Толқын Нұрбекова шығармашылығындағы эмоционалды интеллект

Фотосуретті автор өзі ұсынды

ТЕАТР
64

Актер үшін интеллектуалды даму маңызды екені сөзсіз. Қазіргі қазақ театр сахнасында режиссерлік бағытпен шектелмей, өзіндік ізденіс арқылы дамып жүрген актерлер бар. Осындай ізденіс, физикалық және психологиялық дайындықты қатар ұштастыру актерге жан-жақты кейіпкерлер жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ол тек көрермен назарын аударып қана қоймай, сапалы қабылдай алатын көрермен қалыптастыруға да ықпал етеді. 

Театр мен киноны қатар алып жүріп, екі салада да өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып жүрген актрисалардың бірі – Толқын Нұрбекова. Толқын Нұрбекова қазіргі таңда Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етеді. Аталмыш театрда актриса бірқатар ауқымды спектаклдерде өнер көрсетеді. Атап өтер болсақ Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдарда» – Тана (Ф.Молдағали), У.Шекспир «Король Лирде» - Регана (Ф.Молдағали), А.Чехов «Апалы сіңілілі үшеуде» - Ольга (Ф.Молдағали), Г.Лорка «Бернарда Альбанің үйінде» - Магдалена (Д.Жұмабай), Р.Куни «№13» - Глэдис (Е.Қауланов), Ғ.Мүсірепов «Ұлпанда» -Ұлпан (Г.Балпейісова), О.Малышова «Дилфизо мен Донадада» -Дилфизо (К.Бесолти), рольдерін сомдаған. Рольдердің үлкен - кішісі болмайды. Қай - қайсысы болмасын ізденіс пен тапқырлықты талап етеді. Т. Нұрбекова кейіпкерлерін жасауда айшықты қимылдар жасамаса да ол эмоцианальды қырынан образын толықтырып отырады. Оның шығармашылығында ой мен қимылдың жинақылығы, сахналық дәлдік пен психологиялық тереңдік айқын көрінеді. Актриса әрбір рольді сыртқы әсермен емес, ішкі логика арқылы құрып, кейіпкердің табиғатын нақты ашады.

Актрисаның ерекшелігінің бірі – тыныштық арқылы ойнау тәсілі. Бұл жөнінде Константин Станиславский актер сыртқы қозғалыссыз-ақ ішкі әрекет арқылы әсер ете алатынын атап өткен. Осы қағида Толқын Нұрбекова шығармашылығында нақты көрініс табады. Ол кейіпкердің ішкі күйін көзқарас, пауза және мимика арқылы жеткізіп, артық сыртқы әрекетке жүгінбейді.

Актриса сомдаған рольдерде психологиялық дәлдік пен ұстамдылық басым. Кейіпкердің ішкі күйзелісі, әлеуметтік жағдайы мен мінез ерекшеліктері жүйелі түрде ашылады. Бұл әсіресе классикалық шығармалардағы образдарында айқын байқалады.

Мысалы, Апалы-сіңілілі үшеу пьесасындағы Ольга бейнесі арқылы актриса адамның ішкі қайшылығын көрсетеді. Т. Нұрбекова кейіркерінің тағдырына, оның болмысына фантазияға бой алдырып баға бермей, өзі шынайы өмірде кейіпкерінің орнында қалай әрекет етер едім деген салқын санамен анализ жасайды. Бұл өз кезегінде кейіпкерді әдебиеттегі идеальды бейнесінен арашалап, көрерменге жақын өз арасында жүрген адам ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Ольга – жауапкершілігі жоғары, бірақ өз армандарын кейінге ысырып қойған тұлға. Т. Нұрбекова кейіркерінің тағдырына, оның болмысына фантазияға бой алдырып баға бермей, өзі шынайы өмірде кейіпкерінің орнында қалай әрекет етер едім деген салқын санамен анализ жасайды. Бұл өз кезегінде кейіпкерді әдебиеттегі идеальды бейнесінен арашалап, көрерменге жақын өз арасында жүрген адам ретінде қабылдауға мүмкіндік береді. Толқын Нұрбекова бұл образды көзқарас, мимика және дауыс интонациясы арқылы нақты жеткізе алды. Кейіпкердің үміті мен күдігі қатар көрініс табады.

