Орамал-басыңыздағы байрағыңыз. Орамал-кие мен серт...

САЛТ-ДӘСТҮР
2524

Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың ұлағаты

ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА, жазушы-этнограф: "Жалаңбас, ашық-шашық жүретін әйелдерге жаман энергия көп өтеді"

"Кішкентай, тіпті кішкентай кезімнің өзінде шешем марқұм жатарда киетін көйлегімді кигізіп, басымды орамалмен тастай қылып байлайды. Сөйтеді де: «Балам, түн – тылсым, түн – ауыр. Түнде жын-шайтан еліріп, адамның ашық-шашық жеріне үйір болады» дейді.Міне, содан бері басымнан орамал түскен жоқ. Әрине, жастау кезімде тақия да кидім, берет те кидім, шляпа да кидім. Ал, келін болып түскелі ашық-шашық жүріп көргенім жоқ. Осының барлығы – анамның тәрбиесі. Менің жас екенімде, қатарыммен бірге ойнап-күлгім келетінінде, соңғы сән үлгісімен киінгім келетінінде жұмысы жоқ болатын шешемнің. Тіпті, «Таңертең қол жумай, от жағуға болмайды. От – үйдің киесі, иманы. Әуелі қол жуып барып, от тұтату керек. Өйткені, ұйықтап жатқаныңда қолыңмен қай жеріңді ұстағаныңды қайдан білесің. Қолың таза емес. Сосын, ас үйге жалаңбас кіруші болма. Егер пісірген тамағыңнан сенің шашың шығып жатса, ол тамақ – арам. Оны ешкім жемейді. Бір тал шаш абыройыңды төгеді» дегенді үнемі айтып, санамызға сіңіріп тастаған. Кейін өзім басымнан тастамайтын ора­малдың киесін де, қасиетін де ұқтым. Орамал – қазақ әйелінің қорғаны. Жалаңбас, ашық-шашық жүретін әйелдерге жаман энергия көп өтеді. Сосын аурушаң, мінезі ұйқы-тұйқы әйел көбейеді. Осының барлығын ата-бабамыз баяғыда біліп, тұрмыстың бұлжымас заңына айналдырып жіберген. Қазір ғой, бәрін ұмытып кеткеніміз".

Мереке Қуатбай

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...