Жүрек тамырларының ауруы
Жоспар:
1. Жүрек аурулары туралы түсінік.
2. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары
3. Қан қысымының өзгеруі
4. Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
5. Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
6. Қолданылған сүреттер
Жүрек аурулары әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар.
Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.
1. Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.
2. Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.
3. Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.
4. Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.
Қан қысымының өзгеруі
Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.
Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтау, ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-қантамырлар жүйесіне өте қолайлы.
Вена қантамырларының кеңеюі. Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.
Жүрек кемістігі
Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе қан іркіліп тоқтап қалады.
Қаназдық
Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.
Ақ қандылық
Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.
Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем
Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін. Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.
Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.
Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.
Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.
Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.
Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.
Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.
Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады
Жүрек пен қан тарайтын тамырлардың ауруынан жиі өліп кетеді, сондықтан осындай сырқаттарды күтуде ме-йіркеш ролі өте зор әрі жауапты.
ТАМЫРДЫҢ СОҒУЫН АНЫҚТАУ
Жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс тамыр-дың соғуы деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасы-мен ортаға ырғақты лақтырылған қан айналымы арна-сы ішінде тербеліс жасап, артериялар қабырғаларьш зластикалық кеңейтіп, орнына келтіреді. Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен, ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады. Қалыпты т а м ы р с о ғ у ы ж и і л і г і минутына 60-тан 80-ге дейін өзгеріп отырады, бірақ жа-сына, жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға байланысты, сондай-ақ дене күшіне қарай көп түрленіп отырады. Ана құрсағында дамуы мен өмірінің алғашқы жылдарында тамыр неғұрлым жиі соғады. 25-тен 60 жасқа дейін тамыр соғу тұрақты. Әйелдердің та-мырларының соғуы еркектерге қарағанда жиі. Неғұр-лым көп күш жұмсайтын қарқынды жұмыс кезінде та-мырдың соғуы да жиі болады.
Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі. Тамыр соғудың жалпы іздейтін жері — кәрі жілік артериясы. Тамырдың со-ғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артериялары-нан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі — сипау, әдетте білектің алақан жағындағы I саусақтың негізін (кәрі жілік артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қо-лы еркін жатуы тиіс. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтай-ды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда I саусақты шынтақ жа-ғында, ал II, III және IV — кәрі жілік, тікелей кәрі жі-лік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамыр-дың жұмсақ та шымыр соғуы сезілее, ол қалыпты бол-ғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып түрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жілік-тің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысу-ға болмайды, себебі қысымнаи тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін. Егер кәрі жілік артериясының соғуы қалай да табылмаса, онда самай немесе ұйқы ар-териясының соғуын анықтайды (18-сурет).
Тамырдың жиі соғуы — тахикардия деп, сирек
соғуы — брадикардия деп аталады. Тахикардия кезінде де, брадикардия кезінде де түрліше асқынулар болмауы үшін сырқатты мұқият қадағалау қажет. Та-мырдың соғуын санау 30 секундтан кем болмауы тиіс бұдан алынғаи санды 2-ге көбейтеді. Тамырдьщ ретсіз соғуы кезінде 1 минут бойы санайды. Тамырдың соғу толқындары шетіне дейін жетпейтін, жүректін сол жақ қарыншасының кейбір жиырылулары өте баяу жағдай-да т а м ы р с о ғ у тапшылығы (шеткі тамыр соғу мен жүректің жиырылуы арасындағы алшақтық) пайда болады. Мүнда тамырдыи. соғуын екі адам санауы қажет: біріншісі кәрі жілік артериясыньщ соғуын, екін-шісі жүректің жиырылу санын. Егер тамырдың соғуы бірінен кейін бірдей уақыт аралығында болса, тамырдын соғуы дұрыс немесе т а м ы р д ы ң с о ғ у ы ы р ғ а тЯі т ы дейміз. Керісінше жағдайда тамырдың соғуы дұрА емес, тамыр соғуының ретсіз құбылысы байқалады. Д сау адамдардың дем алғанда тамырыньщ соғуы жиц л
дем шығарғанда сиреу сияқты — дем алу арит-м и я с ы жиі кездеседі, ол кезде нервінің тонусының өз-геруіне байланысты; бұл балалық және жасөспірімдік шақта неғұрлым жиі болады. Аритмияның түрлері элек-трокардиография әдісімен неғұрльш дәл анықталады.
Т а м ы р с о ғ у жылдамдығы тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімён анықталады.
Тамырдың қатты соғуы тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғары қан қысымының мөлшерімен шамалауға бо-лады: қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, та-мыр соғұрлым қатты соғады.
Тамырдық соғуы қан тамыры соғуының толқы-нын жасайтын қан мөлшерімен анықталады жә-не жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады. Та-мыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты соғу толқынын, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз, білінер-білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жүмысыньщ нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер-білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Мейіркеш сыр-қаттың тамырының білінбей соғуын байқаса, бұл жөнін-де дереу дәрігерге хабарлауы тиіс.
