Қазақ театрындағы өзекті де өткір мәселелерді батыл айтып жүрген театр сыншысы, Айзат ханымның...
Қазақ театры сахнасында кезекті премьера
1601
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры театр сүйер көрермен назарына Александр Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасының премьерасын ұсыныды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Данияр Базаркулов, суретшісі – Нұркен Қалымбетов, пластикалық шешімін қойған – Аида Тасымбетова, костюм дизайнері – Камила Даулбаева. Орыс тілінен аударған – Асхат Маемиров.
Неліктен ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасылық бақыт, өзара түсіністік пен махаббат уақыт өте келе суый бастайды? Адамның бәрі бір-біріне ұқсас болса, өмірге тек бір жақты көзқараспен қарайтын болса – тіршіліктің не қызығы бар? Онда бәріміз жалғаннан баз кешіп кетер едік. Өмірдің мәні күнгей мен көлеңкесінде, ақ пен қарасын да, шаттығы мен мұңында емес пе? Түбінде қоштасатын болсақ, біз неге кездесеміз? Спектакльде ерлі- зайыптылар арасындағы шынайы махаббат көрінісі, ажырасу процесіндегі түрлі жағдайлар баяндалды.