29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2246

29 жастағы Әділхан Қопабаев Apple корпорациясында басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Әділхан Қопабаев Дубайдағы кеңсесінен Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік ететін болады. 

Әділхан 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтын (UNIST) қалалық инженерия және технологиялар менеджменті мамандығы бойынша бітірген. Ол беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясына ие балған қазақстандық.

Әділхан бұған дейін халықаралық консалтингтік және IT-компанияларда жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы «Мұнай-газ» ақпараттық-талдау орталығы АҚ-ын басқарды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің ситуациялық талдау орталығының басшысы болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...