Аңыздың бәрі әдемі басталып, әдемі аяқтала бермейді. Кезекті кейіпкерімізді зерттеу барысында,...
Қазақконцертте «SULU: ХОР-КОНЦЕРТ» өтті
Фото: «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры көрермен назарына «SULU: ХОР-КОНЦЕРТ» ұсынды.
Бұл кеште театр әртістері елорда жұртшылығына өзгеше форматтағы театрландырылған қойылым мен естен кетпес көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарламада қазақтың халық әндерінен хор интерпретациялары, ретро-композициялар, сондай-ақ әлемге әйгілі әндер орындалды. Олардың қатарында Майкл Джексон, Фредди Меркьюри және Пол Маккартнидің туындылары, «Керім-ау айдай», «Көкшолақ», «Джулия», «Екі жирен», «Billie Jean» әндері және т.б.бар.
Сонымен қатар көрермен назарына халық әндері мен әлемдік музыка классикасының заманауи өңдеулері, мюзикл ариялары мен ретро композициялар, жанды дауыстағы орындау, би және сахналық әрекет үйлесімі арқылы жасалған көркем сахналық туындылар ұсынылды.
«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі - Есләм Нұртазин. Концерттің бас хормейстері - Алмат Әбішев.