Астанада көлігіне балағат сөз жазған жүргізуші бес тәулікке қамалды

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
140

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олардың бірі көлігінен шамадан тыс шу шығарса, екіншісі автокөлігінің артқы әйнегіне әдепсіз жазу жапсырған.

Полиция мәліметінше, 26 жастағы Mercedes жүргізушісі көлігіне арнайы резонатор орнатып, айналасындағыларға қолайсыздық тудыратын қатты дыбыс шығарған. Тексеру барысында заңбұзушылық анықталып, жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. Автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді.

Ал Hyundai Accent жүргізушісі көлігінің артқы әйнегіне балағат сөздер жазылған жапсырма жабыстырған. Бұл әрекет те құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады.

Істі қараған сот жүргізушіні бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды. Оның автокөлігі де айып тұрағына қойылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Ақбаян Мұқанғалиеваның туысы Ақбаянның денсаулығына байланысты қаржылай көмекке мұ...