Шуақты Наурыз мерекесі қарсаңында «Астана Операда» Күләш Байсейітова атындағы Камералық...
Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне «Ғашықтық» әнін тарту етті
Фото: әлеуметтік желіден
Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген «Ғашықтық» атты жаңа авторлық әнін және оған түсірілген бейнебаянын тыңдарман назарына ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында парақшасында оқырмандары мен тыңдармандарына үндеу жасап видео жолдады. Ол жерде әнші өзінің алғысын айтып, жаңа туындысының шығатыны туралы жақсы жаңалығымен бөліскен.
«Құрметті ағайын, сүйінші! Кешегі “Voice Beyond Horizon” жобасы Қытайда көрсетілімнен кейін бір түнде 102 миллион қаралым жинап, рекорд жасапты. Бағдарламаның толық нұсқасы менің YouTube арнама жүктелді. Әзірге әлемдегі тыңдармандарымыз ерекше белсенділік танытуда. Енді асықпай қазақтар болып өзіміз төбе көрсетіп қояйық. Қаралым санын көбейтейік. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысымды сөзбен емес, әнмен жеткізіп, сіздерді қуантқым келді», – деген Димаш Құдайберген.
Ол шексіз махаббаты мен қолдаулары үшін ризашылығын музыка арқылы жеткізгісі келетінін айтып өткен соң YouTube арнасында «Ғашықтық» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаян жарияланатынын бөлісіп, тыңдармандарын қуантып қойды.
Айта кетейік, «Бейнебаянның режиссері – менің досым Ғалым Асылов», – деп жазды Димаш.