Өрнектегі өркениет

РУХАНИЯТ
2497

Түп тамырын табиғат ананың құрсағынан іздеген халық – сол ананың нағыз перзенті. Тұмса табиғат тарихтың бар құпиясын қойнына жасырып қана қоймай, оны мәңгі қорғаушы және асыраушы. Осы қорғаушының қазынасын мойнына тұмар, басына тәж еткен ұлтымыздың тарихы мәңгі екеніне сенеміз. Осы сенім ғана бізді алға жетелейді, осы сенім ғана бізді өлтірмейді. Тау мен тастан, аң мен құстан өзін іздеген, өзін тапқан, өзін көрген, өзін таныған біз – өздігімізден ажырамас үшін бір күні тағы да өткен мекенге оралуға себеп іздейміз. Соның дәлелі біздің бүгінгі зерттеулеріміз бен ізденістеріміз. Еліміздің ежелгі тұрғындарының озық, үлгілі мәдениеті, өз мифологиясы мен жазуы бүгінгі дүниетанымын қалыптастырды. Осылардың ең үлкен дәлелі – «аң стилі» өнері. Бқл өнер рухани жолымыз бен бағдарымызды айқындап беруші факторымыз. Сонымен қатар «аң стилі» - өндірістік тәжірибеміз ең үлкен көрінісі. Жайма алтын дайындаудың, қола мен мыстан балқытылған құймалар құюдың әдіс-тәсілдерін меңгенген еліміздің көне тұрғындары, біздің ата-бабаларымыз деуге толық құқымыз бар, өшпес мұра етіп тастаған өнері бүгінге таңда көне дәрежесін қалпына келтіруге қауқарсыздық танытып келеді. Елбамсымыз: « «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады» деп атап қткендей, бұл өнер туындыларына зер салған кез келген адамның көзін ғана емес, жанын жаулап, рухын толқыта алады. Оларға қарап отырып, құдды бір мыңжылдықтар бұрынғы өзімізді айнадан көргендей күйге түсеміз. Толқимыз, бойымызды бір түсініксіз үрей билеп, өзімізді жоғалтқанымызды сезінгендей боламыз. Ішіміздегі немесе сыртымыздағы «рухымыз» бізді іздеп шарқ ұрып жатқанын түйсінеміз. Жоқ, бізді түйсігіміз ешқашан алдамайды. Бұл өнер туындыларына қарағанда тітіркенген жаныңыз өзін танығанына сене беріңіз. 

Сақ дәуірінде «аң стилі» деп аталған бейнелеу өнері кеңінен таралғанын тарихтан білеміз. Ат әбзелдеріне, тұрмыстық заттарға, қару-жарақтарға зооморфтық аң бенелерінің салынуы сөз басында айтқанымыздай табиғатпен біте қайнасқан халқымыздың болмысының айғағы. Наным-сенім, өнер жағы басым болған, бірақ мазмұны мен мәні тұрғысынан мифологиялық болып келетін «аң стилі» мыңжылдықтар тоғысында қайталанбайтын ритуал іспетті. Сонымен бірге бұл өнердің сәндік сипаты да басым болды. Эстетикалық талғамы жоғары қазақстандық ежелгі тұрғындардың әлі де ноосфера қабатынан бізге айтары бардай қиялдарымызда мазалайтыны жадымыздағы өткеніміздің өшпес мөріне айналып кеткен. 

Архаикалық, классикалық және құлдырау кезеңінен тұратын «аң стилінің» жылнамасы бізге түрлі болмыстар мен бейнелерді ұсынады. Ілкі кезеңге тиесілі жануарлардың үйлесімсіз, бірақ құпиялы бейнелері болса, классикалық кезеңде жануарлардың үйлесімділігі сақталып, реалситік бейнеге ауысқан, ал құлдырау кезеңінде жануарлардың тек сұлбасы бейнеленіп, элементтердің өрнекке ауыса бастағанын аңғарамыз. Жануарлардағы анық детальдар, құстардың тұмсықтары немесе өзге жануарлардың мүйіздері өрнекке айналып, олар енді сәндік басымдылығы көзге түседі. 

Табиғаттың ең кіші бөлшегінің қасиетіне сенген ұлт тастан да мінез көреді. Оларды тұмарға айналдырып, өздеріне қызмет ететін аспап жасайды. Жыртқыш аңдарға қатысты детальдардан өздеріне ерекше күш беретін тұмар ретінде қастарында алып жүреді. Әр жануардан өзіне ғана тиесілі қабілет пен қасиетті айыра білген ата-бабаларымыз қиялымызға ерекше идеяларды мөрлеп кеткен. Тәуелсіз еліміздің символына айналған сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы – тарих сыйлаған тұмарымыз.

Жомарт Жылкелдіұлы

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...