Төле би мен Райымбек көшелері аралығында Үлкен Алматы өзенінің жағалауы тазартылды

Фото: Алматы әкімдігі

MADENI TV
356

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, қалалық кеңістікті көріктендіру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Негізгі тазалық жұмыстары Әуезов ауданында, Үлкен Алматы өзенінің жағалауында – Төле би көшесінен Райымбек көшесіне дейінгі аралықта, сондай-ақ оған іргелес аумақтарда жүргізілді.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов, аудан әкімі, әкімдік қызметкерлері, қалалық басқармалар өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің, мектептер мен емханалардың ұжымдары, сондай-ақ аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты. Жалпы сенбілікке 2500-ден астам адам жұмылдырылды.

Ауқымды жұмыс барысында 25 бірлік арнайы техника тартылып, 2500-ге жуық құрал-сайман пайдаланылды. 300 текше метр қоқыс шығарылып, өзен жағалауы мен оған жақын орналасқан қоғамдық кеңістіктер толықтай санитарлық тазартудан өтті.

Жоспарланған санитарлық тазарту, көріктендіру және көгалдандыру шаралары толық көлемде жүзеге асырылды.

Мұндай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қалалық ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және Алматының тазалығын жүйелі түрде сақтауға ықпал етеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...