себеп болды. Евфрат өзенінің бойындағы көпірдің бұзылуына байланысты мұсылман әскерлері қайта алмай, Евфрат өзеніне батыи өлді. Мүсенна да шейіт болды.
ә) Қадисия шайқасы (14/635): Хиджраның 14 жылы болған маңызды оқиғаларының бірі Сағд ибн Абу Ваккастың Иран майданындағы әскерлердің қолбасшысы болып тағайындалуы мен Кадисия шайқасы болып табылады. Сағд қолбасшы бола салысымен Сейраф маңына келгенде Мүсенна көпір оқиғасында өзенге батып өлген болатын.                                                                                       
Сейрафқа жеткен Сағд (р. а.) әскерді шайқасқа дайындап, Куфи қаласынан 30 км ұзақтықта орналасқан Қадисия жерінде өз әскери орталығын құрды. Сөйтіп, Иран әскерінің келуін күтумен айналысты Бұл тұста Иранның басыңда Шахриярдың баласы Йезду Джерд еді 120.000    адамдық    әскерді    дайындап,    Рүстамнің    басшылығымеп мұсылмандарға қарсы жіберді.
Йезду Джерд халиф  Омардың  бейбітшілік  ұсыну мақсатымен алдына келген елшілерін сыпайысыздықпен кері қайтарып жіберген еді. Соғыспау мүмкін емес еді. Кахка әскерлерімен қосып есептегендлі Ислам жауынгерлерінің жалпы  саны  45.000  адамды  құрады.   Сағд шайқастан бұрын Раби ибн Амирді  оның өзінің қалауы бойынша елші  ретінде  Рүстемге жіберді.   Раби  қарулы және  аттың  үстінде  "Рүстемнің  шатырына  кірді.   Оларды   Исламға  шақырды.   Ойланып  толғанулары  үшін  үш  күндік  мерзім   беретіндігін   айтып,   қайтты Рүстемнің қалауы  бойынша  бір  күн  өткеннен  кейін  Мүғире  ибн Щуғба елші болып жіберілді.                       
Дегенмен де жоғарыда аталған мерзім өтіп,  шайқас басталды Денесіне жара шыққан  Шағбе төсегінде жатып  әскерін  басқарды. Иран   әскерінің   құрамындағы    пілдер   мұсылмандарға   көп    зиян келтірді.  Кахка   ибн   Әмір  ат-Темимидің  басшылығындағы  10,000  адамдық  резерв   көмекке   келіп   үлгерді.   Соғыстың   ұстасы   болған Кахка   "әр   шабуылында   ирандықтардың   бахадырларын   өлтірумен  болды.  Шайқас    толассыз    төрт    күнге    созылды.    Нәтижесінде  мұсылмандар жігерлі шабуылға басып, ирандықтардың қолбасшысы Рүстемнің шатырына дейін жетті. Хильаль Алькаме, Рүстемді өлтірді. Иран әскері он мыңдаған жауынгерлерінен айырылды. Мұсылмандар үлкен мөлшерде табысқа қол жеткізді. Иранның ең үлкен және ең әйгілі туы болып табылатын "дрефшигавиани"-ді де қолға түсірді.
Хз. Омардың тұсында болған шайқастардың ең маңыздысы Йермук шайқасы болып табылады. Барысында Халид ибн Велидтің үлкен ерлік танытқан Йермук шайқасынан кейін мұсылмандардың әскері Фихль жерлеріне дейін жетті. Византия әскері жеңіліске ұшырап, Шам мен Хымыс жауланды.
Кадисия жеңісіне қол жеткізуде астана Мәдинадан бұйрық үстінен бұйрық жіберіп отырған Хз. Омардың ролі үлкен еді. Хз. Омар әр уақытта сахабалармен ақылдаса отырып, Сағдқа бүйрықтар жіберуде еді. Пілдерді алдыңғы шепке тізіп, шабуыл жасаған сасанидтердің әскерінің алдында көптеп шейіт болған мұсылмандар беріскен жоқ. Шамның маңында соғыс әрекеттерімен әлек болған Халйд ибн Велидтің жауынгерлері түйенің үстінде көмекке келіп, дұшпан пілдерін жүргізуші жауынгерлерді жерге түсірулерінің нәтижесінде шайқастың даму барысы мұсылмандардың пайдасына күрт өзгеріске ұшырады.
Жеңіске жеткеннен кейін Кадисияда жүктерімен және әйеддерімен бірге қалдырған әскерінің бір белігімен Сағд ибн Абу Заккас, Вавилонға қарай әрекет етті. Кадисия шайқасында жеңіліске ұшырап, қашқан жауынгерлер мен қолбасшылар осы жерде жиналған. Бұл жерде болып өткен шайқасқа Фирузаи, Хүрмұзан, Фахиран, Мехриджан сияқты әйгілі қолбасшылардың қатысуына қарамастан ирандықтар жеңіліске ұшыраған еді. Олардың  бір бөлігі Эхразға, бір бөлігі Нихавендке қашты. Біраз уақыт Вавилонда кідірген Сағд болса, Медайнді жаулап алу мақсатымен Иранның ішкі аудандарына кірді.
Джелула мен Кадисия шайқастарындағы жеңілістер Медайнның жаулап алынуын жеңілдете түсті, Медайн жауланып алынғаннан кейін аль-Джазира мұсылмандарға  қаратылды.  Аль-Джазираның жаулануымен қоса Ирак арабтарымен Сирия арабтары бірікті. Иран мәселесі мен Сасанидтер мемлекеті Нихавенд шайқасының нәтижесінде жойылды.
әә. Византия жеріндегі әскери әрекеттер
а) Шам мен Құддыстың жаулануы: Сирияны жаулау барысында бірнеше шайқас жүзеге асты. Византия әскерлеріне қарсы жасалынған бұл шайқастар мен әскери әрекеттердің ең негізгілер болып Йермук шайқасы (хиджраның 13 немесе 15 жылы), Шамның (Димашықтың) жаулануы (хиджраның 13 немесе 14 жылы), Фихлі шайқасы (хиджраның 13 жылы), Мерджур-Рум шайқасы (хиджраның 14  жылы), Хаманың жаулануы (хиджраның 15 жылы), Лазкияның жаулануы (хиджраның 15 жылы), Киннесрдің жаулануы (хиджракы 15    жылы),    Халеб   пен    оның   маңындағы   жерлердің   жаулап   (хиджраның  15 жылы),  аль-Джазираның жаулануы (хиджраның жылы),   Эджнадейн   шайқасы   (хиджраның   13   жылы),   Құлдық   жаулануы (хиджраның 15 немесе 16 жылы) есептелінеді.
Йермук шайқасының нәтижесінде жеңіліске ұшыраған Рум Византия әскерлерінің негізгі бөлігі Шам ауданындағы Фихль мен Кихль жерлеріне шегініп, бекінді. Сол себептен Шам ауданын жаулануына үлкен мән берілетін болатын. Хз. Омардың тұсын жүзеге асқан алғашқы жаулау әрекеті де Шамның жаулануы ед Халид ибн Велид, Абу Убейда, Амир ибн аль-Ас сияқты қолбасшыла Димашықта танытқан қаһармандықтарын Сирия-Палестің аудандарын жаулап алу барысында да көрсетті.     Димашықтың жаулануы қалай (соғыс арқылы ма, бейбіт  арқылы ма?) жүзеге асқандығы туралы және осыған байланып соғыстан кейінгі жағдайда қалаға қандай статус беріліп, халқын қандай қарым-қатынас жүргізу керектігі туралы мәселе  тартыстың тақырыбына айналған болатын.                                      
Палестина     өңірін     жаулау     міндеті    Амир     ибн     аль-Асқатапсырылған тын.    Керек    болған    жағдайда    Ирак    пен    Сирия жерлерінде   Абу   Убейдаға   әскери   көмек   көрсеткен   Амир   әуелі қаланың әкімі Аробонмен келіссөздер жүргізді. Бейбіт жол арқылы жаулап алуды жүзеге асыра алмайтындығына көзі жеткен ол құбылысты қоршауға алды. Бір жыл бойы Құддысты қорғаған фистиандар нәтижесінде ресми түрде қаланы халиф Омарға қалыптасырды. 16/637 жылы Ислам мемлекетіне қосылған Құддыс қаласына халифтің кіріп баруы мен қаланы ресми түрде қабылдауы да тарихта маңызды орын алды.
Хз. Омардың екінші мәрте Шамға баруының түсында, 18/639 жылы Ирак, Сирия мен Египет жерлерінде оба ауруының пайда алуы байқалды. Хз. Омар әскердің қолбасшыларына хабар жіберіп, құрудан сақтану мен аталған жерлерден ұзақ болуларын бұйырды. Алайда, атақты сахабалар мен қолбасшылар: Осылайша, Шам мен Палестина жерлері Хз. Омардың тұсында  Египеттің жаулануына назар аударылды.
