Жансүгіров Ілияс

Рефераттар
820
Қазақ халқының дүлділ ақыны Ілияс
шешесінен төрт жасында жетім қа-лып, әке тәрбиесінде өседі. Недәуір сауатты Жансүгір ел ішіне кең та-раған жыр-дастандарды, ақындар айтысы мен толғау, термелерді көшіріп алып, жыр сүйгіш халыққа соларды ылғи да оқып беріп жүреді екен. Ілиястың революцияға дейін жүйелі білім алуға мүмкіндігі болмай, ол әуелі хатты өз әкесінен таниды, кейін мектеп есігін ашады. Өлеңнің  жырды жастай сүюіне әкесінің  ел ішіндегі әнші-жыршылардың әсері айрықша мол тиген. Жастай домбыра| тартып, жыр жаттаған бала жігіт енді өз ойынан суырып өлең шығара бастайды, той-томалақтарда қыз| келіншектермен айтысады. Сөйтіп,  ауыз әдебиеті дәстүрінде тәрбиеленген оған кейінірек Абай өлеңдері айрықша әсер етеді.
Жансүгіровтың туған жері қазіргі Талдықорған облысының Ақсу ау-даны болатын. Жастық шағын сонда өткізген Ілияс 1920 жылы оқу іздеп Алматыға, одан Ташкентке барады, өз еліне қайтып келіп, аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарады. 1922 жылы Алматыға келеді. Москваға барып Коммунистік журналистика институтын оқып бітіреш. Одан кейін газетте жұмысы кейінгі, Қазақстан Жазушылар     Омғында,     Қазақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметте болады.
Жансүгіров — сан қырлы жазушы, әйтсе де ең алдымен аса дарынды ақын еді. тамаша өлең, толғауларында Ұлы Октябрь жеңісін, Ленинді жьфлады, жаңаша тұрмыс құра бас-таған қазақ халқын еселі еңбек етуге, өнер-білімге шақырды. 15-ке жуық поэма жазды. Туған халқының ға-сырлар бойғы өмір жолын жырлаған «Дала» поэмасында даланы халық бейнесінде алып, әсем суреттеді. Ақынның өзекті тақырыбының бірі ән, күй және өнерді тудырушы өнер-паздардың тағдыры еді. Бұл жөнінде жазылған «Күй», «Күйші», «Құла-гер» сияқты поэмалары — ақын твор-чествосының шыңы. Әсіресе «Құла-гер» поэмасы классикалық туынды болды. Бұл өзі — феодалдық ортада қуғын көрген халықтың талантты өкілі, әнші, композиторы Ақан сері мен қара күштің қастандығынан мерт болған Құлагер аты туралы ғана емес, сонымен қатар революцияға дейінгі қазақ аулының өмірін де кең қам-тыған шығарма. Бұл поэманы оқы-ғанда даланың ғажап табиғатын, халықтың әдет-ғұрып, ойын-сауығын, қазақ әндері мен күйлерінің құдірет-тілігін, ас суретін, палуандар күресі мен ат бәйгесін, әлеуметтік қайшы-лықтар мен теңсіздіктерді де көресіңдер. Поэманың қою сюжеті, ширақ композициясы, төгіліп тұрған тамаша тілі, ұлттық бояу, өрнектері қандай!
Поэзия саласында жемісті еңбек еткен шалқар шабытты ақын дра-матургия мен проза саласында да кеңінен танылды. «Кек», «Түрксіб», «Исатай — Махамбет» және басқа пьесаларын жазды. Очерктері мен әң-гімелері, Азамат соғысы жайында жазылған «Жолдастар» романы өмір-ге келді.
Халықтың бай ауыз әдебиетін жинау, бастыру, бүгінгі әдебиет, мә-дениет, театр өнері туралы сын ма-қалалар жазу, оқулықтар құрастыру, тұңғыш қазақ календарын жасауға да Ілияс Жансүгіров белсене қаты-сады. Кино өнеріне де қол ұшын беріп, «Дала» поэмасы бойынша тү-сірілген «Дала жыры» картинасында өзі    белсендінің    ролінде    ойнайды.
Аударма жұмысы — ақын твор-чествосының бір саласы. Көптеген орыс және дүние жүзі ақывдарының өлеңдерін, А. С. Пушкиннің «ЕвгенийОнегин» романын, М. Горькийдің «Дауылпазын» аударған. М. Горький-дің өзімен үш рет кездесіп, ақыл-кеңес алған.
Ілияс Жансүгіров балаларға ар-нап пьеса, поэма және көптеген өлең, әңгімелер жазып, «Байшұбар», «Балаларға базарлық», «Жұмбақ», «Өтірік», «Малта», «Мәйек», «Мек-теп», «Одақ», «Шәркей» атты қы-зықты кітаптар бастырып шығарған. Бұларда ұлы көсеміміз В. И. Ленин-ді, жасампаз еңбек пен жаңарған өмірді, халықтар достығы мен өнер-білімді, туған жер табиғаты мен жыл мезгілдерін жырлаған. Балаларды оқуға үндеген «Мектеп» пьесасы ар-қылы қазақ совет балалар әдебиетіне драматургия жанрын енгізген.
Ақын ауыз әдебиеті үлгілерін жи-нап, одан да балаларға арнап кітап-тар шығарған. Солардың бірі — «Жұмбақ» атты кітабы. Оған 70-ке жуық жұмбақ еніп, олардың шешуі сурет    арқылы    берілген.    Мысалы:
Әмір-әмір әмірден, Жанған оты көмірден. Зымыран деген бір құс бар Жұмыртқасы темірден,—
деп оның жанына мылтықтың суретін салып қойған.
Сонымен, Ілияс Жансүгіров қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы-лардың бірі болумен қатар қазақ совет балалар әдебиетінің өсуіне де үлкен үлес қосқан саңлақ суреткер еді.
Жүктеп алу
627 рет жүктелген
35.50 кб файл салмағы