«Шай ішіп отырдым»: Ресейдегі матчта қазақстандық футболшы ойынға дайын болмаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1422

Ресейлік "Зенит" футбол клубының қазақстандық футболшысы Нұрәлі Әліп ойыннан соң сұхбат берген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Футболшы ойынға күтпеген жағдайда шығып, оған тіпті дайын болмағанын жасырмады.

Журналист "Шұғыл түрде алаңға шығу қиынға соқпады ма?" - деп сұрақ қойған.

Нұрәлі Әліп болса, басында біраз абдырап қалғанын, алайда тез ілесіп кеткенін жеткізген.

"Шынымды айтсам, мен дайын болмадым. Мен Димамен шай ішіп отырғанмын. Тәтті жеп жайбарақат отырғанбыз. Бір кезде жаттыға бер, қазір шығасың деген белгі келді. Бірден кіріп кету қиын болды. Кішкене жүгіріп, дайындалу керек еді. Алайда ештеңені өткізіп алған жоқпыз, жеңіске жеттік", - деді футболшы.

Журналисттің ал шай мен тәтті жеп үлгердіңіз бе, деген сұрағына футболшы барлығын үлгергенін және есеп 4:0 мен аяқталғанын айтты.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптары соңғы жылдарда айтарлықтай күшейтілді, де...

MADENI TV

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің Лос-Анджелестегі үйі өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal....