Сұраған Раxметұлы. ИТЕЛІ

САЛТ-ДӘСТҮР
7961

... Бүгін бірнеше пенделер керілдесіп жатқанын көрдім. Шежірегерлер секілді. Арасында бәлеқорлары да бар. Бәрі білгір, кемел сәуегей! Абақ бабамның "ұрғашы" екенін өз көзімен көргендей!? Әлде бір рудың "ит еміп" өскенін біледі!? Мен болсам "атан түйе мініп, тай жетектеген... " екенмін... Бақытбек Бәміш менен де сорақы!?

Себебі, оның руы Ителі!!! Ойландым.Не десем болады!? Расында қалай еді өзі,ә!

... Керей елі. Жошыдан сілем тартады. Ерекше одақ тайпалар құрамасы. ХҮ ғасырда Мәуреннаһр мен Хорасанға дейін қаптал жайған. ХҮІ ғасыр батыстан шығысқа қарай үдерген ұлы жұрт. Таңбасы - крес. Он екі ата Абақ. Шәкерім дана, соңынан ғұлама Мағауин ағам солай деген. Іргелісі - Жәнтекей. Шамамен жан саны 800.0 санды өскен ру. Бұқарадан Бұқақараған алқабына дейінгі жайылым кешкен көшпелі ел.

Ал, Он екі ата Абақтың құрамында Ителі руы бар. Өз кезегінде "ноқта Керей" атанған еңселі әулет. Шамамен жан саны 60.000-ға жуық дейді. Бағыналының кенжесі болған, желі ұстар Қойлаудан тараған соң солай аталуы әбден мүмкін. Ителі - Ақпақты, Әуметәлі, Ақмерген деп әр салаға бөлінетін көрінеді. Қасиетті Сәбитұлы Зуқа қажының ұйықты аймағы.

"Ителі туралы көп деректер сақталмаған." Солай да шығар!? Алайда, Ителі атауы итке қатысты емес секілді. "Еділ елі" немесе "Ед елі" болуы мүмкін. Бұрынғы Қазара қазіргі Каспи теңізіне құятын Еділ дариясының көбесінде Ителі (Ед елі) деген жер атауы бар. Солай тартсақ ше? Бабақұмар Қинаят інім не дейді!?

Сұраған Раxметұлы

author

Сұраған Рахметұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...