ә) Египет пен Александрияның жаулануы: Хз. Омар Египетті жаулау міндетін Амир ибн алъ-Асқа тапсырды. Египеттің жаулануы Ирак пен  Сирияны жаулап алу әрекеттерінің жалғасы ретінде бағаланады. Египетті жаулап алу үшін халифтің рұқсатын алтан және үлкен әскердің басшысы імілған Амир Египетке бағыт алып, Ферема жерінде шайқас бастады. Кыптилер мен румдықтардың арасында қалыптасқан келіспеушілікті өз пайдасына шешкен ол Фереманы тез арада өзіне қаратып, артынан  жаулап алып, Онан қаласын қоршауға алды. Халиф Омар һгипетке Микдад ибн аль-Есвед пен Үбаде ибн Самиттің басшылығында үлкен бір әскерді тағы жіберді. Мұсылмандардың біріккен әскери күштері  бір мерзімнің ішінде (20/640) жаулауды ойдағыдай жүзеге  асырды.

әб. Хз. Омардың өлтірілуі
Нихавенд шайқасында қолға түскен тұтқындардың арасында Абу Луғлу деген лақап атымен белгілі Фируз есімді христиан бір құл болған.  Мәдина қаласында тұрған  Фируз  Басра  қаласының уәли Муғира ибн Шуғбаның құлы еді. Бірнеше мамандықтың иесі болуына байланысты қожайыны оның тапқан табысынан  белгілі  мөлшерде салық алып отырғантын. Алайда, ол алынған салықтың көп екендігі сылтауратып   халиф   Хз.   Омарға   шағымданды.   Халифтің "Сені мамандығың қандай?" деген сұрағына, Фируз: "ағаш ұсталығы, темі; ұсталығы мен бояу ұсталығы" деп жауап бергеннен кейін Хз. Омакі бұл ұсталықардың барлығын біріктіріп есептеген жағдайда Фируза алынатын   салықтың  еш  таң   қалдыратындай  жағы  жоқ  екендігі білдірген   еді.   Бұл   шешім   Фирузды   ашуызаға  толтырып,   тұрған жерінен шапшаң түрде  шығып  кетуіне  себеп  болды.   Ертесі  күм киімінің астына қанжар тығып, таң намазынан бұрын мешітке кіріп, тасаланды. Намаздың оқылуы басталған тұста Хз. Омардың бірнеше жеріне  қанжар   салып,   қашу   әрекетіне   салынбақ  болды.   Алайда, мұсылмандардан    құтыла    алмайтындыған    аңдаған    ол    басқа   да мұсылмандарға қарсы қанжар қолданып, өзін-өзі өлтірді.
Жараланған түрде үйіне жеткізілген халиф ең әуелі өзіне қанжар салған адамның кім екендігін сұрады. Мұсылман емес бір адам болғандығынан хабардар болып, өзіне бір мұсылманның қанжар жұмсамағандығы үшін Аллаға шүкіршілік етті. Жаралары ауыр болып, өте қатты қиналды. Оның ел басқарғандығына риза болған халық өзінен кейін халиф ретінде кімді ұсынатындығы туралы сұрады. Ол болса, орнын басатын бір адамды атаудың орнына, мемлекеттің басшылығын 6 адамнан тұратын кеңеске тапсыратындығын мәлімдеді. Тең дәрежеде сайлау және сайлану құқығына ие бұл кеңестің мүшелері ең қысқа уақыт ішінде араларынан біреуін мемлекет басшысы ретінде сайласын деген өсиет берді.
Хз. Омар жараланған мезеттен үш күн өткеннен кейін хиджраның 23 жылының зильхиджа айының 26 күні  б. з. 644 жылының қараша айының 3 жұлдызында қайтыс болды. Хз. Омарлы жасалған қастандықтың Мәдинада тұратын ирандық және сириялық шетелдіктердің ұйымдастырған жоспары екендіктері де айтылған еді.

2.2. Хз. Османның халифтік кезеңі  (23-35/644-656)
Ел басқаруынан риза болған халық Хз. Омардан (қайтық боларынан    біраз    бұрын)    өзінің    орнына    халиф    ретінде    кімді ұсынатындығы туралы пікірін сұрағанда, ол бұл мәселенің шешімін кеңеске тапсырып, мұсылмандардың мемлекет басшысын сайлауда жаңа бір жүйе ұсынған болатын. Хз. Осман Хз. Омардың ұсынған алты кісілік кеңестің тарапынан халиф болып жарияланды. Хз. Омар жараланып, жарасының асқынуынан кейін мұсылмандардың өтініштеріне қарамастан орнына тағайындайтын адамның есімін атамаса да, Хз. Пайғамбар көзінің тірісінде жаннатқа кіретіндіктері айтылған алты кісіден тұратын кеңестің құрылуын және ең кейі дегенде 3 күннің ішінде араларынан бір адамды халиф деп жария қылуларын тіледі. Кеңес 1)0сман, 2)Али, 3)Талха, 4)3үбейр, 3}Сағд кбн Абу Ваккас пен 6)Абдуррахман ибн Ауфтан құралды. Кеңестің төрағасы Абдуррахман ибн Ауф болды. Сайланбау құқығына ие, тек бақылаушы ретінде баға беру міндетін мойнына алған Абдуллах ибн Омар да кеңестің кұрамына кіретін. Талха ибн Ұбайдуллахтың бұл тұста Мәдина қаласында болмауына байланысты оның өкілі болу міндетін Сағд ибн Абу Ваккас өз мойнына алды. Микдат ибн Есвед кеңесті жиналысқа шақыру мәселесімен, Абу Талха сайлау барысындағы әділеттіліктің бұзылмауын қадағалау мәселесімен,  Сухейб ар Руми болса үш күндік мерзім аралығында жамиғатқа намаз барысында имандық қызметін атқару мәселесімен айналысты.
Бастапқысында хашимилер мен омейядтықтар басшының кім болуы керектігі туралы мәселеде беріспейтіндей бәсекеге салынды: Халифтікке өз араларынан біреуді сайлау ниетіне берілді. Көне саяси бәсеке қайта түлегентін. Күмән жоқ, билікті хашимилер де, омейядтықтар да қолдан жіберіп алғысы көлмеді.
Кеңестің мәжілісі өзінің сайлануынан (үміткерлігінен) баз кешкен Абдуррахман ибн Ауфтың тарапынан басқарыльш, Мисвер ибн Махременің үйінде жиналды. Сухейб ар-Руми мен Миқдат хатшы қызметін атқарды. Отырыстың төрағасы болған Абдуррахман ибн-Ауф халифтікке ұсынылған Османмен және Алимен жеке-жеке сөйлесті. Осы түста халықтың ойы зерттеудің астына алынды мешітте, сауда-саттық жерлер мен базарларда адамдармен сұхбат жүргізілді, яғни халық ойының сараптамасы жүргізілді. Мұсылмандардан дауыстарын Али мен Османның екеуінен қайсысына беретіндіктерін сұрастырды.
Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесінде "кеңес мәжілісі" мен халықтың ойы бір жерден шығып, халифтікке Осман ибн Аффан сайланды. Сөйтіп, Хз. Осман хиджраның. 24 жылының мухаррем айында (Б. з. 644 жылының қараша айының 3 -жұлдызында) кеңес тарапынан бір ауыздан халиф болып сайланды. Сол замат мүшелердің барлығы жаңа халифке қызмет ететіндіктері туралы ант берді.
Хз. Османның он екі жылға созылған халифтік құрған кезеңінде екі маңызды оқиға болды. Оның біріншісі "әскери әрекеттер" болса, екіншісі "ішкі қарама-қайшылықтар" еді.
ба. Хз. Османның тұсындағы әскери әрекеттер
Хз. Осман хиджраның 23 жылының соңында, 24 жылының басында халиф болғаннан кейін Иранда Рэй, Хамадан мен Истахыр халықтарының, Әзірбайжан мен Армения халықтарының көтерілістерімен, Византияның Александрияға шабуыл жасауымен бетпе-бет келді. Әзірбайжан мен Арменияның және Иранның жоғарыда аталмыш жерлерінің халқы салық төлегісі келмеуінің салдарынаи көтеріліске шыққан болатын. Хз. Осман мұндай жағдайда византиялықтарға қарсы және көтерілісшілерге қарсы әскер жіберуге мәжбүр болды. Басқа бір жағынан әскери салық мөлшерінің артуына байланысты қарсы шыққан Египет уәли Амир ибн аль-Астың қызметінен босатылып, оның орнына халифтің сүт бауыры Абдуллах ибн Сағд ибн Абу Серктің тағайындалуы Египетте көптеген ішкі қарама-қайшылықтардың туындауына себеп болды.
