Осы сұрақтың кім-кімді де мазалайтыны анық. Өйткені, дерек көздерінің әлі де жұтаңдық ауылынан ұзама...
Қазақ қорлықты кімнен көп көрді?
Кейде мына бір тарихи деректерге қарап отырып, осы қазақты ең көп қырған, ең көп жерін тартып алған, ең көп қорлық-зорлық көрсеткен кім деген ойға кетемін. Сосын осы күнгі қазақтардың отырып алып жоңғар шапқыншылығы, батыр бабаларымыз, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен деген сияқты желдірме сөздерді қайталаудан үлкен-кішісінің аузы босамайтыны есіме түседі. Оларды одан әрі тыңдап отырсаң өзбек пен арабты қала берді тілі, діні, жер-суы үшін Ресеймен арпалысып жатқан украиндарды жамандайды. Ау, орыс жүрген жерде соғыссыз тыныш өмір болмайтынын көрдік қой. Чеченстанды, Грузияны, Дағыстанды анандай қылды. Ауғанстанды мынадай қылды бүкіл Балтық елдерді Ресейден оқшау кетіп аман қалды. Енді күніге Қазақстан біздікі, ол исконно русская земля деп сес көрсетіп отырғаны анау десең екі қазақтың бірі өзіңе тап береді. Тіпті, «ұлт араздығын қоздырды» деп ұстатып жіберуге де даяр тұратынын көзіміз көріп жүр. Сонысына қарап-ақ қазақтың рухын әуелі патшалық Ресей, сосын Кеңестік Ресей әлдеқашан өшіріп тастаған, қазақтың рухы енді жаңғыруы қиын-ау деген күпірлік ойға кетем. Сосын мына бір тарихи деректерді оқыған кейбір қазақтың санасына саңылау кіріп қалуы да мүмкін-ау, ә деймін іштей.
1556 жылы орыстар Астраханьды басып алды
1755 жылы Орта жүз қазақтарының бірнеше жүз мың гектар жерін тартып алды.
1810 жылы Елек өзенінің маңайынан 600000 десятина жерді тартып алды.
1835 жылы Ор өзені (Орск қаласы) мен Тройцк бекіністері арасынан 3.400000 десятина жерді тартып алды. Бекіністер деп отырғанымыздың бәрі казачество войскосының тұрағы).
1839 жылы Сарытау (Саратов), Омбы, Тобыл, Нарым, Үлбі, Бұқтырманы алды.
1920 жылы Алтай өлкесін (Алтайский край) алды.
1916 жылы қазақтарды соғыстың алдыңғы шебіне қолына күрек қана беріп әскер жұмысына апарып қырылдырды.
1917-1920 жылдары Ресейдің ақ гвардияшы, қызыл гвардияшы әскерлері қазақ ауылдарын кезекпен қырды.
Орынбор өлкесін 1924 жылы тартып алды.
Кеңес кезінде бай-құлақ деп жер аударылған 1 млн 800 мың қазақ өліп, 700 мың қазақ басқа жаққа ауып кетті.
Қостанай жайылымынан 1833га жерді 1965 жылы алды.
Байқоңыр ғарыш айлағы 1994-2050 Ресейге жалға берілді.
1946-1988 Семей, Азғыр, Нарын полигондары
Ембі-5 полигоны 2010 жылдың ортасына шейін жұмыс істеді. Қазір бұл жер пайдалануға жарамсыз. Уланған.
1922, 1932-33 жылдары әдейі ұйымдастырылған ашаршылықтан 4 миллионнан астам қазақты қырды.
2017 жылы Қостанайдың Жанкелдин ауданынан 75000-га жер Ресей зымырандарын құлатуға берілді.
Алашорда арыстарының бірі Халел Досмұхамедов «Кіші жүз қазақтарының 250 жылдық тарихы қанмен жазылды. Ол қанды төккен орыстар»-деп жазды.
Бұның бәрі Ресейдің Қазақстанға жасаған көп зобалаңының жүзден, мыңнан бірі ғана. Қазақ соның бәріне көніп «елімізде тыныштық» дегенді қайталаумен келеді. Осындай да тыныштық бола ма деп күлсең сені бір бәле қуған адамдай көреді. Қазақстан тарихы оқулықтарында бұлар айтылмайды. Оның орнына қытайлар баяғыда қырып тастаған жоңғарларды, әлдебір ру батырларын айта береді. 28 жыл бойы қазақтың санасын оятпау үшін бұл әдіс орысқұл биліктің басты қаруының бірі болып отыр.
ақын, ҚР Мәдениет қайраткері