«Адамды қаққа бөліп жіберген»: Жетісу облысында жантүршігерлік апат болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

АЙМАҚТАР
2767

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында 48 жасар әйел қаза тапты, деп хабарлады madeniportal.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Жетісу ДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Пушкин көшесінде орын алған.

Nissan Renessa автокөлігінің 44 жасар жүргізушісі басқаруды жоғалтып, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан бір автокөлік оқиға орнында қаза тапқан әйелді қағып кеткен.

Әлеуметтік желілерде апат орнынан қатты зақымданған машиналар көрініп тұрған кадрлар пайда болды.

«Текелі жантүршігерлік апат болды. Адамды қақ екіге бөліп жіберген», — делінген бейнеге жазуда.

Тәртіп бұзушының машинасы арнайы тұраққа жеткізілді. Полиция жүргізушіге бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатқанын нақтылады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...