Арыстанбек Мұхамедиұлы
ДЕЯТЕЛЬАрыстанбек Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (1986), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару мектебін (1997), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (аспирантура, 2001) бітірген. Еңбек жолын қарапайым филармония әртісінен бастап ірі мемлекеттік лауазымдарды иеленіп келеді. Атап айтқанда:
- 1984-1991 жылдар - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртісі (Алматы).
- 1991-1993 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бас маманы, (Алматы).
- 1993-1994 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің көмекшісі (Алматы).
- 1994-1996 жылдар - «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің директоры (Алматы).
- 1996-1997 жылдар - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебінің тыңдаушысы.
- 1997-2001 жылдар - Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің басшысы – әскери бөлім командирі (Астана).
- 2001-2005 жылдар - Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры (Астана).
- 2005-2006 жылдар - «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті (Астана).
- 2006-2007 жылдар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі (Астана).
- 2007-2008 жылдар - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы (Астана).
- 2008 жылғы ақпан – 2008 жылғы сәуір - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (Астана).
- 2008-2014 жылдар – Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры (Алматы).
- 2014 жылғы ақпан - 2014 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі (Астана).
- 2014-2019 жылдар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі (Астана).
- 2019 жылдың шілде айынан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры (Нұр-Сұлтан).
Редакция портала анонсирует цикл публикаций из недавно презентованной книги «Великие матери вы...
В сентябре стало известно, что картина режиссера Сергея Дворцевого «Айка», где главную р...
Эта мера, по словам Арыстанбека Мухамедиулы, направлена на совершенствование стандартов сервиса и ка...
Друзья, хочу поздравить и поблагодарить Национальную сборную Казахстана с достойным выступлением на...