Сол сияқты Бернарда Альбаның үйі спектакліндегі Магдалена ролі актрисаның пластикалық мүмкіндіктерін ашты. Пьеса желісінде Магдалена әкесіне етене жақын қызы. Осы сахнада ғана Магдалена әйелге тән әлсіздігін көрсете алды. Әкесінің қазасына қатты қапаланған осы –Магдалена. Сахнада кейіпкердің бір қолы жұмысқа жарамсыз етіп көрсетілген. Актриса пластика және ишара арқылы жарымжан адамның образын ашқан. Сондай–ақ оның қимыл әрекеттерінен ішінде буырқанған реніш, ашу–ызаның бары айқын байқай аламыз. Бернарда қыздарына аза тұтып үйден шықпауын және ер адамдармен сөйлесулеріне тыйым салады. Алайда Магдаленаның қарсылығы оның анасына қараған салқын көзқарасынан көре аламыз. Кейіпкер өзінің сыртқы кейіпін бағамдап, ішкі жан –дүниесін де тұншықтырады. Яғни оны қоғам қалай көреді соған қарай Магдалена да аса терең тұлға болуға ұмтылмайды. Актриса кейіпкерінің жүрісін түрлендіру арқылы оның көңіл-күйін жеткізіп отырады. Магдалена өзінің тұрмысқа шықпайтынын анық біледі және осы түсінігі оның ақылға қонымсыз әрекет жасауға рұқсат беретіндей. Кейіпкердің ішкі қарсылығы мен тұйық күйі қимыл, ишара және сахналық жүріс арқылы берілген. Бұл жерде сыртқы әрекет пен ішкі күйдің сәйкестігі сақталған.

«Азаттық идеясын көтерген, жанр шарттарына жауап берген «Арқалық батыр» трагедиясы тарихи эпостық тақырыпты игеру жолындағы қазақ драматургиясының ең алғашқы тәжірибелерінің бірі, бұл арнаны кейін Әуезов, Мүсірепов тереңдетіп,классикалық үлгімен ұлттық дәстүрлерді ұштастыра отырып, өлмес шығармалар тудырды». Р.Нұрғалидің «Драма өнері» атты зерттеу жұмысында тоқталған осы бір сөздеріне келіспеске болмас. 2024 жылдың шілденің 28-ші жұлдызында Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романының желісімен режиссер Гүлназ Балпейісованың интерпретациясымен «Ұлпан» спектаклінің премьерасы өткен еді. Спектакльдің басты кейіпкерін Т.Нұрбекова сомдаған болатын. Т. Нұрбекованың сахналық тәжірибесін, оның образ жасаудағы ерекшелігін де айшықтайды десек қателеспейміз. Ұлпан – өзі табиғатынан мінезді, өзін лайықты бағалайтын, сөзінде тоқтамы бар дана әрі көшбасшы ретінде мысы бар кейіпкер. Оның сахнадағы бейнесін жасау үшін батылдық, ақыл, сахнада жеткілікті тәжірибе керек. Актрисаның физикалық формасы, кейіпкермен жас ерекшеліктері, өмірлік тәжірибесі де сәтті келісті деуге болады. Оның сахнада болашақ Есенейді идеальды кейіпте ойнағаны қарапайым қимылдарынан байқауға болады. Оның жүрісі, қолын арқасына айқастыра қоюы, аттаған қадамдарындағы биге көсемге сай зілді, жұбайының лайықты жары екенін ұғындырып тұрады. Сондай – Ұлпанға тән еркелік, әйел адамның бойында болатын жанашырлық пен мейірімі де актрисаның эмоцияларынан көрініп отырды. Әсіресе Ұлпанның Есенейге дауыс көтеріп сөйлейтін сәтінен байқай аламыз. Актрисаның ролді сомдау барысында кейіпкерінің сезімдері ауысатын өте әсерлі ойналған сахнасы Ұлпан ролінің шарықтау шегі деуге болады. Бұл Ұлпанның би ауыл басыларының алдында Есеней болып сөз сөйлеп, дауды шешіп келген сәті. Бұл мизансцена Ұлпанды толыққанды тау тұлға, бір елдің көшін бастар көшбасшы ретінде мойындатқан болатын. Биікте тұрған Ұлпан жарын көре сала, Есенейдің кейіпінен сылқ түсіп:

“Есеней – көлеңкесі күндік жерге түсетін бәйтерек, мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын” – дейді де, Есенейді құшақтай алады. Есеней өзінің орнына Ұлпанның нақ дайын екеніне сенімді болып, жар құшағында о дүниелік болады. Күйеуінің сенімін атқарып, қуанышы қойнына симай келген Ұлпаннан, алып бәйтерегі құлаған әйелдің сахнадағы кейіпі көрген адамға ауыр тиер көрініс болды. Т. Нұрбекова бұл мизансценаны өте шынайы жеткізе білді, кейіпкер эмоциясының орындалмай қалған тұсы болмады. Сенімді ақтай алған толқыныс пен өзі саялай шырылдап ұшып жүрген бәйтерегінің көз алдында алыбынан айырлған қасіретін бірнеше секунтда орындағаны мен, көрермен бұл сәтті ұзақ қорыта алмай отырды. Т.Нұрбекова актерлік ойынында рольді өз табиғатынан шығару арқылы кейіпкеріне сабырлы сарын беріп тереңдете алған. Ол ойнаған рольдерінде кейіпкеріне тыныштықта болуына мән береді. Яғни Ұлпанды алып қарар болсақ, оның жаңашылдыққа бет бұрып ағаштан үй соғатын сахнасынан байқауға болады. Еменалы үйді өртеп айнала өртке оранып жатқан сәтте Ұлпанның бақылап тұратын сәті. Режиссерлік шешіммен желдің және басқа әртістердің пластикасымен хаосты ойнауы өте әсерлі шыққан. Ұлпанның сол оқиғаның алдында тұрып алысқа табандылықпен, жеңіспен қарауы ерекше назар аударады. Мұнда көрермен кейіпкердің “аһ” ұрып, ашу мен қаһарын шығаратын сәті болар деп топшылап отырғанда ол өзінің сана биігін сабырлықты ойнау арқылы жеткізсе керек. Бұл өз кезегінде кейіпкерге тереңдік беріп, қаһарман ретінде қабылдатуы. Мүсірептің жары Шынармен ойнайтын сахналарында актриса кейіпкерін тентек, әзілқой, дана әрі ерке болып сан–қырынан көре аламыз. Бір сәтте актриса бірнеше эмоцияны шебер игеріп сахналасымен шынайы ойын өрнегін тізе алды. Сондай-ақ, актриса сахнадан түсіп көрермен залынан өтіп ойнайды. Есенеймен ойнайтын бөлігінде де, өзіңнің репликасынан алыстамай сахна сыртынан да тиімді ролін сомдап шыққан. Актрисаның кейіпкеріне, сахнадағы серігіне құрметі әрі осы рольді сомдап шыққанына шын бақытты екені барлығын жеткізіп тұрды. Бұл роль актрисаның ұлттық классикалық драмалардағы орнын айқындап, оның қазақтың ұлттық мәдениетін сақтаудағы маңызды ролін көрсетті.

Ал Ұлпан негізіндегі спектакльде актриса ұлттық характерді терең ашады. Ұлпан – мінезді, шешімді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлға. Бұл рольде актриса сабырлылық пен ішкі күшті қатар көрсете алды. Кейіпкердің эмоцияны сыртқа шығармай, ұстамдылықпен жеткізуі образдың салмағын арттырды.

Толқын Нұрбекова шығармашылығында эмоционалды сезімталдық маңызды орын алады. Ол ойын барысында эмоцияны саналы түрде басқарып, әр рольдің ішкі құрылымына сай қолданады.

