Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Instagram парақшасында бәйгеде жеңіліп, көңіл күйі болмай тұрғаны б...
Жаңа маусым «Абай» операсымен ашылады
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 85-маусымның шымылдығын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашқалы отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Жалпы театрдың жаңа мауысымында жаңалықтар көп. Бұл жөнінде журналистермен болған баспасөз мәслихатында театр басшылары мәлімдеді. Атап айтар болсақ, қазан айында «Дон Кихот» балетінің жаңа нұсқасы көрермендер назарына ұсынылмақ. Қоюшы режиссер Гүлжан Түткібаеваның айтуынша, бұл қойылымда театрға енді келіп жатқан жас әртістер бақ сынайды. Желтоқсанда театрдың көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаевтың жетекшілігімен «Паяцы» және Пьетро Масканьидің «Ауыл абыройы» атты бір актілі операсының премьерасы болады.
Сондай-ақ жаңа маусымда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ләйлім Иманғазина мен шетелдік мамандар бірлесіп дайындап жатқан Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсы ұсынылады.
Тахауи Рахметов, опера әншісі:
- Мен Абай атамыздың шәкірті Айдар рөлін ойнаймын. Тблиси қаласында да осы операда Айдар рөлін сомдаған болатынмын. Тблиси халқы өте жоғары деңгейде қошамет көрсетіп, жылы қабылдап жатыр. Әрине, біз үшін ол қуаншыты жағдай, сол Тблиси халқының қошеметі қанат бітіргендей болды. Талғат Күзембаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: - Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бітіріп, қазіргі жастар келіп олар да өздерінің өнерін көрсетіп жатыр. Ертеңгі болатын біздің «Абай» спектаклінде осы жастардың өнерін көптеп тамашалауға болады.