Қуыршақ театры мерейлі 88-ші маусымын ашады!

ТЕАТР
2920

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры әр жыл сайын көрермен талғамы мен қызығушылығына сай, қазіргі таңдағы өзекті де белді оқиғаларды кішкентай бүлдіршіндер сұранысына сәйкес қойылымдар арқылы арнасын толықтырып, жаңаша тың жобаларды іске асыруды басты мақсат санайды.                    

Республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры бүгінде 88 жылдық тарихқа ие өрелі өнер ордасы. Жаңа маусымда театр ұжымы кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, ересектерге де арналған қойылымдар сахналауды жоспарлауда.

Қыркүйек айының 20-шы жұлдызында жаңа маусымның салтанатты шымылдығы кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Бауырсақ» ертегісінің премьерасымен ашылады! Аталмыш қойылымға ұтымды шешімдері, жаңашыл көзқарастарымен ерекшеленген, халықаралық, республикалық театр фестивальдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Антон Зайцев режиссерлік етпек. 

Жаңа маусымда театр көрермендерін жаңа қойылымдармен, жарқын жобалармен, ерекше көңіл-күймен қарсы алмақ. 

Қуыршақ театрының ұжымы сүйікті қаламыздың балдырғандары мен қонақтарын  88-ші театр маусымының ашылуында асыға күтеді!

madeniportal.kz

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...