Жасанды тыныс алдыру

Рефераттар
954

ЖОСПАР
Кіріспе
1. Жасанды тыныс алдыру
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Жасанды тыныс алдыру

Қолдан тыныс алдыру – ауру адамның қалыпты тыныс алу қабілеттілігі бұзылған жағдайларда жасанды түрде өкпеге, тыныс органдарына ауаны енгізу және шығару әдісі. Бұл әдіс кейбір ем шараларын қолдану барысында (өкпеге операция жасау, наркоз беру), тынысы уақытша тоқтағанда (иіс тию, әр түрлі газдармен улану, суға бату, электр тогымен жарақаттану, т.б.) қолданылады. Қолдан тыныс алдыру кезінде жәрдем көрсетіліп жатқан адамның қанын оттекпен қамтамасыз етумен қатар, өкпеге баратын ауа кезеген жүйке талшықтарын тітіркендіріп, мишықта орналасқан тыныс алу орталығын қоздыру арқылы тыныс алу қызметінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қолдан тыныс алдыру әрекеттерін ауру (жарақат алған) адамның жүрек қызметі тоқтамаған жағдайда ғана қолдануға болады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі.
Тыныс алу жуйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бұл өзгерістер тіршілік ортасының жағдайларымен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір торшалы және төменгі сатыдағы көп торшалы арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай түрі н диффузиялы тыныс алу деп атайды. 
Жануарлар организмінің күрделенуімен байланысты олардың жұтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңлаулары пайда болады да, желбезекпен тыныс алу түрі қалыптасады. Ауыз қуысынан жұтылған су осы желбезек саңлаулары арқылы жұтқыншақтан сыртқа өтіп, тыныс алу аппараты – желбезекпен жанасады. Суда еріген оттегі желбезектің жұқа қабырғаларындағы қан тамырлары арқылы сіңеді, ал қан құрамындағы көмір қышқыл газы, керісінше, сута бөлінеді. Желбезекте қарсы ағын принципі (балықтарда) орын ала-ды, сондықтан судагы оттегі тиімді пайдаланылады. 
Тіршіліктің құрлыққа ауысуына байланысты атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрі қалыптасады. Мысалы, омыртқасыздарда – кеңірдек, хордалыларда – өкпе, кейбір құрттар мен насеком личинкаларыңда – дене жабыны, жұмыр құрттарда – ішек арқылы тыныс алу механизмдері дамиды. Кейбір жағдайда дене жабыны (тері) арқылы тыныстау механизмі арнаулы тыныс алу мүшелері пайда болған жануарларда да сақталады. Мысалы, желбезек аппараты дамыған жылан балықтар өздеріне қажет оттегінің 60 пайызын, ал өкпе пайда болған бақалар – 50 пайызын тері арқылы қабылдайды. 
Өкпенің тыныстық беткейі дене қуысында орналасады да, ол кебіреуден сақталады. Өйткені газ алмасу процесі дұрыс жүру үшін ауаның дымқыл болуы қажет. Өкпенің екі түрі болады – диффузиялық және желдетпелі. Оның алғашқы түрінде газ алмасу диффузия арқылы атқарылады. Мұндай өкпелер шағын жәндіктерде (өкпелі моллюскалар, шаяндар, өрмекшілер) кездеседі. Желдетпелі өкпе құрлықты мекендейтін омыртқалыларда болады.
Сүт қоректі жануарлар өкпесі бронхы мен альвеола тарамдарынан түзілген паренхимадан және олардың арасындағы дәнекер ұлпалы құрылым - стромадан (төсеніштен) тұрады. Строма арқылы өкпе паренхимасына қан мен лимфа тамырлары және жүйке талшықтары өтеді. Бұл мүшеде ет талшыктары болмайды, сондықтан өкпе өз бетіншее керіліп – сола алмайды. Осымен байланысты эволюциялық даму процесі барысыңда өкпенің ырықсыз желдетілу механизмі қалыптасқан. Тыныс алу механизмі алма кезек ауысып отыратын дем алу және дем шыгару кезендерінен тұрады. Тыныс алудың мұндай түрі тыныс аппаратыңда жоғары ылғалдық сақтау мұқтаждығынан туған, себебі ауаның құрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі. Осымен байланысты адам мен жоғары сатыдағы жануарларда газ алмасу беткейі сыртқы ортамен жанаспай, дененің ішінде орналасады. Өкпе альвеолары кекірек қуысы қимылдарының арқасында желдетіледі. Дем алу (инспирация) арнаулы тыныс алдыратын еттердің -инспираторлардың (көк ет, сыртқы қабырға аралық еттер, шеміршек аралық еттер, қабырға көтергіш еттер, төс – бұғаналық еміздікше еттер т.б.) жиырылуының арқасында көкірек қуысының ені мен тұрқының кеңеюінің әсерінен жүреді. Аталған еттердің жиырылуының саддарынан құрсак ағзалары кейін (төмен) ығысып, қабырғалар керіле көтеріледі. Көкірек қимылына сәйкес өкпе де керіліп, оның ішіндегі ауа сиреп, қысым атмосфералық қысымнан сынап бағанасымен 1-3 мм-ге төмендейді де, сыртқы ортадан ауа өкпеге сорылады. Тыныс еттері босаңсыған кезде көкірек қуысы тарылып, өкпедегі ауа сығылады да, дем шығарылады. Дем шыққан соң аз уақытқа үзіліс (тыным) байқалады. Тыныс жиілеп, тереңдеген кезде дем шығару (экспирация) арнаулы еттердің – экспираторлардың жиырылуы арқасында жүреді. Экспираторларға ішкі қабырға аралық еттер, сыртқы және ортаңғы сегізкөз еттері, құрсақтық қиғаш және тік еттері т.б. жатады.
Жасанды тыныс алдыру әрекеттерін неғұрлым ерте бастаса, солғұрлым ол оң нәтиже береді. Сонымен қатар аталмыш әрекеттер дұрыс және қалыпты жағдайдағы тыныс алу ырғағына сәйкес жүргізілуі өте қажет. Қолдан тыныс алдыруды іске асыру алдында науқастың әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, т.б.), аузын түкіріктен, кілегей сұйықтан, т.б. тазарту керек. Ал тыныс алдыру әрекеттері барысында сырқаттың тілі көмекейді жауып қалмауы үшін науқастың тілін сыртқа шығарып оны саусақпен немесе арнайы қысқышпен ұстайды. Қолдан тыныс алдыру барысында, құсығы тыныс алу жолдарына құйылмауы үшін, көмек көрсететін адамның басын төмендетіп, бір жағына қарай бұру керек.
Жасанды тыныс алдыруды қолмен немесе арнайы аспаптармен іске асыруға болады. Аспапсыз қолдан тыныс алдырудың “ауызға үрлеу” әдісінде жәрдем көрсетуші адам тыныс алуы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызып, бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен аузын ашады да, терең тыныс алып, ауаны науқастың аузына дәке арқылы бірнеше рет үрлейді. Қолдан тыныс алдыруда Сильвестр және Шефер әдістері кең таралған. Сильвестр әдісін қолданғанда жәрдем көрсетілетін адамды шалқасынан жатқызып жәрдем көрсетуші оның екі қолын жоғары көтереді. Бұл кезде сыртқы ауа ішке, яғни өкпеге өткізіледі (тынысты ішке алу). Одан соң қолдарын кеуденің төмен жағына келтіріп күшпен басады (тынысты сыртқа шығару). Шефер әдісінде жарақат алған адам етпетінен (бетімен төмен) жатқызылады, ал жәрдем көрсетуші оның үстіне тізерлеп отырады да, кеудесін минутына 16–18 рет ырғақпен қысады. Қолдан тыныс алдыруды аспаптармен іске асыру, әдетте, ауруханаларда немесе арнайы жабдықталған жедел жәрдем көліктерінде жүргізіледі. Реанимация туралы түсінік
Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәнтіктердің уымен улану т.б.
Бірінші кезеңде зардап шегуші ес-түсінен айырылмайды, халі нашар, денесінің түсі бөззарады, суық тер басады, сұраққа дұрыс жауап бере алмайды тамырының соғуы жиі және әлсіз, артериялық қысымның көрсеткіштері төмендейді, ауырсынып жиі дем алады, жүректің соғуы әлсірейді, көздің қарашықтары өз қалпында жарыққа тітіркенеді, алмасу процесстары организмде жүріп жатады. Бұл кезең бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады.
Екінші кезеңде – зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп-сүық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді, соққаны өте әлсіз, демі үстіртін, артериялық қысым одан сайын төмендейді, алмасу процесстар нашарлайды. Бұл кезең ұзаққа созылмайды.
Үшінші кезеңде – зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.
Клиникалық өлімді анықтағаннан кейін тез арада кешіктірмей реанимация әдістерін жасауға кірісу керек. Реанимация, латын сөзі, тірілту түсінігін береді немесе өшіп бара жатқан маңызды өмірлік функциясын қалпына келтіру.

