Қасым Жомарт Тоқаев жаңа әскери қолбасшыларды тағайындады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ТАҒАЙЫНДАУ
2126

Асан Жүсіпов пен Қуанышбек Үштаев Қазақстан қарулы Күштеріндегі лауазымдарынан босатылды, деп хабарлады madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды; Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына Мереке Мәтімұлы Көшекбаев тағайындалды. Ал   «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып Ержан Уақасұлы Ыбыраев тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...