Актрисаның шығармашылық қоржынындағы сәтті сомдалған образдардың бірі – Тана бейнесі. Бұл кейіпкер Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісімен сахналанған спектакльде көрініс табады. Қойылымда Тана – бас кейіпкер Ерболдың өткен өмірімен байланысты тұлға ретінде эпизодтық деңгейде көрінгенімен, драматургиялық тұрғыдан маңызды қызмет атқарады.

Аталған сахнада актриса серіктеспен сахналық қарым-қатынасты терең психологиялық дәлдікпен ашады. Соғыс жылдарында ауылына қысқа мерзімді демалыспен оралған Ерболдың үйіне Тана келетін эпизодта кейіпкерлер арасындағы үнсіз диалог ерекше мәнге ие. Жары Заманның қазасы туралы қара қағаз алған Тананың ішкі күйзелісі мен Ерболдың жан дүниесіндегі толғаныс олардың ұзаққа созылған көзқарас түйісуі арқылы берілген. Бұл – сөзден гөрі пластика мен ішкі әрекетке негізделген актерлік шешім. Тананың Ерболды құшақтауы – тек жеке қайғыны бөлісу ғана емес, ортақ трагедияны сезіну актісі ретінде көрінеді. Актриса бұл тұста кейіпкердің психологиялық ахуалын сыртқы әрекет пен ішкі импульс үйлесімі арқылы жеткізеді. Ерболдың Тананы қабылдауында оның қазіргі қажыған бейнесінен гөрі өткендегі бақытты, толыққанды әйел ретіндегі болмысына назар аударуы да сахналық серіктестік арқылы нанымды ашылған.

Кейіпкерлердің бір шаңырақ астында қалып, ішкі сезімдік қақтығысқа түсуі – сахнаның кульминациялық тұстарының бірі. Бұл сәтте актриса кейіпкердің екіұдай күйін ырқынан тыс қимылдар, үзік әрекеттер арқылы бейнелейді. Мұндай пластикалық шешімдер кейіпкер бойындағы моральдық шектеу мен ішкі арпалысты айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, Тананың Ерболдан Заман туралы айтқан сөздерін қайта сұрауы – кейіпкердің психологиялық күйзелісінің шарықтау шегі. Актриса бұл эпизодта эмоцияны сыртқа толық шығармай, оны ішке жинақтау арқылы үлкен драмалық әсер тудырады. Ішкі трагедияны тежей отырып жеткізу – кәсіби актерлік шеберліктің көрінісі. Жалпы алғанда, Тана бейнесі эпизодтық сипатта болғанымен, актрисаның орындауында терең психологиялық мазмұнға ие болып, көрермен тарапынан сенімді қабылданады. Сахнаның эмоционалдық әсері көрермен залындағы үнсіздік арқылы айқын аңғарылады, бұл – актерлік ойынның шынайылығы мен көркемдік қуатының дәлелі. Сонымен қатар актриса сахнадағы серіктестерінің де психологиялық күйін ескеріп, соған сәйкес әрекет етеді. Бұл оның ойынының табиғилығын арттырады.

Толқын Нұрбекованың роль жасау әдісінде кейіпкерді идеализациялау емес, оны шынайы адам ретінде көрсету басым. Ол әр образға «кейіпкердің орнында мен не істер едім?» деген ұстаныммен қарайды. Бұл тәсіл көрерменге кейіпкерді жақын қабылдауға мүмкіндік береді.

Толқын Нұрбекованың шығармашылығында эмоционалды интеллект актерлік шеберліктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрінеді. Ол эмоцияны дәл қолдану, серіктеспен әрекеттесу және ішкі күйді жеткізу арқылы сахнада сенімді образ жасайды. Актрисаның бұл ерекшелігі қазіргі қазақ театрындағы актерлік өнердің даму бағытын айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Нарқыз Қанатқызы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

3 курс студенті

 

 

 

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Египеттің ең танымал курорттарының бірі – Хургадада ойын-сауық шоуы кезінде турист қаза тапты,...