Шам әмірі Йезид ибн Абу Суфьян мен кейбір қолбасшылардың қайтыс болуына, Үмейр ибн Сағд аль-Ансаридің науқастануы мен Палестина әмірі Абдуррахман ибн Абу Алкаменің қайтыс болуына байланысты бүкіл  Нам мен Сирия жерлерінің уәлиі болып тағайындалған Йордания әміршісі Муавия ибн Абу Суфьян хиджраның 29 жылы б. з. 648 жылы Кипрді жаулап алу жоспарын ойластырумен болды.
Кипрді теңіз жолы жаулап алу жорығына көп мұсылман қатысты. Муавия кұрамы Абу Зер, Абуд-Дерда, Үбаде ибн Самит аль-Ансари және т. б. сияқты сахабалардан тұратын әскерді хиджраның 28 жылы Абдуллах ибн Қайыстың басшылығындағы кемелерге отырғызып, Кипрге жолдады. Египет әміршісі болған Абдуллах ибн Сағдта Египеттен шығып, кемелерімен Кипрге жетті. Кипрде бірлескен Египет пен Шам эскадралары алдынан шыққан шайқаста жеңіске қол жеткізіп, көптеп тұтқын мен олжаға кенеліп, кері қайтты. Кипрліктер жыл сайын 7.000 алтын өтеу шартымен бейбіт бітімге
келді.
Хиджраның  30 жылы  Басра  қаласының уәлиі Абдуллах ибн Амир мен Сағд ибн Ас бір-бірінен бөлек жолдар арқылы Хорасан мен Табаристанға әрекет етті. Гүрджан, Хорасан, Табаристан, Сағд ибн Астың әскері тарапынан жауланып алынды. Абдуллах ибн Амирдің әскері болса Кабул, Сиджистан мен Нишапурды жаулап алды.
Осылайша, Хз. Османның тұсында Ислам әлемі батыс пен шығыста жаулап алуға мүмкіншілігі жеткен жерлерді өзіне қаратқан болатын. Одан ары жерлерде орналасқан мемлекеттерге бару мүмкін емес еді. Ол мемлекеттерді жаулап алған күнде де өз билігінің астында уақытша  мерзім  аралығында ғана ұстай  алар еді.   Ислам мемлекетінің шекарасы Азияда Анадолының, Қытай мен Ресейдің Африкада Солтүстік және ПІығыс (Мағриб) Африканың ішкі аудандарының, Еуропада Португалияның шекараларына дейіп кеңейді. Нафидің Абдуллах есімді екі баласы Солтүстік Африка мен Испанияның Ислам әлеміне қосылуында үлкен роль ойнады. Мұндай жетістіктерге қарамастан жаулап алу әрекеттері өзімен бір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді туындатқызған болатын.
 Хз. Османның тұсындағы оқиғалар мен ішкі қарама-қайшылықтар
Ежелгі тарихшылар мен  көне деректер Хз.  Османның кезеңі туралы    кең    мағлұмат    береді.    Бұл    деректер    оның    тұсындағы оқиғаларды  түрлі  көзқарастардың тұрғысынан  сипаттаған.  Мұндай деректер     түрлі     саяси     және     философиялық     көзқарастардың нәтижесінде   түрлі  баға  беру  мазмұнына  ие.   Өйткені,   белгілі   бір тарихи дерек өзіне тән географиялық кеңістік пен тарихи оқиғаның нәтижесінде   пайда   болады.   Деректердің   мазмұнына   заттай   және рухани шарттар,  саяси,  экономикалық және  қоғамдық факторлар, белгілі     бір     топтардың     арасында      қалыптасқан     ой-пікірлер, құрылымдар,   келісім   шарттары   мен   жеке   тұлғалар   өз   ықпалын тигізеді. Бір оқиғаның географиялық ауданында белгілі бір әлеуметтік жағдайдың қалыптасуына себеп болған қоғамның мүшелері болып табылатын адамдардың түрлі көзқарастар мен түрлі адами қалауларды ұстанатындықтары    белгілі.    Сондықтан,    деректердің   жазылуында мұндай     адамдардың     үлесі,     олардың     болмысы     мен     өмірлік көзқарастарының ықпалы аса үлкен.
Хз.   Османның халифтік кезеңін  бірінші   алты жылдық кезең және екінші алты жылдық кезең ретінде бөліп зерттеу әдісі әдетке айналған. Хз. Османның  мұсылман және халиф болып сайлануына байланысты мәліметтер мен екінші алты жылдық мерзімнен тұратын халифтік   кезеңіне   байланысты   мәліметтер    негізгі   дерек   болып есептелінеді. 
I Хз. Османның тұсында жердің таратылуында, олжаның бөліске валынуында, кәпірлердің салықтардың жүйесі мен жаулап алу саясатында әкімшілік және діни мәселеге  ерекше саңалықтар енгізілді. Атқарылған істерден, халиф пен уәлилерінід қызметінен риза болушылармен қатар риза болмаған топтарда  еді.
I Хз. Османның тұсында орын алған ішкі қарама-қаййшылықтардың пайда болуы мен нәтижесінде халифтің өлтірілуінің ебебі. ретінде көрсетіліп, тарихшылардың тарапынан төмендегідей алып топтастырылған болатын.
 а) Құран Кәрімнің жағылуы мен ресми нұсқасының пайда болу еселесі: Хз. Османның кезеңі Исламның әскери жорықтар саясаты оның даму шыңына жеткен кезең болып табылатындығы баршаға елім. Ислам әлемінің шекаралары бір жағынан Авдалусияға, екінші ағынан Мауереннаһрға дейін жетті. Бұл дегеніміз, арабтардан басқа рз мыңдаған адам мұсылман қауымына қосылды деген сөз. Жаңа қсылмандар керек болса имандылық жағынан, керек болған жағдайда әлеуметтік жағынан да күтпеген оқиғаларды жүзеге асырып отырды. Мысалы, кем тараған алфавиттің көмегімен жазылған Құран нұсқалары олардың арасында тарап, мәтіннің мазмұнын түсіну «ыншылықтарын туындатқызған еді. Оның үстіне мұсылман әскерлер "махалләлық қырағат" түрлерінің сан-қилылығынан бір-бірімен тартыс жүргізетін.
Хз. Осман ресми нұсқаны (Хз. Абу Бакирдің тұсында түптелген кітап) алдыртып, Зейд ибн Сабиттің басшылығында Ибн Зүбейр, Сағид ибн Аспен, Абдуррахман ибн Харис ибн Хишамнан тұратын кеңес құрды. Оларға негізгі нұсқаның 7 көшірмесін жасауды тапсырып, бұлардан басқа кейбір кісілердің қолындағы парақтардың көзін жою туралы нұсқау бергентін. Кеңес те өз қызметін атқарған болатын. Аты аталған 7 нұсқаны дайындатқызып, халифке тапсырды. Халиф бір нұсқаны, өзіне алып қалып, қалған алтауын Ислам мемлекетінің үлкен қалаларына жолдады. Бұл аталған нұсқалардан басқа мәтіндерді жинатқызып, жаққызған еді.
Мұсылмандардың көпшілігі халифтің мұндай іс-шараларына өздерінің ризашылықтарын білдіруіне қарамастан Ибн Месуд пен оның жақтастары наразылық танытты. Абдуллах ибн Месуд бұл іс-шаралардың басы-қасында болмағандығына бола наразы болған шығар. Дегенмен де, халиф бұл істің жауапкершілігін Хз. Абу Бакирдің жолын ұстаным, Зейд ибн Сабитке тапсырған еді. Бұл оқиға халиф пен атақгы ғалым сахабалардың арасындағы келешектегі: қарым-қатынастарына өзінің әсерін тигізбей қойған жоқ. Ол қарым-қатынастардың болымсыз сипатга дамуына түрткі болды. Бейресми нұсқаларды жағу оқиғасы хиджраның 32 жылы жүзеге асқан еді.
ә) Кейбір жерлердің мемлекетке қаратылуы: Хз. Осмаи мемлекеттің түйелерін жаю, бағу, қорғау, соғыс жағдайында әскердің қажетіне жарату үшін бірқатар жерлерді мемлекеттің меншігіне айналдырды. Алайда, оның мұндай реформалары кейінгі кезеңдерд кейбір топтардың тарапынан сынның астына алынды. Халиф болса бұл реформаларын жеке басының пайдасын емес, мемлекеттің жоғары дәрежелі пайдасын көздеген еді.
б) Мемлекеттік қызметкерлердің тағайывдалуы: Хз. Осмаш;і танылған айыптардың бірі тағайындау мәселесінде тараптар болуы яғни мемлекеттік қызметтерге омейядтықтардың әулетінен көптеп адамдарды тағайындауы болып табылады. Хз. Османның Х:і Омардың өсиеті бойынша алғашқы тағайындаған адамы Куф; қаласының уәлиі Сағд ибн Абу Ваккас еді. Айтып айтпай не керек халиф Абдуллах ибн Месудпен тартысып қалуының салдарынан оні Куфа қаласының уәли қызметінен босатып, оның орнына анасі жағынан бауыры болып табылатын аль-Велид ибн Укбеп тағайындады. Палестина Уәлиі Абдуррахман ибн Алькаме аль Кенанидің қайтыс болуына байланысты Палестина жерлерін уәлиі Муавияның жерлеріне қосқан еді. Жаңа уәли тағайындамады.
