Театр табыспен оралды

ТЕАТР
8103

Керчь қаласындағы һәм Македонияда өткен "СТОБИ-2015" атты халықаралық фестивальдің Гран-Приін жеңіп алған Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұжымы -  Қырғызстанның Ош қаласында өткен VII халықаралық ″ART-ORDO - 2019″ театр фестиваліне "Арманым-Әселім" спектаклімен аттанған болатын. 

Нәтижесінде аталмыш спектакльдің режиссері Талғат Теменовке "Алтын Жетіген" статуэткасы табыс етілді. Қазақстанның абыройын қорғаған театр жүлдеден құр алақан емес. Театр директоры Қуаныш Амандық бастаған бұл ұжым ТURKSOY халықаралық мәдениет орталығының арнайы жүлдесіне ие болды. 

Үздік әйел образы бойынша екінші пландағы номинацияны Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актрисасы Наргиза Шадыева иеленді. Бұнымен қоса театр "Ел алғысы" дипломымен, Ош шахарының мэрінің алғыс хатымен, министр А.К. Жаманқұловтың арнайы сыйлығымен марапатталды. 

Қазақстан үшін, Батыс Қазақстан облысы үшін бұл - үлкен қуаныш. Барша әртістерге, өнерпаздарға алғысымызды білдіреміз. Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрына шығармашылық табыс тілейміз!

 

Марлен Ғилымхан

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...