Алексей Лодочников  - қазақстандық жас домбырашы-әнші

РУХАНИЯТ
3028

 

Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы  алдыңа қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр.  Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.

1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...