Умейр ибн Сағдтың науқастанып уәлиліктен босатылуы туралы өтінішіне байланысты оның жерлері де Муавияның жерлеріне қосылып, Муавия Шамның (Сирияның) бас уәлиі атанды. Жасалған шағымдарды негізге ала отырып, Хз. Осман Египеттің уәлиі Амир ибн аль-Асты қызметінен босатып, оның орнына өзінің сүт бауыры Абдуллах ибн Сағд ибн Абу Серхті тағайындады. Тағасының (нағашысының) баласы Абдуллах ибн Амирді Кабул қаласының, кейін. Сиджистанның, одан кейінірек Басра қаласының әмірі ретінде тағайындаған болатын. Ешғас ибн Қайысты Әзірбайжанның, інісі Кайысты Рэй қаласының уәлиі қылып бекітті. Ирак әскерінің жоғары дәрежелі қолбасшыларының арасында да бірқатар өзгерістер енгізді. Міне, Хз. Османңың бюрократиялық жүйеде жүзеге асырған реформалары  не әдістерден тұрған тын.
Не де болса, оның бұл тағайындаулары мен қызметтен босатулары кейінгі кезендерде өзіне қарсы дәлел ретінде қодданылады. Халиф оның туысқандарын әкімшілік жүйенің құрамына кіргізгендігі мен омейядтықатардан басқа адамдармен басқаша қарым-қатынас ұстанғандығы мен белгілеп, кінәләнді. Кейбір қарсыластары мемлекеттік қызметерге кісі тағайындау барысында әділетсіздікке жол берді деп айыптады. Сейф болса Ибн Саба мен оның жақтастарының Куфа, Басра мен Египеттегі әкімшілік жүйеге қарсы болғандықтары туралы қалыптасқан өсек-аян сөздерді кең түрде сипаттай отырып, Хз. Османның тұсындағы оқиғаларды, ішкі қарама-қайшылықтар мен Хз. Османның өлтірілуін басқа бір тұрғыдан түсіндірген.
в)   Сахабаларға деген қарым-қатынас:  Хз,   Османның  асхабы кирамға   деген   қарым-қатынасы   да   тартысудың   бір   тақырыбына айналған,     Кейбіреулер     оның     жылы-шырайлы     қарым-қатынас ұстанғандығын   атап   көрсетсе,   кейбірі   бұрыс   жағынан   суреттеп, сынаған   болатын.   Бюрократиялық   жүйеде   орын   алған   тандаулы сахабаларды    қызметтерінен    босатып,    орындарына    тек    омейяд әулетінен шыққандарды тағайындауы, сахабалардың Хиджаз ауданы мен оның сыртындағы жерлерде емін-еркін жүріп-тұруларына рұқсат беруі,  Муавияның ықпалының салдарынан Абу Зерді Ребезеге жер аудартқызуы, Мерван ибң Хакемді өзінің хатшысы ретінде қасына алуы оны сынның астына алу мен айыптаудың негізгі құралы болды.
г)        Жаңалықтар       енгізуі:       Дінге       байланысты       кейбір реформаларының салдарынан да Хз. Осман сынның астына алынған тын.   Қағба  руларының  жаңалануына  байланысты  үкім  беруі,   Хз. ГІайғамбардың    мешітінде    бір    қатар    өзгерістер    енгізуі,    жұма намазынан кейін іште азан оқытқызуы, Минада тұрып, намазды сол жерде   оқуы,   жаңа   стильде   киімдер   тіккізуі  мен  "қаржы  үйінің" кірісінің 1/8-не қол салуы сынның астына алынған негізгі тақырыптар болып табылды. Кейбір консервативтік тұрғыным адамдары бұл енгізілген жаңалықтарды "бидғат" (дінге енгізілген рұқсатсыз өзгерістер) деп анықтап, халифты айыптады.
Хз. Османның тұсында ішкі қарама-қайшылықтардың туындауы мен астана Мәдина қаласының қоршауға алынып, халифтің өлтірілуіне себеп ретінде көрсетілетін оқиғалар деректерде жоғарыда аталған сипатта баяндалады.
бб. Хз. Османның өлтірілуі
Біздің ойымызша жоғарыда аталған оқиғалар, жағдайлар мен атқарылған істер Хз. Османның өлтірілуін қажет ететін дәрежеде емес еді. Меселелерді бажырайтып көрсететін, адамдарды бір-біріне қарсы айдап салатын, жақсы ниетті жаманшылыққа қолданатын және дұшпандықты өршіте түсетіндер болмағанда ғой, мемлекеттің басшысы Хз. Османның өлтірілуі аса қиынға соғар еді.
Хз. Османның тұсындағы қарама-қайшылықтардың арқа жағында басқа бір себеп бар. Халифтың өлтірілуі мен оқиғаның орын алуы жоспарлы сипатқа ие болып, "көрінбейтін бір күш" тарапынан жүзеге асқандығы байқалады. Негізінен бастапқы тарихшылар Хз. Османның өлтірілуінің арқасында сондай бір күштің болғандығы туралы ортақ пікірге келген болатын.
Абу Михнеф пен Вакиди және олардың көзқарасын ұстанатындар Хз. Османның өлтірілуін сахабалар ұйымдастырды деген пікірге келген.
12 жылдық халифтігінің барысында өзіне қарсы көтерілістің туындауы мен қанды бір оқиғамен аяқталатын өлтірілуіне себеп болатын қандай да бір қадам жасамаған Хз. Османды хиджраның 35 жылының зильхиджа айының 18 күні (б. з. 656 жылының шілде айының 17 кұні) хиджраның 35 жылының шавваль айында (б. з. 656  жылының наурыз айында) қажылыкқа бару сылтауымен Куфа, Басра мен Египеттен Мәдина қаласына келген, алайда, негізгі мақсаты  халифті өлтіру болған террористер Мәдинадағы Хз. Пайғамбардың мешіті мен Дарда ұзақ уақыт қоршауда ұстап, өлтірген болатын. Осылайша анархистер ұзақ уақыт жүргізген төнкерісті жүзеге асыру әрекеттерін аяқтаған еді.
2.3.  Хз. Алидің   тұсындағы  оқиғалар. 
Хз. Османның, шейіт болуы мұсылмандардың арасында толасып ішкі қайшылықтардың орын алуына түрткі болып, мазхабтардың арасында күрестің пайда болуына жол ашты. Екі айға созылған анархия халифтің қайтыс болуынан кейін 5 күнге тағы созылды. Хз. Османды   өлтіріп   террористер    астанада   үстемдік   орнатып,    Хз.Османның   орнына   өздері   қалаған   адамды   халиф   қылып   сайлау  мүмкіншілігіне ие болды.
Алайда,   III   Рашид   халифасын   өлтіру   мәселесінде   бір   ойды ұстанған    анархистер    жаңа    халифтің    кім    болатындығы   туралы мәселеде  түрлі  пікірді  жақтаған   еді.   Талха   мен   Зүбейр   олардың сыныстарын қабылдамай тастады. Нәтижесінде, Мәдина қаласының дағындарын жиналысқа шалрып, ең қысқа мерзімнің ішінде Хз. лиді   халиф   сайлап,   оның   алдында   ант   беретіндіктері   туралы жоспарларының    бар    екендігін    хабарлап,    оларға    (тұрғындарға) ойланулары үшін бір күндік мерзім беретіндіктерін айтты. Халық Хз.
Алиді, халиф   сайлап,   оның   алдында   ант  берді.   Алайда,   Мәдина
тұрғындары 35/656 жылы халиф болып сайданған Хз. Алиге шартты түрде    ант   берген    болатын.    Олар    оған   Хз.    Османды    өлтірген адамдарды   ең   қысқа   мерзімнің   ішінде   тауып   алып,   жазалануы керектігі туралы шарт қойды.  Осылай, Хз. Али Хз. Абу Бакирдің салиф болып сайлануына ұқсас түрде халиф сайланса да, ант беру барысында халық оған  шарт  қойды.   Алайда,   сахабалардың үлкен бөлігі оған ант бермеуімен қатар, Шам мен соған ұқсас жерлердің  халқы да Хз. Алидің халифтігін мойындамады.
ва. Хз. Алидің тұсындағы оқиғалар
Хз. Али Ислам дініне сай әрекет істеу мен мемлекетті басқару мақсатымен халиф атанды. Ол Хз. Пайғамбардың тұсында да, одан кейінгі кезеңдердегі үш халифтің тұсында да белсенді түрде Исламға жан-тәнімен қызмет еткен болатын. Хз. Али әр уақытта үш халифтің қасынан айырылмай, олардың кеңесшісі әрі ең жақын көмекшісі қызметін атқарған еді. Хз. Османның өлтірілуінен кейін туындаған мәселелерді шешуге қаніиама күш салса да, әлі жетпеді.
