Astana Opera-ның түлектері әлемдік аренада сұранысқа ие

ТЕАТР
2327

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлектері әлемдік аренада сұранысқа ие - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

«Астана Опера» театрының солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының әрі халықаралық байқаулардың лауреаты Азат Мәлік жуырда Будапештен оралды, ол онда Венгрия мемлекеттік опера театрының шақыруымен Дж.Пуччинидің «Богема» спектаклінің топтамасында Шонардың партиясында зор табыспен өнер көрсетті.

Академия түлегінің дебюті Ференц Листтің академиясында магистратурада оқып жүрген кезінде орын алған болатын. Ол А.Понкьеллидің «Джоконда» операсындағы Барнабаның рөлін, одан кейін Ж.Бизенің «Кармен» операсында Эскамильоны орындады.

Ол 2021 жылы Ева Мартонның халықаралық вокалистер байқауының лауреаты, II сыйлық иегері атанғанында Дж.Пуччинидің «Богема» операсында Шонардың рөлін орындауға шақырту алды.

– «Богема» – әлемдегі ең танымал опера, сондықтан Венгрия театрының залы әрдайым қуанышты көрермендерге толы болады. Желтоқсан-қаңтар айларына билеттер жазда түгелдей сатылып кетті. Мен Венгрия мемлекеттік опера театрында 15-тен астам спектакльде ән айтып үлгердім, сондай-ақ туған театрым «Астана Опера» сахнасына суретші Марсельдің рөлінде шығамын, – деді Азат Мәлік.

26 қаңтарда Францияның Бельфор қаласында гастрольдік өнер көрсету аясында ол «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақпен бірге өнерін паш етеді.

Француз жұртшылығы үшін дайындалған концерт бағдарламасына Дж.Пуччини, Ф.Легар, Э.В.Корнгольд, У.Джорданоның, сондай-ақ отандық композиторлардың туындылары енеді.

Еуропалық көрермен Мұқан Төлебаев («Бақыт вальсі»), Серік Еркімбеков («Жер аспан», «Дархан дала») сынды қазақстандық майталман авторлардың шығармашылығымен, сондай-ақ Ғазиза Жұбанованың өңдеуіндегі «Аққурай», «Алқоңыр» тәрізді халық музыка өнерімен таныса алады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...