Ұлт ұстазының тойы Парижде жалғасуда

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2460

ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде Алаштың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. 

Бұл туралы  ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер хабарлады.

«Айтулы шарада баяндама жасауға елімізден алаштанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері келді. Бауырлас Түркия, Әзірбайжан елдерінен алаштанушы әріптестеріміз, Мюнхеннен Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Абдулхакқым Кесежи ағамыз қатысуда. Конференцияны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне, Франциядағы Қазақстан елшілігіне алғыс айтамыз. Мұстафа Шоқай, Қажымұқан балуан, Әміре Қашаубаев бабаларымыз жүрген тарихи қалада Алаштың рухы асқақтайды. 

Лайым солай бола берсінІ», дейді ғалым.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...