Асқар Наймантаев. Еркін Ібітанов менің де әкем!

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2714

Әке демей қайтейін, халық театрын құрған адамның бірі, мен туғалы әке-шешемнің жанында жүрген ақылшы, қамқор аға. Балалары да сол халық театры істеген мәдениет үйінде өсті. Әсіресе Ерлан екеуміз бір үйдің баласындай болдық. Тура әкелеріміз сияқты жас айырмашылығымыз болса да әлі күнге құрдастай қақтығысып отырамыз. Алтынкүл Анамыз!

Кеше осы фейсбук бетінде "Хантәңірі" газетінің мақаласын көзім шалып қалды. Алтын шешем "Ерекеңнің атын Қарасаз мәдениет үйіне береміз дегелі бес жыл болып қалды, тым-тырыс" - деген екен, Алматыда жатып мен ыңғайсыздандым.

"Терісқақпай" жұртқа жаңа таныла бастағанда Атырауға бардық. Сонда қонақ үйге келіп менен сұқбат алғысы келген жас журналист жігіт Нарынқолдық екенімді ести сала "Ібітановты танисыз ба?" - деді. Сол жерде сұқбат жайына қалды, ана жігіт Ерекеңді жатқа соқты! ...

Екінші бір таңқалғаным пойызда Отар стансасынан отырған капитан таныса келе Ерекеңнің өлеңін оқыды. Өзі ресейде, Омбы ма, Орынбор ма, туған қазақ екен. "Ол кісі менің жерлесім" - дегенімді ол жақтырмады. " Біз сыртта өскендіктен ақынның бәрін қазақтікі деп есептейміз, так что где он родился не важно!" - деді.
Айтпағым да осы еді, Еркін қазақтың ақыны ғой! Ертең не Атырауда, не Орынбор, Омбыда бір мәдениет үйінің атын беріп жатса бөркімізді аспанға атамыз ғой. Бірақ, өз ауылы, өз елі солардан кейін беріпті деген сөзге қалармыз. "Екінші" болған намыс қой!

"Қазір ешқандай ат берілмейді, үкіметтің сондай шарты бар" - дерсіздер. Былтыр ғана берілді ғой сол, ептеп беріліп жатыр. Бір заң шықса оны айналып өтетін екінші заңы бар елде тұрмаймыз ба бәріміз?

Дер кезінде ақынымызды ардақтасақ айып емес шығар? Өлең өрген өзге жұрт не дейсіздер осыған?
Жыр жастанған жалпыңызға сауалым осы.

Асқар Наймантаев

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...