Хз. Али халиф бола салысымен Хз. Османның тағайындаған уәлилерін ауыстыру ісіне кірісті. Бұл істі жүзеге асыруда халықтың анттарын қабыл алу мерзімін күтпестен, асығыстық танытты. Асығыс қадам жасап жаткдндығы туралы Муғира ибн Шуғба мен Абдуллах ибн Аббас оған ескерту де жасаған болатын. Осының салдарынан уәлайаттарда Хз. Алиге қарсы қарсыластар шебі құрыла бастаған еді.
Халиф болысымен қарсыластыққа тап болған Хз. Али хиджраның 35 жылының 26 зилхвджасынан хиджраның 40 жылының 17 рамазанына дейін 5,5 жылдық кезең бойы халиф қызметін атқарды. Халифтік кезеңінің барлығы дерлік ішкі және сыртқы қайшылықтарға толы болды. Ішкі қақтығыстар, ағайындардың соғысы оның кезеңінің ең маңызды оқиғалары болып табылды. Ішкі қайшылықтардың   салдарынан   болар,      да   Ислам   мемлекетінің шекарасы Хз. Османның тұсында жетер нүктесіне жетіп болғанына байланысты болар, Исламның территориясы кеңейе алмады. Оның үстіне халифтің бұл мәселеге назар аударарлықтай мүмкіншілігі де болған жоқ тын.
а) Джемель оқиғасы: Хз. Османның өлтірілуі мүсылмандардың арасында наразылық тудыруымен қатар ағайындардың арасында қақтығыстар мен осыған байланысты бөлінушіліктің орын алуына өте үлкен әсерін тигізді. Оның орнын  басқан Хз. Али болса мұндай мирасты қабылдау бақытсыздығына ие болатын. Оған шартты түрде ант берген халық одан тез арада Хз. Османды елтіргендерді тауып, жазаландыруың талап еткен еді. Хз. Али болса тыныштық орнап, террористердің Мәдинадан ұзақ жерлерге кетуі мен өзінің  халифтігінің басқа да уәлайаттарда мойындалуына үміт артатын. Террористер астана Мәдина қаласында үстемдік орнатқан жағдайда еді. Оның үстіне кейбір бұзықтар Хз. Османның өлтірілуінде кейбір сахабаларды кінәлі деп көрсететіндей жағдайға ие болды.
Міне, осындай себептерге байланысты астана Мәдинада тәртіп жоқ еді. Хз. Абу Бакирдің қызы әрі Хз. Пайғамбардың жесірі болып табылатын Хз.  Айша және  Талха  мен  Зүбейр  мемлекеттік жүйеге қарсы шықты. Халифке қарсы бірігіп өз шептерін құрды. Айналасына әскер жиып, қылыштарын қолға алып IV халиф Хз. Алиге қарсы  көлшілік болып көтеріліске шықты.  Мұсылмандар бір-біріне қарсы  қылып қолданып, бір-бірімен соғыса бастаған кезең осы кезең болып   табылады.   Куфа   қаласының   тұрғындары   оларға   қосыдды.   Басра қаласынан келгендер де  болды.  Хз.  Алидің қарсыластары  бұл  екі  қаладағы мемлекеттік қазынадан күш қолданып, ақша алды және ол ақшаны күреске жұмсады.
Хз.   Османды   өлтірген   адамдарды  да  ез   әскерінің   қатарына, қосқан Хз. Али хиджраның 16 жылының 14 джемазильахирінде (б. з. 656 жылының 9 желтоқсанында) қарсыластарына қарсы Хурейбе деп аталатын жерде әскери сап түзеді. Осылайша, Хз. Пайғамбардың ең жақын туыстары әрі ең таңдаулы жолдастары болып табылатын екі топ шайқас майданында кездесті. Алайда, екі топ та шайқасу ниетіне-берік емес еді. Қарсы тарап Хз. Алидің шайқаспау туралы ұсынысын қабылдап,   бір-бірімен   соғыспау   байламына   келді.   Хз.   Османды өлтіргендерді тұтқындап,  жазаландыру шешімі де екі жақты түрде келісілді.   Хз.  Алидің   әскерінің  құрамындағы  ұзақ уақыт  Мәдина қаласын қоршауда  ұстап,  Хз.   Османды  өлтірген  "сабалықтар"  деп аталатын топ аталған келісім шартқа әрине риза болған жоқ. Олар бекітілген бұл келісім шарт пен одақтасуды бұзу мақсатымен әрекетке , көшті. Өйткені, Али мен Айшаның жақтастарының бірігуі бұлардың әлсіз жағдайға душар болуы деген сөз еді. Абдуллах ибн Саба, Ильба ибн Аль-Хейсем, Шурейх ибн Авфа, Ади ибн Хатем сияқты кісілер өз праларында келісіп, мұсылмандарды түн ортасында біртіндеп бір-біріне қарсы айдап салу қарарын алды. Өйткені, егер екі тарап бір-(Нрімен соғысатын болса, олар әлсіреп, бұлармен соғысуға шамалары жетпес еді. Сөйтіп, бұлар үкіметті өз қолдарына шоғырландырған жағдайда өз болмысын жалғастырған болар еді.
Екі тарапқа кезекті түрде шабуыл жасалынуының салдарынан екі тарап та өз адамдарына: "Йа ағайындар! Бізге шабуыл жасалды" деген сияқты ұранмен бір-біріне қарсы қару ала жөнелген болатын. Бұдан кейін Хз. Алидің қақтығысты тоқтатарға қауқары болмай, Айша болса шайқасқандарға бағыштап қарғыс айтқандығы белгілі. Ислам дүншандарының мақсаты жүзеге асқан еді. Соңында Хз. Алидің адамдары жеңіске қол жеткізді. Талха мен Зүбейр сияқты атақты сахабалардан бастап, екі тараптың көптсген адамы қаза тапты. Басраны да жаулап алған халиф Хз. Али өзінің әскеріне тонау және соған ұқсас әрекеттерді жасауға тыйым салды. Хз. Айша түйеге мініп, соғысуына байланысты бұл шайқас  "Джемел (түйе) шайқасы" деп аталды.
Алайда, олардың (сабалықтардың) Алидің әскерін тастап, соғыс майданың тәрк етулерінің бір себебі болу керек еді. Өйткені, себепсізден себепсіз тәрк еткен болса ғой, қылмыскер ретінде жазаландырылулары керек болар еді. Ибн Саба мен оның жақтастары тез арада мұның шешімін тауып үлгерді. Али мен оның әскерін дұшпанның алдында тастап, өздерінің кетулерін діни бір себепке негіздеді. Кейінгі кезеңдерде "хариджилер" деп аталған бұл қылмыскер топ Хз. Али әскерінен айырылғаннан кейін әуелі Харурада, кейін Нехреванда жиналып, бөлек бір басқару жүйесін құрды.
Хариджиліктің саяси және діни қауым ретінде қалыптасуына әсер еткен басқа да факторлар бар. Олардың негізгісі тайпалық жүйе больга табылады. Өйткені, мұсылмандардың алғашқы бөлінуші тобы болып табылатын хариджилер ең әуелі рулық қарым-қатынастарға мән беретін рулардан тұрды. Бакир, Мудар және Темим рулары бұлардың ішіндегі негізгілері еді. Абу Муса аль-Ашаридің төреші болып сайлануына қарсы шыққан Ашғас ибн Кайыстың айтқан сөздері де мұның дәлелі болып табылады. Оның үстіне, хариджиліктің пайда болуындағы негізгі фактор құрайтын  тайпасының саяси және әкімшілік үстемдігін жою болатын.
Сыффын шайқасында әскери және саяси жағынан маңызды роль ойнаған "қурра" хариджиліктің пайда болуының негізгі себептерінің бірі. Адамдарының саны туралы түрлі көзқарастар қалыптасқан қурра тек бір таптан емес, түрлі тап өкілдерінен тұрғандығы белгілі. Мысалы, курраның бір бөлігі Сыффын шайқасының болмауын қаласа, бір бөлігі де шайқасуды қолдаған еді. Кейбір авторлар қурра мен хауариджді бір-біріне тығыз байланыста болғандығын жазса да, Кұранды толығымен ұстануларымен, Құран Кәрімді толығымен жаттап, оны басқаларға үйретулерімен және өте діндар болуларымен әйгіленген қурра тәуелсіз бір діни және саяси құрылым қалыптастыруға қол жеткізе алмаған болатын. Хауаридждің шынайы  ниеті белгілі болғаннан кейін қурра олармен барлық қарым-қатынастарын үзген еді.