Тамырдың соғуын сипап анықтау барысында назар қойса, әрі тиісті дағдысы болса, өте құнды нәтиже бере-ді, алайда біршама субъективті түрде қалады. Соңғы жылдары тамырдың соғуын ұзақ та үздіксіз зерттеу үшін арнайы аппараттар: пульсотахометрлер, монитор-лар қолданылады, олар тамырдың соғуын санап, жазып отырады, бұның ұзақ уақыт жасалатын операциялар ке-зінде маңызы зор.
Тамыр соғуынық мәліметтері температура бетіне жа-^ аьклады. Температурасы өзгерсе, тамырының соғуы да үөзг£реді, сондықтан тамыр соғуы туралы мәліметтерді лрафикалық жазудың белгілі бір мәні бар.
тамырлары кенерелерінің созылмалығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және п у л ь с т і (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.
Қан қысымын осдилляторлық әдіспен өл-шеуге болады, ол серіппелі манометр стрелкаларының тербелісін бақылау деген сөз. Манжетке ауаны иық ар-териясын түгел қысқанша айдайды. Содан кейін шүме-гін шамалы ашып ауаны біртіндеп шығарады, қанның алғашқы үлестері артерия түсе бере осцилляция береді, яғни стрелкаларды тербелтеді де, олар систола қан қысымын көрсетеді. Макометр стрелкаларыньщ тербелісі алдымен күшейеді, ал содан соң біртіндеп азаяды, бұл -ең аз қысымға сәйкес келеді.
ОКСИГЕНОТЕРАПЙЯ
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)—емдеу мақса-тында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40—50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыр-қаттың көңіл-күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі, ентікпесі ке-тіп, жақсарады.і Атмосфералық ауамен белгілі бір қаты-наста оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдала-ну қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғары) оттегі жүрек-қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
ТӨСЕК-ОРЫН ЖАПҚЫШТАРЫН ЖӘНЕ ІШҚІ КИІМДЕРДІ АУЫСТЫРУ
Төсек-орын жапқыштарын гигиеналық ваннаға түс-кен ооң бір аптадан үзартпай ауыстыру керек. Қажет болуын-а қарай қосымша да ауыстырылады. Бөлімшеде төсек-орын жапқыштарының бір тәулікке жететін қоры болуы тиіс. Жапқыштарды орталық жылыту радиатор-ларына кептіріп, сырқатқа қайтадан беруге болмайды. Қірлёген жапқыштарды клеенка қаптарға салып, дереу палатадан әкету керек. Жуылатын жерге жіберілгенше кір киімдерге арналған бактарға немесе жәшіктерге са-лынып арнайы бөлінген бөлімде сақталынады. Төсек-орын жапқыштарын (әсіресе ауыр науқастардың) ме-йіркеш кіші мейіркеш көмегімен ауыстыру керек. Мейір-кеш күн сайын ертемен кіші мейіркештің кірлеген жапқыштарды тапсырып, лсаңасын алғанын қадағалауы керек.
Ауыр науқастар үшін, мысалы миокарданьщ инфарк-тысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі. Егер сырқат қолы жарақаттанған болса, алдымен кейлекті сау қолынан шығарады. Ал кигізерде керісінше: алдымен ауру қолынан, содан кейін сау қолынан өткі-зеді.
Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай?
Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Қоршаған ортаның 80 пайыздан артық жағымсыз факторлары адам ағзасына жеген тамағы арқылы әсер етеді. Артық салмақ және семіздік, жүрек- қан тамыры ауруларының, қант диабеті және басқа да күрделі аурулардың қауіпті факторы болып табылады. Сондықтан адамдардың дұрыс тамақтану мәдениетінің де маңызы зор.
Жүрек -қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп - стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Адамның көңіл-күйінің денсаулыққа әсері мол. Көңіл күйдің толқуы, мазасыздануы, біріншіден, адамның миы арқылы беріледі. Жағымсыз эмоциялар вегетативтік жүйені қоздырады, одан барып ағзадағы қан айналымына, ішкі органдарға, эндокриндік бездердің қызметіне әсер етеді. Соның салдарынан ағзадағы гормондардың балансы бұзылады. Оның әсері жүрек соғысының, ырғағының бұзылуына, қан қысымының көтерілуіне, бұлшық еттердің, қан тамырларының тартылуына апарады. Мидың қан айналымы нашарлайды, мидың клеткаларында оттегі жетіспеушілігі пайда болады. Жүректің, мидың қан тамырларының қысылуы инфаркт, инсульт сияқты ауыр жағдайға алып келуі мүмкін, немесе жүректің ишемиялық ауруы, гипертония, асқазан жарасы сияқты созылмалы ауруларға ұшыратады
Жүрек -қан тамыры ауруларына әйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Мұндай тенденция 50-55 жасқа дейін, яғни әйелдердің жыныстық гармондарының жұмысы бәсеңдеген тұсқа дейін сақталады. Алдын – алуға, немесе жеңуге болатын қауіпті факторлар- холестериннің жоғары деңгейі, артериалды гипертония, темеку шегу, қант диабеті, семіздік, түрлі күйзелістер болып саналады.
Жүрек -қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол- темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық.
Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:
• Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
• Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
• Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-
тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
• Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
• Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
• Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
• Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер: интернет сайттары, Қазақ энциклопедиясы