Осы бір, қаптап кеткен арзан-қол шоу-програмдарды негізге алып - "кезінде Димашты біздің Ел кер...
Жылқы бірдей болғанмен, шабыс бөлек»: бәйгеде жеңілген баланың видеосы жұртты елжіретті
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Instagram парақшасында бәйгеде жеңіліп, көңіл күйі болмай тұрғаны баланың видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода тай жарыста олжа ала алмай қалған баланың атының артына тығылып, егіліп тұрғанын көруге болады.
«Жылқы бірдей болғанмен шабыс бөлек,
Жігіт бірдей болғанмен намыс бөлек.
Өмірдің бәйгесінде жүлделі бол, шабандоз. Бұйырса әлі талай дүбірде олжа саласың», - деп жазды Жандарбек Бұлғақов.
Айтыскер ақын жариялаған видеоға оқырмандары түрлі пікір білдірді.
«Осындай ақыл айтар, арқа сүйер ағалар көп болсын. Керемет көрініс», «Атың да, өзің де сүрінбе, жігіт. Еңсең биік болсын», «Бәйге алмадым деп іші өртеніп тұр, сонда бетін камераға көрсетпеді. Жігіттік намысы темірдей екен. Жаныңмен, санаңмен жігітсің», «Жанымааау. Жеңістің көкесі әлі алда. Жігіт болып намыстанып жатқан түріннең айналдық. Бағың зор болсын қазағымның намысты балақайы», - деп жазды желі қолданушылары.