Жайдарлы жаздың аптап ыс¬ты¬ғында салқындаймын деген ой¬мен өзен, көл аңғарына түсіп су¬¬да жүзгенде төмендегі суға шомылу қауіпсіздік ережелері назарларыңызда болсын.
Құтқарушылардың қайғылы тә¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬жі¬рибесі жиі жағдайда дені сау, тіпті жақсы жүзе алатын адамдардың мас кезінде суға кететінін көрсетеді.
Егер бақытсыздық орын алған болса ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Зардап шегушіге өмірін тек тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей қайтаруға болады.
Тыныс жолдары мен асқа¬за¬нынан суды шығарасыз. Осының барлығына 15 се¬кунд¬тан аспайтын уақыт жұмсауыңыз қажет.
Бұл үшін: Зардап шегушінің басын бір жағына қырындатып, ауыз қуысын құм мен балдырдан тазалайсыз.
Сосын зардап шегушінің тыныс алатын-алмайтынын, тамы¬¬ры соға¬тын-соқпайтынын анық¬тайсыз.
Егер тамыры соқпаса «ауызба ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдыруға кірісесіз. Жасанды тыныс алдырумен бір мезгілде жүрекке сыртынан массаж жасайсыз.
Сөйтіп зардап шегушіні жаға¬лауға алып шығасыз.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ НӘРСЕ!

Пайдаланған әдебиетттер
1.    Қазақ энциклопедиясы
2.    www.nex.kz

Жүктеп алу
623 рет жүктелген
117.89 кб файл салмағы