Нью-Йорктегі Ұлттық өнер клубының Гранд галереясында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарла...
Бүгін - Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгін мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты - Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келген, деп хабарлады madeniportal.kz.
1931 жылдың 28 тамызында қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Маяқұм ауылында Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Өзбекәлі Жәнібеков Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін 1952 жылы ойдағыдай тәмамдайды. Ұлт жанашыры өз еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі болып бастаған болатын. 1955–1962 жылдары Келес ауданының комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, одан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы қызметінде болады.
Бүгінде қайраткер есімі ұлықталып келеді.
Арда азамат Орталық Комитет комиссиясын ұйымдастыруға мұрындық болып, Алаш партиясы көсемдерінің есімдері мен еңбектерін халыққа қайтару жөнінде атқарған ісі тарихтың ақтаңдақ беттерінің ашылуына зор ықпал еткен.
Елдің жоғын түгендеген ұлтжанды тұлға
Өзбекәлі Жәнібеков Орталық комитетте шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі қызметінде елдің сыртқы байланысының нығаюына ұйытқы бола білген.
Өзбекәлі Жәнібеков және ТАЙҚАЗАН
Түркі жұртына киелі шаңырақ саналған— Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесенені музей етіп құру барысында Тайқазанды елге қайтарып, қайта орнына қоюда белгілі қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф ғалым Өзбәкәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегі ерекше.
Мәдениет министрі болған Өзбекәлі Жәнібеков 1998 жылдың ақпанның 22-сі күні қайтыс болды.