Жаңа жыл түнінде Аяз атамен бірге 11 адам лифтте қамалып қалған

Фото: Pixabay

MADENI TV
1156

ТЖМ баспасөз қызметі елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмекке келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Түнде Сарайшық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 11 адам, оның ішінде 5 бала лифт ішінде қамалып қалды.

Лифт 3-қабаттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған. Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, — делінген хабарламада. 

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймені қатарынан баспаңыз;
лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша...