Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын...» республикалық театрлар фестивалі өтеді

ТЕАТР
2484

Қарағанды облысы әкімдігінің және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 2021 жылдың 11-16 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын...» республикалық театрлар фестивалі өтеді. 

Театрлар арасындағы тартысты додаға Қазақстанның әр аймағынан 30-ға жуық театр қатысуға ниет білдірген. Арқа Ақсарайының ішінен құрылған көркемдік комиссияның шешімімен мемлекеттік және облыстық 15 драма театр іріктелді. 

Көрнекті театр сыншысы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан театрларының республикалық фестивалін өткізу және оны екі жылда бір рет өткізіліп тұратын дәстүрлі фестивальға айналдыру жоспарланып отыр. Әділ сынның әлсіз тартып, кенже қалғанын қаламаған Әшірбек Сығай батыл ой-пікірлерімен театр ахуалын әрдайым сауықтырып отырды. Нағыз жауынгер жанрдың өзіне айналған сыншының өнер көгіне көтерген елеулі еңбектерін насихаттаумен бірге театр сыншыларына, шәкірттеріне қолдау көрсету – фестивальдің басты мақсаты болып табылады. 

«Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым.» қойылымынан көрініс
(реж.: Н.Жақыпбай)

Фестивальге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қостанай, Шымкент, Петропавл, Көкшетау, Семей, Жезқазған, Талдықорған және Қарағанды қалаларының мәдениет ошақтары қатысқалы отыр. Қазылар алқасының төрағасы ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты Еркін Жуасбек, ал қазылық құрамның мүшелері болып Қазақстанның хаық артисі Тілектес Мейрамов, өнертану кандидаты, доцент, театртанушы Амангелді Мұқан, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, театр сыншысы Бақыт Нұрпейіс, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің төрайымы, өнертану кандидаты, профессор, театр сыншысы Анар Еркебай, театртанушы, өнертану магистрі Айзат Қадыралиева және театртанушы, өнертану магистрі Мирас Әбіл бекітілді.

«Ромео мен Джульетта» қойылымынан көрініс
(реж.: Д.Жұмабаева)

madeniportal.kz

 

 

author

Әшірбек Сығай

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...