Түркістан қаласында Құран кітаптарына арналған көрме ашылды

РУХАНИЯТ
2864

Түркістан қаласындағы "Ұлы Дала Елі" орталығында "Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры" атты Құран кітаптарға арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Құран көрмесі Рамазан айына орай ұйымдастырылған. Көрмеге келушілер кітаптардың шығу тарихы мен құндылықтары туралы ақпаратқа қанық бола алады.

 Іс-шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары қатысты. 

"Ұлы Дала Елі" орталығының басшысы Гүлжанат Ибраһимқызының айтуынша, көрмеде көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.

 Аталмыш көрмені қала қонақтары мен тұрғындары 22 наурызға дейін тамашалауға болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...