Хариджиліктің пайда болуында үлкен ықпадға ие болған факторлардың бірі де сабалықтар еді. Ислам тарихында алғашқы мәрте ресми мемлекеттік жүйеге қарсы көтеріліске шығып, қан төккен бұл "қылмыскер топ" көптеген саяси және діни ағымдардың пайда болуында, үмбеттің арасында мұндай құбылыстың етек алуыт мен қанды қақпығыстардың орын алуында қандай роль ойнаса, көптеген бөтен көзқарастар мен түсініктерді мұсылмандардың- арасында таратуға тырысты.
Қалыптасқан  әлеуметтік және  экономикалық жүйе  мен діни, наным-сенім мәселелері де хариджиліктің пайда болуына өз әсерін тигізген.                                                                                                     
Классикалық көзқарас бойынша сайланған екі төреші Абу Муса мен Амир 38/659 жылдың шабан айының аяғында Эзрухта жүзеге асырған жиналыстарының нәтижесін жариялады. Хз. Османның қастандықпен өлтірілгендігі және өлтіргендердің жазаландырылуы кажет екендігін, Муавияның Хз. Осман тағайындаған уәли екендігін, екі өкілдің де (Хз. Али және Муавия) қызметтерінен босатылулары керектігін және бұл мәселенің шешілуі кеңес тарапынан жүзеге, асырылуы қажет екендігін бекітті. Келісім құжатын Ашғас ибн Қайыс баршаға оқып, жариялады. Алайда, бүл тұста Муавияның өкілі Амир,  Хз. Алидің халифтіктен босатылуын мақсат тұтып, құлыққа қадам  басты. Ол бір сөзінде: "Істің басы-қасына Муавияны тағайындаймын" деді. Келісім құжатта жазылмаған бұл сөзді айту арқылы Амир жаңа бір бүліктің орын алуына жол ашты, Шам ауданының тысында өмір сүретін мұсылмандардың ресми халифі болып табылатын Хз. Алиді қулықпен билік басынан ығыстырып, оның орнына Сирия уәлиі Муавияны отырғызуды көздеу арқылы азшылықтың көпшілікке үстемдік танытуына мүмкіншілік беріп бөлінушіліктің жолына қадам басты. Муавияның биліктің өзіне қаратуымен басталған омейядтықтардың салтанаты негізінен осындай сипатқа ие болып жалғасын тапқан болатын.
вә. Хз. Али және хариджилер
Хз.    Алиден   бөлініп,    Харурада   жиналған    көтерілісшіл   топ, халифтің    бастапқы    кезде    оларды    өз    билігін    қабылдатқызуға мәжбүрлегендігі туралы мәселені қозғап, оған кінә таққан болатын, Оған олар: "ла хукме илла лиллах, инильхукме иллаллах" үкім беру Аялаға   тән,   алайда   сен   болсаң   адамдарды   үкім   беруші   қылып тандадың, Алланың бұйрығының орныйа адамның бұйрығына бой: ұсындың,   соның   арқасында   көпір   болдың",-   деген   сез   айтты. Халифтің көпіршілікке аяқ басқандығы үшін бұрынғы өздерінің оған берген анттың күші жойылатындығын баяндаған бөлінушілер саяси және   діни, бірде-бір   қылмыс   істемегендіктерін,   ешбір   көтеріліс жасамағаңдықтары мен көтерілісші деп есептелінбейтіндіктерін, шын мәнісінде   наным-сенім   мәселесіндегі   қажетті   болған   парыздарын орнымен атқарғандықтарын алға қойды.
I "Ла хукме илла лиллах" деген парольмен жасырынып, Харурада жиын ұйымдастырған, Ислам мазхаптарының тарихында "харурия", "мухаккиматуль-ула" немесе "хариджилер", "мағарика" деп аталған  бұл қауым тәуелсіз үкімет құру мақсатына бағыт алған еді. Осылайша, халиф Хз. Алидің үкіметі, Сириядағы Муавияның үкіметі және Харурадағы хариджилердің үкіметі деген сипатта Ислам жерінде үш түрлі тәуелсіз жүйе қалыптасты.
Бөлінушілердің Харурада Хз. Алиге қарсы көтеріліс ұйымдастыруы, ресми үкіметке қарсы шеп құруы мен тәуелсіз үкімет құрулары Хз. Алидің жақтастарының халифке жаңадан ант берулерінің себебі болды.
Хз. Али бөлінушілермен әуелі бейбіт жолмен келіспек бодды. Абдуллах ибн Аббасты оларға елші ретінде жіберді. Оларды қайтадан бірігуге шақырды. Ибн Аббас пен хауариджтердің. арасында ұзаққа созылған тартыс болды. Ибн Аббастың түсініктемелерінің нәтижесінде олардың бір бөлігі Хз. Алидің жағына өтіп, елшімен бірге Куфаға келді.
Харурада жиналғандықтары үшін өздерін Харурия деп атаған бүл белінушілер Абдуллах ибн Вехб ар-Расибиді халиф сайлап, төуелсіз үкімет құруға кірісті.
Мемлекеттің басшылығы қүрайыштықгардьщ жекеменшіғі емес екендігі туралы пікірді таратып, кейінірек көптеп жақтас жиған хариджилердің негізін кұраған харурилер қүрайыштықгардың үстемдігіне қарсы бас кетерген болатын. Халиф Хз. Али туралы бірқатар өсек-әңгіме таратқаннан кейін Куфадан шығып, бөлінушілермен бас қосқан харурилер Нехреванда жиналды.
Куфа хариджилерімен бірігу ниетімен жолға шыққан Басра хариджилері Нехраван көгарінің маңында атақты сахаба Хаббаб ибн аль-Ереттің баласы Абдуллах пен оның отбасына тап болды. Абу Бакир мен Омар туралы оның және әкесінің көзқарастарын білісімен Абдуллах пен оның отбасын айуандыкден өлтірді. Үлкен қайғы-қасыретпен бүл жағдай туралы хабар алған Хз, Али, Харис ибн Урвені бөлінушілермен кездесу жүргізіп, қылмыскерлерді табу мақсатымен елші ретінде жіберді. Харисті де өлтірген бөлінушілер "бәріміз өлтірушіміз" деген сөзін айтып, оның ниетін жоққа шығарды. Бұдан кейін көтерілісшіл Шам уәлиіне қарсы жорық үйымдастыруымен айналысқан Хз. Али әуелі хариджилердің мәселесін шешуді мақсат түтты. Нехреванда жиналған хариджилерге қарсы әрекет жасады.
Соғыспастан бүрын олардың өлтірушілерді өзіне тапсыруларын талап етті. Кайыс пен Абу Айюб аль-Ансари сияқты сахабалардың делдалдығының арқасында оларға өзінің насихат сөздерін жеткізіп, Ибн уль-Кубвемен жеке дара кездесті. Алайда, болымды нәтижеге қол жеткізе алмады. Оның сөздерін қабыл көрмеген көтерілісшілер Хз, Алидің әскеріне шабуыл жасады. Кднды Нехреван шайқасында (38/658) көтерілісшілердің барлығы дерлік өлтірілді. Қашыл құтылғандар Нухейлада жиналды. Кэйтадан қарсылық танытуға ниеттенсе де, Хз. Али оларға мүмкіншілік бермей, шабуыл жасап, қарсылық танытуға жетерлік күшін жойды. Шайқас бір жақгы нәтиже бермеуімен қатар, бейбіт қоғамдық карым-қатынастьщ қалыптасуына да жәрдемін тигізе алмады. Өлтіргендердің отбасы мүшелері мен рулары толассыз өш алу әрекетгеріне салынып, қарама-қайшылыідгардьщ туындауына себепкер болды.
Хз. Али Нехреван мен Нухейладағы шайкдстардан кейін Шамға жорық жасамақ болса да, Ешғас ибн Қайыс әскердің әлсіз, қару-жарақгың жеткіліксіз екендігіне оның назарын аударьш, бул жорықхы хейінге қалдыртқызды. Хз. Али әскерімен Куфаға кайтты.
Әзінен бұрынғы билеушілерден нашар жағдайға түскен басқару жүйесін қабыддап алған, ішкі қарама-қайшылықгардың саддарынан жаулау саясатымен айналысуға мүмкіншілік таба алмаған және мемлекеттік жүйені қайта қүру реформаларына кірісуге шамасы жетпеген Хз. Али қоғамның ішінде тыныш өмір мен бейбітшілікті қалыптастыру ушін, әрі ағайындардың арасындағы талас-тартыстардьг болдырмау ушін бар жігері мен қайратын жұмсаған еді. Терең білімі, адами қүндылықгары мен мемлекет басқаруда тәжірибесі мол болуының аркасында ол көптеген әлеуметтік және діни мәселелерді шешуде үлкен жетістіктерге қол жеткізген болатын,
вб. Хз. Алидің өлтірілуі
Хз. Али өте жас кезінде Исламды қабылдап, Хз. Мұхаммедтің көзі тірісінде және оның қайтыс болуынан кейін алғашқы үш халифтің тұсында жаңа діннің халық арасында тарауында, Бәдр, Ухуд жөне Хайбер шайқастарында аддыңғы қатарда шайқасып, үлкен үлес қосқан тұлға болды. Ғалым, такуалық пен ықыластықтың символы, қаһармандық пен жоғары дәрежелі мінез-құлықтың өкілі болып табылатын сахаба Хз. Али хариджилердің жансыздарының бірі Абдуррахман ибн Мүлджемнің тарапынан өлтірілді.
