Әлемде жер көлемі бір қаланікіндей ғана болатын шағын мемлекеттер бар. Назарларыңызға ең кішкентай б...
Бурабайда Туризм индустриясы мәселелері жөніндегі алқа отырысы өтеді
Бурабайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы мәселелері жөніндегі көшпелі кеңейтілген алқа отырысы өтеді.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, Үкіметінің өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, бизнес қоғамдастықтың, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері және т. б. қатысады.
БАҚ өкілдері үшін «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінен алқа отырысы өтетін жерге дейін тамақтану және көлік ұйымдастырылады. 27 қаңтар сағат 06.00-де жөнелту нүктесінде жиналу.
Назар аударыңыз! Көліктегі орындардың саны шектеулі болуына байланысты БАҚ-ты аккредиттеу 26 қаңтар сағат 11.00-ге дейін жүргізіледі. Егер аккредиттелген БАҚ өкілдерінің саны көліктегі орындар санынан асып кетсе, аккредиттеу көрсетілген уақытқа дейін аяқталуы мүмкін.
Сондай-ақ, министрліктің ресми интернет-ресурсында және Youtube пен Facebook-тегі аккаунтында алқа отырысының тікелей эфирі ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 27 қаңтар 2023 ж
Уақыты: сағат 11.00.
Жиналу орны мен уақыты: Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 4, Қазмедиа орталығы 27 қаңтар 06.00 сағ.
Отырысқа аккредиттеу үшін mcsgovrk@gmail.com электронды поштасына БАҚ өкілінің деректерін жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 74-09-24, 87758621022 (Наргиза Абылхасанова), 87011252622 (Салтанат Кидришева).