Күйеуінен мәһрге ерекше зат сұраған мұғалім қыз жұртты сүйсінтті

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
1175

Әлеуметтік желіде күйеуінен мәһрге ерекше зат сұраған ару адамдардың ықыласына бөленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жас жұбайлар мешіттегі неке қию рәсімін Аруна есімді қолданушы парақшасында жариялады. Имам келіншектен мәһрге не қалайтынын сұрағанда, ол жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін сұраған. 

“Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ”, - деп жазба қалдырды автор.

Әлеуметтік желіде мәһр тақырыбында тараған видеолардың басым көпшілігінде арулар алтыннан бастап, жеке ұшаққа дейін сұрап жатса, жас келіншектің бұл қалауы жұртты тәнті етті. 

“Жаным-ау”, “Байғұс мұғалімдер түстерінде А4 мен принтер көреді”, “Дұрыс жасапты, өте керек зат қой", “Мен ғана емес екенмін принтер сұраған, көріп куанып кеттім”, “Принтер сұрағанын бірінші рет көріп тұрмын, сүйкімді екенсіз”, “Ұстаздың зары болып тұр ғой”, – деп жазған олар. 

СПОРТ

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Данияр Елеусіновтің соңғы мәлімдемелеріне қатысты пікір білді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мұнай өндіру үдерістерін модельдеу және оң...