Мысыр   аумағынан   шыққан   Ибн   Мүлджем   қажылыққа  бару желеуімен Меккеге барып, қағбаның есігінің алдында адам өлтіру қылмысын жүзеге асыруын жоспарлаған хариджилердің тарапынан  бұл істің басына тағайындалды.  Анархистер Амр ибн аль-Ас пен  Муавияны  да  өлтіруді  жоспарлаған   еді.   
Астана Куфаға келген Абдуррахман ибн Мүлджем аль-Мурадк   мүмкіншіліктерді    қарастыруға    кірісті.    Бұл    тұста    ол    Нехреван шайқасында қайтыс болғавдардың жакьіндарымен таныса бастады. Тейм ар-Ребаб руынан шыққан,  әкесі мен ағасы Нехреванда қаза тапқан Катам есімді әйел де өш алу жолына салынған болатын. Ибн Мұлджем бұл әйелге қалыңдық болды.  Катам оған: "Егер де сен Хз. Алиді өлтіріп, 300 дирхем мен I күл және 1 күң берсең мен сенің ойелің болуға дайынмын"  деген  шартын білдірді.  Бұл  шарттарды қабылдаған Абдуррахман ибн Мүдджем таң намазының тұсында Куфа қаласының орталық мешітіне барып, намаз оқытқызып жатқан Хз. Алиді   ұлы   қанжармен    жерге    сұлатты.    Халиф   Хз.    Али   алған жарақаттан   2   күн   өткеннен   кейін   хиджраның   40   жылының   17 рамазанында (б.   з.   661  жылының 20  қаңтарында)  қайтыс  болып, Иракта, Бүтінгі Неджефте жерленді.
Біздің пікіріміз бойынша Хз. Алидің өлтірілуі оның алдында ел билеушісі    болған    Хз.     Османның    өлтірілуінен    кейін    болған оқиғалардан   бетер   қиыншьшықгар   туындатқызды.   Хз.   Османның өлтідшуі " үлкен фитне"  (аль-Фитнатулъ-кубра) болса, Хз. Алидің өлтірілуі   "ең  үлкен  фитне"   болды  деп  есептелінді.   Өйткені,   Хз. Османның    өлімінен    кейін    кейбір    қайшылықтар    мен    ағайын арасындағы тартыстардың пайда болуы орын алған күнде де, үмбеттің арасында    саяси,     діни,     идеологиялық    және    ғылыми    бөліну туындамағантын.  Алайда,  Хз.  Алидің халифтігі мен шейіт болуы жоғарыда     аталған     мәселелердің     туындауына     себеп     болған.
Мұсылмандар "суннит"  және "шиит" деп ейге бөлініп, бір-біріне қарсылық көрсететін жағдайға түсіп, араларында ой-пікір жашнан, іс-әрекет   жағынан   тартысып,   қанды   оқиғалардың   орын   алуына себепкер болды.
Хз. Али жоғарғы дәрежедегі адами кұндылықтардың иесі болатын. Батыл, ғалым әрі бетке тұтар тұлғалардың қатарына жататын. Каһармандығы дастандарда жырланып, ғылым-білім дәрежесі еліктеушіліктің үлгісіне айналған еді. Шешендік өнерінің ұстасы болып есептелетін тұлғалардың бірі еді.
Әуелден күнімізге дейін мұсылман қауымы "ехли-бәйт" Хз. Алг мен оның ұрпақтарына ерекше сүйіспеншілік танытады. Нам оқыған тұста да оларға бағыштап тілек тілейді. Алайда, "мемлектеп басқару ісіне лайықты тұлға Абу Бакир ма, жоқ өлде Али ма?" деген тартыс мұсылмандарды "суннит" және "шиит" (алеви) деп екігс бөліп, түрлі діни ұрандардың әсерімен оларды бөлуші фактор ретінде бүгінімізге дейін болмысын сақтап келді.
вв. Хз. Хасанның халифтік кезеңі және билікті Муавияға тапсыруы
Хз. Алидің өлтірілуінен кейін мұсылмандар хиджраның 40 жылының шавваль айында (б. з. 661 жылының акцанында) оның үлкен баласы Хз. Хасанға бой ұсынып, оны халиф сайлады. Оған алғашқы ант берген  ибн Сағд ибн Үбаде аль-Ансари болды.
Хз.     Хасанға     ант    берілуі     Муавия     ибн     Абу     Суфьянды қобалжытқызып,    әрекет    етуіне    итермеледі.    Куфалықтарды    Хз. Хасанның   жағынан   өз   жағына   өткізу   мақсатымен   бірқатар   іс шараларды   қолданды.   Абдуллах   ибн   Амирдің   басшылығымен    өскер дайындатқызды. Хз. Хасанмен хат алмасты.  Мусулға жеткея Муавияның әскеріне кездесу мақсатымен Хз. Хасан, Убайдуллах ибя Аббастың    басшылығында    әскер    жіберді.    Алайда,    Хз.    Хасан өскеріндегілер әкесінің әскеріндегі адамдарға ұқсайтын. Соғысқа бар» ынтасын  салмайтын  және  шегіншектін.   Хз.   Хасан  туралы  өсек-әңгімелерге де  құмартып.  Мұндай жағдай  Хз.  Хасанның әскерге, сенбеуі мен өзінің сенімді жақгастарымен бірге Мәдина қаласынаі шегінуінің себебі болды. Жолда оны өлтіруге әрекеттентен хариджи: Джеррах    ибн    Синан    аль-Еседа   тарапынан   жарақгалуы   жақын жақтастарының арасында қобалжу оятты. Бұл жағдайды пайдалануға, тырысқан    Муавия    Хз.    Хасанның    авангард    күштерін    ЕнбардаІ қоршауга алып, Хз. Хасанның әскерін тастап, өзінің әскерінің сапына өтетіндердің   өмірін   сақгап , қалатыңдығын   хабарлады.   Бұл   хабар әскерлерге үлкен әсер тигізді.  Оның үстіне соғысқысы келмеген, әскерлердің үлкен бөлігі соғыстан бас тартты. Хз. Хасан бүл жағдайды есепке ала отырып, Мәдинаға қайтып, Муавия ибн Абу Суфьянмен келіссөз жүргізуге тьірысты, Хз. Хасан халифтікті Муавия ибн Абу Суфьянға тапсыру үшін төмендегідей шарттар қойды: ирактықтардың ешбірі қудаланбауы керек; олар түтідындалмауы керек; Ирак әскеріне; ешқандай кінә тағылмауы керек; олардың күнәлары кешірілуі қажет;  Ахваз ауданы халқынан алынатын харадж (мұсылман болмағандардан алынатын   салық)   жыл   сайын   өзіне   төленуі   керек;   әрі   інісі  Хз. Хусейнге    2    млн.    дйрхем    төленуі    керек;    Хашимұлдары    мен Абдушамсұлдарына  тең  қарым-қатынас  жасалынуы   керек.   Кейбір деректерде Хз. Али туралы жаман пікірлердің айтылмауы керектігі мен Муавия қайтыс болған жағдайда халифтіктің Хз. Хасанға өту керектігі туралы баптар келісім шарттың бір бөлігін құраған делінеді. Алайда, біз Хз. Хасанның ең соңғы шарттарын ұсынбағандығы мен Муавияның ондай шарттарды қабыддамайтындығы туралы көзқарасты ұстанамыз.
Хз. Хасанның келісім-шартын әскербасы Абдуллах ибн Амир Муавияға жеткізді. Муавия ол шарттарды қабыл керіп, қолын қойды. Сөйтіп, Хз. Хасанға кері жіберді. Келісім шартгың ешбір өзгеріссіз бекітілгеніне риза болған Хз. Хасан қалыптасқан жағдайды әскербасы Қайыс ибн Сағдқа түсіндіріп, бүкіл міндеттерін Муавияға тапсырып, Медайынға келуін қалады. Қайыс ибн Сағд бұл шешімді мақұлдамаса да, әмір-бұйрықты орындаудан басқа шара таба алмады. Оның, Хз. Хусейнмен Худжур ибн Абий сияқты тұлғалардың карсылық танытулары ешбір нәтиже берген жоқтың
Хз. Хасан белгіленген шарттарды, дәлірек айтсақ мұсылмандардың ортақ пайдасын, бірлікті қоғамдық құрылымы мен- сипатын есепке ала отырып, Сирия уәлиі Муавиямен келісім, билікті оның қолына тапсырды. Аталмыш бұл келісім-шарт мұсылмандардың жаңадан бейбіт өмірге қол жеткізулеріне байланысты бұл жыл "Жамиғат жылы" деп аталды.
Төрт немесе алты ай халифтік қызметін атқарған Хз. Хасан бұл келісім-шарттан кейін отбасымен бірге Мәдина қаласына көшіп, тыныш өмір сүрді. Белгісіз бір жағдайларға байланысты ол хиджраның 49 жьшының 28 сафарында (б. з. 669 жылынық 7 наурызында) қайтыс болды.

Халифаттағы    дағдарыс   және  VII  ғасырдағы   азамат  соғысы
Араб қоғамында  ұлан  байтақ жаулап алушылар  және      соғыстан   түскен    ожалар   дүние мүлікті ң жіктелуінде   және әлеуметтік  шиеленісудің  өзіне  алып келді.  Әсіресе  бұл  жағдай үшінші  халифат   - осыман тұсында  байқалды.  Ол  жанындағы  адамдармен   бірге    Меккелік Омаят  әулетіне  жататын  еді.  Үшінші  халифат Осман   енді  әскери  демократиялық    тәртіпті  бұзып араб  бегзадаларының  қызығушыларына   мүддесіне  байланышсы саясат  ұстанды.   Осман  тұсында  жерді    тартып алушалар    және  байлықтың    көпшілігі    ауқатты адамдардың    қолында  болды.  Бұл  құбылыс    төменгі     қарапайым  араб   қоғамдығының  наразылығын   туғызды.  Оппазия  ретінде    Омаяттарға    тағыда көптеген   дұшпан  феодалдық    отбасылар  шықты.  Наразы  болғандар   Хз. Мұхамедтің,   яғни пайғамбарымыздың   Фатиманың    жолдасы    Алидің  жанына   топтасты.   Әлидің   жанына   жинаушыларды  шейттер  деп  атады.  Иша   араб тілінде    топ, партия    деген  мағынаны   береді.   Шейттер     бас  кезінде саяси    топ    ед.  Кейін  келе   арнайы    Ислам дінінде   ағымы  реінде құрылды.  Шейттердің  негізгі    талаптары  төмндегідей  еді. Халифа   титулы  пайғамбардың    күйеу  баласы   Әлиге  берілуі    тиіс  және  халифа   титулы   ұрпағына    мұра  болуы  тиіс еді.   Шейттерге    араб  шаруалары   көшпелі  шаруалар еді, және  олар  феодалдық айдаудан  құтылып  «Әділ  халифаны»  қалағандар  еді.  Әлидің  жолын  ұстаушылар   аймақтарды    алушылар еді.   656 жылы  Шейттердің    көтерілісшілер    халифа  Османды  өлтірді.  Көтеріліске  шығушыларды талаптары  бойынша  төрінші   халифа    Әли    таңдалды.   Бегзадалар   қауымы   оның  ішінді  Омейяд  әулеті    Әлиді  қабылдауға     мәжүр  болды.   Осы тұста  азамат  соғысы да  басталды  (656 – 661)   Әли  төменгі    Араб  халықтарын   жұтшылығын  қолдады.   Бірақ  Әли  өте жігерсіз    және   жалтақтаумен  болды, және  көсемдік   етуден   көңілі  қалды.    Оның  бұрынғы   жақтастарының    бір  бөлігі   оны   тастап кетті.   Әлидн  бөлініп  кеткен  топ    Хараджит   атына  ие болды.  Хараджтте  «Алғашқы  исламға  оралуды   көздеді» бұл    кезде әулеттік    теңдік, жалпы   жерді  иемдену    әскери   ожаны  тең  бөлісуді  орнатпақ болды.  Олар  барлық  мұсылмандардың   таңдауымен  халифаны    сайлануын  талап  етті.   Хариджиттер    Иламның  демократиялық ағымын    уағыздады.   Соңында    олар  да арнайы    секта  құрды.   VII   ғасырдың  ортасында    Исламда    үш   ағым   пайда  болды.   Суниттер, шейттер, хариджиттер.   Суниттер   исламның  діндар  ресими  жақтаушылары    оны   мурахидің    басқаруында   Омейядтар ұсынды. 
Сниттер   сөзі  - «суна  Хз. Мұхамедтің  іс – қималдарымен әңгімелерінің  жинағы».   Суна  негізінде    шариат   жасалды   шариат    мұсылмандық  заңдар    жинағы.  Суниттер  сунаның қасиетті   мінез  құлығын    қабылдады . Шейттер   және   Жариджиттік  ұландарды    кейін    көптеген    халықтар  қолдады. 661 жылы   Әлиді  жариджиттіктер    өлттірді. Сириялық, Египеттік,  арабтың    атақтылары   Муравиді халифа етіп    отырғызды.  Муравидің  халифа    болуы  азаматтық  соғысқа  арабтық   феодалдық  атақтылардың   жеңіскен жеткендігін   көрсетеді.  Осы уақыттан  бастап  750 жылға   дейін    араб мемлекетін  Омейяд  әулетінің    халифалары басқарды.  Халифаның  астанасы Дамаск қаласы    болды. 

Қорытынды.
Қорыта  айтқанда  Алғашқы халиф кезінде Аравияның көптеген аудандарында жалған пайғамбарлар басқарған сепартистік бүлік араб қоғамындағы тайпаның қатардағы мүшелерімен феодал ақсүйектерінің арасындағы әлеуметтік қарама -  қайшылықты көрсетті. Араб бұхарасын татуластыруда жаңа жерлерді басып алу саясаты басты құрал болды.
Үлкен территорияны басып алу, одан түске байлық мүлік теңіздігінің  тереңдеуіне және араб қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтың өсуіне жағдай жасады.Ол әсіресе, үшінші халифа -Османның кезінде қатты байқалды. Осман меюселік Омейял руынан болатын. Оның билігі кезінде жерді басып алу қолдау тауып, бар байлық ақсүйектердің қолына көшті. 
Хз.  Омардың халифтік кезеңінің маңызды ерекшелігі  "әскери ерекеттер" еді. Сасанидтер мен Византия империясына қарсы соғыс жүргізіп, әскери және саяси жетістіктерге қол жеткізу дегеніміз  Сирия, Ирак және Иранның Ислам әлеміне толығымен қосылуы (деген сөз алестина, Алжир мен Египет сиякды мемлекеттерді  жаулап алу барысында екі үлкен империяның Сасанидтер мен  Византияның болмысын жою Хз. Омардың тұсында жүзеге асты.
Дегенмен де жоғарыда аталған мерзім өтіп,  шайқас басталды Денесіне жара шыққан  Шағбе төсегінде жатып  әскерін  басқарды. Иран   әскерінің   құрамындағы    пілдер   мұсылмандарға   көп    зиян келтірді.  Кахка   ибн   Әмір  ат-Темимидің  басшылығындағы  10,000  адамдық  резерв   көмекке   келіп   үлгерді.   Соғыстың   ұстасы   болған Кахка   "әр   шабуылында   ирандықтардың   бахадырларын   өлтірумен  болды.  Шайқас    толассыз    төрт    күнге    созылды.   
Жеңіске жеткеннен кейін Кадисияда жүктерімен және әйеддерімен бірге қалдырған әскерінің бір белігімен Сағд ибн Абу Заккас, Вавилонға қарай әрекет етті. Кадисия шайқасында жеңіліске ұшырап, қашқан жауынгерлер мен қолбасшылар осы жерде жиналған. Бұл жерде болып өткен шайқасқа Фирузаи, Хүрмұзан, Фахиран, Мехриджан сияқты әйгілі қолбасшылардың қатысуына қарамастан ирандықтар жеңіліске ұшыраған еді. Олардың  бір бөлігі Эхразға, бір бөлігі Нихавендке қашты. Біраз уақыт Вавилонда кідірген Сағд болса, Медайнді жаулап алу мақсатымен Иранның ішкі аудандарына кірді.

Пайдаланылған  әдебиеттер

1. Орта ғасырлар тарихы   Проф. Доктор Сабри Хизметли, Шымкент 2001 ж. 
2. История   стран зарубежгого  вастока  в  середыие  века М. 1957 ж.
3. Орта  ғасырлардағы    шығыс   елдерінің    тарихы С. Ә. Төртаев А, 2000 ж.
4. Книга  для  читеня  по  историй  средных  веков  под  редакция  С.Д.  Сказкина Ч 
– 1 1996 ж. 
5. История  вастока  Т.2. Васток    средние  века . Васточные литература  1995 ж.
6. Семенов  В.Ф.  История  средних   веков М. 1970 
7. Социальная  история  средных веков  под. ред  Е.А. Косминскова  и А.Д.  Удальцова М. 1927 ж.     
8. История  вастока  Василеев  Т. М. 1998 ж.  
9. История стран  зарубежный  Азий  в  средние века М. 1970 ж. 
10. История  средных   веков  под. ред  Н.Ф. Колесницкова М. 1986 ж.

Жүктеп алу
611 рет жүктелген
169.00 кб файл салмағы